Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilety.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
91.28 Кб
Скачать

Билет 11

1. Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а)кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады. 

2. Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

  • ерінің қайтыс болуы;

  • соттың ерлі-зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

  • некенің бұзылуы (ажырасу).

Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады. Ері қайтыс болған немесе ерлі-зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Соттың азаматты (ерлі-зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31-бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріле алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді

Билет 12

1. Жергілікті атқарушы органдар- 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республика-сында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңықабылданды.

Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

Жергілікті өкілді органдар 2001 ж. 23 қаңтарда "Қазақстан  Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Заң басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді,жергілікті өкілді және атқарушы  органдардың құзіретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар  депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Қабылданған заңға сәйкес жергілікті өкілді орган (мәслихат) — облыстың немесе ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

Мәслихаттарды тиісті әкімшілік-аумақтық бөлінісінің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды. Тиісті мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комис-сиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта,Астана және Алматы қалалық мәслихат-тарында — елуге дейін; қалалық мәслихатта —отызға дейін; аудандық мәслихатта — жиырма беске дейін белгілейді. Мәслихаттың занды тұлға қүқығы болмайды.

2. Міндеттеме ұғымы қалыптасқан дәстүр бойынша тек азаматтық құқықтық ұғым,  яғни цивилистикалық заңы-техникалық құрал, сондай-ақ азаматтық-құқықтық міндеттеме ретінде белгілі бір келісімге келудің және шарт жасаудың нәтижесі болып табылады. Ал салықтық міндеттеме қазіргі қоғам қажеттілігіне сай келетін салық салу жүйесін құру ісіне ат салысуы арқылы салықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қатаң айқындауға қол жеткізетін және ұлттық табысты қайта бөлуге қатысты экономикалық мән-жайлары мен өктем билік тұрғысынан ерекшеленетін құқықтық құрал ретінде танылады.

Валюталық реттеу - мемлекеттің халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасасу тәртібін реттеуге бағытталған қызметі.Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай-ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеуде валюталық реттеуге жатады.

Валюталық бақылау — шет ел валютасын сатып алу және онымен жасалатын операцияларды жүргізу тәртібін мемлекеттік реттеу жүйесі. Әдетте, шет ел валютасымен жасалатын операцияларды жүргізуге лицензиялар беруге елдің Қаржы министрлігі немесе оның орталық (ұлттық) банкісі уәкілетті. Валюталық бақылау бағыттарда жүзеге асырылады. Олар: 1) ұлттық валютаның, құнды қағаздардың, валюталық құндылықтардың елдің кеден шекарасы арқылы өтуін бақылау; 2) тауарлар мен көлікқұралдарының елдің кеден шекарасы арқылы өтуімен байланысты валюта операцияларын бақылау; 3) елдің валюталық, экспорттық-импорттық және басқадай сыртқы экономикалық операцияларға қатысты заңдарының сақталуын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру; 4) резиденттер мен бейрезиденттер тарапынан елдің валюта операцияларын жасауды реттейтін заңдары мен идаралық нормативтік актілерінің, мемлекет алдында шет ел валютасы жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын бақылау. Қазақстанда валюталық бақылауды тиісті заңдарға және Кеден кодексіне сәйкес қаржы-валюталық бақылау кодексті мен Кеден кодексті өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]