Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VPRK.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
570.88 Кб
Скачать

33. Қазақстан Республикасы мен бұұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз

Қазақстан 1992 жылы 2 наурыз БҰҰ мүшесі болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен 1992 жылы 15 сәуірде БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының бірінші Тұрақты Өкілі тағайындалды (А.Арыстанбекова). БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілдігін құру туралы Президент Жарлығына 1992 жылы 5 маусымда қол қойылды.

Қазақстанда БҰҰ-ның өкілдігі 1993 жылы 16 ақпанда ашылды. Стивен Тулл 2010 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Резидент-Үйлестіруші болып табылады.

Қазақстан БҰҰ-ның іс жүзінде барлық мамандандырылған мекемелерінің, БҰҰ-ның екі өңірлік комиссиясының (ЕЭК және АзТЭӘК) мүшесі болып табылады, ЭКОСОС-тың функционалдық комиссиясына, сонымен қатар ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, БҰҰ-әйелдер Атқарушы кеңесіне сайланып отырады.

2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан БҰҰ-ның адам құқығын қорғау Кеңесінің мүшесі болып табылады.

2010 жылы Қазақстан 2017-2018 жылдар аралығына БҰҰ ҚК-нің тұрақсыз өкілі және БҰҰ БА-ның 71-сессиясының Төрағасы лауазымына ресми түрде өз кандидатурасын ұсынды.

Қазақстан барлық негізгі іс-шараларға белсенді түрде қатысты және теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттер үшін БҰҰ-ның ғаламдық Конференциясы (Алматы, 2003 ж. тамыз), АзТМЭӘК-нің 53-сессиясы (Алматы, 2007 ж. мамыр), алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету туралы Алматы Декларациясының қабылдануының 30-жылдығына арналған ДДҰ Конференциясы (2008 ж.), Азия және Тынық мұхиты мемлекеттеріне арналған қоршаған орта мен даму бойынша 6-министрлік конференциясы (2010 ж. қыркүйек) сияқты ірі халықаралық форумдар өткізді.

Біздің мемлекет Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімнің белсенді қатысушысы болып табылады және оның тез арада күшіне енуін қолдайды.

Терроризммен күрес он жыл бойы БҰҰ-ның күн тәртібінде белгіленген. Қазіргі уақытта Қазақстан барлық 13 халықаралық әмбебап терроризммен күрес туралы Конвенцияға қосылды.

Қазақстан өткізетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдау тұрақты энергетика саласында таңдаулы тәжірибені таратуды жәрдемдесуге шақырады.

БҰҰ жүйесінің әр түрлі органдарында Қазақстанның 20 азаматы қызмет етеді. 2011 жылы алғаш рет егеменді Қазақстанның және БҰҰ тарихында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазымына мемлекет өкілі Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды.

34. Қазақстан Республикасы мен еқыұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 — 99) іссапармен келді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы,Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді. Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылыЛиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылыОслода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады. 1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті. Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]