Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын шпор ОКМД2015.doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

58, 59Маркшейдерлік графикалық құжаттардың мазмұны және классификациясы.

Негізгі маркшейдерлік графикалық құжаттар. Маркшейдерлік практикада көптеген проекциялар, профильдер және қыймалар қалданылады , күрделі геологиялық құрылымдарды және тау кен қазбаларын кескіндеуде көлемдік графиктерде жасалынады ПРоекциялар.Зерттелетін заттың белгілі бір ереже бойынша тік,жатық немесе көлбеу жазықтықтарға түсірілген кескіні.Маркшейдерлік жұмыстарда негізінен бір жазықтықтағы сандық белгілері бар проекциялар қолданылады.Тау-кен қазбаларың жекелеген учаскелерін көрнекті қылып кеңістікте кескіндегенде аксонометриялык аффиндық,стереографиялық прокцияларда қолданылады.

Пландар.Параллель прокциялар арқылы заттың жазықтыққа түсірілген проекциясын план деп атаймыз.Пландар ортогональ проекцияларында горизонталь жазықтықта жеке нүктелердің сандық белгілері немесе кескінделетін жер бетінің горизонтальдары көрсетілген жер бетіндегі обьектілердің және тау-кен қазбаларының проекциялары

Тік проекциялар . Пайдалы қазбаларды тік бағытта көрету үшін қолданылатын проекциялар олар күрт құлама кендерді (желілерді) қазып алу кезінде та-кен қазбаларын горизонталь жазықтықта кескіндегенде едәуір бұрмалаушылықтар болып,сызба дәлдігі және көрнектілігі төмендейді,сондықтан обьектілерді вертикаль жазықтықта кескіндеу өте қолайлы.

Қималар деп объектілердің кейбір бөліктерінің қиыс кеткен жазықтықтағы кескінделуін атайды. Маркшейдерлік сызбаларға вертикаль және горизонталь қималар кіреді, оларды тау-кен жыныстарының құрылымы мен тау-кен қазбалары кескінделеді. Вертикаль геологиялық қималарды барлау және тау-кен қазбалары сызықтары, сондай-ақ кеніштің созылымы және оған көлденең бағыттар бойынша тұрғызылады. Қималардың масштабтары горизонталь және вертикаль бағыттарында планның масштабымен бірдей болады.

Профильдерде қиып өткен вертикаль жазықтықта қаралып отырған объектінің тек қана қажетті контурлық сызықтары кескінделеді және олар түзу не сынық сызықтар түрінде жүргізіледі. Маркшейдерлік практикада профильдер жер бетіндегі және кен қазбаларындағы көлік желілері бойымен олардың көлбеулігін сипаттау үшін және жобадан қаншалықты ауытқығандығын көрсету үшін жасалады. Профильдерде, әдетте вертикаль масшабы горизонталь масштабпен салыстырғанда 10 есе үлкейтіп қабылдайды.

Эскиздер объектілердің шамалап қолдан сызылған кескіні, яғни сызбалық жабдықтарсыз сызылған объектінің тұрпаты. Мұндай эскиздерді маркшейдерлер тау-кен қазбаларын және пайдалы қазындылардың қоймадағы қалдығын, т.б. түсіріп жүргенде бақылау журналына сызылады.

.

61.Жер бетінің сызбалары. Бұл топтамада жер бетінің ситуациясы, рельефі кескінделетін сызбалар кіреді. Масштабтары 1:500 – 1:25000. Үлкен масштабтағы сызбалар, өндірістің әртүрлі мәселелерін шешуге арналған. Кіші масштабтағы сызбаларда тау-кен өнеркәсіптерінің орналасуы көрсетіледі және солардың бәріне қатысты жалпы мәселелер шешіледі.

Бұл сызбаларды топографиялық картада ( пландарда) көрсетілетін элементтермен қатар, тау–кен өндірісіне тән: ойылымдар, воронкалар (шұңқырлар), үйінділер, пайдалы кеннің жер бетіндегі сілемі, өнеркәсіптік жердің шекарасы, геологиялық барлау ұңғымалары, жер астындағы коммуникациялар және олардың құрылыстары, маркшейдерлік–геодезиялық жүйелердің пункттері, қазбалардың сағалары (ауыздары) т.т. көрсетіледі.

62.Қазбалардың сызбалары. Бұл топтамада кен орнын ашу, дайындау және кен қорын қазып алуға қажет іргелі қазбалардың сызбалары кіреді, яғни жүк тасыйтын, жолдары көрсетілген, негізгі қазбалар тобы; тау–кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кентіректердің шамалардың есепетеуге арналған сызбалар тобы. Сызбалар қолданылуына байланысты 1:500 – 1:5000 масштабтарда дайындалады.

1:1000 – 1:2000 масштабта дайындалған тау-кен жұмыстарының сызбалары – негізгі сызбалар тобына жатады.

Кен орнын жер асты тәсілімен игергенде, оның сызбаларын, кеннің қабаттарының құлама бұрыштарына, кен орындарының ерешеліктеріне байланысты горизонталь, көлбеу, верикаль жазықтықтарда дайындайды. Бұл сызбалар – негізгі графикалық құжаттар.

Тау–кен жұмыстарының сызбалары, уақтылы толықтырып, кен орнының қалай игеріліп жатқанын көрсетіп тұратын динамикалық сызба. Бұл комплестегі кесінділер, профильдер негізгі сызбаларды жете толықтыратын қосымша көмекші сызбалар.

Кен орнын ашық тәсілмен игергенде ең көп мағлұматты, оның кертпештерінің сызбалары емес, вертикаль кесінділері ( профильдері) береді.

Карьердің жиынтық сызбасы, аз уақыттың ситуациалық сызбасы.

Кен орнының геологиялық және геометриялық сызбалары.

Бұлардың құрамдары тау–кен өндірісінің тиісті салаларының шахта–рудник геологиясына арналған ережелеріне сәйкес анықталады. Комплектке ненгізінде геологиялық карталар, кен орнының кесінділері (қималары), кен қорының пішінін, құрылымын кен орнының төбесінің, астының геометриялық сызбалары, кен қабатының алымдылығының (қалыңдылығының) изолиниялары, жату тереңдігінің изолиниялары, сапасының кен қорында таралуы, тау жыныстары мен кен қорының физикалық–механикалық қасиеттері, кен орнының тектоникасы, кен қорының мөлшерін есептеуге арналған сызбалар т.т.

Өндірістік – техникалық сызбалар.

Бұл топқа: кен орнын ашу, кен қорын қазып алу реті, шахтаның оқпаны және айналасындағы қазбалар, көтергіш қондырғы және жүк тасуға арналған көлік, кен қорын қазып алу тәсілі, жұмыстарды механизациялау, қазбалардың мөлшері, қазбалардың қабырғасын, төбесін бекіту паспорттары, бұрғылау–қопару паспорты, үйінді және жер астындағы қуыстарды толтыру жұмыстары, жұмыстарды қауіпсіздендіру, промсанитария, еңбек қорғау, авариялардың алдын алу, әсерін жою, сусыздандыру, энергиямен қамтамасыз ету, жер бетіндегі технологиялық комплекс, жете сипатталатын сызбалар кіреді.

Арнайы сызбалар және қималар ірі масштабтарда 1:200, 1:100, 1:50, 1:20 және кіші масштабтарда 1:10000, 1:25000 дайындалады.

Тау–кен жұмыстарын ұйымдастыруға және жоспарлауға арналған сызбалар.

Комплект тау–кен жұмыстарының дамуы жоспарланған, өндірісті басқару схемасы көрсетілген, байланыс схемасы көрсетілген, т.т. сызбалардан тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]