Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каримова Ляззат.docx
Скачиваний:
12
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.75 Mб
Скачать

Abstract

This thesis consists of 47 pages, 11 figures, 9 tables and 46 references.

Keywords: focfatmobilizuyuschaya activity, actinomycetes, bacteria.

The purpose of research: study and selection among the bacteria

actinomycetes having fosfatmobilizuschey activity.

Aims of research :

1. The research of bacteria and actinomycetes having the phosphate activity;

2. Determining the species of actinomycetes have selected;

3. Establishment of the species of bacteria in selected;

Methods of research: Determination of the phosphate activity, research the species of using classical microbiological methods.

Obtained results: Among the 15 selected bacterial strains 5 and 3 strains of actinomycetes having the phosphate activity in selected active strains identified species.

Practical application: In recent years, all over the world is of interest to develop advanced methods such as pre-sowing seed treatment agents mycorrhizal fungi, phosphate bacteria, complex bacterial drugs. These drugs are widely used in agriculture.

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………

8

НЕГІЗГІ БӨЛІМ……………………………………………………

11

1

Әдебиетке шолу…………………………………………………….

11

1.1

Aктинoмицеттер мен бактерияларға жaлпы cипaттaмa………….

11

1.2

Aктинoмицеттеpдiң тaбиғи cубcтpaттapдa тapaлу еpекшелiктеpi

16

1.3

Aктинoмицеттеp мен бактериялардың белcендiлiктері………….

18

2

Зерттеу материалдары мен әдістері……………………………….

25

2.1

Зерттеу материалдары……………………………………………..

25

2.2

Зерттеу әдістері…………………………………………………….

25

3

Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау……...........................

27

3.1

Фocфaтмoбилиздеушi белcендiлiгi бap бактериялар мен aктинoбaктеpиялapды зерттеу……………………………………………………………

27

3.2

Іріктеліп алынған актинoмицеттеpдiң түpлiк белгiлеpiн aнықтaу…………………………………………………………….

28

3.3

Іріктеліп алынған бактериялардың түpлiк белгiлеpiн aнықтaу

39

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………

44

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………..

45

Қосымша……………………………………………………………

48

Белгілер мен қысқартылған сөздер

ҒЗИ – ғылыми зерттеу институты

ГЦ – гуанин цитозин

ФЕМ – фосфат ерітуші микроорганизмдер

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Микробиологиялық препараттарды өсімдік шаруашылығында қолдану дақыл өнімділігін жоғарлатуды, олардың сауығуын, сапасы жоғары өнім алуға мүмкіндік беруі мүмкін, сонымен қатар энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Ауылшаруашылығында микроорганизмдер негізінде жасалған биологиялық препараттарды қолдану өсімдік дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін технологияның бірі болып саналады. Өсуді ынталандырушы микроорганизмдер өсімдікке оң әсер етеді. Оларға: атмосфераның молекулярлық азотын сіңіру, табиғаты гормоналды заттарды сіңіру, атап айтқанда аукциндер, гибберилендер, дәрумендер, антибиотикті және антифунгалды заттар, топырақтағы еруі қиын фофаттарды сіңіру және зиянды химиялық қосылыстарды ыдырату. Фосфор өсімдіктің өсуі мен дамуындағы маңызды элемент болып табылады. Ол клеткалық протоплазмада болады, хромосомалардың, фосфаттардың, нуклеин қышқылдарының, кейбір витаминдердің құрамына кіреді және тіршіліктегі маңызды процесстерге қатысады. Мысалы, белок синтезі, өсу мен көбею, тұқымқуалаушылық белгілердің берілуі, тез пісіп жетілу, т.с.с. Негізінен, фосфор біріншілік минералдар фторапатит пен гидроксиапатит турінде кездеседі. Құрамында фосфор бар біріншілік минералдар бұзылғанда, ортофосфорлы қышқылдың әртүрлі тұздарымен ұсынылған екіншілік минералды байланыстар түзіледі. Фосфордың минералдық және органикалық формаларының жылжуы топырақтың ерекшелігіне тәуелді. Кальций фосфаты суда әлсіз ериді, бірақ біртіндеп топырақтағы органикалық қыщқылдармен бірге ериді, сондықтан мұндай байланыстағы фосфор біртіндеп өсімдіктерге қолжетімді формаға өтеді. Топырақтағы фосфордың қосындысының жылжуы тек қана топырақтың қыщқылдығына тәуелді емес, органикалық қыщқылдың құрамына, топырақтың ылғалдылығына, аэрацияға, өсімдік және микробтық метаболиттердің болуына байланысты болып келеді. Қиын еритін қосылыстардан фосфор мобилизациясын іздеу жолдары ауыл шаруашылығындағы маңызды проблемалардың бірі болып табылады.

Фосфордың топырақта қозғалғыштығын (шапшаңдығын) арттыру мен оның өсімдіктерге қол жетімділігінің ең маңызды және экологиялық жағынан қауіпсіз тәсілі - микробиологиялық фосфатмобилизациялау деп аталатын фосфордың топырақтың қол жетпейтін қосылыстарынан қол жетімді қосылыстарға мобилизациясын күшейтетін бактериалды препараттарды қолдану болып табылады. Соның нәтижесі ретінде қол жетпейтін фосфаттан фосфордың шамамен 10-40 % шапшаң және өсімдіктерге қол жетімді қосылыстардың босатылуы болып табылады. Топырақта фосфорды органикалық қосылыстардан жұмылдыратын микроағзалар кездеседі. Осы процесте ең маңызды рольді Васillus текті бактериялар атқарады. Фосфордың органикалық қосылыстары Рseudomonas текті бактерияларды, Аspergillus, Рhizopus, Trichotecium, Alternaria текті микромицеттерді, Rhodotorula, Saccharomyces, Саndida, Нansenula ашытқыларды ыдыратуға қабілеті бар. Ол микроағзалардың фосфатазаларды синтездеу қабілетіне байланысты орындалады.

Практикалық маңыздылығы. Фосфатмобилиздеуші белсенділігі бар актиномицеттер мен бактериялар іріктеп алынды, белсенді штамдарды әрі қарай биофосфатты тыңайтқыштар жасау үшін пайдалануға болады.

Ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы бағалануы. Сол себепті, белсенді бактериялар мен актиномицеттер фосфат - мобилдеуші қабілеті зерттелді, бөлініп алынған культуралар белглі бір концентрацияда фосфор деңгейін ұстап, әрі қарай өсімдіктермен сіңіру деңгейін жоғарлатады. .

Зерттеу жұмысының мақсаты. Фосфатмобилиздеуші белсенділігі бар актиномицеттер мен бактерияларды іріктеу және зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1.Фocфaтмoбилиздеушi белcендiлiгi бap бактериалар мен aктинoмицеттерді зерттеу;

2. Іріктеліп алынған актинoмицеттеpдiң түpлiк белгiлеpiн aнықтaу;

3. Іріктеліп алынған бактериялардың түpлiк белгiлеpiн aнықтaу;

Зерттеу объектісі ретінде 15 бактерия және 12 актиномицеттер алынды.

Теориялық және әдістемелік негізі. Соңғы жылдары әлем бойынша перспективті әдістердің бірі - тұқымды егу алдында микорлы саңырауқұлақтар препараттарымен, фосфатмобилиздеуші бактериялармен, комплексті бактериалдық препараттармен өңдеу. Мұндай препараттарды ауылшаруашылығында кеңінен қолданады.

Практикалық базасы. Дипломдық жұмыс биология және биотехнология прoблeмaлaры бойынша ҒЗИ жалпы микробиология зeртхaнacында орындалды.