Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilety.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
91.28 Кб
Скачать

Билет 22

1. Әкімшілік жаза – бұл  әкімшілік құқық бұзғаны үшін  заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға)   қолданылатын  және   ҚР  ӘҚБтК  осындай құқық бұзушылық жасаған  тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе  шектеу    көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады. Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ  осы мәжбүрлеу шараларының  ортақ мақсаты —  жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.

 Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза тағайындаумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкімшілік-құқықтық ықпал етудің мынадай шаралары қолданылуы мүмкін:

1) жол жүру ережелерін білуін тексеру;

2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік жаза тағайындаумен қатар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстің 46, 47-баптарында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босату кезінде соның орнына қолданылуы мүмкін.

2. Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және  шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілейді.

Сервитут — бөтен біреудің мүлкін белгілі бір шекте заңмен немесе шартпен бекітілген пайдалану құқығы (мысалы біреуге тиесілі жер телімі арқылы жүріп өту немесе көлікпен өту құқығы) немесе біреудің меншік құқықтарын шектеу (мысалы көрші телімге көлеңке түсіруі мүмкін құрылыстарды салуға тыйым салу; әкімшілік сервитут жеке меншіктегі жер телімдерінде инфрақұрылымдық желілерді тартуға мемлекеттің құқығы болып табылады);

Билет 24

1. Валюталық реттеу – мемлекетаралық және өңірлік деңгейлерде жүзеге асырылатын валюталық операциялар жүргізудің тәртібі мен халықаралық есеп-айырысуларды мемлекеттік реттеу – валюта саясатын жүзеге асыру құралдарының бірі болып саналады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері мен атқарушы биліктің әрекет ету жолымен, ал жанама реттеу – экономикалық, атап айтқанда нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына (тәртібіне) әсер етудің валюта-несие әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Билет 25

1. Билiктi тармақтаға бөлу — демократиялық-құқықтық елде мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, дербес тармақтарға: заң шығару (низамдық), атқару және сот қызметіне бөлу принципі. Бұл құқықтық-саяси ұстынның басты мақсаты — билікті бір адамның, не бір мемлекеттік органның қолына ғана шоғырландыруға жол бермеу.

 Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Қазақстан Республикасында заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос палаталы Қазақстан Республикасының Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады

Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады  ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді

Сот билігі – мемлекеттік билік тармақтарының бірі. Заң шығарушы және атқарушы биліктен өзгешелігі – жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесін (сот прецедентінен басқа) шығармайды, атқару-басқару қызметімен айналыспайды. Сот билігі қоғамда туындап отыратын нақты істер мен дауларды шешеді. Ондай істер мен даулар заңда бекітілген ерекше іс жүргізушілік тәртіпте қаралып, шешіледі.  Сот қызметі құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған, ол реттеушілік емес, қорғаушылық қызмет атқарады. Сот билігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, конституциялық құрылысты, саяси және экономикалық жүйені, азаматтардың, мемлекеттің және қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды

2. Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Франчайзинг - ұсақ және ірі кәсіпкерліктің аралас нысаны‚ ірі компанияның өзінің фирмалық таңбасы мен тауар өндіруге (қызмет көрсетуге)  біреуге, әдетте белгілі бір кезеңге және шектеулі аумақта беруі. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]