Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор ОКМД2015.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

26. Жер астындағы түсірістерді бағдарлау үшін тік оқпанға түсірілген тіктеуіштерге “дәнекер үшбұрыш” тәсілімен жалғасу.

өндірісте ең көп тараған тәсіл. Ол келесі ретпен орындалады.

Байланыстыру түсірулерін орындау кезінде, жер бетіндегі нүктелерді жер астындағы бағдарланатын қабатқа проектрлеу үшін, оқпанға түсірілген А және В тіктеуіштеріне жақын, жер бетінде С, жер астында С пункттерін орнатады (10-сурет).

Жер бетінде және жер астында орнатылған С және С′ пункттері мен оқпанға түсірілген А және В тіктеуіштері 2 үшбұрыш құрабы: АВС - жер бетінде, А′ В′ С′ - жер астында.

Бұл үшбұрыштар байланыстыру үшбұрыштары деп аталады. С және С′ пункттері, олардан тіктеуіштер көрінетін болып орнатылуы керек және жер бетіндегі С пунктінен сол маңдағы жақын орналасқан геодезиялық тірек жүйесінің пункті, ал С′ пунктінен жер астындағы түсірістің жақын пункті көрінетін болуы керек.

10-сурет. «Дәнекер үшбұрыш» тәсілімен жалғасудың схемасы

Егер С және С′ пункттері тіктеуіштерге жақын және олардың створының жалғасына жақын орналасса, бағдарлаудың нәтижелерінің дәлдігін жоғарлататын, пішіні ыңғайлы, тиімді үшбұрыштар құрылады. Бұл жағдайда өлшенген ұзындықтардың қателіктері жалғасудың дәлдіктеріне онша әсер етпейді.

Жалғасу мәселесін шешу үшін келесі өлшеулер орындалады: жер бетіндегі АВС үшбұрышында - = АСВ бұрышы және қабырғаларының ұзындықтары - а, в, с ; жер астындағы бағдарланатын қабаттағы А′ С′ В′ үшбұрышында - = А′ В′ С′ бұрышы және қабырғаларының ұзындықтары - а′, в′, с′.

«Дәнекер үшбұрыш» тәсілімен жалғасу кезінде, дирекциондық бұрышты жер бетінен жер астына түсіру үшін, жер бетінде - АСД, немесе ВСД бұрыштары; бағдарланатын қабатта - А′ С′ Д′ , немесе В′ С′ Д′ бұрыштары өлшенеді.

Үшбұрыштардың элементтерін өлшеудің дұрыстығын бақылау, екі тіктеуіштің өлшенген және төмендегі формуламен есептелген арақашықтықтарын салыстырумен орындалады

с2 = а2 + в2 – 2ав cos ,

Тіктеуіштердің өлшенген және есептелген арақашықтықтарының мүмкін шекті айырмашылықтары: жер бетінде  2 мм, бағдарланатын қабатта  4 мм аспауы керек.

Далалық өлшеулердің нәтижелерін камералдық өңдеу келесі ретпен орындалады:

а) жер бетінде және жер астында құрылған екі үшбұрыштағы өлшеулердің нәтижелерін пайдаланып, үшбұрыштардың А және В тіктеуіштеріндегі бұрыштарының мәндерін есептейді;

б) өлшеулер мен есептеулердің дұрыстығын бақылау үшін тіктеуіштердің арақашықтықтарын есептеп, нәтижесін өлшенген қашықтықпен салыстырады, ал үшбұрыштардың есептелген бұрыштарының сомасын олардың теориялық сомасымен (180) салыстырады;

в) байланыстыратын үшбұрыштардың қабырғаларының және бағдарланатын қабаттағы түсірудің бірінші қабырғасының дирекциондық бұрыштарын есептейді;

г) тіктеуіштердің жер бетіндегі және бағдарланатын қабаттағы түсірулердің бірінші пунктінің координаталары Х және У есептейді.

Бйланыстыратын үшбұрыштардың сүйір бұрыштары А және С мәндері 20 аспайтын ыңғайлы болса, тіктеуіштердегі бұрыштарды синустар теоремасының формуласымен есептейді

; .

Егер бланыстыратын үшбұрыштардың сүйір бұрыштары А және С мәндері 1 аспайтын ыңғайлы болса, тіктеуіштердегі бұрыштарды жеңілдетілген оңай формулалармен есептейді

, .

Жер бетіндегі және бағдарланатын қабаттағы есептелген үшбұрыштардың бұрыштардың мәндерін тексеріп, бұрыштық қиылыспаушылығын келесі формуламен анықтайды

f = A + B + - 180

f А және В тіктеуіштеріндегі бұрыштардың мәндерін есептегендегі дөңгелектеулердің және үшбұрыштардағы бұрыштарын және қабырғаларының ұзындықтарын а, б, с өлшегенде жіберілген қателіктерден пайда болады, сондықтан ол тек есептелген А және В бұрыштарына теңдей бөлініп, қарсы таңбамен кіргізіледі.

Тіктеуіштердегі түзетілген бұрыштардың мәндерін пайдаланып, СА, А′С′, С′Д′ және СВ, В′С′, С′Д′ қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын есептейді де, екі рет бағдарланатын қабаттағы түсірулердің С′ пунктінің хC′′ және уC′′ есептейді

xC′ = xC + acosCB + а′cosBC′ ; xC′ = xC + bcosCA + b′cosAC′ ;

yC′ = yC + asinCB + а′sinBC′ ; yC′ = yC + asinCB + а′sinBC′ .

Байланыстыратын үшбұрыш тәсілімен жалғасудың артықшылығы, оның схемасының қарапайымдылығы және өлшеулері мен есептеулерінің жеңілдігі. Ыңғайлы пішінді үшбұрыштар құрудың арқасында, тәсілді пайдаланудың нәтижесінде, әжептеуір жоғары дәлдікті (3′) жалғасуды орындауға болады.

27. Жер астындағы түсірістерді бағдарлау үшін тік оқпанға түсірілген тіктеуіштерге “дәнекер төртбұрыш” тәсілімен жалғасудың нәтижелерін камералдық өңдеу. Шарты азимут тәсілі. (12-сурет). Р1 пунктін шартты координаталар жүйесінің басы, ал шартты координатаның х′ осі жалғасудың Р1Р2 бағытымен беттескен, яғни хА = 0,000 м, уА = 0,000 м, АВ = 0000′00 деп қабылдап, А және В тіктеуіштерінің координаталарын және АВ створының (А тіктеуіші мен В тіктеуішін қосатын сызық) дирекциондық бұрышын (АВ)′ осы жүйеде есептейді. Жер бетінде анықталған А тіктеуіші мен В тіктеуішін қосатын сызықтың дирекциондық бұрышымен (АВ) жер астындағы А тіктеуіші мен В тіктеуішін қосатын сызықтың шартты координаталар жүйесінде анықталған дирекциондық бұрышының (АВ)′ айырмашылығы, жер астындағы Р1Р2 сызығының, жер бетінде қабылданған координаталар жүйесіндегі, дирекциондық бұрышына 1Р2) болады.

Есептеу келесі ретпен орындалады:

  1. Шартты координаталар жүйесін кіргізу:

2. Р1АР2 және Р1Р2В үшбұрыштарындағы өлшеулерді пайдаланып, синустар теоремасымен қабырғаларының ұзындықтарын анықтайды:

3. Шартты координаталар жүйесінде төртбұрыштың қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын есептейді:

4. Шартты координаталар жүйесінде А және В тіктеуіштерінің координаталарын есептейді:

5. Есептелген координаталарын пайдаланып, шартты координаталар жүйесіндегі А және В тіктеуіштерін қосатын сызықтың дирекциондық бұрышын және арақашықтығын с есептейді

Тіктеуіштердің есептелген сЕ және өлшенген с арақашықтықтарын салыстырады. Айырмашылықтары ∆с = сЕ – с = 3 мм артық болмауы керек.

6. Жер астындағы бағдарланатын қабаттағы жалғасу пункттері Р1 және Р2 пункттерінің, жер бетінде қабылданған координаталар жүйесінде, створларының (араларын қосатын сызықтың) дирекциондық бұрышын және координаталарын есептейді:

1Р2) = (АВ) – (АВ)′

(АР1) = (Р1Р2) 180 - 1; (АР2) = (Р1Р2) + 2 ;

(ВР1) = (Р1Р2) 180 + 1; (ВР2) = (Р1Р2) - 2 ;

(АВ) - тіктеуіштердің створының, жер бетінде қабылданған координаталар жүйесіндегі дирекциондық бұрышы;

Бақылау есептері

.

Есептелген dЕ және өлшенген с арақашықтықтарын салыстырады. Айырмашылықтары ∆d = dЕ – d = 5 мм артық болмауы керек.

28. Жер астындағы түсірістерді бағдарлау үшін тік оқпанға түсірілген тіктеуіштерге “дәнекер төртбұрыш” тәсілімен жалғасудың нәтижелерін камералдық өңдеу. Көмекші нүктелер кіргізу тәсілі.14-суретте келтірілген схемаға сәйкес орындалады. Көмекші нүктелер ретінде АВР1 және АВР2 үшбұрыштарының төбелері арқылы жүргізілген шеңбердің Р1Р2 сызығымен қиылысқан жерлерінен анықталған Q1 және Q2 нүктелері пайдаланылады. Мұндағы А және В жер бетінен жер астындағы бағдарланатын қабатқа түсірілген тіктеуіштер, Р1 және Р2 бағдарланатын қабатта орнатылған жер астындағы тірек жүйесінің негізі болатын, оқпан ауласында орнатылған, жер бетінде қабылданған координаталар жүйесінде координаталарын және араларындағы дирекциондық бұрышын анықтайтын маркшейдерлік пункттер.

14-сурет. «Көмекші нүктелер» кіргізу тәсілінің схемасы

Келтірілген схемада:

АР1Q1 = ABQ1 = 1;

BP1Q1 = BAQ1 = 1;

AP2Q2 = ABQ2 = 2;

BP2Q2 = BAQ2 = 2.

Есептеу келесі ретпен орындалады:

  1. АВQ1 және АВQ2 үшбұрыштарындағы:

- белгілі lAB қашықтығын және 1, 1, 2, 2 бұрыштарын пайдаланып, синустар теоремасымен АQ1, AQ2, BQ1, BQ2 қабырғаларының ұзындықтары ,,, есептеледі:

; ;

; ,

- АВ қабырғасының белгілі (АВ) дирекциондық бұрышын және 1, 1, 2, 2 бұрыштарын пайдаланып, АQ1, AQ2, BQ1, BQ2 қабырғаларының дирекциондық бұрыштары (АQ1), (AQ2), (BQ1), (BQ2) есептеледі:

(АQ1) = (АВ) - 1; (AQ2) = (АВ) + 2 ; (BQ1) = (BA) + 1 ; (BQ2) = (BA) - 2 .

2. АВQ1 және АВQ2 үшбұрыштарындағы анықталған ,,, ұзындықтарын және (АQ1), (AQ2), (BQ1), (BQ2) дирекциондық бұрыштарын пайдаланып, Q1 және Q2 нүктелерінің координаталары ,,,анықталады:

3. Анықталған Q1 және Q2 нүктелерінің координаталары ,,,пайдаланып, кері геодезиялық есеппенР1Р2 қабырғасының дирекциондық бұрышы дирекциондық бұрышы анықталады:

; (Q2Q1) = (P1P2) .

4. Р1АР2 және Р1Р2В үшбұрыштарындағы өлшеулерді пайдаланып, синустар теоремасымен Р1А, Р1В, Р2А, Р2В қабырғаларының ұзындықтарын анықтайды:

5. Анықталған P1P2 қабырғасының дирекциондық бұрышын (P1P2) пайдаланып, АР1, АР2, ВР1, ВР2 қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын есептейді:

(АР1) = (Р1Р2) 180 - 1; (АР2) = (Р1Р2) + 2 ;

(ВР1) = (Р1Р2) 180 + 1; (ВР2) = (Р1Р2) - 2 ;

6. А және В тіктеуіштердің координаталарын хА, уА, хВ, уВ және анықталған АР1, АР2, ВР1, ВР2 қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын, ұзындықтарын пайдаланып, Р1, Р2 пункттерінің координаталары ,,,есептеледі:

Бақылау есептері

.

Есептелген dЕ және өлшенген с арақашықтықтарын салыстырады. Айырмашылықтары ∆d = dЕ – d = 5 мм артық болмауы керек.

29. Жер астындағы түсірістерді бағдарлау үшін тік оқпанға түсірілген симметриялық жалғасу . Бұл тәсіл тіктеуіштерге тек жер астында ғана жалғасуға пайдаланылады. Симметриялық жалғасу тәсілін орындау үшін жер бетінен жер астындағы бағдарланатын қабатқа екі А және В тіктеуіштері түсіріледі. Олардың жер бетіндегі координаталары хА , уА , уА , уВ және араларындағы сызықтың дирекциондық бұрышы АВ «дәнекер үшбұрыш» тәсілімен жалғасудың нәтижесінде анықталады. Проектрлеу мәселесі жалғасумен қатар бірге орындалады.

Жер астындағы бағдарланатын қабатта А және В тіктеуіштерінің әрқайсысынан 5 м шамасындағы қашақтықта, қазбалардағы түсірулерге негіз болатын Р1 және Р2 пункттері орнатылады. Тіктеуіштердің арасында, оларды қосатын сызыққа перпендикуляр, бөліктері тіктеуішке қаратылып, олардан 8-12 см қашықтықта шкалалар M және N орнатылады (15-сурет). Шкалалардың Р1Р2 перпендикулярлығы, олардың арасына тартылған жіптен (шнурдан) тік бұрышты үшбұрышты сызғышпен тексеріледі.

15-сурет. Симметриялық жалғасу тәсілінің схемасы

Симметриялық жалғасудың мәселесін шешу үшін, жер астындағы орнатылған Р1 және Р2 пункттеріне теодолиттер орнатып, келесі өлшеулер орындалады:

1. Р1 пунктіне орнатылған теодолитті Р2 пунктіне екі рет көздеп, М шкаласынан екі есеп алады.

2. А тіктеуішін М шкаласына параллель жазықтықта тербелтіп, шкаладан тіктеуіштің тербелісінің амплитудасының екі шеткі нүктелерін белгілейтін, 15 – 20 есеп алынады да тіктеуіштің қозғалмай тыныш тұрғандағы жағдайына сай орта мәнін анықтайды.

3. Теодолиттің дүрбісін зенитінен айналдырып, Р2 пунктіне көздеп, жоғарыдағы 1 және 2 пунктте көрсетілген өлшеулерді, есептеулерді қайталайды.

4. Орындалған екі серия өлшеулерден Р1 және Р2 пункттерінің арасындағы сызықтың және А тіктеуішінің қозғалмай тыныш тұрған шкаладағы жағдайларын көрсететін орта m және m0 есептері анықталады.

5. Р2 пунктінде орнатылған теодолитпен жоғарыдағы Р1 пунктіндегі өлшеулерге, есептеулерге ұқсас түсірулер орындап, N шкаласынан, Р2 және Р1 пункттерінің арасындағы сызықтың және В тіктеуішінің қозғалмай тыныш тұрған шкаладағы жағдайларын көрсететін орта n және n0 есептері анықталады.

Шкалалардан алынған m, m0, n және n0 есептерінің мәндері мүмкін болғанша жоғарғы дәлдікпен (мм мүмкін бөлшегімен) анықталады.

6. Тіктеуіштер мен шкалалардың арасындағы қашықтықтар l1 және l2 миллиметрлік бөліктері бар сызғыштармен өлшенеді. Сызғыштар M және N шкалаларына перпендикуляр қойылып, нольдері шкалалармен түйістіріліп, А және В тіктеуіштерін шкалаларға перпендикуляр жазықтықта тербелтіп, сызғыштардан тіктеуіштердің тербелісінің амплитудасының екі жағын көрсететің 5-7 есеп алып, шкалалардан тіктеуіштерге дейінгі қашықтықтарды көрсететін орта мәндерін l1 және l2 анықтайды. Анықтау дәлдіктері 1 мм.

7. Болат рулеткамен, а және b қашықтықтары 5 мм дәлдікпен, с қашықтығы 2 мм дәлдікпен өлшенеді.

8. Орындалған өлшеулердің дұрыстығын тексеру үшін Р1 және Р2 пункттерінің арақашықтығы d өлшенеді, d = a + b + c.

9. А және В тіктеуіштері, Р1 және Р2 пункттері және есептерінің бағыты көрсетілген М және N шкалалары көрсетілген жалғасу пішінінің схемасы дайындалады.

10. Р1 және Р2 қабырғасын жер астындағы оқпан ауласындағы теодолиттік түсірулермен жалғастыру үшін 0 бұрышы өлшенеді.

Далалық өлшеулерді камералдық өңдеу үшін Р1 пунктін координаталар осінің басы, х′ осі Р1Р2 бағытымен беттеседі деп қабылдап, шартты координатар жүйесін кіргізіп, А және В тіктеуіштерінің шартты координаталарын есептейді.

Есептеу келесі ретпен орындалады:

1. А және В тіктеуіштерінің х′А және х′В координаталары келесі формулалармен анықталады:

х′А = al1;

х′В = a + c + l2 , (а)

у′А және у′В координаталары Р1К1А және Р1mm0 , P2BK2 және P2n0n үшбұрыштарынан анықталады.

; (б) ; (в)

ra = m0 – m; rb = n0 – n .

2. Шартты координаталар жүйесіндегі А және В тіктеуіштерінің арасындағы сызықтың дирекциондық бұрышы (АВ)′ :

,

(АВ)′ = мәнінің мөлшері өте кіші болғандықтан

.

3. Жер астындағы бағдарланатын қабаттағы оқпан ауласына орнатылған Р1 және Р2 пункттерінің арасындағы сызықтың (створының) жер бетіндегі қабылданған координаталар жүйесіндегі дирекциондық бұрышы 1Р2):

1Р2) = (AB) - ,

(AB)А және В тіктеуіштерінің створының жер бетінде орындалған жалғасу түсірулерінің нәтижесінде анықталған жер бетінде қабылданған координаталар жүйесіндегі дирекциондық бұрышы.

4. Р1 және Р2 пункттерінің жер бетінде қабылданған координаталар жүйесіндегі координаталары келесі формулалармен есептеледі:

;

;

;

.

(AK1) = (BK2) = (P1P2) - 90 .

30. Бір тік оқпан арқылы бағдарлау-байланыстыру түсірулерін ұйымдастыру. Аспаптары мен құрал–саймандары: Кіші есептеу техникалары, кестелер, журналдар.

Бағдарлау-байланыстыру тусірулерін орындау кезінде (уақытында) оқпан босатылып, ондағы көтергіш жабдықтардың (адамдарды, құрал-саймандарды, аспаптарды, өндіріске қажет заттарды және т.т. көтеруге арналған клет; тау жыныстарын, пайдалы қазындыны көтеруге арналған скиптер) барлығы тоқтатылады. Бұл жағдай өндірісте кеніштің қалыпты дұрыс істеуіне әрине зиянын тигізеді. Сондықтан маркшейдер, көтергіш қондырғының лажсыз тоқтауын қолдан келгенше азайту үшін, алдын-ала жұмысты ұйымдастыруды және орындау әдістемесін мұқият ойлануы керек.

Бағдарлау-байланыстыру жұмыстары екіге бөлінеді: а) көтергіш қондырғыны тоқтатпай тұрып орындалатын дайындық жұмыстары; б) көтергіш қондырғыны тоқтатып қойып орындалатын негізгі жұмыстар.

Дайындық жұмыстары:

1. Проектрлеу және жалғасу мәселелерін шешуге қажет, тиімді бағдарла-байланыстыру түсірулерінің схемасын анықтау, яғни жер бетіндегі және бағдарланатын қабаттағы пункттердің және оқпанға түсірілетін тіктеуіштердің орындарын анықтау.

2. Бағдарла-байланыстыру түсірулеріне қажет аспатарды, құрал-саймандарды және басқа жабдықтарды дайындау.

3. Орындары анықталған пункттерді жер бетінде және бағдарланатын қабатта орнату және оларды жер бетіндегі тірек жүйесінің, немесе жақындату пунктіне жалғастыру; жер астындағы бағдарланатын қабаттағы түсірулердің бірінші пунктін орнатылған пунктпен жалғастыру.

4. Бағдарла-байланыстыру түсірулеріне қажет аспатарды, құрал-саймандарды және басқа жабдықтарды орнататын орындарын анықтау.

5. Оқпанның ауызын және жер астындағы су жиналатын зумфты жабатын қақпақтарға қажет заттарды дайындау.

Негізгі бағдарлау-байланыстыру жұмыстары екі бригадамен орындалады: біреуі жер бетінде, екіншісі жер астындағы бағдарланатын қабатта. Олардың жұмыстары күні бұрын анықталған кезекке сәйкес, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, орындалуы керек. Келісілген кезекті сақтау үшін екі бригаданың арасында телефондық байланыс болуы керек. Жұмысты орындау кезінде, оқпанның үстіндегі, маңындағы құрылымдарда және оқпанда, жер астында, бағдарлау-байланыстыру түсірулеріне қатыспайтын адамдар болмауы тиіс.

Бағдарлау-байланыстыру жұмыстары келесі ретпен орындалады:

1. Жер астындағы бағдарланатын қабатқа қажетті жабдықтарды және адамдарды түсіреді.

2. Оқпанды көтергіш ыдыстардан босатады.

3. Мықты тақтайлардан дайындалған қақпақтармен оқпанның ауызын және зумфты жабады. Оқпанның қақпағында сымды өткізетін диаметрі 10-15 см тесік қалдырады.

4. Қол жүк арбаларды, бағдарлайтын блоктарды және центрлеуге арналған табақшаларды орнатады.

5. Бағдарланатын қабатқа, жеңіл жүк ілінген, тіктеуіштерді түсіреді. Түсіру жылдамдығы 1 м/сек аспауы керек. Жер бетіндегі бригаданың төрағасы бүткіл сымды қолынан өткізіп, тексеруі керек. Тіктеуіштерді түсіру, көтеру кезінде, жер астындағы бағдарланатын қабатта, оқпанда, оқпан маңында адам болмауы керек.

Тіктеукіш бағдарланатын қабатқа дейін түсіріліп болғанан кеін ғана жер астындағы бригада жұмысқа кіріседі. Ол туралы жер астындағы бригаданың төрағасы жер бетіндегі бригаданың мүшелеріне ескертеді. Олар жер астындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оқпан маңында жұмысты өте ұқыпты істеп, оқпанға аспаптардың, құрал-саймандардың және тау жыныстарының түспеуін қамтамасыз етулері керек.

6. Бағдарланатын қабатта тіктеуіштердің жеңіл жүктерін жұмыс жүктеріне ауыстырып тынышталдырғышқа батырып қояды.

7. Тіктеуіштердің тербелуін бақылау үшін центрлеуге арналған тәрелкелерді сөрелеріне орнатады.

8. Тіктеуіштердің жағдайын «почтамен» тексереді.

9. Тіктеуіштердің тербелуін бақылап, алынған есептердің, тіктеуіштердің тыныш тұрғандағы жағдайын анықтайтын, орта мәндерін анықтап, сол мәндерге сәйкес тіктеуішті бекітеді.

10. Жер бетінде және жер астындағы бағдарланатын қабатта жалғасу элементтері: бұрыштар мен қашықтықтарды өлшейді.

11. Өлшеулердің дұрыстығын тексеру үшін, жер бетіндегі және жер астындағы өлшенген тіктеуіштердің арақашықтықтарын салыстырады.

12. Өлшеулер біткенен кейін, тіктеуішке ілінген жүктерді алмастырып, құрылғыларды демонтаж жасайды.

Бағдарлау-байланыстыру жұмыстарына жұмсалатын жалпы уақыт, оны орындау жағдайына байланысты, 1,5-2 смена (1 смена 6-8 сағат) болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]