Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖОСПАР камшат диплом.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.09.2019
Размер:
223.05 Кб
Скачать

2.1 Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жалпы шолу.

Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының негізгі міндеті құрылыс объектілеріндегі құрылыстың сапасын қамтамасыз ету, жобадағы құрылыс нормаларымен ережелері талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Пайымдауы-Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нәтижелі және дер кезінде құрылыс нысандарын бақылауды іске асыру.

2001 жылға дейін Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы департаменті жанынан бақылау функцияларын инспекция орындады. Өткен жүз жылдықтың 90 жылдарының аяғында Алматыда қызу құрылыс басталды. Қала жан-жақты қарқынды өсті. Қаланың шекарасы кеңейді, жаңа жер телімдері қосылды. Әр күн сайын қаланың инфрақұрылымы өзгерді-жаңа коммуникациялар, жолдар, көпірлер, жол айрықтары қажет болды.

Жаңа құрылыстарға, қайта құрылған бұрынғы ғимараттарға бақылауды күшейту үшін Алматы қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 20 желтоқсандағы №3/354 қаулысымен Алматы қаласының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын орындауға өкілетті мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті құрылды.

Департаменттің міндеттері бекітілген сәулет-құрылыс құжаттарына құрылыс объектілері мен кешендерінің сәйкестілігін бақылауды жүзеге асырумен ғана шектелмеді. Департамент Алматы қаласының тұрақты дамуының шарттарын қамтамасыз етудегі мемлекет пен қоғамның құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Департаменттің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің үнемі қызмет етуін, тарихи және мәдени мұра объектілерінің, табиғи құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету болды. Департамент өмір сүрудің қолайлы жағдайларын жасау, экологиялық жағдайды жақсарту, құрылыс қызметінің қауіпті салдарын болдырмау үшін орындалған құрылыс-жинақтау жер жұмыстары, қолданылатын құрылыс материалдары, бұйымдар мен құрылымдар сапаларының жобалар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарына сәйкестігіне бақылау жасады.

Адамдардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің, қалалық инфрақұрылым объектілері тұтастығының, зілзалаға төзімдігінің талаптарына сәйкессіз қызметтерін ескерту және жолын кесу де департаменттің құзыретіне енді.

Департамент келесі функцияларды орындады:

  1. Құрылыс жұмыстарын жүргізу рұқсат қағазын немесе негізделген бас тарту беру;

  2. Жер телімі шекарасындағы аумақты қоршауға, шұңқырды қазуға және ойып алынған топырақты тасып шығаруға ордер беру;

  3. Жер жұмыстарын жүргізуге және жер асты ғимараттарының аралық төсем салу және қайта құрумен, жолдарды жөндеу және салумен, автотұрақтардың орындарымен байланысты өзге де жұмыстарға рұқсат беру;

  4. Көпірлерді салу мен жөндеуге, жол айрықтарына, жол құбырларына, жер асты жолдарына, өзге де көлік коммуникацияларына рұқсат беру.

Жұмыстарды жүргізетін орындарға жанасып тұрған аумақтардың жақсы жабдықталуы мен көгалдандырылуына бақылау жасау қажет болды. Енді департаменттің функцияларына салынып жатқан объектілерге мониторингті жүзеге асыру және салынып жатқан, қайта құрылған, заман талабына сәйкестендірілген құрылыстардың барысы мен сапасына мемлекеттік бақылау жүргізілу енгізілді.

Департаменттің құрылыс объектілерін қабылдау бойынша комиссияның жұмысына қатысуы, кемшіліктерге жол берген және оларды жоймаған тұлғаларға қатысты шараларды белгілеуі уақытында шаралар қолдануға мүмкіндік берді. 2002 жылы құқық бұзушылықтар анықталып, шамамен 44408 мыңға жуық теңге сомасына әкімшілік материал ресімделген. Айыппұлды төлемегендердің әкімшілік материалдары сотқа жіберілді. 2003 жылы департаменттің қызметі кіші кәсіпкерлік субъектілерге тексеру жүргізуге моратория жағдайында жүзеге асты. Тек 2003 жылдың қараша айына қарай бюджетке 253778 мыңға жуық теңге өндірілді.

2002 жылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне сәулет-құрылыс бақылау бөлімі, техникалық бақылау бөлімі, заң бөлімі мен есеп бөлімі кірді. Департамент құрылған кезде штатта 16 маман болды.

Сәулет-құрылыс бөлімі құрылыстың сапасына бақылау-қадағалау жасауды жүзеге асырды, құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді, салынып біткен объектілерді пайдалануға енгізуді, азаматтарды қабылдауды жүргізуді, жеке тұрғын үй құрылыстары бойынша есеп дайындады, құрылыс-жинақтау жұмыстарына және құрылыс нормалары мен ережелерін сақтауға бақылау жасауды жүзеге асырды.

Техникалық бақылау бөлімі қала территориясында жер жұмыстарын жүргізуге келісім және ордер беру, жобаларға келісімді жасау, жұмыстарын жүргізу бойынша бақылау-қадағалауды жүзеге асырды.

Заң бөлімі жалпы құқықтық жұмыстарды, барлық әкімшілік материалдарға құқықтық сараптаманы жүргізді, департаментті барлық сот, мемлекеттік, құқық қорғау органдарында ұсынып, азаматтарды қабылдау, әкімшілік материалдар бойынша құжат айналымын есепке алуды, тіркеуді жүзеге асырды және құрылыс жұмыстарына рұқсат қағазын және объектілерді пайдалануға енгізу актілерін берді.

Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің құрылуымен байланысты қала территориясында бірін-бірі қайталайтын екі бақылау органы, яғни жергілікті-мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті мен республикалық-Қазақстан Республикасы құрылыс істері бойынша Комитетінің Алматы қаласы бойынша террриториалдық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы құрылды. Қалыптасқан жағдайға байланысты құқықтық алаңда департаменттің заңдылығы жөнінде мәселе көтерілді. Алматы қаласында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау үшін қала Әкімі 2002 жылдың 25 ақпанында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша тұрақты алқалы орган ретіндегі қаланың Мемлекеттік қабылдау комииссиясын құру туралы шешім қабылдады.

Басқарманың міндеті мен қызметі

Алматы қалалық құрылыс басқармасының негізгі міндеттері:

  1. Алматы қаласында тұрғын үй проблемасын кезеңмен шешу;

  2. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мен несиелеу сызбасын ұйымдастыруға қатысу;

  3. Құрылыс саласына инвестициялар тарту үшін жағдайды жақсартуға қатысу және тұрғын үй нарығын дамыту;

  4. Қала аумағы мен ықшам аудандарды әлеуметтік, инженерлік және транспорттық инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз ету арқылы тиімді тұрғын үй салу;

  5. Құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқығын қорғауға қатысу, құрылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нысандарды пайдалануға беру;

  6. Отандық құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекелестігін арттыруға ықпал ететін жағдайларды қалыптастыру, жаңа құрылыста инвестицияларды тиімді пайдалану.

Басқарма заңмен белгіленген тәртіпке келесі қызметтерді атқарады:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс саласындағы бағдарламаларын жасайды және оның орындалуын бақылайды;

  2. Құрылыс саласындағы өңірлік ғылыми-техникалық саясатты жасайды және жүзеге асырады;

  3. Инженерлік іздеу, жобалау, құрылыс, қайта жөндеу, қалпына келтіру,жетілдіру, күрделі жөндеу және көріктендіру саласындағы нысандар мен кешендердің нормативті актілерін әзірлеуге қатысады, транспорттық және инженерлік инфрақұрылымдарды қалыптастыруға қатысады;

  4. Мемлекеттік тұрғын үй саясатын, сонымен қатар өз құзыры шеңберінде тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру үрдісіне қатысады;

  5. Мемлекеттік бюджет қаражаты, ҚР үкіметтік кепілдендірумен ұсынылатын сыртқы займ есебінен қаржыландырылатын нысандарды жобалау мен оның құрылысын ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;

  6. Инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша жылдық жопарды әзірлеуге қатысады;

  7. Өз құзыры шеңберінде басқа мемлекеттік органдар құрылыс мекемелерінің құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларының орындалуы бойынша қызметін үйлестіреді;

  8. Өз құзыры шеңберінде құрылыс мекемелерінің мен ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

  9. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын аумақ, құрылыс, қайта жөндеу, қалпына келтіру, жетілдіру, күрделі жөндеу және көріктендіру нысандары мен кешендерінің қала құрылысын игеру кезінде тапсырыс беруші мен техникалық бақылаушының қызметін атқарады;

  10. Құрылыс саласында әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктер және басқа да ұйымдармен қызмет істеп келеді;

  11. Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысты шараларды әзірлеуге қатысады.

Кесте 4

Стратегиялық бағыты.

Нәтижесіне жетуге ведомствоаралық қарым-қатынасты қажет ететін міндеттердің көрсеткіштері

Ведоствоаралық қарым-қатынас жасалатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік органдардың атқаратын шаралары

1-стратегиялық бағыт . Қала әкімдігінің мемлекттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындалуы.

1.1- мақсат. Жобаларды дайындауда құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес сапасын қадағалау.

1.1.1.-міндет. Құрылысты елді мекендердің бекітілген бас жоспарына сәйкестігін қамтамасыз ету.

Құрылысты елді мекендердің бекітілген бас жоспарына сәйкестігін қамтамасыз ету

Алматы облысы әкімдігінің сәулет және

қала құрылысы басқармасы

Жобалық құжаттарды қазіргі заманғы сәулет келбетіне және елді мекендердің бекітілген бас жоспарына сәйкестендіру

Ескерту: [17] әдебиет бойынша автор құрастырған.

Үстіміздегі жылы құрылыс-монтаж жұмыстарына 681 рұқсат құжаты берілді (2009 жылы 697 рұқсат құжат). Осы мерзім ішінде 558 құрылысы аяқталған нысандар пайдалануға қабылданды. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарда құрылыс барысы және сапасы әрдайым бақылауда болады. Білім саласындағы құрылыстардың сапасын тексерудің қорытындысы бойынша барлық аудандарда құрылысты жобалауда, сондай-ақ пайдалануға енгізу кезінде көптеген құрылыс нормаларын бұзушылық анықталды.

Бекітілген жобасыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынбай, бұрын пайдаланылған құрылыс материалдарын қолдану және бекітілген жобадан ауытқып құрылыс жүргізу;

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін, заңды және жеке тұлғаларға 163 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, жалпы сомасы 5995795 (бес миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың жеті жүз тоқсан бес) теңге айыппұл салынды.

Бөлім қызметін ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау. Егер құжат, қойылған сұрақтардың мазмұны мен маңыздылығы бойынша Басқарма басшысына баяндауды қажет етпесе, бөлімде тіркелгеннен соң тиісті бөлімше бастығына жіберіледі, құжат орындаушыға қол қою арқылы тапсырылады. Орындалуы бірнеше бөлімшеге міндеттелген құжаттардың орындаушыларға біруақытта тапсыру мақсатымен көшірмелері түсіріледі. мұндай жағдайларда құжаттың түпнұсқасы қарарда бірінші болып жазылған орындалуына жауапты адамға жіберіледі. Қалған барлық орындаушылар аталмыш міндет бойынша бірінші орындаушыға өзінің ұсыныстарын енгізулері қажет.

Басқармаға заңды және жеке тұлғалардың хат құжаттарының орындалуы келіп түскен мерзімінен бастап сауалды аяғына дейін шешкенге дейін бақылау кәртішкесінде белгіленеді, шешілетін мәселе жөніндегі құжаттың түпнұсқасы жинақтау папкасына тігіліп бекітілген номенклатура бой ынша Басқарманың мұрағатына тапсырылады. Құжаттарды дайындаған кезде Мемлекеттік билік және Басқарма органдарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің атауларын жазған кезде қолданыстағы ережелерді, анықтамалықты, сөздікті басшылыққа ала отырып бірыңғай жазылу тәртібін сақтау қажет. Қызметтік құжаттар (шешімнің жобалары, өкімдер мен бұйрықтар, хаттар, баяндамалар, есептер мен т.с.с.) қысқа, әрі нақты түсінікті және белгіленген үлгідегі бланкіде басылуы керек. Құжаттың мерзімі болып оған қол қойылу мерзімі, хаттама және акт мерзімі болып- орын алған мерзімі саналады, жоспар және есептер, өзге құжаттардың мерзімі бекітілуі керек.Әр құрылымдық бөлімшеге істер номенклатурасына сәйкес бөлімше индексі, номенклатура бойынша істің индексі (номері) және реттік тіркеу номері секілді үш бөлімнен тұратын сандық маңыздылығы түріндегі шығыс индекс ұсынылады. Құжатты орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі басқы сызбаларда, немесе орын болмаған жағдайда соңғы беттің сырт жағындағы сол жақ төменгі бұрышына орналасады. Осы Ережедегі белгіленген талаптар бұзушылығымен кеңсеге ұсынылған және ресімделген құжаттар мен жадығаттар қайта жіберілмейді және тиісті бөлімге немесе орындаушыға тапсырылады. кадр және әдістемелік- құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінен тыс қызметтік құжаттарды жіберуге тыйым салынады. Кеңсе қызметкерлері шығыс хат-хабарлардың құжаттарда көрсетілген мекен-жайы бойынша өз уақытында жіберілуіне жауап береді.

Кадр және әдістемелік-құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне жалпы шолу.

Осы ережеде Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында құжаттармен жұмыс істеу жүйесін белгілейді және құпия емес құжаттарды орындау кездегі оларды дайындау, рәсімдеу, өткізу және бақылау тәртібін анықтайды. Азаматтар мен мекемелермен хат алмасу мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі. Басқарманың барлық қызметкерлері осы ережелермен және басқарманың жұмысын реттейтін өзге де құжаттармен қол қоюлары арқылы танысулары қажет. Іс жүргізу қызметімен айналысатын қызметкерлерге жұмысына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жауапкершілігі Басқарма бастығына, іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды есепке алу, сақтау және өз уақытында өткізу, бөлімдерде орындалуы бойынша бақылау жасау жауапкершілігі ‒ бөлім бастығына жүктеледі. Өзінің қызметінде кадр және әдістемелік-құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының Ережесі мен осы Ережені басшылыққа алады.

Осы ережеде Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында құжаттармен жұмыс істеу жүйесін белгілейді және құпия емес құжаттарды орындау кездегі оларды дайындау, рәсімдеу, өткізу және бақылау тәртібін анықтайды. Азаматтар мен мекемелермен хат алмасу мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі. Басқарманың барлық қызметкерлері осы ережелермен және басқарманың жұмысын реттейтін өзге де құжаттармен қол қоюлары арқылы танысулары қажет. Іс жүргізу қызметімен айналысатын қызметкерлерге жұмысына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жауапкершілігі Басқарма бастығына, іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды есепке алу, сақтау және өз уақытында өткізу, бөлімдерде орындалуы бойынша бақылау жасау жауапкершілігі - бөлім бастығына жүктеледі. Өзінің қызметінде кадр және әдістемелік-құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының Ережесі мен осы Ережені басшылыққа алады. Кадр және әдістемелік-құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері:

  1. Кадрды талап етілетін мамандықтағы мамандармен қамтамасыз ету, оларды орналастыру, оқыту, дайындау және қайта дайындау, кадрды тіркеу жүйесін ұйымдастыру;

  2. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өтуімен байланысты мемлекеттік органдардың шешімдерін ресімдеу;

  3. Іс жүргізумен аяқталған құжаттардың сақталуын және қолданылуын қамту, құжаттарды іріктеу және өз уақытында мемлекеттік сақтауға тапсыру болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. қала құрылысы құжаттамасымен бекітілген нысандар мен кешендер құрылысының сәйкес болуына және олардың құрылысы сапасына бақылау жүргізеді;

  2. алматы қаласының тұрақты дамуы жағдайын қамтамасыз етуде қоғам мен мемлекет мүдделері мен құқықтарын қорғау, тыныс-тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесін жүзеге асыру, тарихи және мәдени мұралар нысандарын, табиғи құндылықтарды сақтау, жүргізіліп жатқан құрылыс-жинақтау және пайдаланылатын құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрылымдары сапасының құрылыс саласындағы нормативтік актілердің талаптары мен жобаларына сәйкес болуы, қолайлы өмір сүру жағдайлары, экологиялық жағдайды жақсарту, сәулет және құрылыс саласындағы шаруашылық қызмет нәтижесіндегі қауіпті іс-әрекеттерді болдырмау;

  3. құрылыс саласы бойынша адамның денсаулығы, қалалық инфрақұрылымы нысандарының тұтастығы, сейсмотұрақтылығы мен құрылыс саласында бекітілген өзге де нормалардың талаптарына жауап бермейтін әр қызметті алдын ала ескертіп болдырмау шарасын қарастыру.

Бөлімнің негізгі қызметтері:

  1. құрылысы жүріп жатқан және құрылысы белгіленген нысандар мониторингін жүргізу, құрылыстағы (кеңейтіліп жатқан, жаңартылып, күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан) нысандар мен кешендердің қызметі мен сапасына мемлекеттік бақылау жүргізеді; нысандар мен кешендерді пайдалануға қабылдау ісіне қатысады; -сәулет-қала құрылысын бақылау саласында заңдылық және нормативтік актілердің жобаларын дайындауға қатысады;

  2. сәулет, құрылыс, қала құрылысы қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қызметінің құрылыс өнімдерінің лицензиялық жағдайлары мен сертификациясына сәйкес болуы бойынша тексеру, лицензия, сертификаттың әсер ету мерзімін уақытша тоқтату немесе оларды тиісті түрде құрылыс материалдары мен құрылымдары сертификациясы және сәулет- қала құрылысы қызметін лицензиялау органдарына кері қайтару туралы ұсыныстарды енгізеді;

  3. мемлекеттік стандарттар мен техникалық жағдайларға сәйкес келмейтін құрылыс материалдары мен бұйымдарын, құрылымдарды, жабдықтарды қолдануға тыйым салады;

  4. мемлекеттік нормативтер бұзылғанда және (немесе) келісілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқыған жағдайда құрылыс-жинақтау жұмысын тоқтатады;

  5. құрылысы жүріп жатқан нысандарға кедергісіз бару, өзіне жүктелген міндетті орындау үшін жобалық-сметалық, технологиялық және орындаушы техникалық құжаттармен танысады [13].

Басқарма құрылымына келетін болсақ, бас дизайнер бөлімі мемлекеттік қала құрылысы саясатының басты ережелерін халыққа түсіндіру және кеңес беру, жеке тұрғын үй құрылысының сәулет-қала құрылысы нормаларына сәйкес болу мәселесіне байланысты қала аудандарында сәулет-қала құрылысы саласында жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады. Нобайлық жобаларды қарау және келісу, қала ортасының дизайнын белгілеу және құру, кіші сәулет үлгілерін, қала аумағындағы ғимараттар мен құрылымдардың қас беттерін қайта жаңарту жұмыстарын ұйымдастырады. Қалалық ландшафтың сәулетті дамыту бағытын қалыптастырады. Жарнаманың нобайлық жобаларын бекітеді, қаланың сәндік-көркем безендіру тұжырымдамасын келіседі, жобаларын жасайды және сақтайды.

Бөлулер және сәулеттік-жоспарлау тапсырмалар бөлімі бекітілген сәулет-жоспарлау тапсырмалары деректер базасын жүргізуге бақылау жасайды. Сәулет-жоспарлау тапсырмаларын әзірлеу және берумен айналысады.

Пайдалануға берілетін объектілерді қабылдауды бақылау және қала құрылысы кадастры бөлімі бекітілген қала құрылыстық құжаттамамен, қала құрылыстық тәртібінің сақталуымен, аумақтық құрылыс ережелеріне сәйкес Алматы қаласының бас жоспарының, түбегейлі жоспарлау жобасының, құрылыс жобаларының жүзеге асырылуын бақылауды іске асырады. Бөлімнің міндетіне құрылыс бас жоспарын келісу, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау, мемлекеттік басқару органдарында бөлулерді ресімдеу бөлімінің мүдделерін білдіру, қала құрылысы кадастрының даму деңгейлерін қалыптастыру, сланып жатқан объектілерге бақылау жүргізу жатады. Бөлім субъектілердің қала аумағын игеруіне бақылау жасау мәселелері бойынша, базалық деңгейдегі қала құрылысы кадастрын жүргізу жұмысын реттейді.

Жобаларды келісу және қала құрылысы кеңесін жүргізу бөлімі жобалау мекемелерімен негізгі қызмет мәселелері бойынша өзара әрекет етуді, бекітілген нобайлық жобалардың деректер базасының жүргізілуіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылыстық кадастрын жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіреді.

Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімі Басқарманың кадрларын іріктеу және орналастыру жұмысына қатысады, істердің жүйелілік жағдайына талдау жүргізеді, кадрлар құрамындағы өзгерістер мен беталысын бақылайды, кадр потенциалын құру стратегиясын әзірлейді және енгізеді, кадр резервін қалыптастырады. Кадр жұмысы бойынша нормативтік құжаттарды, әдістемелік материалдар мен нұсқаулықтарды енгізу жұмысына қатысады.

Бақылау және құжатайналым бөлімі Басқарманы құжаттамамен қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру, жоспаррлау және жетілдіруді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытында жауап беруді, іс жүргізу жағдайын бақылайды. Мемлекеттік сақтауға тапсырылатын құжаттарды іріктеу жұмыстарын жүргізу, сақтау жұмысын және құжаттардың құндылығын сараптау жұмысына қатысады.

Өндірістік мәселелер бойынша басқарма қызметкерлеріне құқықтық кеңес береді. Басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулардың, қаулылардың, өкімдердің және басқа құқықтық сипаттағы құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігіне алдынала тексеру жұмысын жүзеге асырады қолданыстағы заңнаманы насихаттау бойынша материалдар дайындайды. Қаржылық қамтамасыз ету бөлімі қаржы ресурстары қозғалысын басқаруды және қаржылық қатынастарды реттеу жұмысын ұйымдастырады, болашақ және ағымдағы қаржы жоспарларының жобаларын әзірлеуге басшылық етеді. Басқарманың барлық бағынышты мемлеекеттік кәсіпорындарының қызметіне экономикалық талдау жасайды. Жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, келіп түсетін ақша қаражаттарының, тауарлық-материалдық құндылықтардың толық есепке алынуына, бюджетке төлемдерді дұрыс және уақытында аударуға, еңбекақы қорының дұрыс жұмсалуына бақылау жасайды, лауазымдық еңбекақы мөлшерін белгілейді [14].