Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор ОКМД2015.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

11. Тірек және түсіру жүйелерінің пункттерін орнату, бекіту.

Жер астындағы қазбаның жағдайымен танысу және түсірістердің пункттерін орнату (бекіту). Жер астындағы қазбаның жағдайымен танысу кезінде жобаланған тірек және түсіру жүйелерінің пункттерінің орындары анықталады.

Жер астындағы қазбалардағы полигондардың (түсірістердің) бұрыштарының төбелері, олардың жағдайларына және арналуына байланысты тұрақты, немесе уақытша белгілермен бекітіледі.

Тұрақты белгілермен тірек жүйесіне кіретін пункттер бекітіледі, 3-4 пункттен, топтап орнатылады. Тұрақты пункттердің топтарының ара қашықтықтары 300-500 м болады, ал топтағы пункттердің ара қашықтықтары 50 м аз болмауы керек.

Тұрақты пункттер тау жыныстарының жағдайына байланысты қазбаның төбесіне, немесе табанына орнатылады. Пункттердің конструкциясы әртүрлі болады

Уақытша белгілермен теодолиттік түсірістің полигондарының тұрақты белгілермен бекітілген пункттерінен басқа пункттері бекітіледі. Олардың конструкциялары мейілінше әртүрлі болады (4-сурет).

Қазбаларға орнатылған тұрақты және уақытша пункттердің тұсына қазбаның бекітпесіне пункттің номірі жазылған марка (5-сурет) орнатылады.

4-сурет. Уақытша маркшейдерлік пункттердің белгілері

5-сурет. Маркалар

а тұрақты белгіге арналған; б – уақытша белгіге арналған

12. Жер астындағы теодолиттік түсірісте пайдаланылатын құрал-саймандар және аспаптар, оларға қойылатын талаптар және ерекшеліктері.

Маркшейдерлік жұмыстарда пайдаланылатын теодолиттердің құрылысының ерекшеліктері. Тау-кен өндірісіне арналған теодолиттер сериямен СССР-де 1985 жылға дейін шығарылған ТГ-1, ТГ-5, Т10, Е20, ОТШ, 2Т20М, 2Т30МЭ және тағы басқалар. Қазіргі уақытта өндіріс жер астындағы түсірулерге арналған арнайы теодолиттер шығармайды, тек геодезияда пайдаланылатын, оптикалық теодолиттер мен тахеометрлерді бейімдейді.

Қазіргі уақытта геодезия мен маркшейдерлік істе, лимб және шкаладан алынған есептерді дүрбісінің қасына орнатылған микроскопта көрсететін оптикалық жүйесі бар теодолиттер және электрондық тахеометрлер қолданылады. Оптикалық теодолиттердің есеп алатын құралы: екі жақты оптикалық микрометр (Т2), бір жақты шкалалы микроскоп (Т5, Theo 010/020) немесе бағалаушы микроскоп (Т30, Theo 080).

Маркшейдерлік қызыметте келесі оптикалық және электрондық аспаптардың типтері пайдаланылады:

1. Дәл теодолиттер классына жататын аспаптар:

- горизонталь бұрышты өлшегендегі орта квадраттық кателігі 2, 5 аспаптар: Т2, 2Т2, 2Т5Э, ЗТ2КП, ЗТ2КА, Т5, 2Т5 и Т5К, 2Т5К, 2Т5КП, ЗТ5КП (Россия) и LDT50, DT500/500A, DT600 (Япония);

- горизонталь және вертикаль бұрышты өлшегендегі орта квадраттық кателігі 2, 9 және қашықтықтарды өлшеу дәлдігі 22·10-6·D дан 22·10-6·D мм электрондық тахеометрлер: ЗТА5Р, 4ТА5 (Россия, УОМЗ); Carl Zeiss-Trimble: 3602/DR, 3603/DR.

2. Техникалық дәлдіктерді қамтамасыз ететін теодолиттер классына жататын аспаптар:

- горизонталь бұрышты өлшегендегі орта квадраттық кателігі 30 аспаптар: ТЗО, 2Т30, ТЗОМ, Т30МЭ, 2Т30М, 4Т30П, 4Т15П.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]