Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор ОКМД2015.doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

1. Маркшейдерлік іс пәні. Курстың мақсаты мен мазмұны.

"Маркшейдерлік іс" die Marksheidenkunst деген неміс сөзінен құралған: die Marke - шекара, меже, белгі, sheiden - белгілеу, айыру, көрсету және die Kunst - өнер.

Қазіргі кезде маманның "Маркшейдер" деген аты Германияда, Ресейде және кейбір шетел мемлекеттерінде сақталған. Басқа елдерде олар көбінесе тау-кен геодезистері деп аталады.

Маркшейдерлік жұмыстардың әдістемелері мен нәтижелері, тек қана тау-кен жұмыстарында ғана емес: пайдалы кен орындарын барлау; тау-кен өндірістерін жобалау, жаңалау және қалпына келтіру; метрополитендер мен туннельдердің, темір және тас жолдардың, гидротехникалық және басқа құрылымдардың құрылыстарында кеңінен пайдаланылады.

Қазіргі кезде маркшейдерлік іс тау-кен ғылымы және техника саласы болып саналады. Маркшейдерлік қызмет, пайдалы қазындылар кен орындарын игерудің барлық кезеңдеріне (барлау, жобалау, құрылыс салу, пайдалану), тау-кен өндірістерін жабу (тарату, жою) және тау-кен жұмыстарының әсерінен бұзылған жерлерді қалпына келтіруге дейін қатысады.

Пайдалы қазындылар кен орындарын барлау кезінде маркшейдер, барлауға арналған учаскенің топографиялық түсірістерінің және бекітілген геологиялық жұмыстардың жобасының негізінде, барлау қазбаларын (ұңғыма, шурф, арық (жыра), штольня және т. б.) жобадан жер бетіндегі орынына көшіріп, бөліп, орынын белгілейді, кейін түсірулер орындап, олардың орналасу планын дайындайды. Геологпен бірге, пайдалы қазындылардың жер қойнауында орналасу жағдайларын сипаттайтын, графикалық құжаттарды (пландар, тіліктер, суреттер және т.б.) құрастырады. Құрастырылған пландарды және тіліктерді (қималарды) пайдаланып маркшейдер және геолог барлау учаскесінде пайдалы қазындының қорын есептейді.

Әр шахтада, кеніште, карьерде, кен орынында, жеке бөлімнен тұратын, дербес маркшейдерлік қызымет болады. Мұндай арнайы қызметтің болуы, тау-кен ісінің маңызды, күрделі және жауапты мәселелерін білікті шешумен байланысты.

Пайдалы қазындылар кен орындарын игеру кезінде маркшейдерлік қызметтің басты мақсаты өндірістің тау-кен жұмыстарын тиімді, үзіліссіз және перспективті орындауға қажет құжаттармен қамтамасыз ету.

2.Куртың басқа пәндермен байланысы.

Маркшейдерлік істің көптеген мәселелерін шешуге математика жан-жақты және кеңінен пайдаланылады. Аналитикалық және сызба геометриясын, дифференциалдық есептеулерді, математикалық статистиканы, қателіктер теориясын және математиканың қажетті басқа бөлімдерін білмей маркшейдерлік істің мәнісін толық, терең түсіну және шешетін мәселерін іс жүзінде шешу мүмкін емес.

Орындалатын өлшеулерді бағалау үшін маркшейдер қателіктер және ең аз шаршы тәсіл теориясын кең қолданады.

Маркшейдерлік іс, бұрын оның құрамында болған, "Жер қойнауының геометриясы" пәнімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде " Жер қойнауының геометриясы" жеке ғылыми пән ретінде қалыптасқан.

Маркшейдерге геологияны (әсіресе «пайдалы қазындыны іздеу және барлау» бөлмдерінен) және тау-кен ісін (қазбаларды жүргізі, кен қорын қазып алу тәсілдері (жүйелері) және кенді өндіру жұмыстары) өте жақсы білуі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]