Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каримова Ляззат.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.75 Mб
Скачать

3.3 Іріктеліп алынған бактериялардың түpлiк белгiлеpiн aнықтaу;

Іріктеп алынған фосфатмобилиздеуші бактериялардың туыстық қатарын анықтау үшін морфологиялық, физико-биохимиялық белгілерін зерттеу жүргізілді.

6БА изолятында клеткалар қысқа таяқшалар түрінде болды (Сурет 1). МПА-да культура диаметрі 5-10мм, ірі, дөңгелек, жазық колониялар құрды. Колониялар ақ, түссіз, майлы консистенциялы, колониялар шеті тегіс. Оптимальды өсу температурасы 28-32º С. Оптимальды рН көрсеткіші 6,8-7,4 шамасында. Клеткалар Грам бойынша оң боялды. Қоректік ортаға пигмент бөлмейді.

7БА изолятында клеткалар қозғалғыш қысқа таяқшалар болып келді (Сурет 1). МПА-да культура диаметрі 3-7мм дөңгелек, жазық колониялар түзді. Колониялардың түсі ақшыл-сарғыш, шеті ирек. Оптимальды өсу температурасы 28-32ºС. Оптимальды рН көрсеткіші 6,8-7,4 аралығында. Клеткалар Грам бойынша оң боялды. Қоректік ортаға пигмент бөлмейді.

9БА изолятында клеткалар қозғалғыш қысқа таяқщалар болып келді (Сурет 1). МПА-да культура диаметрі 4 -12мм, ірі, дөңгелек, жазық колониялар құрды. Колониялардың түсі ақшыл, түссіз емес, шеті ирек. Оптимальды өсу температурасы 28-32ºС. Оптимальды рН көрсеткіші 6,8-7,4. Клеткалар Грам бойынша оң боялды. Қоректік ортаға пигмент бөлмейді.

10БА изолятында клеткалар кокка тәрізді пішінді болып келді. МПА-да культура кішкене түйірлі дөңгелек, бұлыңғыр, тамшы тәрізді колониялар түзді. Оптимальды өсу температурасы 28-32º С. Оптимальды рН көрсеткіші 6,0-7,4. Клеткалар Грам бойынша оң боялды.

11БА изолятында клеткалар қысқа таяқшалар мен коккалар болды. (Сурет 1). МПА-да культура ірі, дөңгелек, дөңес, диаметрі 2-4 мм, колония түсі ашық қызыл, майлы консистенциялы, колония шеті тегіс болып келді. Оптимальды өсу температурасы 28-32º С. Оптимальды рН көрсеткіші 6,8-7,4. Клеткалар Грам бойынша оң боялды. Қоректік ортаға пигмент бөлмейді.

12БА және 14БА штаммдарында клеткалар таяқша тәрізді болып келді (Сурет 1). Ет пептонды агарда культура диаметрі 3-6 мм, дөңгелек, дөңес колониялар пайда болды. Түсі ақ, майлы консистенциялы, колония шеті ақшыл қызыл. Оптимальды өсу температурасы 28-32º С.Оптимальды рН көрсеткіші 6,8-7,4. Клеткалар Грам бойынша теріс боялды. Қоректік ортаға пигмент бөлмейді

Фосфатмобилиздеуші бактериялардың морфологиялық белгілері бойынша зерттеу нәтижелері көрсетілген (Кесте 6).

Кесте 6.

Фосфатмобилиздеуші бактериялардың морфологиялық белгілері

Сипаттама

Белгілері

6БА

7БА

9БА

10БА

11БА

12БА

14БА

Клетка пішіні

таяқша

таяқша

таяқша

Таяқша мен кокка

кокка

таяқша

таяқша

Клетка көлемі, мкм

0,4 -1,6 х 0,8-4,8

0,4 -1,5 х 0,8-4,9

0,4 -1,5 х 1,0-4,6

0,2-0,4 х 0,5-0,8

0,2-0,3 х 0,2-0,3-

0,2 х 0,4 – 0,5х 1,0

0,2х0,4

–0,5х 1,0

Қозғалғыштығы

-

-

-

-

-

-

-

Грам бойынша боялуы

+

+

+

+

+

-

-

Спора түзуі

+

+

+

-

-

-

-

Бактериялардың физиологиялық қасиеттері

Бактериалық изоляттар 2 құрамында % NaCl бар ортада жаксы өсті , ал құрамында жоғары концентрациясы бар NaCl-да 5тен 10%-ға дейін тек екі культура өсті: 6БА және 7БА (Кесте 7).

Кесте 7.

Фосфатмобилиздеуші бактериялардың физиологиялық белгілері

Сипаттама

Белгілердің болуы немесе болмауы

6БА

7БА

9БА

10БА

11БА

12БА

14БА

Әр түрлі температурада өсу: 4º

10º

25º

37º

45º

55º

+

+

+

+

-

-

+

+

+

+

-

-

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

-

-

+

+

+

+

-

-

Оптимум температура, º С

28-32

28-32

28-32

28-32

28-32

28-32

28-32

О2 қатынасы

аэробтар

аэробтар

аэробтар

аэробтар

аэробтар

аэробтар

аэробтар

Оптимум рН

6,8-7,4

6,8-7,4

6,8-7,4

6,8-7,4

6,8-7,4

6,8-7,4

6,8-7,4

Синтетикалық средада өсуі

+

+

+

+

+

+

+

Қышқылға төзімділік

-

-

-

+

±

-

-

NaCl өсуі

2%

5%

7%

10%

+

+

+

+

+

+

+

+

+

-

-

+

+

-

+

-

-

+

-

-

+

-

-

Фосфатмобилиздеуші бактериялар көмірсулардың ішінен глюкозаны,

фруктозаны, арабинозаны жаксы пайдаланды, 12БА штамынан басқасы. Лактозаны барлық зерттеліп жатқан бактериялар пайдаланбайды, сахарозаны тек 12БА, Рамнозаны 6БА, 10БА , 11БА және 12БА штаммдары қолданады. . Штаммы 9БА, 10БА пайдаланады. 11БА и 12БА маннитті жаксы пайдаланады (Кесте 8).

Кесте 8.

Бактериялардың көмірсуларды ассимиляциялау қабілеті

штамм

Көмірсуларды қолдану қабілеті

Глюкоза

Сахароза

Фруктоза

Лактоза

Арабиноза

Рамноза

Маннит

6БА

+

-

+

-

-

+

-

7БА

+

-

+

-

+

-

-

9БА

+

-

+

-

+

-

+

10БА

+

-

+

-

+

+

+

11БА

+

+

-

-

-

-

+

12БА

+

+

-

-

+

+

+

14БА

+

+

-

-

+

+

+

Ескерту : «+» -пайдаланады, «-» -пайдаланбайды.

Бактериалды изоляттардың ферментативтік белсенділігін зерттеген кезде барлығы каталаздық белсенділікке ие екендігі анықталды. Оксидаздық белсенділікке ие болган тек 14БА штамы.Фосфатмобилиздеуші бактериялардың ішінде 4 изоляттар (6БА, 7БА, 9БА және 14БА) желатинді сұйылтты (Кесте 9).

Кесте 9.

Фосфатмобилиздеуші бактериялардың биохимиялық белгілері

Қасиеттері

Штамдар

6БА

7БА

9БА

10БА

11БА

12БА

14БА

Каталаздық белсенділік

+

+

+

+

+

+

+

Оксидаздық белсенділік

-

-

-

-

-

+

+

Желатинді сұйылту

+

+

+

-

-

+

+

Крахмалды гидролизденуі

+

+

+

+

+

+

+

Ацетоин түзілуі

-

-

-

-

-

-

-

Фенилалланиннің дезаминделуі

-

-

-

-

-

-

-

Индол түзілуі

-

-

-

-

-

-

-

Нитраттардың қалпына келуі

+

+

+

+

-

+

+

Тирозиннің ыдырауы

-

-

-

+

+

-

-

Кесте 9 жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

Бензойндық қышқылдың ыдырауы

-

-

-

+

-

-

-

Этанолда өсуі

-

-

-

-

+

-

-

Ескерту: «+» -белгі бар, «-» -белгі жоқ.

Барлық бактериалды изоляттар синтетикалық ортада өсті және крахмалдың гидролизденуін жүзеге асырды. Ацетоин мен индол түзген жок. Дезаминдену жүзеге асқан жок (Кесте 9).

Негізгі морфологиялық, физиолого–биохимиялық белгілері 6, 7, 8, 9 кестелерде көрсетілген және 6БА, 7БА , 9БА штамдары Bacillus туысына жатқызылды. 6БА мен 9БА штамдары глюкоза мен арабинозаны ассимилияциялайды, лизоцим бар ортада өспейді және маннит пен пропионатты пайдаланбайды. Осы белгілердің негізінде олар Bacillus brevis түріне жақын.

10БА штамы тез өсетін бактерияларға жатады және микобактерияларға өмірлік циклі ұқсас.(таяқша-кокка-таяқша). Сахароза мен лактозадан басқа негізгі көмірсуларды пайдаланады, цитраттарды ассимиляцияламайды. Осы белгілеріне байланысты 10БА штамы Mycobacterium rubrum түріне жақын болып келеді.

11БА штамы Micrococcus туысына жатады, грам оң кокка тәрізді клеткалар. Глюкоза, сахароза және маннитті пайдаланады, этанол бар жерде, парафинде өседі. Micrococcus paraffinae түріне жатады.

12БА штамы оксидаза оң, каталаза оң, 4º С -ден 37º С-.ге дейінгі температурада өседі. Көміртек көздерінен глюкоза, сахароза, арабиноза, рамноза және маннитті пайдаланады. Нитраттарды нитритке дейін қалпына келтіреді және Pseudomonas туысына жатады.