Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арыстан.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.11 Mб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕНУЛЕРІ

1.1 Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің қысқаша даму тарихы және егістікке жарамды жерлердің сипаттамасы

1.2 Қазақстанның аумағындағы жайғасқан топырақ түрлерін жіктеу және егістік жерлерден алынатын астық өнімдерінің ерекшелігі

2. ЗЕРТТЕУ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2.1 Зерттеу нысандары

2.2 Зерттеу әдістері

3 ҚАЗАҚСТАН ЖЕРЛЕРІН ЕГІСТІККЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕ БАҒАЛАУ

3.1 Егістікте пайдаланылатын жерлерді бағалау ұстанымдары

3.2 Қазақстанның терістік өңірлеріндегі суарылмайтын жерлерді бағалау және ондағы астық тұқымдас дақылдарының өнімділіктерін арттыру жолдары

3.3 Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі суармалы егістіктердің өнімділіктерін бағалаудағы ГАЖ технологиясы

3.4 Қазақстанның егістік жерлерінің экологиясы мен эрозиялық жағдайларын бағалау

3.5 Суармалы жерлер мен тұзданған топырақтардың мелиоративтік жағдайларын бағалау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ТҮЙІН

Магистрлік диссертация тақырыбы: Қазақстан жерлерін егістікке пайдалану жөнінде бағалау

Магистрлік диссертация құрылымы: кіріспе, 3 негізгі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жұмыс көлемі 80 бет, кестелер саны 11, суреттер саны 14, пайдаланылған әдебиеттер тізімі 48

Диссертациялық жұмыста Қазақстанда жайғасқан жерлерді егістікке пайдалану үшін, оларды жан-жақты бағаланып, алатын өнімдердің саны мен сапаларының негізінде түсетін экономикалық тиімділіктері анықталды.

РЕЗЮМЕ

Название магистрской диссертации: Оценка земельных ресурсов Казахстана для земледелия

Структура магистрской диссертации: введение, 3 основных частей, заключение, список использованных литератур

Объем работы 80 листов, количество таблиц 11, количество рисунков 14, список использованных источников 48

В магистрской диссертационной работе оценены земли расположенные в Казахстане, пригодные для земледелия. А так же определить экономическую эффективность и качество продукции.

SUMMARY

Theme of master`s dissertation:

Using land of Kazakhstan on crop The structure of master`s dissertation: introduction, 3 main parts, the conclusion, the list of the used literatures.

The amount of work 80 pages, number of tables 11, number of pictures 14, list of used literatures 48

The dissertation work is ploughed a comfortable took place plages of Kazakhstan, that using on crop and economic efficiency and product qualities.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүкіл биосферадағы тіршілік, оның ішінде адам қоғамы табиғаттың ерекше саналы бөлігі бола тұрып, табиғат қорынсыз тіпті өмір сүре алмайды. Мысалы, профессор Г.Г. Муравлевтің мәліметі бойынша (1) адам организмі ауасыз ( оттегісіз) тек 2-5 минут, сусыз 4-5 тәулік, ал тамақсыз 30-35 тәулік өмір сүреді екен. Міне адам өміріне аса қажетті табиғаттың негізгі осы үш қорлары да ( ауа, су және тамақтық заттар) осы өзіміз мекен етіп отырған жерімізде орын алып, түзіліп өндіріледі. Сондықтан адам баласы, көне заманнан-ақ «жерді- асыраушы анамыз» деп өте құрметпен қараған. Сонымен қатар, жер қабаты тек адам қоғамы емес, бүкіл тіршіліктің тірегі, әрі мекені, әрі асыраушысы. Ұсынылып отырған диссертациялық жұмыста біздер жер қорларын негізінен асыраушы- анамыз ретінде ауылшаруашылығымыздың негізгі өндіріс құралы әрі еңбек обьектісі (нысаны) ретінде бағалауға арналғанымен, адам қоғамы мен жер бетіндегі тіршілікке жер қорлары мен қатар басқа да табиғат қорлары аса қажет. Сол себепті, біз төменде негізінен,Қазақстан жерлерін егістікке пайдалану жөнінде мәліметтерді жүйелеп, оларға қысқаша сипаттама беруді жөн көрдік.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты-Қазақстанның аумағындағы жерлерді егістікке пайдалану үшін бағалау.Бұл мақстақа жету үшін келесі міндеттер орындалды:

  • егістікте пайдаланылатын жерлерді бағалау ұстанымдарын баяндау;

  • Қазақстанның терістік өңірлеріндегі суарылмайтын жерлерді бағалау және ондағы астық дақылдарының өнімділіктерін арттыру жолдарын талдау;

  • Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі суармалы егістіктердің өнімділіктерін бағалаудағы ГАЖ технологиясын пайдалану;

  • Қазақстанның егістік жерлерінің экологиясы мен эрозиялық жағдайларын бағалау;

  • суармалы жерлер мен тұзданған топырақтардың мелиоративтік жағдайларын бағалау;

Зерттеу нысаны.Диссертациялық жұмыстың орындалуын жоспарлау барысында Қазақстандағы егістікке пайдаланылатын жерлерді бағалау үшін Республикамыздың барлық ,көлемін шартты түрде,солтүстіктегі суарылмайтын жерлерге, оңтүстіктегі суармалы егістіктерге бөліп, бұлардың экологиялық,эрозиялық және мелиоративтік жағдайларын бағаладық.

Зерттеу пәні. Қазіргі таңда ауылшаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың жолдары, әдістері мен мәселелері зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздеріне Қазақстан аумағындағы егістікке жарамды жерлерді бағалау үшін бонитировкалық,кадастрлық ғылым салаларының теориялық қағидалары пайдаланылды.Нақтылылап айтсақ,осы аумақтың терістік және оңтүстігіндегі жерлерді пайдаланудағы экологиялық,эрозиялық және мелиоративтік жағдайларын осы ғылым салаларындағы теориялық-әдістемелік тәсілдерінің тұғырнамалық негіздерін басшылыққа алдық.

Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Бұл мәліметтер ғылыми баспаларда жарық көрген монографиялық жұмыстардан,қорытындылау мақалалардан және ҚР статистика бойынша агенттігінің, статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері.

Зерттеу тәсілдері топырақты бонитеттеу,кадастрлау,эрозиялық және мелиоративтік бағалау жөніндегі нұсқауларға негізделді.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Қазақстанда осы бағытта орындалған зерттеулердің нәтижелері толыққамтылып, қазіргі кезде қолданатын технологиялармен орындалған.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

1. Қазақстанның терістік өңірлеріндегі суарылмайтын жерлерді бағалау және ондағы астық дақылдарының өнімділіктерін арттыру жолдарын талдау;

2. Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі суармалы егістіктердің өнімділіктерін бағалаудағы ГАЖ технологиясын пайдалану;

3.Қазақстанның егістік жерлерінің экологиясы мен эрозиялық жағдайларын бағалау;

4.суармалы жерлер мен тұзданған топырақтардың мелиоративтік жағдайларын бағалау;

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЖҮЙЕЛЕНУЛЕРІ

Бүкіл биосферадағы тіршілік, оның ішінде адам қоғамы табиғаттың ерекше саналы бөлігі бола тұрып, табиғат қорынсыз тіпті өмір сүре алмайды. Мысалы, профессор Г.Г. Муравлевтің мәліметі бойынша [1] адам организмі ауасыз ( оттегісіз) тек 2-5 минут, сусыз 4-5 тәулік, ал тамақсыз 30-35 тәулік өмір сүреді екен. Міне адам өміріне аса қажетті табиғаттың негізгі осы үш қорлары да ( ауа, су және тамақтық заттар) осы өзіміз мекен етіп отырған жерімізде орын алып, түзіліп өндіріледі. Сондықтан адам баласы, көне заманнан-ақ «жерді- асыраушы анамыз» деп өте құрметпен қараған. Сонымен қатар, жер қабаты тек адам қоғамы емес, бүкіл тіршіліктің тірегі, әрі мекені, әрі асыраушысы. Ұсынылып отырған оқу құралында біздер жер қорларын негізінен асыраушы- анамыз ретінде ауылшаруашылығымыздың негізгі өндіріс құралы әрі еңбек обьектісі (нышаны) ретінде бағалауға арналғанымен, адам қоғамы мен жер бетіндегі тіршілікке жер қорлары мен қатар басқа да табиғат қорлары аса қажет. Сол себепті біз төменде негізінен адам қоғамы үшін пайдаланылатын негізгі табиғи қорларды жүйелеп, оларға қысқаша сипаттама беруді жөн көрдік.

Профессор А.Г.Банников [2] табиғат қорларын адам қоғамы пайдалану үшін төмендегіше жүктейді: өндірістік, денсаулық сақтау үшін, эстетикалық, ғылыми т.б, табиғи қордың қай саласына кіретіндігіне байланысты: жер қорлары, су қорлары, орман қорлары, минералды қорлар, энергетикалық т.б. қорларға бөлінеді. Ал қорлардың таусылуы және таусылмауы жөніне екіге бөлінеді: таусылатын және таусылмайтын, өз кезегінде таусылатын қорлар қайтып қалпына келетін және қайтып қалпына келмейтін болып екіге бөлінеді.

Қайтып қалпына келмейтін табиғи қорларға оларды алып пайдаланғаннан кейін қайтадан қалпына келмейтін қорлар жатады. Олардың қатарына тас көмір, мұнай т.б. көптеген жер қойнауынан алынған пайдалы қазба байлықтары жатады. Сондықтан, оларды пайдалану ол қорлардың мөлшеріне сәйкес пайдаланылады.

Қайтып қалпына келетін табиғи қорлар қатарына негізінен биологиялық қорлар, өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесі және осы биологиялық қорлардың өсіп- дамуына, сол арқылы адам қоғамының дамуына мүмкіншілік жасап отырған басты байлық-топырақ жамылғысы (жер қорлары) жатады. Сонымен бүкіл табиғат қорларының ішіндегі бүкіл тіршіліктің өсіп- дамуына жағдай жасап отырған байлық- құнарлы топырақ жамылғысы.

Бала кезімізде үлкен кісілерден « адам топырақтан жаралған» дейтін сөзді жиі еститінбіз. Қазір ойлап қарасақ, бұл сөздердің мағынасы өте тереңде жатыр. Адам баласы сол топырақтан тікелей жаралмағанымен, топырақ өзінің құнарлығы арқасында оның бетінде әртүрлі өсімдіктер өсіп бүкіл жануарлар дүниесін асырайды. Ал табиғаттың ең жоғарғы туындысы-адам қоғамы өсімдіктер дүниесінде, жануарлар дүниесінде мұқтаждығына саналы түрде пайдаланып, өмір сүреді. Міне осы мәселелерді түсінгеннен кейін жоғарғы айтылған сөздің мәнін терең түсінуге болады. Сонымен табиғат байлықтарының ішіндегі ең басты негізгі қоры- топырақ жамылғысы (жер қорлары).

Ал енді біршама әңгіме осы қалпына келетін табиғат қорларының қалпына келу мерзімі туралы. Жалпыға белгілі өсімдіктер дүниесі бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық болып жыл сайын көгеріп өсіп тұрады. Ал кейбір өсімдіктер, мәселен бұршақ тұқымдас беде, жоңышқа өсімдіктері қолдан суарған жағдайда бір жылдың өзінде 3-4 рет орып алуға болады. Ал ағаш өсімдіктерінің өсіп жетілуі үшін бірнеше жылдар керек. Жануарлар дүниесінің де түрлеріне қарай қалпына келу мүмкіншіліктері әрқалай. Мысалы, қой- ешкі малының биыл туған төлі келесі жылы өздеріде төл әкеле бастайды. Жылқы, сиыр, түйе малдарының жетіліп төлдеуі үшін 3-4 жылдар қажет. Адам қоғамы өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде бұл мәселелерді үйлесімді шешіп отыруы қажет.

Табиғаттың қайтып қалпына келетін қорлар қатарына ең басты байлығымыз топырақ жамылғысы да жатады. Дегенмен, топырақтың түзілу мерзімі, құнары жоғалған топырақтардың құнарының қайтып қалпына келу мерзімі жоғарғы айтылған өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен салыстырғанда өте ұзақ құбылыс. Себебі, топырақ- табиғаттың әрі өлі, әрі тірі (биокостные) ерекше денесі. Сондықтан да әлемнің біршама елдерінде топырақтану ғылымын қай ғылымдар саласына: геологиялық немесе биологиялық ғылымдар салаларына жатқызу туралы біркелкі пікір жоқ. Мәселен, бұрынғы біздің одақта топырақтану ғылымы геология ғылымдар саласына 1948-жылғы шейін жатқызылса, содан кейінгі кездерде биологиялық ғылымдар саласына кіргізу жөнінде одақтың шешімі қабылданды. Себебі, топырақ құрамы негізінен өлі минералды заттардан түзілгенімен оның негізгі қасиеті құнарлылығын түзуге тікелей әсер ететін майда төменгі сатылы жәндіктер мен микроорганизмнен тұрады. Былайша айтқанда олар топырақтың тірі бөлігі болып саналады. Құнарлы қабаты бір себептермен шайылып кеткен топырақтардың табиғи жағдайда қайта түзіліп қалпына келуі өте ұзаққа созылатын құбылыс. Мәселен, қалыңдығы 20 см, жыртылатын топырақ қабатының қайтадан түзілуі үшін табиғи жағдайлардың ерекшеліктеріне қарай 3-7 мың жыл уақыт керек [3] . Міне сондықтан адам қоғамы өзінің тыныс тіршілігінде топырақтың құнарлы қабатын су және жел эрозиясынан, басқада экологиялық апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма- жыл арттыру және жақсарту шараларын орындауы қажет.

Қайтып қалпына келетін табиғи қорлар қатарына кейбір шөгінді жыныстар жатады. Мысалы, теңіз жағалауларына толқынмен жиі шығып тұратын тұзды сулардан қалатын тұздар қорлары.

Табиғаттың таусылмайтын қорлары қатарына ғарыштан түсетін қорлар, климаттық және су қорлары жатады. Ғарыш қорлары, мәселен күннен түсетін сәуле, радиация, мұхит толқындарының энергиясы таусылмайтын қорлар. Әзірше күн планетасына адам қоғамының әсер етуін, қорғау мәселесін тікелей қоя алмағанымен, күн сәулесінің Жер бетіне түсуі атмосфераның жағдайына, оның былғану деңгейіне байланысты. Ал, атмосфераның былғануы адам қоғамының тікелей әрекетіне байланысты болғандықтан күн сәулесінің Жер бетіне таралуына қоғамның біршама әсер ету мүмкіндіктері бар. Климаттық қорлар-ауадан келетін жылу мен ылғал, ауа, жел энергиясы қоғамдық өмірде таусылмайтын қорлар. Дегенмен, қоршаған ауамыздың таза болуы көптеген жағдайларда адам қоғамының өндірістік тіршілігіне байланысты. Сондықтан адам қоғамы таза ауа үшін көп жағдайлар жасай алады.

Биосферадағы су қорлары, әсіресе әлемдік мұхиттардағы су қорлары қоғамдық өмірде таусылмайтын қорлар. Дегенмен, өмірге қажетті тұщы сулар қоры аса көп емес, сондықтан оларды қорғап, өнімді пайдалану қажет.

1.1 Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің қысқаша даму тарихы және егістікке жарамды жерлердің сипаттамасы

Қазіргі уақытта өз тәуелсіздігін алған Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кіріп, Елбасымыз – Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауындағы әлемдегі бәсекелестік қабілеті бойынша алдыңғы елу елдің қатарына кіру, сондай-ақ БСҰ-ға кіру алдында, дүниежүзілік тарихи дамуымен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қжеттілігін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай қажеттілік күрделі кезеңдерге байланысты Қазақстан тарихының мұқият зерттелуі мен зерделенуін талап етуде, әрі заңды құбылыс болып отырғаны белгілі. Кеңес дәуірінің тарихнамасы әкімшілік-әміршілдік саясат салдарынан тарихи жағдайлар мен әлеуметтік жайларды теріс түсіндіріп, ақиқатты айтпай, қисынсыз теория мен тұжырымдарға жол беріп отырды. Тарихи процестерді шындыққа жанаспайтиын партиялық таптық тұрғыдан көрсету, оны маркстік-лениндік әдістеме негізінде түсіндіру осы жүйенің заңы мен тәртібіне саналды. Осының нәтижесінде Қазақстан тарихында көптеген «ақтаңдақтар» пайда болды. Солардың бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны. [4].

Сөз етіп отырған тақырыбымыз өте күрделі де қиын мәселе және өзіндік орны ерекше оқиға. Өйткені, тың игерудің нәтижесінде Қазақстан ірі астықты аймақтардың біріне және кеңшар өндірісі басым дамыған республикаға айналды. Егіс көлемінің ұлғайтылуының нәтижесінде Қазақстан 6 мәрте миллиард пұттан астам астық жинап, ел экономикасын біршама нығайтты. Тың даланың игеріліп, егіншілік айналымына қосылуы – республика халық шаруашылығының барлық саласының өндіргіш күштерін дамытуға, мәдениеті мен ғылымының өсіп-өркендеуіне қалай ықпал етті, қазақ даласына басқа да қандай өзгерістер әкелді деген сұрақ қазіргі таңда өте өзекті болып отыр [5].

Егеменді ел атанып, әлем жұртшылығы танып отырған Қазақстанның жер көлемін айтқанда өткен 20-ғасырдың барысында қалыптасқандай, Атыраудан Алтайға дейін созылып жатқан кең өлке деп атауға қалыптасып кеткен түсінік бар. Осы аталған аралықтың, яғни Атырау мен Алтайдың қашықтығы 3000 шақырым болса, Республикамыздың Батыс Сібір ойпатынан бастау алатын Солтүстігі мен Тянь-Шань тауларына арқа тірейтін Оңтүстік өлкесіне дейінгі ара-қашықтық 2000 шақырымға жуықтайды. Барша жер көлемі 2 миллион 700 мың шаршы шақырымды қамтитын кең байтақ алқап сеңгір таулармен қоршалған, құс қанаты талып, тұлпар тұяғы қызатын атақты Қызылқұм, Мойынқұм, бір шеті қамтылған Қарақұм сияқты құмды аймақтар, селдір селеу мен жусан көмкерген кең құлашты жазық далалары, еншімізге солтүстік-шығыс бөлігі тиген Каспий, Арал теңіздері, Балқаш көлі мен жер бетін тілгілеген есепсіз көп өзендерден тұратын су айдындары бар өлке қазақ жері болып аталғалы қай заман.

Осы аталған кең өлкенің төсінде ежелгі заманнан қоныс теуіп келе жатқан, әлемдік өркениетті дамытуға өзіндік сүбелі үлесін қосқан түркі тілдес халықтардың бір тармағы әрі ең іргелісі қазақ халқы саналады. Тарихы біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІІ мың жылдықтан бастау алатын халқымыздың барша тағдыры осы ұлы даламен тығыз байланысты сабақтас, салалас, аралас, ортақ.

Тіліміз бен мәдениетіміз, тіршілік ету салтымыз көрші орналасқан қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ сияқты түркі тілдес халықтармен ғасырлар бойы ұқсас, өзектес болып келсе, Қазақстанның территориясы осы аталған халықтар мекен еткен республикалар мен Тәжікстанның жер көлемін қоса есептегенде 2 есе үлкен екен. Жер көлемі мен шекарасының айнала алғандағы ұзындығы жөнінен әлемдегі ең ірі деген жеті мемлекеттін қатарынан орын алатын Республикамызда мыңғырған мал өсірдік, егін салып, әр жылдарда миллиардаған пұт астық жинап келдік. Сонымен қатар ауыр өнеркәсіп те дамыды.

Осыншалықты үрдіс қимылдар мен әрекеттердің нәтижесінде озат ел атанған Қазақстанның бүгінгі болмысы, келбеті мен келешегі бүкіл дүниежүзінің назарына ілініп, олардың ықылас-ниеттерін аударып, жаһандану үрдісіне ілігіп, еліміздің БСҰ-ға кіруге дайындығы жүріп жатқанда және Елбасымыздың әлемдегі бәсекелестігі жоғары 50 елдің қатарына кіру міндеті қойылғанда өткен тарихымыздың (бұл жерде – тың игеру) жетістіктері мен жеңістерін, және сондай-ақ соңғы ХХ ғасырда орын алып отырған зобалаңдар мен қайғы-қасіреттерімізді зерттеп, ой таразысынан өткізіп, болашағымыздың іргетасын қалауымыз қажет. Ал бұған тағы да қайталап айтсақ, өткенді оқып-танып қана қол жеткізе аламыз. Орыс тарихшысы В.О. Ключевскийдің сөзімен айтсақ: «Тарих бізді оқып-тоқымаған сабағымыз үшін жазалайды». Сол себепті, тарихымыздың ақтаңдақ беттерінің бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын зерттеу мәселесі қазіргі Қазақстан тарихнамасындағы өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны дау туғызбайтын мәселе.

Осы тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанды жетпіс жылдан астам уысында ұстаған Кеңестік жүйе әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту сияқты салаларда қазақ халқының үлкен жетістіктерге жетуіне, білім алып, ғылымды меңгеруде сан түрлі жаңа қырларынан көрінуіне игі ықпалын тигізсе, ата-бабадан келе жатқан салт-саналарымызды ұстануға, тіл байлығымызды сақтап қана қоймай, дамытуға кереғар әсер етті. Еліміздің өмірінде жүзеге асып жатқан бүгінгі бетбұрыс, барлық салаларда қайта түлеп жаңару жайы сол бір көп жылдар бойы кеудемен жаншыған басқару жүйесінің езгісінде болып, өткенімізді білу күңгірттеніп, ұрпақтың бірсыпыра бөлігі мәңгүрттеніп, ана тілі мен дінінен, дәстүр-салтынан айжырай бастаған, шала қазақтар дегендердің саны көбей түсіп келе жатқан кезде ғана қолға алынды [6].

Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел - Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орында. Бұл - оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сыйып кетеді, халқының саны жөнінен әлемде 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Аустралия, Бразилия, Үндістан, Аргентинадан кейінгі 9-шы орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие. Әлем халкының не бары 0,3% құрай тұрып, Қазақстан жер шарының екі пайызын алып жатыр [7].

Мұндай кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.

Сурет 1-

Енді біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз (1 карта-сызбасы). Төменде осы сызба-нұсқада келтірілген зонашалардын сипаттамасы берілген [8].

1) Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қаратопырағы және сілтісізденген қаратопырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн (республика жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі терістіктегі Ресей жерінде.

Қазақстан топырағының аймақтары мен аймақшаларының нұсқа картасы.

1 - орманның сұр топырағы, сілтісізденген және шалғынды қара топырақты орманды дала; 2 – кәдімгі қара топырақты және 3 - оңтүстік қара топырақты дала; 4 - күңгірт қара-қоңыр және 5 - нағыз қара-қоңыр топырақты құрғақ дала; 6 -ашьқ қара-коңыр топырақты шөлді дала; 7 - құба топырақты және 8 - сұр-кұба топырақты шөл; 9,10,11 - таулы аймақ топырактары

2, 3) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қаратопырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) орташа ылғалданған дала; б) ылғалы жеткіліксіз қуаң дала. Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының, терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары қара топырақты зонаның Батыс Сібір провинцияларында кездесетін 2) кәдімгі қара топырақ (орташа ылғалданған далада) және 3) оңтүстіктің қара топырағы (ылғалы жеткіліксіз қуаң далада).

Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырақтар жәпе комплексті учаскслср күрделі. мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды кажет етеді. Бұл зонаның көлемі - 25.4 млн гектар, яғни республика жерінің 9%-на жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.

2) Кәдімгі қаратопырақты зонаша республиканың 11,7 млн гектарын, яғни барлық жерлердің 4,3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары - кәдімгі орта гумусты қара топырақтар. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғакшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.

3) Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, онын жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі аз гумусты қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірік мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.

4, 5, 6) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан шығысына қарай - Шығыс Қазақстан облысына дейін созыльіп құрғак және шөлді-далалы қара қоныр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай (республика территориясының 33,3%), яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағының біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара топырағына өте ұқсас, күңгірт қара-қоңыр топырақ [9]. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%. Орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды, топырақтың түсі жай қара қоңырға айналады [10]. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%. Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді-далада топырақ түсі тіпті ашық қара қоңырға ауысады [11]. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері не бары 1,5-2%. Ауадан түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы.

4) Зонаның солтүстік бөлігінің топырағы күңгірт қара-қоныр, онда суарылмайтын жаздық бидай егіледі. Бірақ олардың алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта есеппен жылына түсетін ылғал 250-280 мм. Мұнда құрғақшылық үш-төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі 27,7 млн гектардай (республика жерінің 10,3%), 5) ал зонаның орталық бөлігінде жай қара-қоңырлы топырақтарда құрғақшылық жиі болатындықтан, суарылмайтын егін өнімі мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның көлемі - 24,3 млн гектар жер, Қазақстан жерінің 8,9%. Негізсіз жыртылып кеткен жер көлемі 4 млн гектарға жуық. Бұл зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе күңгірт қара-қоңыр зонашада жақсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар желмен ұшуға бейім, онын өзі топырақтың жел эрозиясына карсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен қатар топырағында фосфор аз болғандықтан фосфорлы тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зонашадағы негізгі егістік жерлер тың игеру кезінде игерілген. Ескеретін жай: тың игеру науқанында біршама асыра сілтеушілік болып, қара-қоңыр топырақтардың астық егуге жарамсыз біршама жерлері жыртылып кеткен. Ол жерлерді жайылымдыққа қайтару соңғы жылдары жүзеге асуда. Егістіктермен қатар мал шаруашылығы дамыған. 6) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мүнда өсетін шөптердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орта есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістіктің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды. Ылғалдану коэффициенті аймақта шамамен 0,2-0,3, яғни 20-30%. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шарушылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақыттарда жақсы.

Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп, тұрақты өнім алу тек суармалы жағдайда ғана іске асады, бірақ оған су көздері тапшы. Суарылмайтын егін аз мөлшерде, ойпатты, шалғынды жерлерде ғана егіледі. Мұнда егілетін дақылдар - тез пісетін тары, арпа т.б. мал азықтық дақылдар. Көлемі 38,4 млн гектар, яғни Қазақстан территориясының 14%-ын алып жатыр.

7, 8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл. Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.

Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың үзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 10°-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 4700°-ке жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштык кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суык, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер де табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар [12]. терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр-құба топырақтар [13]. орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көптеп кездеседі.

Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мүнда тек суармалы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналасқан тақыртүстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн гектар, яғни республика территориясының 44%-на жуық. Жалпы шөлейт пен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына бейім, сорланған топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде қаракөл қойлары, «шөл кемесі» атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып мол өнімдер береді. Дегенмен осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау-бақшаға айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі қоғам үшін шөлдер шөл күйінде де қажет.

Таулы алқаптың топырақтары. Қазақстан территориясында жазық жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда көп. Дегенмен республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар- Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мысалында тау етегінен жоғарылаған сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі.

9) Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатұандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу- таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.

Тау етегіндегі шөлді-далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары-күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.

10) Тау етегі шөлді-далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа таулы-дала белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр топырақтары. Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі.

11) Орташа-таулы , шалғынды-орманды белдеуі аласа таулы –далалы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін түседі. Шалғынды шөптер аса биік болып өседі. Соңғы жылдары Қазақстанның тың жерлердегі егіншілік кұрылымы түпкілікті кайта каралып жатыр. Кезіндегі тыңдағы 30 млн. гектарға жуық егістік көлемін 15-16 млн. гектарға қысқарту көзделіп отыр. Тыңдағы егіншілік тек табиғи жағдайда ылғалмен қамтамасыз етілген қара топырақты, аздап күңгірт қара қоңыр топырақты зоналарда сақталып, басқа жерлер баяғыдан келе жатқан дәстүрлі мал шаруашылығы үлесіне тимек. Осы бағыттағы біршама басталған әрекеттерге тоқталмай тұрып, кеңестік заман кезіндегі республикамыздың топырақтарын егіншілікке пайдалану корсеткіштері -1 кестеде келтірілген.

2-кесте - Қазақстан жер қорлары, оның егіншілікке пайдалануы млн. га есебімен (14)

Жыртылғна жерлер

Негізгі зоналық топырақтар

Жыртуға

жарамды жерлер

1975 ж.

1980 ж.

1985 ж.

1

Кәдімгі қара топырақтар, сілтісізденген шалғынды қара топырақтар

7,9

7,3

7,3

7,35

2

Оңтүстік қара топырақтар

8,7

7,2

7,2

7,25

3

Күңгірт қара қоңыр топырақтар

13,7

10,0

10,1

10,1

4

Жай қара қоңыр топырақтар

7,5

3,6

3,6

3,6

5

Ашық қара қоңыр топырақтар

6,0

1,2

1,2

1,2

6

Құба топырақтар

4,3

0,2

0,2

0,2

7

Сұр-құба және тақыртүстес топырақтар

5,1

0,4

0,4

0,45

8

Тау баурайындағы шөлді-дала топырақтары

5,6

3,3

3,4

3,45

9

Тау белдеулеріндегі қара және күңгірт қара қоңыр топырақтар

2,2

2,0

2,0

2,0

Барлығы

61,0

35,2

35,4

36,0

Жоғарғы айтылған құрғақ аймақтағы жыртылған бұл жерлер тиімді өнім бермесе де жылдар бойы жыртылып, астық егіліп келді. Коммунистердің әміршілдік-әкімшілік кезінде егістік жерлерді қысқарту жөнінде сөз козғау мүмкін емес еді Ол кезде Одаққа Қазақстан жыл сайын миллиардтаған пұт астық беруді жоспарлаған.

Сонымен бұл мәселеге Қазақстан тек тәуелсіздік алғаннан кейін қайта

оралды. 1994 жылдың 25 ақпанында Ақмолада тың игерудің 40 жылдық мерейтойына жиналған ауылшаруашылық қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде елбасы Н.Ә.Назарбаев тың игеру кезіндегі жіберілген қатенің бірі -тиімді өнім бермейтін құрғақ жерлердің жыртылып кетуін айтты. Тың өңірінде гектарынан 10 центнерден төмен өнім беретін астық, экономикалық жағынан өзін-өзі ақтамайтыны сондықтан мұндай алқаптарды егістіктен шығару жайында нұсқау берген болатын. Міне сол жылдардан басталып кезінде көлемі Қазақстанда 35-36 млн. гектарға жеткен егістік жерлер саналы түрде қысқартылып, 2001-жылы 21399,9 гектарга төмендегені 2- кестеде көрініп тұр (17). Бұл көрсеткіш біршама әрі карай да азаюы ықтимал.

2- кесте

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы жер қорларының құрылымы (15)

Пайдаланылатын саласы

Көлемі

мың , млн. га

%

Жердің жалпы көлемі

272490,2

100

Ауылшаруашылығында пайдаланылатын жерлер

222485,9

81,6

Жыртылған жерлер

21399,9

7,8

Көпжылдық отырғызылған дақылдар

135,8

0,1

Тыңайған жерлер

8759,4

3,2

Шабындық жерлер

5015,5

1,8

Жайылым жерлер

187081,8

68,7

Қызмет бабымен бөлінген жерлер

93,6

Ормандар мен бұталар отырғызылған жерлер

14326,0

5,2

Батпақты жерлер

1105,5

0,4

Су астындағы жерлер

7716,3

2,8

Канал мен коллекторлар астындағы жерлер

136,2

0,05

Алаңдар, жолдар мен көшелер басқан жерлер

145,2

0,5

Парктер мен скверлер, бульварларға бөлінген жерлер

20,4

Құрылыстар астындағы жерлер

603,4

0,2

Бұзылған жерлер

178,0

0,06

Баска жерлер

24453,4

90

*Дерек көзі:ауыл- шаруашылық жерлерінің басым бөлігі соңғы жылдары өз мақсатында пайдаланылмай запастық қорларда саналады.

Бидаймен қатар Қазақстан соңғы жылдары күріш өсіретін ірі аймаққа айналды. Бұрынғы күріш егетін Қызылорда облысымен қатар соңғы жылдары республикамыздың Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында да күріш өсіруші аймақтар ашылып, едәуір өнім алынып келеді.

Қазақстан ірі астықты аймаққа айналғанымен, республикамыздың көпшілік жері әлі де өнімі аз мал жайлымы ретінде пайдалануда. Қазақстанның жартылай шөл, шөл және биік таулы жайлаулары көлемі 180 млн. гектар жерді алып жатыр, бұл бүкіл ТМД елдеріндегі барлық жайлымдардың жартысынан астамы. Сондықтан қазақ жерінде мал шаруашылығы ежелден дамыған. Қазақстанда кезінде бұрынғы КСРО- дағы ұсақ малдың- қой мен ешкінің төрттен біріне жуығы, түйе мен жылқының біраз бөлігі өсірілді. Шөлді аймақта өсетін күн ысыған сайын сапасы арта түсетін қаракөл қой елтірісінің үштен бірі біздің елде өндірілді.

Дегенмен Қазақстанның осынша көп жайылымдары бола тұрып, мал шаруашылығы қазіргі деңгейі мүмкіндіктен көп төмен жатыр. Мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде қой шаруашылығын өрістету- абыройлы міндет. Бұл бағытта қазір республикамызда көптеген ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шөл және шөлейт жерлердегі жайлымдардың өнімін арттыруда арнайы ғылыми- зерттеу жүргізіліп, ол жерлерді суландыру, топырақты эрозиядан қорғау, сырғыма құмдарды тосқауылдау сияқты жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс.

1.2 Қазақстанның аумағындағы жайғасқан топырақ түрлерін жіктеу және егістік жерлерден алынатын астық өнімдерінің ерекшелігі

Топырақтың пайда болуы, қасиеттерінің қалыптасуымен өзгеруі табиғи ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан жер бетінде алуан түрлі топырақтар кездеседі. Біздің Қазақстанның тек қана жазықтық өңірінің өзінде 700-ден аса топырақ түрі бар. Олардың морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері және құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан топырақтардың қасиеттерін, ерекшеліктерін жақсы біліп, түсініп және оларды тиімді пайдалану үшін классификациялау қолданылады.

Топырақтарды жіктеу (классификациялау) дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу.

Топырақтарды жіктеу қатарына жататын жұмыстар: жіктеу принциптерін айқындап алу; таксономиялық бірліктерді қалыптастыру; топырақ номенклатурасы жүйесін және оның атауын анықтайтын диагностикалық белгелерді анықтау.

Топырақты жіктеу өте күрделі жұмыс. Сондықтан осы күнге дейін топырақтардың үйлесімді жасалған халықаралық жіктеуі жоқ. Әр мемлекет бұл мәселемен өзінше шұғылдануда. Осы мәселені шешуде жақсы жетістіктерге жеткен елдер Ресей мемлекеті (бұрынғы Кеңестер Одағы), Франция, АҚШ, Канада т.б.

Топырақ жіктеудің негізгі бағыттары: экологиялық-генетикалық, факторлы-генетикалық, морфологиялық-генетикалық, эволюциялық-генетикалық т.б.

Экологиялық-генетикалық топырақ классификациясын алғашқы болып В.В. Докучаев 1879 жылы ұсынып, 1886 жылы оны толықтырып жариялады. Ал 1895 жылы Н.М. Сибирцев осы классификацияға толықтырулар енгізді. В.В. Докучаевпен Н.М. Сибирцевтің генетикалық классификациясындағы қағидалар әлі күнге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ.[16].

Қазақстандағы қабылданған топырақ классификациясы В.В. Докучаевтың экологиялық-генетикалық (географиялық-генетикалық) бағытына негізделген (К.Ш. Фаизов, 2001). Бұл классификация топырақтың табиғи және тарихи дене, сонымен бірге өндіріс құралы екенін, оның түзілуінің, құрылысының, құрамының, қасиеттері мен құнарлығының топырақ құраушы факторлардың өзара тығыз байланысының әсерінен қалыптасатынын ескереді. Топырақтың барлық табиғи қасиеттері – генетикалық қабаттары, биологиялық, физикалық-химиялық және басқа қасиеттері де ескерілген. Сондықтан осы классификация қағидалары Қазақстанда кездесетін көп түрлі топырақ жамылғысын жүйелеп топтауға қолайлы болып келеді.

Қазіргі кезде топырақ классификациясын құру кезінде келесідей принциптер колданылады:

- классификация топырақтың негізгі қасиеттеріне және режимдеріне сүйеніп, топырақ түзілуін қамтамасыз ететін құбылыстарды ескеруі керек. Яғни ол топырақтың пайда болу тегін ескеріп және сонымен бірге экологиялық, морфологиялық және эволюциялық бағыттарды да қамтуы қажет.

- классификация ғылыми таксономиялық бірліктер жүйесіне негізделіп құрылуы керек.

- адамдардың әрекетінен болған топырақ құрамындағы өзгерістер, қасиеттер классификацияда ескерілуі шарт.

- классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін айқындап, оны ауыл және орман шаруашылығында тиімді қолдануға мүмкіндік беруі керек.

Табиғатта кездесетін топырақтарды дұрыс жүйелеп оған толық атау беру үшін таксономиялық бірліктер жүйесі қолданылады. Топырақтану ғылымындағы таксономиялық бірліктер: топырақ типі, типшесі (подтип), тегі (род), түрі (вид), түршесі (разновидность), разряды. Топырақ классификациясындағы таксономиялық негізгі өлшем топырақ типі болып есептеледі.

Топырақ типі – біртектес биологиялық, климаттық, гидрологиялық жағдайда дамыған және негізгі топырақ түзілу процесінің айқын сипат алуымен бірге басқада процестердің қосарлануы мүмкіндігі бар топырақтардың тобы. Бір типке жату үшін топырақтар төмендегідей жалпы жағдайларға ие болуы керек: 1) органикалық заттардың топыраққа түсіп, біртектес өзгерістерге ұшырап ыдырауы; 2) минералды заттардың үгілу процесстеріне ұшырауы және органикалық-минералдық түзілістердің біртектес құралуы; 3) заттардың жылжуы мен шоғырлануының біртектес болуы; 4) топырақ кескінінің құрылысының және генетикалық қабаттарының бір түрлі болуы; 5) топырақ құнарлылығын сақтап және арттыру шараларының бір бағытта болуы.

Топырақ типтері типшелерге бөлінеді. Олар топырақ типі ішіндегі негізгі топырақ түзілу процесіне қосымша айрықша белгілері байқалатын топырақ топтары. Мысалы, дала аймағындағы қара топырақ екі типшеге бөленеді: кәдімгі қара топырақ және оңтүстік қара топырақ.

Топырақ типшелері топырақ тегіне бөлінеді. Ол топырақтың генетикалық сапалық көрсеткішінің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Осы ерекшеліктер аналық тау жынысының, ыза судың химиялық құрамына, немесе топырақ түзілуінің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілерге байланысты.

Топырақтың тегі түрлерге бөленеді. Түрлерді анықтаушы белгілер негізінен топырақ түзуші процестердің даму қарқынымен және оның ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, қара топырақтың түрін анықтауға оның құрамындағы қарашірінді мөлшері және қарашірінді қабатының қалыңдығы қолданылады.

Түрден кейінгі таксономикалық бірлік-түрше. Түршені анықтаушы белгі топырақтың гранулометриялық (механикалық) құрамы. Топырақ разряды таксономиялық бірліктің ең кішісі. Ол аналық тау жынысының генетикалық қасиеттеріне байланысты анықталады.

Соныменен, таксономиялық бірліктер топырақты жүйелі түрде дұрыс атап көрсету үшін қолданылатын реттеуші нұсқа деп түсінуге болады. Топырақты қазақ тілінде осы таксономиялық бірілктерге сәйкес келтіріп атағанда бірінші кіші таксонометрялық бірліктер аталып, соңында негізгі таксономиялық бірлік – тип аталады. Мысалы, төрттік дәуірдің карбонатты балшығында түзілген, (разряды) ауыр саздақты (түршесі), аз қарашірінділі (түрі), орташа қабатты (түрі), карбонатты (тегі), оңтүстік (типшесі), қара топырағы (типі).

Қасиеттеріне және классификациясына сәйкес берілетін атау жүйесі топырақ номенклатурасы болып есептеледі. В.В. Докучаев және Н.М. Сибирцев топырақтың генетикалақ номенклатурасын құрып, топырақты атағанда орыстың халық сөздерін қолданған. Олар топырақтың жоғарғы қабатының түсіне, немесе топырақ түзілуінің экологиялық жағдайына байланысты топырақ типтерінің атауын көрсетті. Мысалы, қара топырақ, сұр топырақ, күлгін топырақ, батпақ топырағы, шалғын топырағы т.б. Осы атаулар халықаралық дәрежеде қолдау тауып басқа тілдерге аударылып немесе аудармасыз көптеген халықтар арасында қолданылып келеді.

Топырақты классификациялап белгілі жүйеге келтіріп анықтап, атау үшін топырақтың ерекше белгілері қолданылады. Олар диагностикалық белгілер деп аталады [17]. Диагностикалық белгілерге топырақты зерттегенде, морфологиялық талдау жасағанда көзге түсетін, жеңіл анықталатын белгілер таңдалып алынады. Сонымен бірге топыраққа толық және дұрыс атау беру үшін күрделі химиялық, агрофизикалық зерттеулер де жүргізіледі.

Қазақстан топырақтарын жіктеу жұмыстарын белгілі ғылымдар К.Д. Глинка (1923), Е.В. Лобова (1948), Ө.О. Оспанов (1976), С.И. Соколов, М.А. Глазовская (1948, 1952), А.А. Соколов (1977, 1980, 1987), А. Мамытов (1982) т.б. жүргізді.

«Қазақ Республикасы топырақтары» атты 1960-1983 жылдары басылып шыққан 14 томдық монографияларда және 1981 жылы жарық көрген «Қазақстанның жазықтық жерінің топырақтарының тізімі және диагностикалық белгілері» атты кітапта топырақтанушы ғылымдарымыздың Қазақстан топырақтарының классификациясы және систематикасы саласындағы еңбектері қорытындыланды. Сөйтіп еліміздің топырақтарын классификациялаудың және топырақ номенклатурасының ғылыми негізі орнықты түрде қалыптасты. Елімізде топырақтардың аймақтық таралу заңдылықтары, топырақ жамылғысының ерекшеліктері анықталды.

Топырақтың түзілуімен қасиеттерінің қалыптасуы қоршаған географиялық-экологиялық ортамен тығыз байланысты болып келетіндіктен Қазақстан топырақтарын классификациялаудың негізі экологиялық-генетикалық бағытта құрылған.

Қазақстанның барлық топырақтары аймақтық және интрааймақтық топырақтар топтарына бөлінеді. Олар автоморфты, жартылай гидроморфты және гидроморфты қатарларға жіктеледі.

Аймақтық топырақтарға жекелей ландшафта топырақ түзілуінің биоклиматтық жағдайының ерекшелігіне байланысты қалыптасып, кең аумақта кездесетін топырақтар тобы жатады. Мысалы: қара топырақ, қара-қоңыр топырақ.

Интрааймақтық топырақтарға аймақтық топырақ жамылғысы ішінде кездесетін, көбінесе кішкене аумақты алып жататын барлық басқа топырақтар жатады. Олар осы аймақ ішінде топырақ түзуші тау жынысының немесе топырақтың ылғалдануының ерекшелігіне байланысты түзілген болып келеді. Мысалы: шалғынды топырақ, кебірлер, сортаң топырақ.

Топырақтардың қатарларға жіктелуі олардың табиғи ылғалдануына байланысты. Автоморфты топырақтар көтеріңкі жазықтықтар мен беткейлерде кездеседі. Бұл топырақтардың түзілуіне қосымша ылғалдың және тереңде жатуына байланысты ыза судың әсірі болмайды.

Жартылай гидроморфты топырақтар ыза судың жердің 3-5 метр тереңдігінде болып топырақ түзілуіне әсер етуі және сонымен бірге топырақтың үстіне қосымша жиналатын ылғал әсері бар жерлерде қалыптасады. [18].

Гидроморфты топырақтар ыза судың жер бетіне жақын орналасқан (1-3 метр тереңдікте болатын), сонымен бірге қосымша ылғал жиналатын ойпат жерлерде кездеседі. Осы ылғал топырақтың қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді.

Қазақстанның жазықтық жерінде және таулы өлкесінде кездесетін топырақтарды классификациялау нұсқасы 1 және 2-кестелерде келтірілген.

Кесте – 1. Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін топырақтарды классификациялау нұсқасы [19]. (К.Ш. Фаизов. 2001)

Автоморфты қатар

Жартылай гидроморфты қатар

Гидроморфты қатар

Тип

Типше

Тип

Типше

Тип

Типше

Орманның сұр топырағы

Ашық сұр

Сұр

Күңгірт сұр

Шалғынды қара топырақ, қара қоңыр, құба топырақ

Шалғынды топырақ

Қара топырақ, Қара қоңыр, Құба

Қара топырақ

Сілтісізденген Кәдімгі Оңтүстік

Кебірлер

Шалғынды қара топырақты

Шалғынды батпақты

Қара топырақ, қара қоңыр, құба

Қара коңыр топырақ

Күнгірт

қара қоңыр,

Қарақоңыр

Ашық

қара қоңыр

Шалғынды қара

қоңыр топырақты

Батпақты

Қара топырақ, Қара қоңыр, Құба

Құба топырақ

Құба топырақ

Сұр құба топырақ

Шалғынды құба топырақты

Жайылма топырағы

Орманды-шалғынды Тоғайлық Далаланған

Тақырлау топырақ

Шөлденген топырақ

Шөлдің құм топырағы

Тақырлар

Шалғынды қара топырақ

Кебірлер

Қара топырақты

Қара қоңыр

Құба

Ылғылды сортаң топырақ

Шалғынды Қара қоңыр

Шалғынды құба

Орманды

Сортаң топырақтар

Нағыз Қалдықты

Кебірлер

Сортаң топырақтар

Шымды,

Шалғынды

қара

Шалғынды

қара қоңыр

Шалғынды құба

Шалғынды

Сор

Теңіз жағалауының

2-кесте

Қазақстанның таулы өлкесінде кездесетін топырақтарды классификациялау нұсқасы [20]. (А.А. Соколов, 1980, 1988)

1-кесте

Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

Аймақ ішіндегі

Аймақаралық

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

Шалғынды боз топырақ

Орманның шалғынды

1-кесте

Шалғынды күрең сұр

Шалғынды топырақ

Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

Шалғынды күрең

Шалғынды батпақты

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

Шалғынды құба

Батпақты топырақ

1-кесте

Шалғынды қара қоңыр

Жайылманың орманды шалғынды

Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

Шалғынды қара топырақ

Жайылманың шалғынды

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

Қара топырақ сияқты орманның глейлі топырағы

Жайылманың шалғынды батпақты

1-кесте

Орманның сұр глейлі топырағы

Жайылманың батпақты

Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

Биік таудың, күнгірт түсті топырағы

Ылғалды сортаң топырақ

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

Таудың шалғынды гидроморфты топырағы

Автоморфты кебірлер

1-кесте

Таулы тундраның туынды топырағы

Жартылай гидроморфты кебірлер

Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

Гидроморфты кебірлер

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

Тундраның глейлі топырағы

Нағыз сортаң топырақ

1-кесте

Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

Қалдықты сортаң топырақ

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

Сор топырақ

1-кесте

Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

1-кесте

Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болған жылдардан бері оның өндірісін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қабылданған үкіметтік бағдар­ламалар мен «Астық туралы» заң нәтижесінде саланы мемлекеттік қолдау мен оған инвестициялар тарту, жаңа технологиялармен қаруландыру, экспорттық бағыттарды айқындау мен нығайту мәселесі шешімін тапты. «ҚазАгро» холдингінің аясында мемлекет құрған «ҚазАгроҚаржы» корпорациясының қолдауымен астық өндірушілерге лизингтік негізде көптеген жаңа техникалар; комбайндар мен тұқымсепкіштер, бірнеше операцияларды бірден жүзеге асыратын қазіргі заманғы жер өңдеу құралдары сатып әперілді. Ондай техникаларды құрастыратын отандық өндірістер де пайда болды. Жаңа элеваторлар мен астық сақтау қоймалары салына бастады. Еліміздің өз ішінде және шетелдердегі теңіз порттарынан астық терминалдары салынды және сатып алынды. Астық өндірушілерге көктемгі егіс және күзгі жиын-терім кезінде жанар-жағармай арзан бағамен босатылатын болды.

Оның үстіне, астық шаруашылығын дамыту және азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет құрған тағы бір іргелі құрылым Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы арқылы шаруалардың қо­лындағы басы артық астық мемлекеттік қорға сатып алынып, артық өнімді өткізу мәселесінде де көмектер көрсетіліп келеді.

Міне, осындай жан-жақты ойластырылған кешенді шаралардың нәтижесінде астық өндірісі соңғы бес-алты жылдан бері басымдықпен дамытыла отырып, ел экономикасының жетекші салаларының біріне айналды. Астық шығымдылығы мен сапасы жылдан-жылға артып (әрине, бұл ретте табиғи фактордың үлкен рөл ойнайтындығын да естен шығаруға болмайды), оны жинап алу мерзімі қысқара түсті. Бұрынғы Кеңес одағындағы жағдаймен салыстырғанда орақ науқандарын айғай-шусыз, жинақылықпен өткізу дәстүрі берік қалыптасты. Сөйтіп, тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіп айтсақ, өз тәуелсіздігіне ие болғанына көп өте қоймаған еліміз аз жылдың ішінде әлемге танымал астық державасына айналып үлгерді.

Қазақстан қазіргі күні әлем елдері арасында ірі көлемде астық экспорттайтын жетіліктің құрамына кіреді. Ал ұн экспорты жөнінен әлем бойынша бірінші орындарға ие болып жүр. Сонымен қатар Қазақстан астығы нанға айналдырған кезде қамырлылығы мол сапалығымен де ерекшеленеді. Сол сапаның нәтижесінде астық біздің халықаралық рыноктарға мақтанышпен ұсынатын басты брендтік өнімдеріміздің біріне айналды.

Сөйтіп, адамзат баласының 70 пайызы қоныс теуіп отырған Еуразия атты алып құрлықтың кіндік тұсында, яғни әлемдік мұхиттардан жырақта орналасқандықтан ылғал аз түсіп, оның орнына күн шуағының молынан түсуінен ерте сарғаятын, осыдан барып Сарыарқа атанып кеткен алып даламыз астық берекесі тұрғысынан алғанда нағыз құт қонған қасиетті өңір болып шықты. Алғашқы қазақ хандығы құрылған кезде халыққа жайлы қоныс табу мақсатында Асан қайғы бабамыздың желмаяға мініп алып (сол кездері бабамыздың желмаяға мінуінде де бір гәп бар-ау), тынбай іздеген Жерұйығы да осы жер ме екен дейсіз. Біз бұл өлкенің қасиетін енді ұғып, әлеуетін де енді аша бастаған сыңайлымыз.

Миллиондаған гектарларға созылып жатқан алып далада жазғы күндері көкөрім сабағымен күнге қарай ұмтылып, жер бетіне еркін өніп шыққан астық алқаптары көк теңіздей толқиды. Ал берекелі күз айларында сары кілемдей жайнайды. Міне, осы даланың қақ ортасында жылдан-жылға келбеттеніп, жарқырай және асқақтай түскен Қазақстанның інжу-маржаны – оның жаңа елордасы Астана қаласының орналасуы сол даланың басына кигізілген тәждей көрініп, маңғаз да сабырлы Сарыарқаға кербездік сипат береді. Бұл – бүгінгі күннің көрінісі.

«Еткен еңбек, төккен тер еш кетпейді» дейді дана халқымыз. Қазақстанда өз тәуелсіздігінің жиырма жылдығынан бері жанталаса атқарылған жан-жақты жұмыстарды, жүздеген жылдар бойы бодандық тепкісінде боздаған қозыдай қоңыр халықтың бейбітшіл ізгі ниетін, жақсы өмірге деген ұмтылысын Табиғат ана да іштей құптап, қол ұшын созғандай. Өйткені өз тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлауға санаулы күндер қалған тұста, ел берекесінің тасығандығы сондай, егер сөздің тура мағынасында айтатын болсақ, Қазақстан мол астықтың астында қалайын деп тұр. Елімізде бұрын-соңды алынбаған астық алынайын деп тұр. Оған көз жеткізу үшін ресми деректер хроникасына көз салып өтейік.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осыдан біраз бұрын Қазақстанда 2011 жылы 18-18,9 миллион тоннадай астық жиналуы мүмкін деген хабар таратқан еді. Былтырғы қуаңшылық жылы 12 миллион тонна астық жиналғандығын еске алсақ, мұның жоғары көрсеткіш екендігіне бірден көз жеткіземіз.

Мұнан кейін министрліктің жауапты хатшысы Евгений Аман өзінің 15 қыркүйек күні журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында сол күнгі мәлімет бойынша елімізде 16 миллион тонна астық бастырылғандығын хабарлап, оның жалпы көлемі 20 миллион тоннаға жетіп жығылатындығын жеткізді.

Осылай болжам көрсеткіші уақыт өткен сайын бірте-бірте өсе берді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің өзі осыдан кейін өткен «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының Үкіметпен өткізген отырысында республика бойынша астықтың әр гектарының өнімділігі 16 центнерге жуықтағандығын, кейбір шаруашылықтар 30 және одан да көп центнерден астық бастыруда екендігін, статистика бойынша мұндай өнімділік көрсеткіші 50-інші жылдардан бері қайталанбағандығын атап көрсетті және Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының шаруалардан 5 миллион тонна астықты сатып алатындығын мәлімдеді.

Ал министрліктің баспасөз қызметі 22 қыркүйек күні егіс алқаптарының 77,5 пайызында астық жиналып, көлемі 19,9 миллион тоннаны құрағандығын, астықтың жалпы көлемі 20 миллион тоннадан да асып түсетіндігін, сөйтіп соңғы 60 жыл көлемінде рекордтық өнім алынады деп күтіліп отырғандығын жария­лады.

23 қыркүйек күні Қазақстанда 25 миллион тоннаға дейін астық жиналатындығы мәлім болды.

Қазіргі күні елімізде мол астық жолындағы күрес хроникасы осылайша өріс алуда.

Мұның сыртында Статистика агенттiгiнiң баспасөз қызметiнің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2011 жылы 18 млн. 646 мың 800 гектар аумаққа жаздық ауылшаруашылық дақылдары егілді. Соның ішінде 16 миллион 255 мың 900 гектарға дәнді дақыл егілсе, оның 14 миллион 102 мың 600 гектарына бидай себілген. Сонымен қатар агенттіктің баспасөз қызметі Қазақстанда дәнді дақылдардың бағасы 2011 жылдың басынан бастап 14,8 пайызға өскендігін хабарлады. Әрине, өндірген өнімдері жақсы бағаланып жатса, бұл диқандар үшін үлкен жақсылық.

Бұрын-соңды болмаған мол астық жолындағы күрестің ендігі үлкен мәселесі оны қайда қоямыз деген сұраққа тіреліп тұр. Елдің ішкі сұранысын қанағаттандыруға 8 миллион тонна жетеді. Сонда 25 миллион тонна астық жиналған жағдайда оның 15-17 миллион тоннасын экспорттау қажет болады. Ал мұншама мол астықтың бір сәтте сыртқа шығарылмайтындығы белгілі. Сондықтан экспорт мәселесін елімізге қолай­лы баға бойынша жүйелі де ырғақты жүргізу үшін, ең бірінші, жиналып жатқан астықты сақтау мәселесі өткір сипатқа ие болып отыр. Бізге келіп түсіп жатқан деректер бойынша Ақмола облысындағы элеватор­­лар қазірдің өзінде астыққа толған. Әрине ол астық саудаға шығарылып, орындар босатылып та жатыр. Бі­рақ сақтау кезегін күтіп тұрған астық көлемі қаншама. Шамасы тағы бір өңір – Қостанай облысындағы жағдай да осыған ұқсас болар. Өйткені бұл облыста да қазірдің өзінде 6 миллион тоннадан астам астық бастырылып үлгерген. Елден келген адамдар бұл облыстың да қамбалары лық толып, қамбалары жоқ шағын шаруашылықтардың өз астықтарын сатып алушының ұсынған бағасымен келісуге мәжбүр болып, даладан, егіс басынан тікелей сатып жатқандығын айтуда.

Әйтеуір, көңілге жұбаныш ететін бір мәселе, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстанның биылғы рекордтық өнімін сақтау мәселесі шешімін табатындығын айтып, диқан қауымның көңілін бір серпілтіп тастады. «Новости-Казахстан» ақпараттық агенттігінің таратқан хабары бойынша, министр биылғы жиналған астықтың құрғақ болып шыққандығын, сондықтан оның бәрін элеваторларда кептіріп сақтау қажет те болмайтындығын жеткізген. Оның үстіне, министрдің келтірген деректері бойынша, Қазақстандағы астық сақтайтын орындардың жалпы қуаты 22 миллион 559 мың тоннаға жетеді. Мұның 13 миллион 579 мың тоннасы астық қабылдау пункттері де, 8 миллион 980 мың тоннасы астық қоймалары. Оның үстіне осы 13,6 миллион тонналық астық қабылдау пункттерінің әзірге 46 пайызы ғана астықпен толған екен.

Оның үстіне, Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов: «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қатысуымен өткен жылдан бастап жалпы астық сақтау сыйымдылығы 327 мың тонна болатын 13 астық сақтау қоймасы пайдалануға берілді. Бұлар – Солтүстік Қазақстан облысындағы 6 астық қоймасы, Ақмола облысындағы 6 астық қоймасы. Мұның сыртында Маңғыстау облысының Бейнеу кентінде ҚазАгроның қаржыландыруымен «АПК Инвест» ЖШС қазіргі заманғы астық терминалын құрды. Оның астық аудару жөніндегі жылдық қуаты 1,5 миллион тоннаны, астық сақтау қуаты 100 мың тоннаны құрайды. Осыған қосымша 2011 жылғы қазан айының бас кезінде жалпы сыйымдылығы 61 мың тонналық тағы екі астық қоймасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда» деп хабарлады [21].

2.Зерттеу нысандары мен әдістері

2.1 Зерттеу нысандары

Диссертациялық жұмыстың орындалуын жоспарлау барысында Қазақстандағы егістікке пайдаланылатын жерлерді бағалау үшін Республикамыздың барлық ,көлемін шартты түрде,солтүстіктегі суарылмайтын жерлерге, оңтүстіктегі суармалы егістіктерге бөліп, бұлардың экологиялық,эрозиялық және мелиоративтік жағдайларын бағаладық.

2.2 Зерттеу әдістері

Қазақстан аумағындағы егістікке жарамды жерлерді бағалау үшін бонитировкалық,кадастрлық ғылым салаларының теориялық қағидалары пайдаланылды.Нақтылылап айтсақ,осы аумақтың терістік және оңтүстігіндегі жерлерді пайдаланудағы экологиялық,эрозиялық және мелиоративтік жағдайларын осы ғылым салаларындағы теориялық-әдістемелік тәсілдерінің тұғырнамалық негіздерін басшылыққа алдық.

3.Қазақстан жерлерін егістікке пайдалану жөнінде бағалау

3.1Егістікте пайдаланылатын жерлерді бағалау ұстанымдары

Қазақстанда түсінікті себептермен топырақты бағалау жұмыстары, яғни Жер кадастрын жүргізу Одақтағы сияқты тек 1960 жылдары басталды. Ескеретін мәселе, Жер кадастры географтарға, биологтарға, экологтар мен агроном мамандықтары үшін арнайы пән ретіндс жүргізілетін сабақ. Сондықтан біздер бұған терең тоқталмай, тек біршама Қазақстан жағдайындағы топырактануға жәнс оның географиясына байланысты мағлұматтар келтіреміз.

Қазақстан жері әлемдік мұхиттардан өте алыс орналасқан құрғақ аймақ. Республиканың терістік біршама аумақтары мен оңтүстік шығыс аумақтарындағы таулы өлкелерде ғана ауадан түсетін ылғалдар егістікпен айналасуға мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақ жері ежелден көшпелі мал шаруашылыкты аймақ болған. Тіпті Кеңес Одағы кезінде де Қазақстан Одақтың шығысындағы негізгі мал шаруашылықты базасы болған. Осыған байланысты қазақ жері негізінен көп заманнан бері егіншілікке емес, мал жайылымдары үшін бағаланған . Бұл мәселені жергілікті халық қазіргі модаға айналған "экология" ғылымы туралы терең түсінігі болмағанымен, жайылым өнімділігін төмендетпеу үшін, көктемде көктеуге, жазда жайлауға, күзде күздеуге, ал қыста қыстауға көшіп-қонып, жайылымды жерлерін өте тиімді пайдаланған. Ал терістік пен оңтүстік аудандардағы суарылмайтын және тау етектеріндегі біршама суармалы егістіктерді осы аумақтарды орналасқан орыс, өзбек, ұйғыр диқандарымен араласа отырып, олардан егістікті пайдалану жолдарын үйренген. Дегенмен, ол кездерде жергілікті халықтың егістік жерлерді пайдалана алды деп айта алмаймыз. [22].

1954-1960 жылдары бұрынғы Кеңес Одағының шығыс бөлігінде, біршама жерлері Оралдың шығысы мен Сібірде болғанымен, негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанда орналаскан тың және тыңайған жерлерді үлкен масштабта игеру жұмыстары жүргізілді. Дәлірек айтсақ, осы уақыттар ішіндс 42 млн га жерлер негізінен астық егу үшін игерілді. Осы игерілген жерлердің 25 млн гектары, яғни барлық игерілген жерлердің 60 пайызы Қазақстан үлесіне тиді. Сонымен Қазақстан жеріндегі 1953 жылға дейінгі барлық егістік жер көлемі 10-11 млн га орнына 35-36 га жетіп, қазақ жері тек мал шаруашылыкты емес, сонымен қатар кезіндегі Одақтың шығысындағы астықты аймағына айналып, Отан қоймасына бірнеше рет млрд-тан астам астық кұйды.

Қазақстандағы егістік жерлерді бағалау жұмыстары осы тың игерумен тікелей байланысты болды. Себебі ҚазССР Ғылым Академиясының Топырақтану институты тың және тыңайған жерлерді игеруді таңдап алу үшін топырақтанушылар мен агрономдарға көмек ретінде 1954 жылдын өзінде нұсқаулар шығарды. Бұл нұскауларда көрсетілгендей астық егістері үшін негізінен ауадан түсетін ылғалмен қамтамасыз етілген 2 топырақ зонасы ұсынылды. 1.Орманды-дала және дала зонасы, топырақтары шалғынды - қаратопырақ және кәдімгі қаратопырақтар. 2. Құрғақ даланың оңтүстік қаратопырақтары мен күңгірт қара-қоныр топырақтары. Сол кездегі талапқа сай, бұл жерлерді тезірек игеруді жеңілдету үшін осы зоналардағы топырақтар өздерінің агроөндірістік сапалылығы жөнінен игеру үшін 4 топқа бөлінді:

1.Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер;

2.Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер;

3.Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлер;

4.Жыртуға жарамсыз сапасы нашар жерлер.

Нұсқаудың келесі баптарында қай топырақ топтарына қандай топырақ контурлары жататындары көрсетілген. Тың игерудің алғашқы жылдары өтіп, біршама тәжірибе жиналды. Міне, осы тәжірибені еске ала отырып, 1957 жылы Солтүстік Қазақстан топырақтарын бағалаудың жаңа нұсқасын топырақтану институтының ғалымдары қайта ұсынды. Бұл нұсқауда тың аймағында жерлер сапасы жөнінен 6 топқа бөлінді.

1.Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер;

2.Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер;

3. Жыртуға жарамдьі сапасы ортадан төмен жерлср;

4. Механикалық құрамы жеңіл жерлер;

5.Игеруге қиын жерлер;

6.Игеруге, жыртуға тіпті жарамсыз жерлер.

Келтірілген тізімнен көрініп тұрғандай, бұрынғы бағалау нұсқасына қосымша тағы 2 топ қосылған. Механикалық құрамы жеңіл жерлермен игеруге қиын жерлер. Бұл топтардың пайда болуы да тегін емес. Баршаға белгілі, тын игерудің алғашқы кезеңдерінде жоспарды артығымен орындау максатымен көптеген жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы жеңіл, құмдақ топырақтар да жыртылып, бұл өңірде топырақтың жел эрозиясы үдеген. Ал шын мәнінде, мұндай жеңіл топырақтар, жыртуға тіпті жарамсыз, ал оларды егістікке пайдалану үшін арнайы агротехниканы қолдану қажет. Сондықтан ол топырақтар бөлек топқа бөлінді. Игеруге қиын жерлер қатарына, топырақ кешендері ішінде сортаң жерлер көлемі 25-50 пайызға шейін жететін алқаптар енгізілді. Мұндай алқаптарды жалпы игермеу керек. Ал игерген кезде сортандарды жақсарту шаралары қажет [23].

Осы жүйе тың аймақтарда бірнеше жылдар пайдаланып келді. Көптеген жылдар өтті. 1975 жылы топырақтану институтының ғалымдары Ө.Оспановтың басқаруымен, тек тың аймағына емес бүкіл Қазақстан үшін жер бағалаудың жаңа жүйесін ұсынды. Бұл жүйе бойынша топырақтарды бағалап, топтастыру топырақтардың зоналық принциптеріне сүйене отырып жасалды. Мұнда жер категориялары, жартылай категориялары, оларға кіретін зоналық топырақтар және олардың агроөндірістік топтары жіктеліп бөлінді. Агроөндірістік маңызымен басты пайдалану бағыты жөнінен бүкіл Қазақстан жерлері 5 категорияға бөлінді:

А - жыртуға сөзсіз жарамды басым түрде егіншілікке пайдаланатын жерлер;

Б - басым түрде шабындыққа жарамды жерлер;

В - басым түрде жайылымдық жерлер;

Г - басым түрде ормандық жерлер;

Д - ауылшаруашылығына да және орман шаруашылығына да пайдаланбайтын жерлер.

Бұл жалпы ірі категориялар, әрі қарай жартылай категорияларға, зоналық топырақтарға және олардың агроөндірістік топтарына жіктеліп, нақтылана түседі. Қазақстанның оңтүстік аймақтарына суармалы жерлердің бағалау жұмыстарының өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жөнінде жоғарыда Қазақстан жерлерін мелиорациялау және суармалы егіншілік жайында сөз болғанда айтылған. Қазақстанның оңтүстік бөлігінің суармалы алқаптарын академик В.М.Боровский жасаған топырақ-мелиоративтік аудандастыру сызба картасында келтірілген. Дегенмен ескеретін жағдай, жоғарыда келтірілген Қазақстан жерлерін бағалау туралы Ө.Оспановтың, суармалы жерлерді бағалау туралы В.М. Боровскийдің келтірген материалдарын Қазақстан жерлерін бағалау жөніндегі алғашқы бастама негіздері деп түсінген жөн. Ал нақтылы кезіндегі Одақта, соның ішінде Қазақстанда жерді жүйелеп бағалау жұмыстары, сонын ішінде Жер кадастрын міндетті түрде қолға алып жүргізу тек 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басында басталды. Нақтырақ айтсақ, 1968 жылдын желтоқсанында бұрынғы Одақта Жер туралы заң шығып, одан кейін мұндай заңдар одақтас республикаларда да шықты. Қазақстанның жер туралы заңы 1971 жылы шықты. Осы зандарды жүзеге асыру барысында Одақта, бүкіл Одақтас республикаларда 1970-1990 жж. арасында жерді бағалау жүмыстары біршама қарқынды жүргізілді. Одақ бойынша кейбір одақтас республикаларда, соның ішінде Қазақстанда да бірнеше басқосулар өткізіліп, бұл мәселелер жоғары деңгейде талқыланып, қажетті шешімдер қабылданды. Жердің тек бағалау шкаласы емес, сонымен қатар олардың нақтылай, ақшалай бағасы туралы да ұсыныстар айтылды. Мысалы, 1989 ж. Докучаев атындағы топырақтану институтының профессоры И.И. Карманов өзінің есептеген әдісі бойынша ең жоғарғы бағаға Аджарияның қызыл топырақтары, шәй және қымбатты цитрус өсімдіктері өсетін (гектар 82404 сом), одан кейін Ташкснт облысының мақта өсетін суармалы сұр топырақтары (гектары 49287 сом) топырақтары ие болған. Ал Қазақстанның солтүстік облыстарының суарылмайтын астық егілетін қаратопырактары 6-8 мың аралығында, Жезқазған өңірінің жайылымдық ашык қара-қоңыр топырақтарының гектары 1-1,5 мың сом, ал Маңғыстау облысының өте аз өнімді жайылымдық сұр-кұба топырақтарының гектары 100-150 сом құраған.

1990 жылдары Одақтың тарауымен бұл бастамалар тоқтап қалды. Соңғы жылдары тәуелсіздік алған әр республикалар жер туралы заңдарын өз мүқтаждықктарына сай қайта жасап қабылдауда, Қазақстан республикасының Жер кодексі бірнеше жылдар бойы талқыланып, 2003 жылдын 20 маусымында Елбасымыздың қолы қойып бекіді. Бұл заңның басты ерекшелігі ауылшаруашылық жерлерінің біршама бөлігі жеке меншікке беріліп, тіпті нарықтық экономиканың заңына байланысты сатылатын болды. Міне сондықтан да енді жерді бағалау жұмыстарына аса жоғарғы жауапкершілікпен қарау қажет [24].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]