Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор ОКМД2015.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

21. Маркшейдерлік жұмыстарды орындаудағы қауіпсіздік ережелері..

Жер астындағы түсірулердің ерекшеліктеріне байланысты, қауіпсіздік шараларына келесі талаптар жатады:

1. Қашық, адам аз баратын және аса қауіпті қазбаларда (жағдайы нашар, желдетілмейтін, көлік көп жүретін және т.т.) түсірулер, газ анықтауышы бар, учаскелік, немесе бас маркшейдердің басшылығымен орындалуы керек.

2. Тұйық қазбаларда түсірулер, ауаның ағынының (құрамының) дұрыс болуын қамтамасыз ететін, жергілікті желдеткіштер істеп тұрғанда ғана орыдалады. Негізінде, газ қауіпі бар шахталарда, ондай қазбаларда түсірулер тек ондағы метанның мөлшерін газ анықтайтын аспаппен өлшегенен кейін ғана орындалады. Сондықтан адамм жоқ қазбаларда өте сақ болу керек.

3. Жүк тасуға арналған қазбаларда және жүкті қабылдайтын алаңдарда, түсірулер көліктер тоқтатылғанан кейін ғана, маркшейдердің басшылығымен орындалады. Көтергіш машина (жүкарба) жүйеден ажыратылып, жабылып, сонда істейтін учаскенің қызметкерлері түгел қабарландырылуы керек. Бұл жердегі жұмыс, түсіру орындаушылардың жұмыстары бітіп, олар кеткенен кейін, тек маркшейдердің хабарынан кейін ғана жалғастырылады.

4. Конвеер орнатылған қазбаларда түсірулер, оның адамжүруге арналған жағында орындалады.

5. Көлбеуліктері тіктеу қазбаларда, түсіру кезінде, жоғарыдан тау жыныстарының, аспаптардың және басқа заттардың құлауынан сақтануға көңіл бөлу керек.

6. Маркшейдерлік пункттерді қауіпсіз жерлерге орнату керек.Пунктті орнату алдында қазбаның төбесін мұқият тексеріп, құлайын деп тұрған тау жыныстарының жоқтығына және қабырғаларының қабырғаларының бекітпелерінің сенімділігіне көз жеткізу керек. Пункттер, колдан келгенше, темір жолдан, электр қуаты троллеясынан шеткері орнатылады.

7. Пункттің астына не устіне аспапты орнатар алдында қазбаның төбесінің жағдайының қауіпсіздігін тексеру керек.

8. Биік қазбаларда тіктеуішті пунктке ілу үшін, оның троллейге тимеуін қамтамасыз етіп, баспалдақ пайдалану керек.

9. Алдыңғы және артқы пункттерге орнатылған белгілерді жарықтандыратын маркшейдерлік бөлімнің жұмысшылары, келе жатқан жүк тасыйтын көліктерді байқап, ол туралы аспаппен жұмыс істеп жатқан адамға белгі берулері керек. Егер аспап қазбадағы көлік жолдарына жақын орналасса, онда алдын ала, өздерінің шамдарын қазбада көлденең бұлғап, келе жатқан көлікті тоқтату керек. Көлік жүрген кезде түсіру жұмыстары тоқтатылып, аспап қауіпсіз жерге жиналуы керек.

10. Ұзындықтарды өлшеу кезінде болат рулеткаларды электр троллеяларына тигізбеу керек.

11. Жұмыс істеп тұрған машиналар, механизмдер және жүріп бара жатқан көліктер арқылы ұзындықтарды рулеткамен өлшеуге болмайды.

12. Жұмыс істеп тұрған машиналардың, механизмдердің аймағында (зонасында) маркшейдерлік пункттерді, аспаптарды орнатуға, болуға және өлшеулер жүргізуге болмайды.

13. Газ қауіпі бар шахталарда электрондық аспаптарды (ұзындық өлшегіштер, гирокомпастар) ашуға, жөндеуге болмайды.

14. Пайдалы қазындыны өндіретін қазбаларда пункттер, аспатар орнату, түсірулер адам жүретін жағында, жұмыс тоқтатылған кезде, немесе онда жөндеу жұмыстары кезінде орындалуы керек.

Көп жағдайды, негізінде тау-кен өндірісіндегі кеніштердің ерекшеліктерін ескермейтін бұл талаптар типтік болып есептеледі. Олармен әр кеніш жұмысқа қабылдау кезінде таныстырады.

22. Горизонталь байланыстыру түсірістері. Жалпы мәлімет. Жер астындағы тау-кен жұмыстарын қауіпсіз және жобаға сәйкес дұрыс жүргізу үшін, қазбалардың марркшейдерлік пландары жер бетінің пландары дайындалған дайындалған координаталар жүйесінде дайындалуы керек. Жер бетінің және жер астындағы қазбалардың пландары әр уақытта жалпы мемлекеттік бір координаталар және биіктіктер жүйелерінде дайындалады. Тау-кен жұмыстары жер бетінің жылжуына себеп болып, ол жерде орналасқан ғимараттар мен құрылымдардың деформациялануына әкеп соғады. Сондықтан тау-кен жұмыстарының әсерін болдырмау үшін, сол аймақтағы объектілердің жер астындағы тау-кен жұмыстарына (қазбаларға) байланысты орналасуын білу қажет. Бұл мәселе жер астындағы түсірулер мен жер бетіндегі түсірістердің өзара пландық және биіктік байланыстарын орнатумен шешіледі.Тау-кен өндірісінің жауапты жұмыстары: жер бетінен жер астындағы қазбаның қажетті нүктесіне жер бетінен оқпан, шурф және ұңғыма сыяқты қазбаларды жүргізу, олардың жер астындағы және жер бетіндегі түсірістердің өзара байланысы болса ғана мүмкін.

Шахталарды бағдарлау кезінде, жер астындағы жүйенің бір пунктінің координаталары және бір қабырғасының дирекциондық бұрышы, жер бетінде қабылданған координаталар Х, У және Z жүйесінде анықталуы керек. Жер астындағы пункттердің Z координатын жер бетіндегі пункттерге байланысты анықтау Х және У координаталарынан бөлек орындалады.

Жер астындағы және жер бетіндегі түсірулерді байланыстыру түсірулерінің ішіндегі негізгісі - жер астындағы түсірістің қабырғасының дирекциондық бұрышын анықтау.

Егер жер астындағы бірінші пункттің координаталарын анықтау қателігі k болса, онда бұл пункттің координаталарына байланысты анықталған жер астындағы түсірулердің келесі пункттерінің координаталарының қателіктері k тең болады (8а-сурет).

Егер жер астындағы түсірудің бастапқы қабырғасының дирекциондық бұрышының қателігі ma болса (8б-сурет), онды түсірудің қалған қабырғалары келесі мөлшерге жылжиды

ki = Li·tgma ,

L – жер астындағы i номерлі пункттен түсірудің бастапқы пунктіне дейінгі қашықтық..

8-сурет. Жер астындағы түсірудің бастапқы пунктінің координаталарының және бастапқы қабырғаның дирекциондық бұрышының жер астындағы теодолиттік түсірудің пункттерінің жағдайына әсерін көрсететін схема

Яғни түсірістің пункттерінің, бастапқы пункттен алыстаған сайын, қателіктері көбейе береді.

Жер астындағы түсірістерді бағдарлау кезінде, негізігі шешілетін мәселе бастапқы пункттің координаталары емес, бастапқы қабырғаның дирекциондық бұрышы.

Кен орынын ашу тәсіліне байланысты, жер астындағы түсірулерді штольня, көлбеу оқпан немесе тік оқпан арқылы бағдарлауға болады. Ал кен орыны, жер астындағы қазбалармен өзара байланысы бар, 2 және одан көп оқпандармен, немесе шурфтармен ашылған болса, онда жер астындағы түсірістерді 2 тік оқпан арқылы бағдарлауға болады.

Жер астындағы түсірулерді бағдарлау үшін, жер бетінде, оқпанға жақын орналасқан, жақындату пункті деп аталатын, тірек пунктін орнатып (бекітіп), жер бетінде қабылданған координаталар жүйесінде, координаталарын анықтайды.

Жақындату пунуктінің координаталары, сол маңда орналасқан мемлекеттік координаталар жүйесінен (III, IV класс триангуляция және дәлдігі триангуляцияның талаптарын қанағаттандыратын, жоғарғы класты полигонометрия пункттері), триангуляция, немесе полигонометрия түсірулері тәсілімен анықталады. Жақындату пункті, қолдан келгенше, кен орынын ашатын қазбаның (оқпан, шурф және т.т.) аузына жақын орналасуы

23. 24 Жер астындағы түсірулерді горизонталь қазба (штольня) және көлбеу оқпан арқылы бағдарлау. Жер астындағы түсірулерді штольня, немесе көлбеу оқпан арқылы бағдарлау, жер бетіндегі жақындату пунктінен штольняда, немесе көлбеу оқпанда, жер астындағы түсірулердің бірінші пунктіне дейін, полигонометриялық түсірумен орындалады. жер бетіндегі тірек жүйесінің пункттерінен, немесе жақындату пунктінен жер астындағы түсірудің пункттеріне дейін полигонометриялық түсірумен орындалады.

Жер астындағы түсірулерді көлбеу оқпан арқылы бағдарлауда, қажетті құрал-саймандарды, жабдықтарды және өлшеу аспатарын орнатумен байланысты, әжептеуір қиындықтар туады. Егер оқпанның көлбеулігі 70, немесе одан артық болатын болса, полигонды құру іс жүзінде мүмкін емес, сондықтан түсірулер тек жер астындағы түсірулерді центрге келтіру үшін ғана орындалады. Мұндай жағдайларда жер астындағы түсірулерді бағдарлауға гироскоптық тәсіл қолданылады.

25. Жер астындағы түсірулерді бір тік оқпан арқылы бағдарлау. Жер астындағы түсірулерді бір тік оқпан арқылы бағдарлау, көбінесе, жер бетінен жер астындағы бағдарланатын қабатқа (горизонтқа) екі нүктені, тік оқпанға түсірілген екі тіктеуішпен проектрлеп, жер бетінде тіктеуіштердің координаталарын және арасындағы вертикаль жазықтықтың дирекциондық бұрышын анықтап, олардан жер астындағы бағдарланатын қабаттағы түсірулердің бірінші пунктінің координаталрын және бірінші қабырғасының дирекциондық бұрышын анықтаумен орындалады

Өлшеулерді камералдық өңдеу нәтижесінде жер астындағы түсірулерді бағдарлау орындалады. Алдымен оқпанға түсірілген тіктеуіштердің координаталарын және тіктеуіштердің арасындағы сызықтың дирекциондық бұрышы есептеледі. Тіктеуіштердің жер астындағы бағдарланатын қабаттағы проекцияларын және арасындағы сызықтың дирекциондық бұрышын пайдаланып, жер астындағы түсірулердің бірінші пунктінің С координаталарын және бірінші қабырғасының дирекциондық бұрышы С′Д′ анықталады.

Яғни жер астындағы түсірулерді бір тік оқпан арқылы бағдарлау кезінде екі мәселе шешіледі: жер бетіндегі нүктені жер астындағы қазбаға проектрлеу және оған жалғасу.

Проектрлеу тіктеуіштердің көмегімен орындалады. Тіктеуіштер вертикаль орналасады, яғни олардың жер бетіндегі және жер астындағы пландық координаталары бірдей. Тіктеуіштердің координаталарын жер бетінде анықтап, олардың мәндерін жер астында жалғасу кезінде пайдаланады

.

9-сурет. Жер астындағы түсірулерді бір тік оқпан арқылы центрлеудің және бағдарлаудың схемасы:

1-сым, 2-жүк, 3-тыныштандырушы құйылған ыдыс, 4-оқпанның аузын және зумфты жабатын қақпақтар, 5-центрлейтін тәрелкелерді орнататын сөре, 6-проектрлейтін тәрелке,

7-бағдарлайтын блок, 8-центрлейтін табақша, 9-қол жүкарба

Жер бетінде жалғасудың нәтижесінде тіктеуіштердің координаталары және араларындағы түзу сызықтың дирекциондық бұрышы анықталады. Тіктеуіштердің арасындағы түзу сызықтың дтрекциондық бұрышын анықтау үшін оларға жанасатын бұрыштардың мәндері белгілі болуы керек. Ол бұрыштардың мәндерін өлшеп анықтауға да, немесе есептеп анықтауға да болады. Тіктеуіштерге жанасатын бұрыштарды өлшеу үлкен қиындықтармен байланысты, сондықтан іс жүзінде пайдаланылмайды, оларды есептеп анықтау қарапайым және жеңіл. Жер астындағы жалғасу кезінде, тіктеуіштерге жанасатын бұрыштардың мәндерін анықтап, жер астындағы біріінші пункттің координаталары және бірінші қабырғаның дирекциондық бұрышы анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]