- •2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясының негізгі жағдайларын ашып көрсетіңіз
- •2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •11. Қазақстан Республикасының тмд шеңберіндегі саясатына сараптама беріңіз
- •12. Қазақстан Республикасы мен тмд елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •13. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •14. Қр және Еуропалық Одақ арасындағы 1999ж. Әріптестік және ынтымақтастын жөніндегі келісімін ашып көрсетіңіз
- •15. 2007 Орталық Азияға арналған Еуропалық Одақтың стратегиясын ашып көрсетіңіз
- •16. Қазақстан Республикасы және ақш арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •17. Қазақстан Республикасы мен Америка қонтинент елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •18. Қазақстан Республикасының қарусыздану мәселесіне қатысты саясатын ашып көрсетіңіз.
- •19. Қазақстан Республикасының халықаралық лаңкестікке қарсы күресін ашып көрсетіңіз
- •20. Қазақстан Республикасының Ауғанстанға қатысты саясатын ашып көрсетіңіз
- •21. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің қызметін ашып көрсетіңіз
- •22. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •23. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: әскери-саяси бағытын ашып көрсетіңіз
- •24.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: сауда және экономикалық бағытын ашып көрсетіңіз
- •25. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы энергетикалық саладағы қатынастарын ашып көрсетіңіз
- •26.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы трансшекара өзендерін реттеу мәселесін ашып көрсетіңіз
- •27. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •28. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •29. Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •30. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •31. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •32. Қазақстан мен Араб елдері арасындағы қатынастарын ашып көрсетіңіз
- •33. Қазақстан Республикасы мен бұұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •34. Қазақстан Республикасы мен еқыұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •35. Қазақстан Республикасы мен нато/сеап арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •36. Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (шыұ) арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •37. Қазақстан Республикасының Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ұқшұ) қатысты саясатын ашып көрсетіңіз
- •38. Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (аөіқсшк) шеңберіндегі саясатын ашып көрсетіңіз
- •39. Қазақстан Республикасы және Ислам ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •40. Қазақстан-Қытай қатынастарындағы Ұлы Жибек Жолының «экономикалық белбеуі» концепциясының мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •41. Қазақстан Республикасы және Орталық Азия қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз
- •42. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •43. Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •44. Ресей Федерациясының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •45. Түрікменстанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •46. Әзірбайжанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •47. Иранның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •48. Таяу Шығыс мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз
- •49. Кашмир мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз
- •50. Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі діни экстремизм мәселесіне сараптама беріңіз
- •51. Орталық Азияда ядролық қарудан тыс аймақ құру мәселесіне сараптама беріңіз
- •52. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Ресей Федерациясының саясатына сараптама беріңіз
- •53. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және ақш-ң саясатына сараптама беріңіз
- •54. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Еуропалық Одақтың саясатына сараптама беріңіз
- •55. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және қхр-ң саясатына сараптама беріңіз
- •56. Орталық Азиядағы су мәселесіне сараптама беріңіз
- •57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау процесін ашып көрсетіңіз
- •58. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі және Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның саясатына сараптама беріңіз
- •59. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз
- •60. Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты сыртқы саяси бастамаларын ашып көрсетіңіз
22. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
Екі ел арсындағы бауырластықтың белгісі ретінде 1991 жылдың 16 желтоқсанын да Қазақстан өз тәуелсіздігін жария еткеннен кейін екі сағат өтпей тәуелсіздікті мойындаған алғашқы ел болды Түркия. Екі ел арасындағы жоғары деңгейлі жүздесулер кезінде Қазақстан жағының мұны әлі күнге дейін ризашылықпен еске алуы біз үшін үлкен мақтаныш.
Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастар Түркия Республикасының сол кездегі Сыртқы істер министрі Хикмет Четиннің Қазақстанға жасаған сапары кезінде қол қойылған хаттамаға сәйкес 1992 жылғы 2 наурызда құрылды және сол жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласында Түркия Республикасының Елшілігі ашылды. Қазақстанның Түркия Республикасындағы алғашқы Төтенше және өкілетті елшісі Қанат Саудабаев 1992 жылдың 20 мамырын да өз қызметіне кірісті. Қазақстанмен қарым-қатынасымыз жоғары деңгейге жетіп қана қоймай, қазақ елі өңірдегі ең маңызды саяси және экономикалық әріптесімізге айналды. Елдеріміз арасында жоғары деңгейде жүзеге асырылып жатқан жиі сапарлар екі елдің қарым-қатынасын одан ары нығайта түсуде.
үркия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстар әр тараптанып, артуын жалғастыруда. Қазақстан – Түркияның аймақтағы ең сенімді сауда-экономикалық әріптесі. 2011 жылдың аяғындағы жағдай бойынша екіжақты сауда айналымы 3,5 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Түрік компанияларының Қазақстандағы жалпы капиталы 2 миллиард доллар шамасында. Түркия, энергетика саласын қоспағанда, Қазақстанға инвестиция салу жағынан төртінші орынды иеленеді. Түркиялық құрылыс компаниялары алған жобалардың жалпы құны 15 миллиард доллардан асты. Екі елдің мемлекет басшылары, әсіресе сауда-экономикалық, инвестиция салаларында ынтымақтастықты әртараптандыру мақсатын алға қойып отыр. Осының аясында соңғы уақыттарда қорғаныс өнеркәсібі саласында елеулі табыстарға қол жеткізілді. Түркия мен Қазақстан арасында туризм саласында да ынтымақтастық қарқынды түрде дамып келеді. 2011 жылы Түркияға келген Қазақстан азаматтарының саны 2010 жылмен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 316 мыңға жетіпті.
Білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастығымыз қарым-қатынасымыздың маңызды өлшемдерінің бірін құрайды. 1992 жылдан бері өткен мерзім ішінде көптеген қазақстандық студент Түркияда жоғары білім алды. Осы күнге дейін Түркияда білім нәрін алған қазақстандықтардың саны 3000-ға жеткен. Түркияда және Қазақстандағы түрік университеттері мен қазақ-түрік мектептерінде оқыған және білім алып жатқан қазақ жастары, Қ. А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті және басқа да білім орындарында оқыған және оқып жатқан түрік жастары екі елдің ортақ келешегінің негізін қалайды. Қазақстандағы түрік мәдениеті мен тіліне деген қызығушылыққа ризашылығымызды білдіреміз. Осы орайда, Президентіміздің 2010 жылдың мамырында Қазақстанға жасаған сапары кезінде Астана қаласында Юнус Эмре атындағы мәдениет орталығын ашуы өте орынды болды деп санаймыз.
23. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: әскери-саяси бағытын ашып көрсетіңіз
Дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 3 қаңтарда орнатылды. ҚР-ның ҚХР-дағы Елшісі 2012 ж. сәуір айынан бастап Н.Ермекбаев. ҚР-дағы ҚХР Елшісі 2010 ж. мамыр айынан бастап Чжоу Ли.
Қазақстан-қытай қатынастарының ең негізгі құжаты – 2002 ж. 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.
Қазақстан-қытай қатынастары өзінің саяси байланыстардың жоғарғы қарқындылығымен сипатталады. Жыл сайын екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланатын ең жоғарғы және жоғарғы деңгейде келіссөздер мен кездесулер жүргізіледі.
2011 жылы Қазақстан және Қытай ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне - жан-жақты стратегиялық әріптестікке жетті. 2012 жылы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жыл толды.
2011 ж. 21-23 ақпан аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары өтті. Сапар нәтижесінде бірнеше құжаттарға қол қойылды, оның ішінде, Сотталған азаматтарды беру туралы келісім, Трансшекаралық өзен суларының сапасын қорғау туралы келісім және Астана-Алматы жоғарғы жылдамдықты темір жолы құрылысы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.
Сыртқы саяси мекемелер арасында байланыстар белсенді іске асырылуда.
Қауіпсіздік және әскери саласындағы ынтымақтастық сәтті дамуда. Осы қатынастар мамандандырылған қызметтердің және құқық қорғаушы органдардың тұрақты байланыстар арқасында жүзеге асуда. Тараптар терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге, нашақор саудасына, заңсыз көші-қонға және т.б. қылмыстық қызметке қарсы күрес саласында ынтымақтасады. 2009 ж. 19 қарашада Пекинде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев пен ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ван Гуанъяның тең төрағалығымен Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-қытай кіші комитетінің 5-ші отырысы өтті.
2012 ж. 11-12 сәуір аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (Пекин қ.) Қауіпсіздік кеңес хатшыларының жетінші кездесуінде ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы М.Тәжин қатысты.
Бірқатар халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ және ШЫҰ шеңберінде тығыз байланыс орнатылған. Қытай Азиядағы өзара әрекеттестік және сенім шаралары жөніндегі кеңесті, Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер басшылары съезінің өткізілуін қолдайды.