Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilety.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
91.28 Кб
Скачать

Билет 4

1. Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:

Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.

Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.

2. Бұұ құрылымы:

Бас Ассамблея– БҰҰ Жарғысы шегінде кез келген іс пен мәселені талқылау, мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлеу уәкілетін иеленеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жыл сайынғы әрі арнайы баяндамаларын талқылап, бүкіл Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Қауіпсіздік және Экономикалық-әлеуметтік кеңестерге мүшелерді тағайындайды. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен Бас хатшыны 5 жылдық мерзімге тағайындайды және Халықаралық сот мүшелерін тағайындадйды. Бас Ассамблея отырысы жыл сайын қыркүйек пен желтоқсан айлары арасында өтеді.

Қауіпсіздік кеңесі– халықаралық бейбітшілік пек қауіпсіздік үшін күреседі. Оның шығарған барлық шешімдеріне БҰҰ мүшелері бағынуы тиіс. Бес тұрықты мүшелері вето құқығына ие. Ал қалған 10 түрақсыз мүшелерді БҰҰ уставының 23-бабына сәйкес сайланады.

Хатшылық- бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью-Йоркте, Женевада және Венада. Хатшылықты бас хатшы басқарады.

Экономикалық және әлеуметтік кеңес– 5 аймақтық комиссиядан тұрады: Европалық экономикалық комиссия, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия, Батыс Азия үшін Экон. және әлеум. Ком., Африка үшін, Латын Америкасы және Кариб бассейні үшін.

Қамқорлық жөніндегі кеңес– негізгі міндеттеріне қамқорлыққа алынған территория тұрғындарының саяси, экон., әлеум. пргресіне, оның білім беру саласында ілгерілеуіне, оның өзін өзі басұаруға немесе тәуелсіздікке жету бағытында прогресситі дамуына жәрдемдесу жатады. 1994 ж. 1 қарашада уақытша жұмысын тоқтатты.

Халықаралық сот– мемлекеттер арасында даулы мәселелрді шешетін, сондай-ақ, БҰҰ органдарының, оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым саналады. 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жүмыстармен айналысуға құқықтарынан айрылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие.

16 арнаулы мекеме: Дүниежүзілік банк,Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік,ЮНЕСКО,Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы,БҰҰ-ның балалар қоры,БҰҰның өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекемесі, т.б., және арнаулы комиссиялар:Халықаралық құқық комиссиясы,Халықараралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]