Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1тема Микроклимат.doc
Скачиваний:
68
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
212.48 Кб
Скачать

Дәріхананың желдету жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

Дәріхана бөлмелерінде санитарлық тәртіпті сақтауда желдету жүйесінің маңызы өте зор. Дәріхана бөлмелерінің ластаушы көзі болып дәрілік заттарды дайындаудағы техникалық процестер, олардың сақталуы, бөлме ішінде тасымалдануы, бөлшектелуі, қызметкерлердің өмірлік функциясы табылады. Сондықтан бөлме ауасында дәрілік заттардың шаңы, өсімдік тектес шикізат шаңдары, газ тәріздес химиялық улы заттар және жағымсыз иісті заттар. Сонымен қатар дәріханаға келушілердің патогенді микроорганизмдері де анықталады. Жуу, стерилизатор – дистиллятор бөлмелерінің техникалық процесі. Сондықтан бөлме ауасы ылғалданып, температурасы жоғарылайды. Ұтымды ұйымдасқан желдету жүйелері дәрілердің санитарлық – гигиеналық тәртібін сақтап, зиянды заттардан ауаның тазалануына көмектеседі.

Дәріханаларда табиғи және жасанды желдетуді қолдану.

Табиғи және жасанды желдету терезе, желдеткіш, фрамугалар арқылы аэрациялау жүргізіледі. Тиімді жүргізілуді бөлме қабырғасында орналасқан, сорып – шығару каналдары қамтамасыз етеді. Оның жұмысын жоғарылату үшін шатырдағы арнайы насаткадефлекторлар орналастырылады. Дегенмен санитарлық – гигиеналық тәртіпті сақтауға тек қана табиғи және жасанды желдету жеткіліксіз. Дәріханаларда механикалық сорып – шығару желдету жүйесі қолданылады, түрлері жергілікті және жалпы алмастыру. Дәріханаларда жасанды желдету жүйелерін ұйымдастырудың ерекшелігі бір бөлмеден келесі бөлмеге ауа жібермеу негізгі өндірістік бөлме болып саналатын ассистент бөлмелеріндегі (дәрілік шаң, газ тәріздес дәрілер және химиялық заттар) шығарып сорудан жоғары ауаның санитарлық жағдайы жақсару үшін жалпы алмастыратын сорып – шығару жүйесі (+ 2 – 3) орналасады. Сору және шығару тесіктері бөлменің жоғарғы жағында орналасады. Тура осы негіздегі жасанды желдету жүйесін бөлу, дистиляциялық, дефекторлық, қоймалық, провизор – аналитик бөлмелерінде қолданылады. Провизор – аналитиктің бөлмелерінде жалпы алмастырушы жасанды желдетумен қоса, жергілікті шығару желдеткіші – шығару шкафы орналасады.

Жуу және дистилляция – стерилизация бөлмелерінің желдету жүйесінің жұмысы дұрыс ұйымдастырылуына барлық бөлмелердің микроклиматтық факторларына әсер етеді. Бұл бөлмелердің сорып – шығару жүйесінің алмасу жиілігі + 3 – 4. Жуу бөлмелерінде ыдыс жуатын ваннаның үстінензонт тәріздес жергілікті шығару жүйесі орналасады.

Аналитикалық бөлмелердің желдетілуі ауа ағынын бөлмеден шлюзге, одан коридорға өткізуі қажет. Ауа бөлмесінің төбелік перфорированный панелі арқылы және еденнен 2,5 м биіктікте орналасады. Қабырғадағы тесіктер арқылы беріледі. Желдетілу жиілігі + 4 – 2. Шығару тесіктері асептикалық бөлмелердің сорутесіктеріне қарама – қарсы еденнің бойында орналасады. Берілетін ауа арнайы сүзгілерден өткізіледі. Дәріхана бөлмелерінің желдетілуінің ең тиімді түрі – ауаны кондиционерлеу, яғни жасанды түрде қолайлы микроклиматтық жағдайларда беру. Желдету жүйесі агрегатталған подвалдарда дірілді және шуды температуралық материалдарымен қаптау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]