Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
14 тема ГДИП.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
98.3 Кб
Скачать

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

Мамандығы: «Емдеу ісі»

№ 1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау.

Тақырыбы: Балалар мен жасөспрімдердің денсаулық жағдайын және дене дамуын бағалау.

Курс: 2

1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспрімдердің денсаулық жағдайын және дене дамуын бағалау.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Балалардың дене дамуы балалар контингентінің денсаулық жағдайын бағалауда негізгі көрсеткіш болып табылады. Балалардың дене дамуы туралы мәліметтер өсуі және даму процесіне қоршаған орта факторлар әсерінің деңгейін бағалауға және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға арналған алдын алу шараларын өндеуге мүмкіндік береді. Сондықтан денсаулық жағдайын анықтайтын жүйелер мен мүшелерді клиникалық зерттеу балалардың дене дамуын бағалаумен толықтырылады. Мұндай зерттеу дәрігерлерден балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын бағалау және зерттеу әдістерін білуді және тәжірибеде қолдануды талап етеді.

4.Сабақтың мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің дене демуы деңгейі мен биологиялық жасын анықтау әдістерін меңгеру.

Студент білуге тиіс:

  • дене демуды бағалаудың жетілдірілген әдістерін

  • негізгі антропометриялық көрсеткіштерді зерттеу әдістерін

  • дене даму стандарттарын өңдеу әдістемесін

  • дене дамуын бағалау әдістерін (сигмалдық ауытқу әдісі, регрессия шкаласы және т.б.), центилдік әдісті

  • балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын кешенді бағалау әдістемесін

Студент істей білуі керек:

  • антропометриялық зерттеулер жүргізуді

  • дене дамуын регрессия шкаласы бойынша бағалауды

  • жасөспірімдердің дене дамуын кешенді бағалауды

  • биологиялық жасты анықтауды

  • сырқаттанушылықты бағалау әдістемесін

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

  1. Аурухананың бөлімдері, орналасуы, жабдықталуы.

  2. Аурухана учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

  3. ЕПМ – н сумен, жылумен қамтамасыз ету.

  4. ЕПМ – ң қалдықтарын залалсыздандыру әдістері.

  5. ЕПМ – ң ауа ортасының сапасына және микроклиматына, жарықтану параметрлеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

  6. ЕПМ – ң емдік – қорғау тәртібін ұйымдастыру.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

    1. Регрессия шкаласы бойынша индивидумның дене дамуын бағалау әдістері.

    2. Ұжымның дене дамуын бағалау әдістемесін

    3. Сырқаттанушылықтың интенсивті және экстенсивті көрсеткіші

    4. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын кешенді бағалау әдістемесі.

    5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығыны кешенді бағалау әдістемесі және олардың критерийлері.

  1. Ақпараттық – дидактикалық блок.

Дене даму, өсіп өну процесін сипаттайтын организмнің морфологиялық және функционалдық қасиетінің жиынтығын анықтайды. Ол баланың ден саулык жағдайын бағалауда негізгі, маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, сондықтанда, денсаулықты анықтайтын органдар мен жүйелердің клиникалык тексерілісі дене дамуды бағалаумен толықтырылады. Қазіргі уақытта дене бойы мен салмақтың жашіай ұлғайғандығы, соматикалық өнудің жеделдеуі байқалып отыр. Бүл қүбылысқа «акселерация» (аксе - жеделдеу) деген ат беріліп отыр. Жыныстың жетілу кезеңін ғана қамтитын өсіп өнудің акселерациясын, «секулярлық трендпен» (ғасырлық өзгеру) біріктіруге болмайды, бүл үғым адамның өмір бойында болатын өзгерістерде сипаттайды (өмір жастың үлғаюы, аурулықтың қүрлымының өзгеруі, т.б). Осы жалпы өсіп оқу қүбылысында, өсіп өну акселерациясы тек жыныстың жетілу кезеңін қамтиды.

1. Дене дамуды зерттеу тәсілдері. Б.мен жас-өспірімдердің дене дамуын зерттеуде 2 тәсіл қолданылады: жаппай (генералды) және жекелей (инвидтік).

Жекелей зерттеу тәсілі (инвидтік-лонгттуданалды) - бүл тәсіл бойынша жекелей адамды үздіксіз үзақ уақыт аралығында қадағалап зерттеу болып табылады. Жекелей зерттеу тәсілі арқылы, организмге табиғаттың кептеген факторларының сол сияқты әлеуметтік орта әсері салдарына байланысты дене даму құбылысының өзгеру заңдылықтарын - ашамыз.

Жаппай зерттеу тәсілінің маңызы: балалар мен жасөспірімдердің әр топтарының дене дамуын бір уақытта, жаппай зерттеу болып табылады. Осы тәсіл арқасында аз уақыт ішінде организмнің дамуымың заңдылықтарын табады. Сол сияқты, ғалымдар деғісаулық сақтау қызметкерлер БменЖ-дің дене даму стандартын (орта шамасын) дәрістеп шығару үшін осы тәсілді қолданады. Балалардың дене дамуын бағалауға жасы, жынысы бойынша мына негізгі көрсеткіштер: дене бойы, салмағы, кеуде клеткасының аймағы бойынша, бағалау кестелерін шығарады. Бүл стандарттар 5-10 жылда тексеріліп отыруы қажет. Территориялары жақын орналасқан, экономикалық және географиялық жағдайлары біртекті аудандарды бір аймаққа біріктіріп, дене дамудың аймақтық стандартын шығару теориялық жолмен дәлелденген.

2. Антропометрикалық зерттеу тәсімделері.

Дене дамуды зерттеуде антропометрикалық тәсімделер қолданады. Көптеген антропометрикалық белгілер ішінен негізгі белгілерді топтастырып бөлуге болады. Бүл белгілер: соматометрикалық белгілер - дене бойы, түрған бойда және отырғанда, дене салмағы, кеуде клеткасының аймағы.

Физиометрикалық (функционалдык) - өкпенің тірлік аумағы (ӨТ) -қолдың ет күші.

Соматоскопиялық - (жазба) жүрек аппаратының жағдайы, омыртқа жотасы, кеуде клеткасы, аяқтары, дене бітімі, бүлшық еттің жетілуі, жыныстық жетілу дәрежесі.

Антропометрикалык зерттеудің негізгі талабы оның бір жағдайда, белгілі бір әдіспен алдын ала тексерілген аспаппен өткізілуі болып табылады. Соның арқасында күмансыз нәтиже алынады. Зерттеуді әр уақытта шешіндірілген балаға, жарык жылы бөлмеде күннің бірінші жартысында өткізіледі, өәткені себебі күннің соңына қарай дене бойы 1-2 см, қысқарып, дене салмағы 1 кг өседі.

3. Антропометрикалық мәліметтерді статистикалық өндеу тәсілі.

  • Мәліметтерді статистикалық ендеу төмендегі кезеңдермен өткізіледі.

  • Жиналған мәліметтерді алдын ала анықтап тексеру.

  • Мәліметтерді біртекті топтарға бөлу.

  • Варияциялық-статистикалық өңдеу.

а) Мәліметті карап шығу:

Статистикалық өндеуге денсаулығы жақсы, ауырмайтын балалардың мәліметі алынады. Мәлімет алдын ала тексерілмесе, өндеуге жарамайтын туғанкүні жоқ, үлты, жынысы жоқ карточкалар кіруі мүмкін.

б) Мәліметтерді қарап шыққаннан соң оларды денсаулығы бойынша, жыиысы, жасы, түрғылықты жері, этникалық шығу тегі бойынша статистикалық біртекті қүрама топтарға бөледі. Жас бойынша топтастыру баланың анық жасын табу болып табылады. Ол үшін оның туған күнінен бастап тексеріп отырған күыге дейін неше күн, неше ай, неше жыл өткендігі есептеліп анық жасы айқындалады. Анық жасты, сол сияқты Соколова дәрістемелеген график бойынша оңай анықтауға болады.

Жасты анықтауға арналған әр график туған күнмен тексеру күнін байланыстыратын арнаулы шектегі, координаттық тор болып табылады. Көлденен ось бойынша алынған масштабты декадамен бөлінген, туған айы, ал тік ось бойынша тексеру айлары белгіленеді. Туған күні мен тексеру күні қиылысқан нүкте арқылы берілген жасанықталады. Егер қиылысу нүктесі ақ алаңға түссе онда баланың жасы тексеру жылымен туған жылының айырмасына тең болады. Егер қиылысу нүктесі штрихталған алаңға түссе онда тексеру жылы мен туған жыл айырмасына көрсетілген ай немесе жыл мөлшерін қосады не алады.

Мысал. 1989 жылдың 3 наурызында тексергенде 1979 жылдың 17 қарашасында туған баланың жасы 1989-1979=10 жасқа тең. Себебі қиылысу графиктық ашық алаңына келеді. Мәліметтерді жас бойынша топтау тексерілуші балалардың жасына байланысты әр түрлі жиілікпен әткізіледі. Бір жасқа дейінгі балаларды 1 айлық аралықпен топтастырады

14 алынады

жасы

15 күн қосылады

16 күныен

1 ай

Іай 15 күнге дейін

I ай 16 күннен

2 ай

2 ай 15 күнге дейін

2 ай 16 күннен

3 ай

3 ай 15 күнге дейін

1 ! ай 16 күннен

12 ай

12 ай 15 күнге дейін

1 жастан 3 жасқа дейін (квартал сайын)

1 ай 14 күн алынады

жасы

1 ай 15 күн қосылады

1ж. Іай 16 күннен

Ък. Зай

1ж 4 ай 15 күнге дейін

1ж. 4 ай 16 күннен

1ж. бай

1ж. 7ай 15 күнге дейіы

7. Сабақтың мазмұны:

  1. Негізгі білім деңгейін бағалау (Қосымша 1).

  2. Студенттердің өздік жұмысы:

  • Антропометриялық зерттеу әдістемесі (Қосымша 2).

  • Регрессия шкаласы арқылы дене дамуды бағалау (стандарт бойынша)

  • Жағдайлық есептерді шешу (жағдайлық есептер жинағы) (қосымша 3)

  • Оқытушымен жұмыс.

    • жүргізілген әдістер бойынша мәліметтерді талдау

  • Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 4).

    8. Ұсынылған әдебиеттер:

    Негізгі:

    1. Учебник «Гигиена детей и подростков» под ред. В.Н.Кардашенко – М.:Медицина, 1988.

    2. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. Под ред. В.Н.Кардашенко – М.:Медицина, 1983.

    3. Учебник «общая гигиена» под ред. Г.И.Румянцева, Е.П.Вишневской, Т.А. Козловой – М.:Медицина, 1985.

    Қосымша:

    1. Лекция фонд кафедры.

    Қосымша 1.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]