Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор ОКМД2015.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

17. Жер астындағы теодолиттік түсірістің қабырғаларының ұзындығын өлшеу.

Жер астындағы теодолиттік түсірістің қабырғаларының ұзындығын өлшеуге арналған аспаптардың және құрал-саймандардың ішінде металл рулетканың орыны бөлек. Олар шағын, ыңғайлы және өлшеу нәтижелері қажетті дәлдікті қамтамасыз етеді.

Рулетканың таспасын тат баспайтын көміртекті болаттан дайындайды. Таспасының ұзындығы 20 м-ге дейінгі рулеткалар, ішінде таспа орайтын белдігі бар, темір қорапта (6а-сурет), 30 м-ге дейінгілері, таспа орайтын белдігі бар (бв-сурет), ашада, 50 м таспа орайтын белдігі бар крест сыяқты құралда (бб-сурет) дайындалады.

6 – сурет. Металл рулеткалар

Ұзындық өлшеулері келесі ретпен орындалады Аралық қашықтықтар, тура және кері, екі рет өлшенеді. Өлшенген аралық қашықтықтың мәні келесі формуламен анықталады:

l = П – З

П – алдыңғы аралық тіктеуіште алынған есеп;

З – артқы тіктеуіште алынған есеп.

19. Жер астындағы теодолиттік түсірістердің нәтижелерін камералдық өңдеу. Түсірістердің нәтижелерін өңдеу кезінде келесі мәселелер шешіледі:

  • теодолиттік түсірістердің пункттерінің координаталары есептеледі;

  • нәтижелерінің тірек және түсіру жүйелеріне қойылатын талаптарды қанағаттандыратынын бағаланады.

Теодолиттік түсірістің нәтижелерін камералдық өңдеу келесі есептеулерден құралады:

  • өлшенген бұрыштардың есептелген орта мәндерін тексереді;

  • өлшенген қабырғаларының горизонталь ұзындықтарын есептейді;

  • түсірістің горизонталь бұрыштарының бұрыштық қиылыспаушылығын анықтайды, егер ол қойыатын талаптарды қанағаттандырса, теңдей бөліп барлық бұрыштарға қарсы таңбамен түзету енгізеді, қабырғалардың дирекциондық бұрыштарын есептейді;

  • түсірістің координаталар өсімшелерін, қабырғаларының ұзындықтарының қиылыспаушылығын есептейді, егер олардың мөлшері шекті қателіктен аспаса, қиылыспаушылықтарды қабырғаларының ұзындықтарына пропорционал бөліп, қарсы таңбамен, координаталар өсімшелеріне түзетулер енгізеді;

  • түсірістің пункттерінің координаталарын есептейді.

Өлшенген бұрыштардың орта мәндерін екі рет есептейді де нәтижелерін өлшенген бұрыштардың мәндерімен салыстырады, қателіктер болса, оларды түзетеді.

Өлшенген қабырғалардың ұзындықтарын, арнайы журналда, қажетті түзетулерін ескеріп, өңдейді.

Есептеу полигонның пішініне байланысты келесі формулалармен орындалады:

  • дирекциондық бұрыштары белгілі екі қабырғаның арасындағы бір нүктеде бірінің артынан-бірі өлшенген бұрыштарда

f = i – (1 - 2)

1, 2 - қабырғалардың белгілі дирекциондық бұрыштары.

- тұйықталған полигонда

f = i - 180(n 2),

n - өлшенген бұрыштардың саны; жақшаның ішіндегі «» - полигонның сыртқы бұрыштардын өлшегенде, «-» - полигонның ішкі бұрыштардын өлшегенде пайдаланылады;

- тұйықталмаған полигонда (түсіру бағытының сол жағындағы бұрыштары өлшенгенде)

f = 180n + i – (к - и) - 360К

и , к - полигонның бастапқы және соңғы қабырғаларының дирекциондық бұрыштары, К - толық сан, немесе ноль. Екі рет орындалған ілінген, немесе «бос» полигонда: оң жағындағы және сол жағындағы өлшенген бұрыштардың сомаларын салыстырады.

Полигонның нақты бұрыштық қиылыспаушылық қателігі оның шекті мүмкін қателігінен аспауы тиіс. Бұл жағдайда ол барлық өлшенген бұрыштарға бірдей, қарсы таңбамен бөлінеді.

Түсірістің полигонында алдыңғы қабырғасының дирекциондық бұрышын есептеуге, геодезиядан белгілі, артқы қабырғаның дирекциондық бұрышы және полигонның бағытының сол жағындағы өлшенген бұрыштар негіз болады (7а-сурет)

7-сурет. Теодолиттік түсірістің қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын және пункттерінің координаталарын анықтау схемалары

(ВС) = (АВ) + 180 + С

(АВ) және (ВС) - артқы және алдыңғы қабырғалардың дирекциондық бұрыштары, С – полигонның бағытының сол жағында өлшенген бұрыш.

Бұрыштық қиыспаушылық жойылғандықтан, түсірістің қабырғаларының дирекциондық бұрыштарын есептегендегі тексеруі: тұйықталған полигондарда – бастапқы қабырғаның дирекциондық бұрышы, тұйықталмаған полигондарда – соңғы қабырғаның дирекциондық бұрышы өзгеріссіз (қателіксіз) шығуы керек.

Полигонның пункттерінің координаталарының өсімшелері х , ∆у келесі формулалармен есептеледі

х = l · cos (AB), y = l · sin (AB

l –қабырғаның горизонталь ұзындығы.

Координаталар өсімшелерін (1.3.41) формуламен тригонометриялық кестелерді пайдаланып есептегенде, әр ширектегі дирекциондық бұрыштар румбтық бұрыштармен r ауыстырылады. Олардың таңбалары қабырғаның дирекциондық бұрышымен анықталады. Есептеулердің дұрыстығын бақылауға келесі формулаларды пайдалануға болады

у = ∆xtgr , ∆x = ∆ectgr

Тұйықталған, екі рет орындалған және координаталары белгілі екі пункттің арасында орындалған теодолиттік түсірістердің координата өсімшелері есептелгенен кейін, олардың сомасын есептеп, әр координаталар осіндегі ұзындық (сызықтық) қателіктерін fx , fy есептейді де, төмендегі формуламен жалпы қателігін fi анықтайды

.

Түсірістің ұзындықтарының салыстырмалы қателігі келесі fC формуламен анықталады

fC = fl/P ,

Р – түсірістің периметрі.

20.Теодолиттік түсірістің планын дайындау қабырғалары 10 см квадраттардан тұратын координаталар торын құрудан басталады. Сызылатын планның дәлдігі координаттық тордың дұрыс құрылуына тікелей байланысты болғандықтан, торды сызу, арнаулы аспаптар арқылы мұқият түрде жүргізіледі.

Координаттық торды құру үшін Х және У осьтері бойынша қанша квадрат қажет екендігі есептелінеді. Мәселен, масштабы 1:2000 план сызу керек болса, онда квадраттар қабырғасы 200 м болып келеді. Осындай квадраттан санын білу үшін Х пен У-тің жоғарғы және ең төменгі мәндері жазылып алынады.

Координаттық торды құру үшін план салатын қағаздың төменгі жағында параллель етіп Дробышев сызғышын қояды да, қиғаш жағымен АВ түзу сызығын жүргізеді. Содан кейін сызғыштың әрбір оймалары арқылы жақсы ұшталған қарандашпен сызық-10 тең бөлшектерге бөлінеді. Сызғышты 90 градусқа бұрып, оймалар арқылы доғалар жүргізіліп, сызғыштың бірінші оймасын бастапқы нүктеге келтіріп, екінші мен соңғы доғаны қиып өтетін С нүктесі белгіленеді.

Осы әдіспен Д нүктесі табылады да, С мен Д-ның аралары тең кесінділерге бөлінеді. Белгіленген нүктелер қосылып, координаталық тор сызылады. Мөлшері 40х30 см координаталық торды сызу жолы кезінде сызғыштың біріншіден алтыншы оймасына дейінгі қашықтығы диагональ болып есептеледі. Координатық тор құрылып болған соң, оларды цифрлайды және масштабқа сәйкес әр сызықтың координаталары жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]