Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
17 тема ГДИП жоба.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
232.96 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

Мамандығы: «Емдеу ісі»

№ 1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы.

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: «Балалар мекемелерін жоспарлаудың және қолайлы етіп жабдықтаудың гигиеналық принциптері және санитарлық нормалары мен ережелері».

Курс: 2

1.Тақырыбы: Балалар мекемелерін жоспарлаудың және қолайлы етіп жабдықтаудың гигиеналық принциптері және санитарлық нормалары мен ережелері.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар тәуліктің белсенді уақытының басым бөлігі балалар мекемелерінде өтеді. Балалар мекемелерінің ұтымды жобалануы және гигиеналық жағдайы балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жағдайына бірқатар әсерін тигізеді.

Осыдан барып балалар мекемелінде жобалау мен құрылыстаудағы гигиеналық принциптердің маңыздылығы артады. Оқытушылармен бірге гигиеналық әртүрлітиптегі балалар мекемелерінің оптимальды және рұқсат етілген көлемдегі сыйымдылығын анықтаулары қажет. Ол оқу – тәрбие жүйесіне, денсаулық жағдайына және балалар ұжымының функционалдық жас мүмкіншіліктерін есепке ала отырып анықталады.

4.Сабақтың мақсаты: Балалар мекемелерін жобалау мен құрылыстаудың гигиеналық принциптерін және балалар мекемелерін қолайлы етіп жабдықтаудың гигиенаық талаптарын студентерге үйрету.

Студент білуге тиіс:

  1. Балалар мекемелерінің тобының жіктелуі.

  2. Балалар мекемелерін жобалау кезінде жүргізілетін санитарлық қадағалау жұмыстарының негізін.

  3. Мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушылардың жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптарды.

  4. Оқушыларды дұрыс отырғызу әдістемесін.

Студент істей білуі керек:

  1. Балалар мекемелерінде ескерпелі саниатрлық қадағалауды жүргізу.

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс отырғызылуын бағалауды.

  3. Оқушылардың дұрыс отырғызылуын бағалауды.

  4. Никитин – Флеров сызғышын жасауды.

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

  1. Денсаулық балалар ағзасының қоршаған ортамен байланысының критериі ретінде.

  2. «Денсаулық» туралы түсінік.

  3. С.М.Громбах бойынша денсаулық критериі.

  4. Денсаулық жағдайын бағалауға қолданылатын көрсеткіштер.

  5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық топтары.

  6. Денсаулық топтарын анықтау.

  7. Дене даму денсаулық көрсеткішінің негізі ретінде.

  8. Әр жастағы балалардың анатомо – физиологиялық ерекшеліктері. Акселерация, гипотез, олардың анықтамалары.

  1. Дене дамуды зерттеу әдістері: жеке және жалпылама.

  2. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының көрсеткіштері, әдістері, олардың анықтамалары. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалау әдістері.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. МДБМ – н, мектептерді жоспарлау мен орналастыру принциптері.

  2. Әртүрлі мектептер мен МДБМ салуда жер учаскелерін таңдау.

  3. Мектептер мен МДБМ учаскелерін шекаралау.

  4. МДБМ – н жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.

  5. Мектептерді жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]