Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖОСПАР камшат диплом.docx
Скачиваний:
18
Добавлен:
24.09.2019
Размер:
223.05 Кб
Скачать

1.3 Құрылыс саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері.

Құрылыс-материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен айналысады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құрылымдар) бір орынна екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді. Жоба құнын бағалау үшін жобаны құрайтын ресурстардың құнын, жұмыстың орындалу уақытын және осы жұмыстың құнын білу қажет. Жобаның өмітлік циклының құрылымына сүйене келе оның құны келесідей шығындардан тұрады:

  1. Өңдеу және зерттеу құны: инвестицияға дейінгі зерттеу жүргізу, пайда және шығындарды талдау , жүйелік талдау, өнім үлгілерін өңдеу және бөлшектік жобалау, жоба өнімін алдын ала бағалау, өнімнің жобалық және басқа да құжаттарын жасау;

  2. Өндіріс шығындары: өндіріс, жоба өнімін жинақтау және тестілеу, өндіріс қуаттылығын қолдау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, персоналды оқыту және т.б;

  3. Құрылыс шығындары: өндірістік және әкімшілік ғимараттар (жаңалары салу немесе ескілерін қалпына келтіру);

  4. Ағымдық шығындар: еңбек ақы, жартылай фабрикаттар мен материалдар, тасымалдау, ақпаратты басқару, сапаны бақылау және т.б;

  5. Өнімді өндірістен алып тастау: өндіріс қуаттылығын құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шығындары, қалдықтарды қайта өңдеу;

Сонда, жобаның құнын бағалау жоба жұмыстары мен ресурстардың құрылымын анықтаудан басталады.

Сметалық нормативтік құжаттар-сметалық нормалардың жекелеген жинақтарға біріктірілетін бағалама мен бағалардың кешені. Қажетті талаптардан тұратын ережелермен және талаптармен бірге, құрылыс пен ғимараттардың және құрылыстардың халық шаруашылығының барлық салалары кәсіпорындарын кеңейту мен қайта жарақтандырудың сметалық құнын анықтау үшін қызмет етеді. Смета жобалық деректер негізінде объекті құрылысының құнын, оның ішінде жекелеген құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға және жабдықтар сатып алуға арналған шығындарды, сондай-ақ құрылысты жүзеге асыруға байланысты басқа да шығындарды анықтайды [9].

Сметалық нормативтер-бұл кешеннің қорытындыланған атуы, ол құрылыстың, күрделі жөндеудің, қайта жаңартудың, сметалық-нормативтік базаны құрайтын материалдарға, бұйымдарға және конструкцияларға ірілендірілген немесе элементтік нормалар, бағаланымдар және бағалар негізінде Қазаұстан Республикасының ғимараттары мен құрылыстарын кеңейту мен техникалық қайта жарақтандырудың сметалық құнын белгілеу тәртібін қамтиды.

Құрылыстағы сметалық нормалаудың және баға белгілеудің негізгі міндеттері: құрылыстағы сметалық нормативтер мен баға белгілеу жүйесі арқылы сметалық құжаттарда көрініс табатын кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың салу (кеңейту, қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру) құнын анықтауды қамтамасыз ету;

құрылыста ұйымдастыруды, жоспарлауды және қаржыландыруды қамтамасыз ету, орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін есеп айырысуларды жүзеге асыру;

инвестициялық салымдардың тиімділігін арттыру, қаржы қаражаттарын жұмсауды оңтайландыру болып табылады.

Сметалық нормативтер жүйесі бюджеттік заңнамаға негізделеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнама шеңберінде іс-қимыл жасайды (ҚР ҚНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық нормативтік құжаттар жүйесі). Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі мынадай мемлекеттік нормативтер түрлерінен тұрады:

  1. Құрылыстың есептік құнын анықтау тәртібі техникалық-экономикалық негіздер сатысында;

  2. Құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі;

  3. Құрылысқа және жөндеу-құрылыс пен монтаж жұмыстарына арналған элементтік сметалық нормалар мен бағаланымдар;

  4. Құрылысқа және жөндеу-құрылыс пен монтаж жұмыстарына арналған сметалық норманы ірілендіру;

  5. Уақытша ғимараттар мен құрылыстарға арналған шығандардың сметалық нормасы;

  6. Құрылыстың қысқы қымбаттауына арналған шығындардың сметалық нормасы;

  7. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың құралдары мен жабдықтарына арналған шығындардың сметалық нормасы [10].

Жобаларды кешенді басқару бойынша қызметтер көрсету кәсіпорынның нәтижелі бағыттарының бірі болып саналады. Оның құрамына:

  1. Жобалардың инициациясы мен өңделуі/тендерлерге қатысу;

  2. Жобаны ұйымдастыру/келісім-шарттарды дайындау, талдау және келісім жасау;

  3. Келісім-шарттарды әкімшілік ету;

  4. Жобалардың мониторингі;

  5. Контроллинг;

  6. Ресурстарды координациялау;

  7. Жобаларды аяқтау жұмыстары кіреді.

Алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жобаларды жүйелі басқаруды енгізу, менеджерлерді оқытып, оларды IPMA стандарты бойынша сертификациядан өтуге дайындық, жобалық жұмыстарға негізделген компанияларды дамыту және жобалар менеджментінің мынадай әдістері қолданылады:

  1. Ақырғы нәтижені көздеу; мақсаттарды, тәуекелдер мен ресурстар нәтижесін анықтау;

  2. Жобаларды модельдеу; олардың параметрлерін есептеу, болжау және басқару;

  3. Қазіргі заманға сай информациялық және телекоммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу;

  4. Жауапкершілік пен ресурстарды реттеу;

  5. Жұмыстардың атқарылуын қадағалау;

  6. Пайда болған өзгерістер мен ауытқушылықтарға мезгілімен көңіл аудару;

  7. Мүмкін болар тәуекелдер мен сол уақыттағы жағдайды ескере отырып, үздіксіз кешенді және болжамдық жоспарлау;

  8. Жоба прогресінің мониторингі, шығындар мен ресурстарды бақылау;

  9. Тәуекелді төмендетіп, оларды бақылау;

  10. Инвестициялар бойынша мүмкіндіктерді кеңейту;

  11. Ресурстарды үнемдеу;

  12. Ресурстарды жылдам қайтару мүмкіндіктерін арттыру;

  13. Қосымша кіріс, бәсекелестікті жоғарылату;

  14. Клиенттер талаптарын барынша қанағаттандыру [11].