- •2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясының негізгі жағдайларын ашып көрсетіңіз
- •2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •11. Қазақстан Республикасының тмд шеңберіндегі саясатына сараптама беріңіз
- •12. Қазақстан Республикасы мен тмд елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •13. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •14. Қр және Еуропалық Одақ арасындағы 1999ж. Әріптестік және ынтымақтастын жөніндегі келісімін ашып көрсетіңіз
- •15. 2007 Орталық Азияға арналған Еуропалық Одақтың стратегиясын ашып көрсетіңіз
- •16. Қазақстан Республикасы және ақш арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •17. Қазақстан Республикасы мен Америка қонтинент елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •18. Қазақстан Республикасының қарусыздану мәселесіне қатысты саясатын ашып көрсетіңіз.
- •19. Қазақстан Республикасының халықаралық лаңкестікке қарсы күресін ашып көрсетіңіз
- •20. Қазақстан Республикасының Ауғанстанға қатысты саясатын ашып көрсетіңіз
- •21. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің қызметін ашып көрсетіңіз
- •22. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •23. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: әскери-саяси бағытын ашып көрсетіңіз
- •24.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: сауда және экономикалық бағытын ашып көрсетіңіз
- •25. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы энергетикалық саладағы қатынастарын ашып көрсетіңіз
- •26.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы трансшекара өзендерін реттеу мәселесін ашып көрсетіңіз
- •27. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •28. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •29. Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •30. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •31. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •32. Қазақстан мен Араб елдері арасындағы қатынастарын ашып көрсетіңіз
- •33. Қазақстан Республикасы мен бұұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •34. Қазақстан Республикасы мен еқыұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •35. Қазақстан Республикасы мен нато/сеап арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •36. Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (шыұ) арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •37. Қазақстан Республикасының Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ұқшұ) қатысты саясатын ашып көрсетіңіз
- •38. Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (аөіқсшк) шеңберіндегі саясатын ашып көрсетіңіз
- •39. Қазақстан Республикасы және Ислам ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •40. Қазақстан-Қытай қатынастарындағы Ұлы Жибек Жолының «экономикалық белбеуі» концепциясының мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •41. Қазақстан Республикасы және Орталық Азия қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз
- •42. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •43. Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •44. Ресей Федерациясының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •45. Түрікменстанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •46. Әзірбайжанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •47. Иранның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •48. Таяу Шығыс мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз
- •49. Кашмир мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз
- •50. Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі діни экстремизм мәселесіне сараптама беріңіз
- •51. Орталық Азияда ядролық қарудан тыс аймақ құру мәселесіне сараптама беріңіз
- •52. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Ресей Федерациясының саясатына сараптама беріңіз
- •53. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және ақш-ң саясатына сараптама беріңіз
- •54. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Еуропалық Одақтың саясатына сараптама беріңіз
- •55. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және қхр-ң саясатына сараптама беріңіз
- •56. Орталық Азиядағы су мәселесіне сараптама беріңіз
- •57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау процесін ашып көрсетіңіз
- •58. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі және Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның саясатына сараптама беріңіз
- •59. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз
- •60. Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты сыртқы саяси бастамаларын ашып көрсетіңіз
43. Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы Каспийге БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты жеке ережелерін қолдану болып табылады. Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан көрсетілген құжаттың ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуға ұсыныспен шығады. Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен пайдаланатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет. Балық аулау аймағын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып жеке санатқа бөліп шығаруды ұсынады. Сонымен қатар, балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті балық аймақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу бойынша келіссөздер Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының аясында, сонымен бірге екі және үш жақты консультацияларда да келісілуде.
Аталған кездесулердің күн тәртібіне аталған мәселелрдің басқа да сұрақтар Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс-қимыл мәселелері де сөз болады. Каспий тематикасына қатысты салалық халықаралық шарттардың жобалардың келісуі үшін Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының кездесулері өткізіліп тұрады. 1998 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылдың 13 мамырында оған Хаттама жасалды. 2001 жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27 ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама жасалды. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды. 2003 жылдың 4 қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды. Ол 2007 жылғы 12 тамызда күшіне енген. Онда теңіз ортасына антропогендік әсер етуді реттеу, биологиялық қорларды қорғау сұрақтары мен тараптардың Каспийдің экожүйесін қорғау жөніндегі іс-шаралар саласындағы ортақ өзара әрекеттестігінің негізі ережелері қаланған. Қазіргі уақытта аталған Негіздемелік конвенцияға төрт қосымша хаттамалар Тараптардың келісуінде.
Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының үш Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде, 2007 жылғы 16 қазанда және 2010 жылғы 18 қарашада) және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде және 2007 жылғы 20 маусымда) болып өтті.
Тегеран қаласында Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен қол қойылған құжат. Бұл құжат Каспийдің құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері (БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту, ядролық қаруды, халықаралық терроризмді таратпау) жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекемдеп берді.
Баку қаласында Үшінші каспий саммитінің шеңберінде Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан Президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне және Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымактастық туралы келісімге кол қойылды. Бірлескен мәлімдемеде «Каспий бестігінің» басшылары Екінші саммиттің Декларациясында баяндалған ұстанымдарды қолдайтындықтарын тағы да растап, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция бойынша жұмысты тездетіп аяқтаудың қажеттігін атап өтті. Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негіздік құжат бола тұрып, Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқыққа қарсы қызметпен күрестегі жағалау мемлекеттерінің өзара әрекеттестігінің құқықтық негізін қалап, ынтымақтастықтың басты салалары мен нысандарын бекітті.
Астрахань саммиті. Ресейдің Астрахань қаласында Каспий елдерінің саммиті өтті. Теңізді жағалай жатқан 5 мемлекеттің басшысы бірнеше келісімге келді. Каспий. Жаһандағы ең үлкен тұйық көл. Алайда, үлкендігіне қарап, мұны теңіз деп атайды. Бес мемлекет ризық-несібелерін осы теңізден теріп келеді. Қазақстан, Түркіменстан, Иран, Әзірбайжан және Ресей. Бұл 5 мемлекет бірнеше жыл болды, табиғи байлығы миллиардтаған долларға бағаланған осы бір теңіздің заңдық мәртебесін анықтай алмай жүр. Шын мәнінде Каспий көл ме, әлде теңіз бе? Каспий егер көл деп танылса, онда бес ел теңіздің бүтін байлығын теңдей бөліп алмақ. Ал теңіз деп танылса, онда бес ел өздеріне тиесілі аумаққа ғана қожайын болады. Онда майлы жілік бізге тимек. Себебі, Каспийдің ең ұзын жағалауы бізге тиесілі. Мұнда мұнай мен газ қоры енді мол. Онда теңіздің 13-ақ пайызы бұйыратын Иран секілділер оңбай ұтылады. Сонымен, ежелгі Қажытархан қаласындағы саммит немен түйінделді? Қазақ – қап толы қазынаның үстінде отыр. Халыққа жаратқан несібе еткен сый - қара алтын. Ал, қара алтынның мол қоры Қарт Каспийдің қойнауында. Бір ғана Шығыс Қашаған кен орнында 7 миллиард тоннаға жуық мұнай қоры бар. Бес мемлекеттің үлесі бар құйқалы теңізде 68 миллиард баррель қара алтын қаттаулы, дейді геолог мамандар. Ал, әлемдегі мұнайдың барланған қоры 150 миллиард баррель. Ендеше, еліміз үшін теңіздегі үлесті тиімді бөлудің маңызын бағамдай беріңіз. Төрт құбыласы түгелдей құрлықпен шектесетін су алабы бес мемлекеттің шекарасын шаяды. Қазақстан, Ресей, Иран, Түркіменстан мен Әзірбайжанның қай қайсысы да үлкен үлестен дәмелі. Шаруашылығы, өндірісі, кірісі теңіз несібесіне телулі. Алайда келіссөздердің басталғанына 18 жыл өтсе де «бесеу» Каспийге қалай «қожалық ететінін» келіскен жоқ. Бірі - «тұйық көл» дейді, бірі - «теңіз», бірі - «кондоминиум», дейді. Сөзбұйдаға салудың себебі-қайткенде теңізден үлкен үлесті қармап қалудың қамы. Өйткені, Каспий майлы шелпектің нақ өзі. Мәселен, Иран өзіне тиесілі су шекарасы шағын болса да, су қойманы теңдей бес бөлікке бөлгісі келеді. Ал, айбарлы әскері бұл елмен санаспаса болмайды.