Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19 тема шум, вибрация каз.doc
Скачиваний:
41
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
183.3 Кб
Скачать

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Мамандық: 051105 «Фармация»

№1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы

Студенттерге арналған

әдістемелік нұсқау

Тақырып: Өндірістік шу мен дірілді гигиеналық бағалау.

Курс:1

1.Тақырып: Өндірістік шу мен дірілді гигиеналық бағалау.

2.Оқу сағатының саны: 90 мин

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Шу мен діріл кең таралған жағымсыз фактор және олармен күресу қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Техниканың даму салдарынан акустикалық және механикалық талқындардың адам

ағзасына әсер ету күннен күнге маңызды болып келеді. Қазіргі НТП-ға шу мен дірілді күшейтіп, ультра- және инфра дыбыстық диапазон жағына кеңеюімен қатар жүретін өндірістік қуаттын күшеюі, қуатты жаңа құралдардың пайда болуы, ескі технологиялық процесстердің интенсификациясы тән.

4.Сабақтың мақсаты: Қауіп пен зияндылығын бағалап олармен күресу шараларын

ойластыру мақсатында шу мен дірілді физикалық, гигиеналық және физиологиялық маңызы жағынан теориялық білімдерді бекіту

Студент білу керек:

-шу мен дірілдің физикалық параметрлерін, олардың өлшем бірліктерін

-шу мен дірілдің жіктелуі мен оның адам ағзасына әсерін

-шу мен дірілдің қалыптастыру принциптерін

-олардың адам ағзасына зиянды әсерінің профилактикасын

Студент істей алу керек:

-шу мен дірілдің физикалық параметрлерін, дірілді акустикалық аппаратура көмегімен анықтауды

-шу деңгейі, жергілікті және жалпы діріл деңгейіне қарап еңбек жағдайлар класстарын анықтауды

-аудиометрияны жүргізуді

5.Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

1 .Өндірістік шаңның гигиеналық сипаты.

2. Жұмыс аумағындағы шаңды анықтау өдістері.

3. Фармациялық өндіріс орындарындарда дәріханаларда деңсаулықты жақсартатын шараларды жүргізу.

4. Кәсіптік шаң аурулардың профилактикасы.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

1.Шу мен дірілдің физикалық-гигиеналық сипаты. Шу мен өндірістік ортаның зиянды факторлар ретінде.

2. Шу. Жалпы және жергілікті дірілдің ағзаға әсері.

3.Шу ауруы, мүкіс құлақтық. Орталық жүйке жүйесінің аурулары «шулы» жұмыс орындарының кәсіптік аурулары ретінде.

4.Діріл ауруы, олардың даму сатылары.

5. Ағзаға мүмкін болатын шеткі деңгейі. Профилактикалық шаралар.

6. Ақпаратты-дидактикалық блок.

6.1. Шудың физикалық-гигиеналық сипаты. Шу өндістік ортаның зиянды факторы ретінде физикалық жағынан шу уақыты ретсіз өзгеретін, әртүрлі амплитудалармен жиіліктері бар ортаның апериодикалық бөлшектердің тербелістерден құралатын күрделі дыбыстық құбылыс. Сондықтан музыкалық дыбыстарға қарағанда олардың жеке тондардың арасында дұрыс сандық байланыс жоқ.

Гигиеналық жағынан шу ретінде кезі келген жағымсыз, уақыт, орынға және адамдар қажеттіліктеріне жауап бермейтін. Сондықтан жұмыс пен демалысқа бөгет жасайтын дыбыстарды санайды.

Шу түсінігінде физиологиялық мағына жатыр, яғни толқындық қозғалыстарды субъективті қабылдау. Субъективті дыбыс қатаңдығы, биіктігі және тембрі жағынан қабылдайды.

Шудың қайнар көзі тығыз орта бөлшектерінің тербелістік қозғалыстарға әкелетін сыртқы орта күшімен тұрақтылық қалпінен шығарылған кез келген тербелетін дене, яғни дыбыстық толқындарды жасайтын. Өйткені дыбыстық толқын тербелетін процесс болып табылады, ол келесі түсініктермен сипатталады: тербелу периоды- бір толық тербеліс жасалынатын уақыт (Т); тербеліс жиілігі (F);- 1сек-та толық тербеліс саны өлшем бірлігі (Гц); тербеліс амплитудасы- тұрақты тепе-теңдік нүктесінен тербелетін дененің ең үлкен ауытқуы (А); таралу жылдымдығы-немесе уақыт жылдамдығы- бір секунд аралығында толқындық процестің таралатын ауданы, м/с-пен өлшенеді. Дыбыс жылдамдығы орта тығыздығына және серпінділігіне тәуелді бірақ дыбыстың тербелу жиілігіне тәуелді емес. Ауада температура 20 С және қалыпты атмосфералық қысымы кезінде С 334 м/с-ке тең, температура жоғарылағанда ол әр бір градуста 0,71 м/с-ке көбейеді. Одан тығыздырақ орталарда (металл, шыны, ағаш, су және т.б) дыбыс тездеу таралады. Толқын ұзындығы-екі көрші қоюлтулар немесе дыбыстық толқын бейтараптанулар арасындағы арақашықтық метрмен өлшенеді. Толқын ұзындығы дыбыстың жиілігі мен жылдамдық қатынасымен с/f, ал тербелу периоды оның жиілікпен кері қатынасымен Т=1/f байланысты.

Дыбыстың (дыбыстың) ағзаға әсерін анықтайтын физикалық сипаты біріншіден қарқындылығы немесе сандар мен жиілікті құрам.

Дыбыстың (шудын) қарқындылығы немесе куші.

Дыбыс толқындардың таралуы кеңістікте тербеліс энергияның таралуымен қатар жүреді. Оның дыбыс толқын бағытына перпендикуляр орналасқан аудан бірлігінен уақыт бірлігіне(с) өтуі дыбыстың қарқындылығы немесе күші (I). Өлшем бірлігі эрг/см2 немесе Ватт /м2(Вт/м2).

Тербелу амплитудасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым дыбыс күші мен қысым жоғары. Есту анализатор дыбыс күші мен дыбыстық қысым субъективті түрде қатты дайыс ретінде қабылдайды. Осыдан амплитудасы үлкен дыбыстар қаттырақ болып қабылданады.

Адам дыбыс анализторымен қабылданатын дыбыстық энергияның минимальді мөлшері есту табалдырығы деп аталады және 2000 Гц- жиіліктегі тон үшін 10-12Вт/м2 болып келеді. Ол дыбыстың 2*10-5Н/м (2*10-5Па) қысымына әсер етеді. І0 дыбыстың табалдырық күші ретінде стандартизацияның халықаралық ұыймымен 10-12Вт/м2-тең энергия шамасы қабылданды (жиілігі 2000Гц) және оған сәйкес 2*10-5Н/м2-қа тең және Си бойынша 2*10-5Па дыбыс қысымы Р0 қабылданды (1Н=0,102кг).

Дыбыс және дыбыс қысымының үлкею күші белгілі бір шекке дейін, қанша дыбыс қабылданады, фон жоғары ауыр сезім қабылданады.Бұл шек қабылдаудың жоғарғы шегі болып табылады және 1-2 Вт/м2 дыбыс энергиясына 2*102Н/м2 91*102Па) дыбыс қысымына сәйкес келеді және ауру сезімінің табалдырығы деп аталады. Сонымен есту анализаторы өзінің қасиеттеріне сүйеніп анализатор олардың күшеюі мен төмендеуін қабылдайды дыбыс күшінің үлкен 1014 рет өзгеретін дыбыс деапозонын тіркеуге қабіллеті .Осындай тәуелділікке байланысты дыбыс энергияның 10, 100, 1000 рет үлкеюі субъективті түрде 2,3,4 рет үлкейгені ретінде қабылданады. Бұны келесі таблица көруге болады.

Дыбыс қатандығының қарқындылығы мен

дыбыс энергиясының арасындағы тәуелділік

Дыбыс энергиясының мөлшері

Дыбыс қатандығын сезу қарқындалағы

Дыбыс энергиясының мөлшері

Дыбыс қатандығын сезу қарқындылығы

1

10

107

7

10

1

108

8

102

2

109

9

103

3

1010

10

104

4

1011

11

105

5

1012

12

106

6

1013

13

Табалдырық дыбыс энергиясы нәтижесінде бірлік ретінде алынған-бірінші бағана.

Кестенің екінші бағанасы қатаңдылықтын сезу қарқындылығын сипаттайды. Сонымен бірге бірінші бағанаға сәйкес келетін ондық логорифмдер болып табылады. 1- бұл lg10; 2-lg 100; 3-lg1000 т.б. Яғни дегеніміз есту анализаторына дыбыс күшінің, дыбыс қысымының айырмашылығын өзгерту еселігін ажыратамыз. Сонымен қаттылығын өзгеру сезімін дыбыс энергиның lg-м мөлшеріне пропорционал.

Бұл телефонды ашқан Г.Белге абсолютті шамалар шкаласының орнына сезімталдылықтың физиологиялық ерекшеліктеріне жауап беретін дыбыстық энергияларды қолдануға ұсынды- салыстырмалы немесе логарифмді шкала. Логарифмді шкаланың артықшылығы оның қолдануға ыңғайлы болуы.

Ыңғайлы болу үшін белді емес есе кем бірлікті-децибелді қолданады. Ол құлақпен естілетін дыбыс күшін минимальді шамасына тең. Сәйкесінше децибел- бұл нақты дыбыс қарқындылығының оның естілу табалдырығының қарқындылығына қатынасының ондық логарифм немесе нақты дыбыс қысымының оның естілу табалдырығындағы дыбыс қысымына қатынасының логарифмі болып келетін дыбыс қарқындылығының немесе дыбыс қысым деңгейінің өлшем бірлігі.

Шудың жиілік құрамы (шу спекрт, ол дегеніміз оған кіретін барлық жиіліктер жиынтығы). Кез келген дыбыс физикалық жағынан тербелетін құбылыс болып келеді. Бірақ өр тербеліс дыбыстық қозу бола бемейді. Өйткені олар белгілі бір дыбыс қысым диапазоны мен жиілігімен шектелген. Дыбыстық тербелістер адамның есту мүшесімен қабылданады, егер олардың жиілігі – 16-20Гц тең 18000-20000 Гц (18-20кГц) интервалында болса. Құлақтың ең сезімтал жиілігі 1000 нан 4000 Гц-ке дейін.

Дыбыс (шу) қарқындылығы деңгей түсінігіне сәйкес дыбыс қаттылық деңгейі ьүсінігі енгізілді, оның өлшем бірлігі «фон». Фон кез келген жиіліктегі дыбыстың стандартты тон қарқындылығымен 2000 Гц (1000Гц) салыстыра отырып естілу қаттылығын көрсетеді.

Осыдан «фон» бірлігімен шудың ақаусыз естілу деңгейін сипаттау мүмкін емес, өйткені оның құрамына дыбыс жиілігінің барлық дыбыстары кіреді. Сондықтан бұл мақсатта «фон» бірлігін қолданған жөн, ол қаттылықты субъективті қабылдау өзгерісін нақтылау көрсетеді де бір дыбыстың екіншіден нешеге қаттылау екенің көрсетеді.

Сонымен 40 фонға тең дауысты бірлік ретінде алып 1 санға тең десек, 50 фонға – 2 саны, 60 фонға – 4 саны т.с.с. Басқа сөзбен айтқанда һр бір 10 фонға естілу қаттылығы өскен сайын ол сан да 2 есе өседі.

Дыбыстың жиілікті құрамын қабылдаудың физиологиялық ерекшелігі болып сонымен бірге есту абсолютті емес салыстырмалы жиілік келуіне жауап береді.Тербелу жиілігінің өсуі тонның (биіктіктің) белгілі бір шамаға октаваға көтерілуі ретінде қабылданады.

Өндірістік шудың жіктелуі:

  1. Басымдылық жиілік құрамы бойынша:

а) төмен жиілікті шулар-400Гц-ке дейін

б) орта жиілікті шулар-400Гц-тен 1000Гц-ке дейін

в) жоғары жиілікті шулар-1000Гц-тен жоғары

2. Спектр сипаты бойынша:

а) кең сызықты, барлық естілу жиілік диапазонын қамтитын (1 октавадвн үлкен кендікпен)

б)тар сызықты, энергиялық спектр салыстырмалы тар жиілік сызығында жинақталған кезде

в)тонды шулар, олардың спектрлер 1/3 октавадан кең емес енді және көрші тондар 10дБ кем емес

  1. Жеке құрамдар арасындағы интервалдар шамасы бойынша:

а) тегіс шу, жиілікті құрамдар бір-бірінен кішкентай интервалмен үзілмей кезектескен кезде

б) дискретті шу немесе сызықты, егер жеке құрам бөліктері бір-бірінен жиі интервалмен бөлінген кезде

в) аралас шу, бұнда тегіс спектр фонында жеке дискретті құрамдары болады.

Егер шуда тегіс спектр болып, олардың барлық құрам бөліктерінің қарқындылығы кең диапазонында бір-біріне тең болса, оны ақ деп атайды.

  1. Берілу жолдары бойынша:

а) ауалы шу, дыбыстық тербелістер ауада тербелетін кезде

б) құрылымдық (корпусты) дыбыстық тербелістер созылмалы қатты денелерде таралатын кезде

5. Әсер ету ұзақтығы бойынша:

а) созылмалы шу, сумарлы ұзақтығы 4 не одан да көп сағат сменасына

б)қысқа мерзімді шу,ұзақтығы 4 сағат/сменасынан кем

6.Уақытша сипаты бойынша шулар:

а)тұрақты (стабильді, стационарлы) олардың дыбыс деңгейі 8 жұмыс сағаты (жұмыс уақытында ауысуы 5дБ-ден көп емес)

б) тұрақсыз, олардың дыбыс деңгейі 8 жұмыс сағатында 5дБ-ден көпке өзгереді:

-уақытта тербелетін, дыбыс деңгейі уақытта үзіліссіз өзгеретін

-үзілетін, дыбыс деңгейі табалдырықты өзгереді (5дБ(А)-ге және одан да жоғары), сонымен бірге деңгейді бір қалыпта ұстайтын интервалдар ұзақтығы 1сек төмен

-импульсті бір немесе бірнеше дыбыс сигналдарынан тұратын (ұзақтығы 1сек)

7. Шығу тегі бойынша:

а) механикалық шулар-үйкеліс кезінде, соғулар әсерінен туатын

б)аэродинамикалық шу – сұйықтықтар қозғалыстар туатын кезде

Дірілдің физикалық-гигиеналық сипаты.

Дірілдің өндірістік ортаның жағымсыз факторы ретінде.

Діріл деп адам ағзасына немесе оның жеке бөлімдеріне берілетін механикалық тербелістерді айтады. Діріл физикалық фактор болып табылады, оның әсері тербелу көзінен адамға механикалық энергиянвң берілумен сипатталады. Адамға берілу әдісі жағынан діріл жалпы және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы діріл отырып немесе тұрып тұратын адамденесіне тірек беткей арқылы беріліп бүкіл ағзаға таралып дененің кеңістіктегі тербелетін объектімен бірге қозғалуына әкеледі. Жалпы дірілге адам барлық өлік түрлерінде, өндірісте, дірілдің еден немесе жұмыстық аудан арқылы берілетін кезде ұшырайтын. Қолды механикалық құралмен жұмыс істегенде жергілікті діріл орын алады. «Жергілікті» термині шартты болып келеді. Серпімді байланымтардың жергілікті орналасуында діріл ұлпалармен таралып көптеген жағдайларда жеке мүшелердің орын ауыстыруына әкеледі.

Дірілдің механикалық тербелістер ретінде жиілікпен, яғни бір сек-та тербелу санымен, амплитудамен және діріл жылдамдығымен немесе оның логарифмді деңгейімен сипатталады.

Уақытша сипаты бойынша діріл тұрақты, оларда діріл жылдамдығы 2 реттен көп (6дБге көп емес), өзгермейтін және тұрақсыз,олар үшін діріл жылдамдығы 2 реттен кем емес өзгеретін, болып бөлінеді.

Тұрақсыз діріл діріл жылдамдығы үзіліссіз уақыт аралығында өзгеретін-тербелетін; діріл жылдамдығы күрт фонды діріл деңгейіне дейін төмендейтін-үзілетін, олар үшін деңгей қалыпты болып тұратын интервал мен фонды діріл деңгейі 1с не одан да көп болып келеді, бір немесе бірнеше дірілді әсерлерден тұратын және әр қайсысының ұзақтығы 1с кем түспейтін –импульсті болып бөлінеді.

Дірілдің әсерінің ортогональды осьтар x,y,z бойымен әсер ететін, мұндағы z-вертикальді ось, ал ч пену-горизонтальді ось және хрр,zp ортогональды координат жүйесінің осьтары бойымен әсер ететін әсерлікті діріл болып бөлінеді. Хр осі мен ұстау жерімен сәйкес келетін жерде zp осі хр –мен күш беру мен қолдану бағытымен түзілген кеңістікте жатады.

Шығу қөзі мен реттеу мүмкіншілігіне қарап жалпы дірілдің 3 категориясын бөледі

Категория1-көліктік, машиналардың ауадан мен жолдарда қозғалыс салдарынан туатын (сонымен бірге олардың құрылысы кезінде), оператор машинаның қозғалу жылдамдығын өзгерте отырып олардың әсері бәсендете алады.

Категория 2-көлікті-техникалық, олар машиналардың стационарлы күйде немесе арнайы дайындалған өндірістік мекемеде қозғалысы барысында атқаратын жұмысы кезінде туады; оператор технологиялық процесстердің орындалу орындалу режимдерін басқару арқылы қарқындылықты өзгерте алады.

Категория 3- стационарлы машиналар жұмысында туындайтын немесе дірілдің көзі жоқ жұмыс орындарына берілетін технологиялық; жұмыскер олардың қарқындылығын төмендете алмайды, өйткені жұмыс режимі қатаң түрде технологиялық жазылулармен (карталармен) бақыланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]