Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
18 тема пыль, шум, вибрация ЛЕЧ.doc
Скачиваний:
17
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
189.44 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

Мамандығы: «Емдеу ісі»

№ 1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы.

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: Өнеркәсіптік шаң, оның гигиеналық маңызы. Шаң ауруларының алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.

Курс: 2

Құрастырған: ______________ Жакетаева Н.Т.

оқытушы

Қарағанды – 2005ж.

Кафедра отырысында талқыланды.

«___»_________2005 ж. Хаттама № ____

Кафедра меңгерушісі __________ Калишев М.Г.

1.Тақырыбы: Өнеркәсіптік шаң, оның гигиеналық маңызы. Шаң ауруларының алдын алу. Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Көптеген зиянды өндірістік факторлардың бірі шаң болып табылады. Шаң бұрғылау, шикізатты бөлшектеу және езу сияқты технологиялық процестердің салдарынан пайда болады. Тұрақты әсер етуші зиянды факторлардың бірі ретінде шаң кәсіптік ауруларды тудырады. Дәрігер гигиенистің өзінің іс – тәжірибесінде зиянды өндірістік факторлардың әсерін төмендету және шаңнан пайда болған кәсіптік аурулардың алдын алу шараларын ұйымдастыруда алатын орны зор.

Шу мен діріл кең таралған жағымсыз фактор және олармен күресу қоршаған ортаны қорғаудың маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Техниканың даму салдарынан акустикалық және механикалық талқындардың адам

ағзасына әсер ету күннен күнге маңызды болып келеді. Қазіргі НТП-ға шу мен дірілді күшейтіп, ультра- және инфра дыбыстық диапазон жағына кеңеюімен қатар жүретін өндірістік қуаттын күшеюі, қуатты жаңа құралдардың пайда болуы, ескі технологиялық процесстердің интенсификациясы тән.

4.Сабақтың мақсаты: Шаңның санитарлық – гигиеналық маңыздылығына, өндірістік ортадағы шаңды зерттеу әдістерін бөлменің шаңдану дәрежесіне санитарлық – гигиеналық баға беруге үйрету.

Қауіп пен зияндылығын бағалап олармен күресу шараларын

ойластыру мақсатында шу мен дірілді физикалық, гигиеналық және физиологиялық маңызы жағынан теориялық білімдерді бекіту.

Студент білуге тиіс:

  • шаңның жіктелуін

  • адам организміне әр түрлі құрамды шаңның әсерін

  • ауаның шаңдауын зерттеу әдістерін

  • шаңның дисперстілігін бағалауды

  • токсикологиялық зерттеу әдістерін

-шу мен дірілдің физикалық параметрлерін, олардың өлшем бірліктерін

-шу мен дірілдің жіктелуі мен оның адам ағзасына әсерін

-шу мен дірілдің қалыптастыру принциптерін

-олардың адам ағзасына зиянды әсерінің профилактикасын

Студент істей білуі керек:

  • бөлменің шаңдануын анықтауды

  • шаңның дисперстілігін анықтауды

  • шаң ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыруды

  • токсикологиялық эксперимент өткізуді

-шу мен дірілдің физикалық параметрлерін, дірілді акустикалық аппаратура көмегімен анықтауды

-шу деңгейі, жергілікті және жалпы діріл деңгейіне қарап еңбек жағдайлар класстарын анықтауды

-аудиометрияны жүргізуді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]