Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арыстан.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.11 Mб
Скачать

Жауын-шашынның жиналған саны

Күнделікті жиналатын температура (қызу)

2 деңгей – дәнді дақылдардың өсуінің көрсеткіштерін іздестіру.

Бұл кезеңде келесі деректерді үлгіге енгізу жүзеге асады: тұрақты кестедегі метеорологиялық алаңдар, ауыл шаруашылығының дақылдары туралы деректер, топырақтың деректері, жерді пайдаланудың карталары. Екінші деңгейден шыққан кезде биомассаның даму сатысының, жапырақ индексінің он күндік және ай сайынғы деректері және қаралатын дақылдың өнімділігін бағалау үшін қажетті басқа да көрсеткіштер қалыптасады.

Биомассасы (яровая бидай)

Дәнді-дақыл түрлерінің өсу көрсеткіші

3 деңгей – егістік жерлердің өнімділігін бағалау.

Үшінші деңгейде егіннің шығымдылығы жөніндегі тарихи статистикалық деректер және үлгілеудің көмегімен есептелген егіннің шығымдылығының уақыт қатары кіріспе деректер болып табылады. Қорытындыда егістік жерлердің өнімділігі бағаланады.

Ауыл шаруашылығының міндеттері

Батыста прецизионды деген атауға ие болған нүктелі егін шаруашылығы өсімдік өсірудің жаңа, техникалық жағынан неғұрлым жетілдірілген технологиясы болып табылады. Осындай егін шаруашылығының негізінде өсімдіктердің тіршілік ету ортасының танап ішілік түрленгіштігін есепке ала отырып егістердің өнімділігін басқару жүзеге асады, яғни алаңның әрбір шаршы метрі үшін оңтайлы басқару жүзеге асады. Бұндай басқарудың мақсаты ауыл шаруашылығының өндірісін оңтайландырып, шаруашылықты және табиғи ресурстарды үнемдеу жағдайында барынша пайда табу болып табылады. Бұндай тәсіл, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, неғұрлым жоғары экономикалық тиімділікке жеткізеді және, ең бастысы топырақтың құнарлылығын және ауыл шаруашылығы өнімінің экологиялық тазалығының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Нүктелі егін шаруашылығының технологиясын іске асыру үшін борттық ЭЕМ-мен басқарылатын және агротехникалық операцияларды саралап жүргізуге қабілетті қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының техникасы, жердің дәл қалпын беретін құралдар және егістік жерлердің әртектілігін анықтауға көмектесетін техникалық жүйелер қажет. Бұндай техникалық жүйелерге әр түрлі спектрлі диапазондарда ауыл шаруашылығының дақылдарының егістік жерлерін түсіруге және агротехникалық операциялардың мониторингін жүзеге асыруға қабілетті жерді қашықтан алдан ала тексеру құралдары жатады. Нүктелі егін шаруашылығының технологиясының өзегі бағдарламалық толтыру болып табылады, ол ауыл шаруашылығының егістік жерлерінің кеңістікті-ерекше белгіге ие деректерін жүргізуді, сондай-ақ өңделетін танаптың шегінде сипаттамаларының өзгеруін ескере отырып агротехникалық шешімдерді тудыруды, оңтайландыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Нүктелі егін шаруашылығының технологиясын бағдарламалық толықтыруға геоақпараттық ортада жұмыс істейтін бағдарламалық қамтамасыз ету және егіннің шығымдылығының болжамын жүзеге асыратын үлгілер жатады.

Дәнді дақылдарды өңдеудің агротехнологиясының ғарыштық мониторингі

«ҚАЗГЕОКОСМОС» АҚ‑да жасалған дәнді дақылдарды өңдеудің агротехнологиясының ғарыштық мониторингінің технологиясы негізгі агротехникалық операцияларды жүргізудің мезгілінде егістік жерлерді белсенді түрде алдын ала тексеру әдістерінің көмегімен егіс жұмыстарының барысын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

Бұл технология келесі ауыл шаруашылығының жұмыстарын қашықтан бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді:

1. Сүдігерлеп жырту (егістік жерлердің негізгі түрлері анықталады: пар, аңыз және сүдігер (күзгі жер жырту)).

2. Қар тоқтату (егістік жерлердің төрт түрі сәйкестендіріледі: пар, ықтырмалы аңыздарда қар тоқтату, тұтас аңыздарда қар тоқтату және қарлы дуалдарды тұрғызу).

3. Ылғалды жабу және тырналау (егістік жерлердің келесі түрлері анықталады: сүдігер ылғалды жаппай, сүдігер ылғалды жабу арқылы, пар ылғалды жаппай, пар ылғалды жабу арқылы және өңделмеген егістік жерлер).

4. Топырақты егіс алдындағы баптау (егіс алдындағы баптаудан кейінгі танаптар, осының алдындағы жылғы пар, бірінші баптаудың пары, пар ылғалды жаппай, пар ылғалды жабу арқылы, аудара жырту, көп жылдық шөптер, арпаның аңызы және бидайдың аңызы анықтап танылады).

5. Егу (егістік жерлердің келесі түрлері сәйкестендіріледі: осының алдындағы жылғы пар, борозда, көп жылдық шөптер, арпаның аңызы, бидайдың аңызы, ағымдағы жылғы аудара жырту, топырақты егіс алдындағы баптау, пар ылғалды жабу арқылы, Кейс кешенімен егу, СЭС-6/12 тұқымсепкіштерімен егу және қопсыту).

6. Түптеу (пар, аңыз және сүдігер (күзгі жер жырту) анықтап танылады).

7. Егін жинау (егістік жерлердің негізгі түрлері анықталады: пар, аңыз (астығы жинап алынған танаптар), көп жылдық шөптер (аңыз), жаздық арпа, жаздық бидай және аудара жыртудың бидайы).

Технологияның сипаттамасы

Агротехникалық операцияларды қашықтан бақылаудың әдістерін жасаудың мақсатымен синхрондық (ғарыштық және жер жер үстіндегі) түсірудің деректерін өңдеу біртұтас сценарий бойынша орындалады:

-Агроортаның тірек карталарын жасау

Егістік жерлерді қадағалаудың деректерін алдыңғы өңдеу орындалып және егіс жұмыстарының барысы жөніндегі барлық ілеспе ақпараты мазмұндалған ауыл шаруашылығының егістік жерлерінің векторлық картасы қалыптасады.

-Эталонды телімдерді қалыптастыру

Эталонды телімдер таңдалады, олар үшін егістік жерлерінің нөмірлері, фотосуреттер, ғарыштық суретердің үзінділері және өңдеудің түрі (сүдігер, пар және т.б.) көрсетілген арнайы кестелер толтырылады. Бұл кестелер анықтап танудың алгоритмдерін әзірлеу кезіндегі ГАЖ-технологияларын жасаудың келесі кезеңдерінде пайдаланылды.

-Алыстан алдын ала тексерудің деректерін алдыңғы өңдеу

Ғарыштық суреттерді алдыңғы өңдеу ERDAS IMAGINE-нің көмегімен орындалады.

-Егістік жерлерді жіктеу

Жіктеу Definiens Professional пакетінің көмегімен орындалады және келесі кезеңдерді қамтиды: агроорталар бойынша пикселдерді саралау, жіктеу, векторлау. Нәтижесінде алынған нысандар векторлық форматқа экспортталады, бұл ретте олар ArcGIS/ArcMap-та кеңістікті талдау үшін пайдаланылуы мүмкін, нысандардың қасиетін сипаттайтын ерекше белгілерімен қоса ұсынылады. Нәтижесінде *.mxd жоба жасалады, онда қорытынды карта қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]