Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilety.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
91.28 Кб
Скачать

Билет 6

1. Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.

Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.

Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.

Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдыды және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басыьдылық мажоритарлы жүйе тусында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артык дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi.

Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi. Казақстан Республикасында Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады.

2. Мәміле— азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті. Мәміле жасау үшін ұсыныс, ниет, екінші тараптан келісім керек.

Заңнамада Мәмілелерді екі түрге бөледі: біржақты Мәміле және шарт. Біржақты Мәміленің жасалуы үшін бір ғана тараптың ықтияры жетіп жатыр. Мысалы, өсиет қалдырушы өз ықтиярымен қалаған адамына мұрагерлік құқық береді. Мәміле ауызша да, жазбаша да жасалады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың арасында және жеке тұлғалар арасында 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға Мәміле жазбаша жасалады. Жазбаша Мәміле тараптардың қол қоюымен, ортақ бір құжат толтыру жолымен және хат, жеделхат алмастыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңда немесе тараптардың келісімімен көзделген жағдайда жазбаша Мәмілені нотариат арқылы куәландыру қажет. Жылжымайтын мүлікке қатысты жасалатын мәмілелер мемлекеттік тіркеуді талап етеді. Мәміленің жарамдылығына қажетті алғышарттар ретінде мына талаптар сақталуға тиіс:

1. мәміле жасаушылар кәмелет жасына толғандар және ақыл-есі дұрыс адамдар болуы керек;

2. әр тарап Мәмілені өз ықтиярымен жасасу қажет;

3. мәміленің мазмұны заң талаптарына немесе адамгершілікке қайшы болмау керек;

4. мәміле заң міндеттеген нысанда жасалуы тиіс. Мысалы, рента шартын нотариус куәландыруға тиіс, ал жылжымайтын мүлікті рента бойынша беруді көздейтін шарт мемл. тіркеуден өтуі қажет.

Мәміленің ақылы және ақысыз, мерзімді және мерзімсіз түрлері болады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]