Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жог.геодезия ИСПР.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
184.32 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

Қ.И. Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық университетi

Бекiтемiн

Оқу-әдістемелік

жұмысы жөніндегі проректор

______________ Ш.Байысбеков

«___» ________________2010 ж.

050711- Геодезия және картография____ мамандығы студенттеріне (мамандық шифрі және атауы)

________Жоғарғы геодезия_______ пәнi бойынша

(пән атауы)

адам саны __15_____

емтихандық тестiлеуге арналған

ТЕСТІЛІК СҰРАҚТАР

Институт

____________________Тау кен_____________

Кафедра

_____Маркшейдерлік іс және геодезия_______

Курс

____________________2_________________

Семестр

_____________________3__________________

Кредиттер саны

_______________________3________________

Тестілік сұрақтарының саны

_________100___

Тау-кен институтының директоры

_______________ К.Б.Рысбеков

Кафедра меңгерушiсi

_______________Ж.Д. Байгурин

Құрастырушы

______________Г.М.Киргизбаева

ТС қабылдауға жауапты адам

______________Э. Ануарбек

Алматы, 2010

$$$ 1

Мемлекеттік геодезиялық торларды құру қандай принцип бойынша жүргізіледі?

A) жалпыдан жекеге көшу принципі бойынша;

B) жекеден жалпыға көшу принципі бойынша;

C) этап бойынша, кішкентай құрудан өте үлкен құруға;

D) тордың классын есепке ала отырып;

E) территорияның ауданын есепке ала отырып.

$$$ 2

Мемлекеттік геодезиялық торды құруда не негіз болады?

A) Лаплас пункті;

B) 1 классты астрономо-геодезиялық тор;

C) 2 классты жалпы тор;

D) 1 классты звено;

E) 1 класс полигонометрия.

$$$ 3

Қандай әдістер мемлекеттік геодезиялық торды құруда негізгі болады?

A) триангуляция әдісі, ғарыштық геодезия әдісі;

B) триангуляция әдісі және полигонометрия;

C) триангуляция, полигонометрия, трилатерация, спутниктік геодезия әдістері;

D) трилатерация, спутниковой геодезия әдістері;

E) астрономиялық әдістер.

$$$ 4

Лаплас пункты дегеніміз не?

A) базистік қабырғаның соңындағы 2 класс триангуляция пункті;

B) астрономиялық ендік, бойлық, азимут анықталған пункттер;

C) геодезиялық ендік, бойлық, азимут анықталған пункттер;

D) триангуляциия звеносының ортасында тұрған пункттер;

E) 1 класс полигонының ортасындағы пункттер.

$$$ 5

1:25 000 масштабтағы картаның графикалық дәлдігі неге тең?

A) 0.25 м;

B) 5.0 м;

C) 10.0 м;

D) 4.0 м;

E) 3.0 м.

$$$ 6

2 класс триангуляция бұрышын өлшегендегі орта квадраттық қатесі неге тең?

A) 1.5;

B) 1.0;

C) 2.0;

D) 0.5;

E) 10.0.

$$$ 7

3 класс триангуляция бұрышын өлшегендегі орта квадраттық қатесі неге тең?

A) 1.5;

B) 1.0;

C) 2.0;

D) 0.5;

Е) 10.0.

$$$ 8

4 класс триангуляция бұрышын өлшегендегі орта квадраттық қатесі неге тең?

A) 1.5;

B) 1.0;

C) 2.0;

D) 0.5;

Е) 10.0.

$$$ 9

3 класс триангуляция қабырғасы неге тең?

A) 5 – 8 км;

B) 2 – 5 км;

C) 20 –25 км;

D) 8.0 км;

E) 7 – 20 км.

$$$ 10

4 класс триангуляция қабырғасы неге тең?

A) 5 – 8 км;

B) 2 – 5 км;

C) 20 –25 км;

D) 8.0 км;

E) 7 – 20 км.

$$$ 11

Р = 600 кв. км. ауданындағы 2 класс пункттер санын есептеу.

A) 1 пункт;

B) 2 пункт;

C) 5 пункт;

D) 8 пункт;

E) 3 пункт.

$$$ 12

Р = 900 кв. км. ауданындағы 1 класс пункттер санын есептеу.

A) 2 пункт;

B) 5 пункт;

C) 8 пункт;

D) 3 пункт;

E) 1 пункт.

$$$ 13

ТМД мемлекеттік геодезиялық тор қанша классқа бөлінеді?

A) 3 классқа;

B) 4 классқа;

C) 6 классқа;

D) 2 классқа;

E) 8 классқа.

$$$ 14

Егер Н қарсыласу = 543.0 м, Н пункт = 540 м, а = 4 м, v = 2.0 м, болғанда белгі биіктігін есептеу:

A) 20.0 м;

B) 11.0 м;

C) 17.9 м;

D) 9.0 м;

E) 14.0 м.

$$$ 15

1 класса триангуляция звеносының ұзындығы неге тең?

A) 150 км;

B) 200 –300 км;

C) 200 – 250 км;

D) 50 км;

E) 300 –500 км.

$$$ 16

1 класс триангуляция бұрышын өлшегендегі орта квадраттық қатесі неге тең?

A) 0.5;

B) 1.0;

C) 2.0;

D) 0.3;

E) 1.5.

$$$ 17

Астрономо-геодезиялық тордың 1 класс полигоны неден құрылған?

A) жалпы геодезиялық тордан;

B) 1классты триангуляциялық немесе полигонометриялық звенолардан;

C) 2 классты қабаттасқан триангуляциялық звенолардан;

D) Орталық жүйелерден;

E) геодезиялық төртбұрыштардан.

$$$ 18

1классты триангуляция звеносын құратын үшбұрыштар бұрыштары неге тең?

A) 50 аз емес;

B) 30 аз емес;

C) 60аз емес;

D) 20 көп емес;

E) 40 аз емес.

$$$ 19

Геодезиялық белгінің жер асты бөлігі қалай аталады?

A) пирамида;

B) пункт центрі;

C) сигнал;

D) визирлік цилиндр;

E) қиын сигнал.

$$$ 20

Триангуляциялық өлшеулер кезінде геодезиялық белгінің қандай бөлігіне визирлеу жүргізіледі?

A) визирлік цилиндрге;

B) пункт центріне;

C) бақылаушы аланына;

D) маркаға;

E) бақылаушы орындығынана.

$$$ 21

Геодезиялық пункттер орталығының түрлері неге байланысты?

A) тор дәлдігіне;

B) жергілікті жер бедеріне;

C) топырақ құрамына және топырақтың мұздауына;

D) топырақ ылғалдылығына;

E) торды құру әдісіне.

$$$ 22

Биік таулы және таулы жерлерде қандай геодезиялық белгілер орнатылады?

A) қиын сигналды;

B) жәй сигналды;

C) жәй пирамидалар;

D) вехи - пирамидалары;

E) тур.

$$$ 23

Лаплас азимутын анықтағандағы дәлдік неге тең?

A) 1.5;

B) 2.0;

C) 1.1;

D) 3.0;

E) 2.5

$$$ 24

Мемлекеттік геодезиялық тор пункттарының өзара орналасуының орта квадраттық қатесі неге тең?

A) 1м;

B) 5 – 7 см;

C) 10 см;

D) 25 см;

E) 1 см.

$$$ 25