Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilety.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
91.28 Кб
Скачать

Билет 18

1. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

1. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдар мынадай талаптарға:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;

3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.

2. Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді.

2. Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесініңқұрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады.

Билет 19

1. Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1. Қоғамға қауіптілігі

2. Заңға қайшылығы

3. Айыптылығы

4. Жазаланатындығы.

Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі болып табылады. Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырудың негізгі белгісі заңға қайшылық түрі болып саналады. Қылмысқа әрқашанда қылмыстық заңмен тыйым салынады. Ал қалған құқық бұзушылықтар мен қылықтар өкімшілік, азаматгық, отбасылык, еңбек құқықтарының нормаларын бұзады, сонымен бірге тек заңдарды ғана емес заңи нормативтік актілерді де бұзады.

Көбінесе қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың айырмалық көрсеткіші ретінде келтірілген зиянның мөлшері алынады. Мысалы,  меншік  құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық істеу, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен істелген ұсақ-түйек ұрлау үшін тек қана әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. 

2.  Заң ғылымында құқықтық қатынас күрделі жүйе ретінде қарастырылады

ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 6 тармағында, «мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес» деген. Мұнда «мұра қалдырушы» ұғымы тектік мағынада айтылады. Себебі, қайтыс болған азамат өсиет қалдырғанымен, оны қайта өзгертуге болады деген сөз, қайтыс болған азамат өсиет қалдырмауы да мүмкін дегенді білдіреді.

«Өсиет қалдырушы» ұғымы тек өсиет қалдырған азаматқа қатысты айтылады, мұраға қатысты түрлі ұғымда айтылып тұр. Өсиет қалдырмай, қайтыс болған адамды немесе мұра заңды мұрагерлік негізде жүзеге асатын болса, қайтыс болған азаматты өсиет қалдырушы деп айта алмаймыз.

ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 7 тармағына сәйкес, «мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік еті міндетін жүктеуге болады», деген. Мұнда мағынасына қарай түрлі ұғымға қатысты айтылғандықтан «мұра қалдырушы» ұғымын «өсиет қалдырушы» ұғымына ауыстыру ұсынылады. Себебі, мұнда тек өсиетке қатысты, өсиет бойынша туындайтын құқықтық қатынастар туралы айтылып тұр.

Бұл жерде «Мұра қалдырушы» тектік ұғымда, ал «өсиет қалдырушы», « қайтыс болған азамат» және т.б. түрлі ұғымда айтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]