- •2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясының негізгі жағдайларын ашып көрсетіңіз
- •2014 Ж. Қазақстан Республикасы сыртқы саяси концепциясы басымдықтарын ашып көрсетіңіз
- •11. Қазақстан Республикасының тмд шеңберіндегі саясатына сараптама беріңіз
- •12. Қазақстан Республикасы мен тмд елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •13. Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •14. Қр және Еуропалық Одақ арасындағы 1999ж. Әріптестік және ынтымақтастын жөніндегі келісімін ашып көрсетіңіз
- •15. 2007 Орталық Азияға арналған Еуропалық Одақтың стратегиясын ашып көрсетіңіз
- •16. Қазақстан Республикасы және ақш арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •17. Қазақстан Республикасы мен Америка қонтинент елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •18. Қазақстан Республикасының қарусыздану мәселесіне қатысты саясатын ашып көрсетіңіз.
- •19. Қазақстан Республикасының халықаралық лаңкестікке қарсы күресін ашып көрсетіңіз
- •20. Қазақстан Республикасының Ауғанстанға қатысты саясатын ашып көрсетіңіз
- •21. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің қызметін ашып көрсетіңіз
- •22. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •23. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: әскери-саяси бағытын ашып көрсетіңіз
- •24.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы қатынастар: сауда және экономикалық бағытын ашып көрсетіңіз
- •25. Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы энергетикалық саладағы қатынастарын ашып көрсетіңіз
- •26.Қазақстан Республикасы мен қхр арасындағы трансшекара өзендерін реттеу мәселесін ашып көрсетіңіз
- •27. Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •28. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •29. Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •30. Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •31. Қазақстан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •32. Қазақстан мен Араб елдері арасындағы қатынастарын ашып көрсетіңіз
- •33. Қазақстан Республикасы мен бұұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •34. Қазақстан Республикасы мен еқыұ арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •35. Қазақстан Республикасы мен нато/сеап арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •36. Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (шыұ) арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •37. Қазақстан Республикасының Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымына (ұқшұ) қатысты саясатын ашып көрсетіңіз
- •38. Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің (аөіқсшк) шеңберіндегі саясатын ашып көрсетіңіз
- •39. Қазақстан Республикасы және Ислам ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
- •40. Қазақстан-Қытай қатынастарындағы Ұлы Жибек Жолының «экономикалық белбеуі» концепциясының мазмұнын ашып көрсетіңіз
- •41. Қазақстан Республикасы және Орталық Азия қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз
- •42. Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Азия елдері арасындағы қарым-қатынастарға сараптама беріңіз
- •43. Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •44. Ресей Федерациясының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •45. Түрікменстанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •46. Әзірбайжанның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •47. Иранның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымына сараптама жасаңыз
- •48. Таяу Шығыс мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз
- •49. Кашмир мәселесін реттеуге қатысты Қазақстан Республикасының ұстанымын ашып көрсетіңіз
- •50. Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі діни экстремизм мәселесіне сараптама беріңіз
- •51. Орталық Азияда ядролық қарудан тыс аймақ құру мәселесіне сараптама беріңіз
- •52. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Ресей Федерациясының саясатына сараптама беріңіз
- •53. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және ақш-ң саясатына сараптама беріңіз
- •54. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Еуропалық Одақтың саясатына сараптама беріңіз
- •55. Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және қхр-ң саясатына сараптама беріңіз
- •56. Орталық Азиядағы су мәселесіне сараптама беріңіз
- •57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау мен демаркациялау процесін ашып көрсетіңіз
- •58. Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі және Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты Қазақстанның саясатына сараптама беріңіз
- •59. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мәселелерін ашып көрсетіңіз
- •60. Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты сыртқы саяси бастамаларын ашып көрсетіңіз
35. Қазақстан Республикасы мен нато/сеап арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
Қазақстан Республикасы және НАТО арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы біздің елімізге 1997 жылы Еуроатлантикалық әріптестік кеңесіне (ЕАӘК) болып қайта құрған, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруімізден басталады. ЕАӘК Қазақстанға НАТО-ға қатысушы мемлекеттерімен және еуразиялық әріптестік мемлекеттерімен халықаралық қауіпсіздіктің ең өзекті мәселелері жөніндегі нәтижелі сұхбатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ЕАӘК-ның жыл сайынғы Сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысуы ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.Саяси сұхбатты және әскери ынтымақтастықты терендету мақсатында 1994 жылы 27 маусымда Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) атты бағдарламасына қосылған болатын.
1994 жылдың қаңтар айында қауіпсіздікті және тұрақтылықты нығайту, НАТО және әрбір қатысушы мемлекеттердің арасындағы нақты әріптестікке қол жеткізуді мақсат ететін НАТО ұсынған «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы кең ауқымды бастамашылық болып табылады. Бұл бағдарлама өте маңызды және қазіргі қауіпсіздікті құрудың ажырамас бөлігі болды.
Қазақстанның ынтымақтастығы БҮӘ бағдарламасының шеңберінде НАТО-мен ықпалдастықтың кең көлемін қамтиды, оған сондай-ақ азаматтық төтенше жоспарлау, дағдарысқа қарсы реттеушілік, қарулы күштерге және қорғаныс құрылымдарына демократиялық бақылау жасау, қорғаныс саясаты және стратегиясы, әскери оқулар және әскери білім және т.б. енеді.
Сұхбаттың тереңдеуіне екі жақты байланыстардың жоғары даму үрдісі куә. 2003 – 2004 жылдары НАТО Бас хатшысының көмекшілері Г.Альтенбург және Ж.Фурне, Директораттардың басшылары Я.Сконежка және Ф.Боланд, НАТО-ның Халықаралық әскери штабы басшысының көмекшісі, генерал-майор Ф.Яниз, сондай-ақ бейтарап сарапшы топтары Қазақстанға сапар жасаған болатын. 2005 жылдың наурыз және қазан айларында, 2006 жылдың шілде және қыркүйек айларында, 2007 жылдың ақпан, мамыр және қазан айларында, 2008 жылдың сәуір айында НАТО Бас хатшысының Орта Азиядағы және Кавказдағы Арнайы өкілі Р.Симмонстың ресми сапарлары болды. 2008 жылдың 9-12 маусымда НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) Президенті Ж.Лелло Қазақстанға алғашқы ресми сапары болды. 2008 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Қорғаныс министрі Д.Ахметовтың шақыруымен НАТО Бас хатшысының орынбасары Клаудио Бисоньероның Қазақстанға алғашқы сапары өтті. 2008 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Д.Әхметов басқарған қазақстан делегациясы Бухарестте өткен НАТО/СЕАП саммитіне қатысты. 2008 жылғы шілде айында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Солтүстік Атлантикалық Кеңес келесі СЕАП Қауіпсіздік форумын (Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі бейресми кездесу) Қазақстанда 2009 жылғы 24-25 маусым кезеңінде өткізу туралы шешім қабылдады. Қауіпсіздік форумы Саммиттен кейінгі НАТО-ның ең үлкен іс-шарасы.
36. Қазақстан Республикасы мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (шыұ) арасындағы ынтымақтастыққа сараптама беріңіз
ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.
Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.
2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ».
2006 жылы Қазақстан Қытаймен бірлесіп, шекаралас аудандарда «Тянь-Шань – 2006» лаңкестікке қарсы жаттығуларын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен «Шығыс-Лаңкестікке қарсы» жаттығуларын өткізді. 2007 жылы жазда Ресейде «Бейбітшілік миссиясы – 2007» ШЫҰ-ның кең ауқымды әскери жаттығулары өтті.