Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арыстан.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.11 Mб
Скачать

3.3 Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі суармалы егістіктердің өнімділіктерінің гаж технологиясы

Қазақстанның басым көпшілік жерлері құрғақ, тіпті шөл-дала және шөл зоналарында орналасқан. Бұл аймақтарға егіншілікпен өнімді айналысу үшін оларды қолдан суармайынша болмайды. Республикамыздың оңтүстік алқаптарында, негізінен бұрыннан суармалы егіншілікпен айналысатын туысқан өзбек,ұйғыр халықтарымен көршілес,аралас мекендейтін аудандарда суармалы егістікпен айналысу көптен-ақ бар. Дегенмен оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншіліктің біршама дамуы кеңестік дәуірде пайда болғанын мойындауымыз керек. Ол кезеңде Қазақстан суармалы егіншілік жөнінен КСРО-да Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3 орында болып, суармалы егіншілік көлемі 2,5 млн. гектарға жуықтағаны белгілі.

Ескеретін тағы бір жағдай, Қазақстандағы егіс суарудың тиімділігі көптеген көрші елдерге қарағанда көп жоғары. Бұл жағдай практика түрінде де көптен дәлелденіп жүр. Мәселен, әлемдік рекордтық өнімдер, күріштен гектарынан 171 центнер, (Ы.Жақаев, Қызылорда), тарыдан - 201 центнер (Шығанақ Берсиев, Ақтөбе), қант қызылшасынан-1600 центнер (О.Гоноженко, Талдықорған) Қазақстанның суармалы жерлеріне алынғаны әлемге әйгілі. Міне сондықтан да Қазақстандағы суармалы егістікті дамыту мәселелерін негіздеу мақсатымен республикамыздың сумен қамтамасыз етілген оңтүстік аймақтарының жерлерінің топырақ-мелиоративтік жағдайлары жан-жақты зерттеліп, бағаланды. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысы жылдары тағдырдың тәлкегімен Қызылордаға жер аударылып келген топырақтанушы, болашақ аса ірі ғалым В.М.Боровскийдің атымен тікелей байланысты. 1930 жылдардың ортасында Ленинград университетінің геолог-топырақтанушы мамандығын, академик Б.Б.Полыновтың жетекшілігімен үздік бітірген В.М.Боровский Қызылордада алғашқы жылдарды облыстық су шаруашылық жүйесінде, сонымен қатар жергілікті педагогикалық институтта дәріс берді.

1940 жылдардың ортасынан бастап, облыс жер жағдайларымен біршама танысқан В.М.Боровский Сырдария бойында суармалы егіншілікті дамыту мүмкіншіліктерін зерттеу үшін терең ғылыми жұмыстарымен айналысады. Осы жылдары жаңа ашылған Қазақ ғылым академиясының Қызылордадағы базасын басқарған В.М.Боровский негізгі ғылыми жұмыстарды Сыр бойының топырақ-мелиоративтік жағдайларын зерттеп,бұл өңірде суармалы егіншілікті дамытып,күріш тағы да басқа дақылдарды өрістетуге бағыттады. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде В.М.Боровский алдымен, 1940 жылдардың аяқ кезінде ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, ал 1950 жылдардың ортасында ауылшаруашылық ғылымының докторы дәрежелерін жемісті қорғады. Бұл мәселелер жөнінде көптеген ғылыми мақалалармен қатар В.М.Боровский мен оның шәкірттерінің екі томдық монографиясы 1950 жылдардың аяқ кезінде "Ғылым" баспасынан жарық көрді. Бұл еңбектерде Сыр бойының топырақ-мелиоративтік жағдайлары толық сипатталып,бағаланып,оларды егіншілікке игеру кезінде қолданылатын мелиорация шаралары анықталды.

Сыр бойы өңірі зерттеліп болған соң, мұндай топырақ-мелиоративтік зерттеулер Іле, Шу, Жайық сияқты ірі өзендер бойлары мен қатар Қаратал, Талас, Тентек, Лепсі, Көксу, Арыс т.б. майда өзендер бойларында да жүргізілді. Бұл жұмыстарда негізінен В.М.Боровскийдің тікелей жетекшілігімен, оның шәкірттерімен, ал біршама жұмыстар су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарымен жүргізілді.Бұл еңбектер нәтижесінде де зерттелген аймақтардың топырақ-мелиоративтік жағдайлары, оларды суармалы егіншілікке игерген кезде қолдануға қажетті шаралар жан-жақты сарапталып бағаланды.Міне, осы зерттеулер нәтижелерінде оңтүстік суармалы егіншілік өрістеген аймақтар өздерінің мелиоративтік жағдайларына қарай В.М.Боровский бойынша [42] негізгі үш мелиоративтік алқаптарға бөлінді. 1) Тауетегі мен бөктерлеріндегі көлбеу тегістіктер, топырақ қабаттары сарысазды, майда ұнтақталған жыныстардан тұрады. Ал топырақтың астыңғы қабаттары ірі қиыршық таспен құмдардан тұрады. Таудан алыстаған сайын топырақ астындағы төселген тау жыныстарының ірілігі бірте-бірте кеміп,майда ұнтақталған жыныстарға айналады. Топырақ астындағы ыза сулар ірі кесекті жыныстардан еңкейісі төменге тез ағып кететіндіктен, бұл алқапта олар терең жатады,немесе тіпті жоқ. Сондықтан олар топырақ түзілу процестерінде ешқандай әсер етпейді. Зоналық топырақтары сұр және қара-қоңыр топырақтар. Топырақ құрамында тұздар жоқ есебі,суару кезінде сорлану және батпақтану қаупі жоқ. Дегенмен топырақасты қабаттарының суды мол өткізетінің нәтижесінде арық-атыздар мен каналдар бойларында,сонымен қатар суарылатын жер алқаптарында су жерастына көп сіңіп, шығын болады. Міне сондықтан да бұл алқаптарды суару кезіндегі негізгі шара-судың жер астына сіңіп,көп шығын болуымен күресу, канал арықтар табандарын, қабырғаларын су өткізбейтін плита, латоктарымен қаптап,егістік жерлерге суды топырақтардың тек беткі қабатының суды өзінде ұстай алатын мөлшерін ғана беру т.б. шаралар қажет.

2) Жоғарғы алқаптан төменірек орналасқан тау етегіндегі жерасты ыза сулары топырақ бетіне жақын жатқан сазды жерлер. Бұл алқаптағы топырақ түзуші тау жыныстары да негізінен таудан жылжыған пролювиалды-делювиалды жыныстардан тұрады. Дегенмен бұл алқап таулардан біршама алысырақ жатқандықтан топырақ түзуші жыныстар ірі қиыршық тастар орнына майда ұнтақталған, су өткізгіштігі нашар жыныстардан түзіледі.Оның үстіне бұл алқаптың жер беті және жерасты еңкейісі де аз болғандықтан ағымы (отток) нашарлайды. Міне осыған байланысты таулы өңірлерде жер астына сіңген сулар жер бетіне жақындайды. Тіпті кей жерлерде су көздері майда бұлақтар болып жер бетіне шығып жатады.Сондықтан жергілікті халық оны "қарасулы зона" деп те атайды. Сулары негізінен тұщы, топырақтары жерасты ыза суларының жақындығына байланысты шалғынды-сұр,шалғынды-сазды,шалғынды-батпақты, ал кейбір бұлақтар шығып жатқан жерлерде батпақты.Бұл алқаптың жерлерін жыртып игерген кезде жерасты ыза суының жақындығын ескеріп,суару мөлщерін көп азайту қажет, себебі жерасты ыза суларын егістіктер біршама пайдаланады.

3) Жоғарғы сазды алқаптан төмен орналасқан кең алқап-шөлді зона, негізінен көне кездегі, кейбір жерлері қазіргі өзен бойлары мен атыраулары, еңісі өте нашар, кей жерлерде тіпті еңісі жоқ тегістік- жазықтар, топырақтары шөлдің сұр-құба, тақыртүстес топырақтары. Алқаптың көп жерлерін құмды және таза тақырлы аумақтар да алып жатады. Негізгі топырақтарының беткі қабаттары майда ұнтақталған, ал төменгі қабаттары сазды, құмды болып келеді. Жерасты ыза сулары әдетте тереңде, топырақтың түзілуі мен қасиеттеріне ешқандай әсер етпейді.Бұл алқапты суарған кезде жерасты ағысының өте аздығынан жерасты ызы суы пайда болып,ол тез көтеріледі де топырақ сорланады.Себебі табиғи жағдайдың өзінде бұл топырақтар мол сорланған, ал пайда болып жоғары көтерілген ыза сулар құрамында да тұздар мол.Топырақтарды сорланудан сақтау үшін бұл алқаптарда міндетті түрде топырақты сордан шайып,шайынды суларды қазылған қашыртқы су керіздері арқылы бұл учаскелерін алыстатып жіберу керек. Бұл мелиоративтік алқаптардың схемалық картасы В.М.Боровский бойынша 7-суретте берілді.

Сонымен қатар, оңтүстік суармалы егіншілік аймақтарда жерлердің мелиоративтік жағдайларын бағалау үшін, жоғарғы айтылған мелиоративтік көрсеткіштермен (топырақ қабаттарының құрылымы,жер беті, жер асты ағысының болу, болмауы,жер асты ыза сулары деңгейі т.б.) қатар топырақ жайғасқан аумақтардағы топырақ пен топырақ асты қабаттарындағы және жер асты ыза суларындағы тұздар құрамы да үлкен роль атқарады.Міне осы көрсеткіштер арқылы академик В.М.Боровский өзі жетекшілік етіп,көпжылдық жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, Қазақстанның оңтүстік суармалы егістік дамыған бөлігінде 3 топырақ-геохимиялық провинцияларды анықтады. Ескеретін жағдай,бұл 3 топырақ-геохимиялық провинциялардың әрқайсысы тиісті су бассейндерінің ағымдарының барып құятын түпкі нүктелері: Каспий, Арал теңіздерімен Балқаш көліне негізделген. Бұлардың барлығына бірдей заңдылық - бассейндердің топырақ қабаттарының да,жерасты суларының тұздылығы да бассейн басынан бастап төменгі ағысты қабылдайтын нүктелеріне жақындаған сайын арта түседі. Сонымен бұл 3 провинцияларға қысқаша сипаттама келтірейік[43] .

1) Каспий теңізі бассейнінің хлорлы топырақ - геохимиялық провинциясы. Топырақта да, жерасты суларында да сорланудың көбеюі өскен сайын тұздар құрамында хлордың үлесі өсе түседі,негізінен хлорлы-натрий. Сонымен қатар бор тұздарының да мөлшері өседі.

2) Арал теңізі бассейн ағынының хлорлы-сульфатты провинциясы. Жер асты суының тұзы көбейген сайын, онда хлордың үлесі (негізінен хлорлы натрий) өседі, ал топырақтағы тұздар көбейген сайын сульфат үлесі (негінен натрий сульфаты) өседі.

3) Балқаш көлі бассейн ағымы провинциясында хлор мен сульфаттардың шоғырлануы Арал бассейніне ұқсас, бірақ мұнда топырақтың сорлануына сода тұзының әжептәуір үлесі бар, ал оған қоса біршама бор тұзы да қатысады.

Міне осы 3 топырақ-геохимиялық провинцияларды тұз құрамдарының сапаларын салыстыру суармалы егіншілік үшін ең ыңғайлысы хлорлы-сульфатты Арал бассейні екенін көрсетеді.Бұл туралы нақтылы мәліметтер тұздардың құрамдары және олардың әртүрлі мөлшерлерінің өсетін өсімдіктерге келтірілетін зиянды әсерлерін келтірген кестелер В.М.Боровскийдің жоғарғы еңбектерінде келтірілген [42] [43]

Ескеретін жағдай, В.М.Боровскийдің бұл келтірген материалдарында тікелей суармалы егістіктегі барлық шаруашылықтардың жер кадастрын жасау үшін пайдалана алмаймыз. Бұл материалдар жалпы жер кадастрын жасаудың зоналық масштабында бағдар, бағыт болып табылады. Ал нақтылы топырақ түрлері мен шаруашылықтардың жер кадастрын жасау үшін, тек сол топырақ түрі мен шаруашылықтың нақтылы материалдарын пайдаланып жасау қажет.

Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі

Тәуелсіздік алған жылдардың басында-ақ Республикамыздың жер туралы заңы қабылданған болатын. Дегенмен ол заңның көптеген шикілігі болып 1995 жылдың 22 желтоқсанында Елбасымыздың заң күші бар жер туралы уақытша жарлығы шықты. Жер туралы заң халықтың аса бір көкейтесті заңы болғандықтан баспасөзде 1999 жылы 22 маусымда және 2000 жылдың 7 шілдесінде әртүрлі деңгейде жетілдірілген нұсқалары жарияланып,көпшілік талқылауынан, парламент сараптамаларынан өтіп, 2001 жылдың 24 қаңтарында Елбасымыздың қол қоюымен қабылданған болатын. Дегенмен бұл заңның да қазіргі нарықтық экономикаға дөп келмейтін тұстары байқалып, көп ұзамай халық назарына үкімет қазіргі әлемдік нарықтық экономикасына сәйкестендірілген Қазақстанның Жер туралы жаңа заңының нұсқасын ұсынды. Біршама пікірталас сараптамалардан кейін Қазақстан Республикасының Жер кодексі көпшіліктің қолдауына ие болып, Елбасымыздың 2003 жылдың 20 маусымында қол қоюымен қабылданды [44].

Бұл кодекстегі басты жаңалық - ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланатын жерлердің негізінен мемлекеттік меншікте болуымен қатар жеке меншікке төлемақы арқылы берілуі (сатылуы). Жер кодексін талқылау кезінде үлкен дау туғызған, біршама халыққа осы күнге дейін күмәндандырып жүрген мәселе - осы ауыл шаруашылық жерлерінің жеке меншікке сатылуы. Біздің ойымызша,бұл мәселеден үрейленетін ештеңе де жоқ. Біріншіден ауыл шаруашылық жерлерінің барлығы сатылмайды, көп болса Қазақстан жерлерінің 10-15%-ы ғана сатылуы мүмкін. Екіншіден жеке меншікке жерді алсаңда аласың, алмасаң да аласың деп ешкім сені қинамайды. Сатып алғың келмесе бірнеше жылға жерді мердігерлікке (арендаға) алып пайдалан. Жерді сатып алуға алғашқы кезде ақшаң жетіспей жатса оны оншақты жылға созып, бөліп төлеуге де болады. Жеке меншікте де, ұжымдық,акционерлік, серіктестік т.б. әртүрлі түрлері болады. Қай түрін ұйымдастырсаң да өз еркің. Әңгіме жерді жеке меншікке беруде болып тұр. Себебі біздің тарихымызда ауыл шаруашылық жерлері көп жылдар бойы аса ірі колхоз,совхоздар меншігінде болды. Практика көрсеткендей колхоздікі, совхоздікі деген сөз ешкімдікі емес деген сөз. Сондықтан оны пайдаланудағы жауапкершілікте жоқ есебі.

Қазақта "иелі жер - киелі" деген әдемі сөздер бар, оның мағынасы иесі бар жерді иесі тиімді пайдаланып,қорғап,гүлдендіреді дегеен мағына береді. Шындығында да "Өзім дегенде өгіз қара күшім бар" деген жеке меншік жер иесі өз жерінде еңбек етіп, тер төгуге аянбайды. Себебі бұл жерден алынған өнім басқа ешкімдікі емес,өзінікі.

Жоғарыда қабылданған республикамыздың жаңа жер кодексіне сәйкес тәуелсіз Қазақстанның ғылыми негізделген, өз табиғи-экономикалық жағдайларымызға үйлесімді жер кадастрларын жасау қалыптасуда. Себебі жерлерді жеке меншікке беру (сату), жалға беру төлемақылары Қазақстанның әр аймақтарында ол жерлердің құндылығына қарай әртүрлі. Төмендегі екі қосымша кестелерде Қазақстан Республикасы үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын,сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерлері берілген 8-кестеде жер учаскесінің жеке меншікке құрылыс салуға немесе оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді қоса алғанда, ғимараттар (құрылыстар, үймереттер) мен олардың кешендері салынған жерлерді берген кезде, олар үшін төлемақының базалық ставкалары берілген. Ал 9-кестеде жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары көрсетілген [45].

Қазақстанның жаңа жер кодексі қабылданған біршама уақыт ішінде аса маңызды істер жүзеге асуда. 1)Мыңдаған гектар ауылшаруашылық жерлері жеке меншікке сатылып, оның қаржысы ұлттық қорға аударылуда. 2) Ауылшаруашылық жерлерін банктер кепілге қояр құндылық ретінде қабылдауда. 3) Жеке меншігінде жер телімдеуі барлар өз телімдерін субарендаға беру толық күшін жойды.

Егістік жерлердің өнімділігін бағалаудың ГАЖ-технологиясы жалпы,

ауыл шаруашылығы Қазақстанның ұлттық экономикасының маңызды саласы болып табылады. Аграрлық сектор ұлттық басымдықтардың жүйесінде – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі міндеттердің бірін орындайды. Аграрлық өндірісті дамыту егін шаруашылығының тиімділігі жоғары жүйесін, көптеген өндірістік және басқару міндеттерін шешу үшін қажетті ақпаратты жинау мен өңдеудің қазіргі заманғы технологияларын енгізуді талап етеді. Бұндай қазіргі заманғы технологияларға CGMS (Crop Growth Monitoring System) жүйесінде іске асырылған, «ҚАЗГЕОКОСМОС» АҚ-мен түрлендірілген және Қазақстанның астық егетін аудандарының жағдайларына бейімделген WOFOST өсімдіктің өсуінің үлгісі жатады.

CGMS - бұл ауа райының жағдайларын және дақылдардың өсуі жағдайларын сипаттайтын көрсеткіштердің негізінде үлкен телімдерде ауыл шаруашылығының дақылдарын егу, өсуі және толысуы кезеңдерінің сапа мониторингына арналған агрометеорологиялық ақпарат жүйесі. Көрсеткіштер ауыл шаруашылығы дақылдарының өзінен, ауа райының және топырақтың деректерінен, сондай-ақ күнделікті метеорологиялық параметрлерден тұжырымдалады.

Егістік жерлердің өнімділігін бағалаудың технологиясы деректерді өңдеудің үш деңгейін қамтиды:

1 деңгей – ауа райының көрсеткіштерін іздестіру.

Бұл кезеңде метеорологиялық деректерді жинау, тексеру және түзету жүзеге асады. Бұдан ары метеорологиялық көрсеткіштер CGMS бағдарламалық кешенінің деректер қорына жүктеліп және тұрақты кестеге интерполяцияланады. Метеорологиялық көрсеткіштердің он күндік, ай сайынғы карталары қорытынды нәтижелер болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]