Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktika.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
276.5 Кб
Скачать

2.2 Туризм саласын дамыту іс-шаралары

Туризм саласында қалада 151 мамандырылған фирмалар мен мекемелер қызмет көрсетеді, оның ішінде 28 – туроператорлық, 123 - турагенттік, 4-і туристтік бизнеспен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен 48 қонақ үйлер бар. Облыс аумақтарында туризм бағыттары негізінен тарихи, мінәжат ету орындарына, экзотикалық орындарға баруды, аң мен балық аулау, тау демалысына бағытталып отыр. Оңтүстік өңірі зиярат етушілерге мешіттер мен мінәжат орындарына бай[6].

Қалалық қонақ үйлер қатары да өсуіне байланысты, өзара бәсекелестік арқылы қонақ үйлер сервисі біршама жақсарды. Ресторандарда қызмет көрсетуші кадрлардың да деңгейі көтерілгені байқалады.

Негізгі мәселелер:

- Қала халқының спорт нысандарымен қамтылуы орташа республиканың деңгейінен 2 есе төмен;

-Шет аймақтардағы елді мекендерде спорт зал құрылыстары салынбаған;

- Спорт инфрақұрылымдарының материалды-техникалық базасы төмен;

- Туристерге арналған қонақ үйлердің қызметі мен қонақ үйлердің сапасы халықаралық сұранысқа сай келмейді;

- Туристік демалыс орындарының жарнамалау деңгейі төмен;

- Шымкент әуежайы халықаралық стандарттарға сай қайта құрылым- дауды қажет етеді[7].

Жалпы облыс бойынша туризм даму мүмкіндігі және перспективасы жоғары. Облыс бойынша арнайы туристік бағыттар жасалынып отыр.Оны 4-кестеден көре аламыз.

Кесте 4 ОҚО бойынша туристік бағыттар [8]

Заңды тұлғаның немесе ЖК атауы, туристік қызметтің түрі

Туристік маршруттың атауы

Негізгі бару объектісі

Туристердің сапар кешу жолы

Ұзақтығы

Құны

1

«Зияратшылар орталығы» ЖШС

«Түркістан - Зиярат» мінәжат ету туры

«Қ.А. Яссауи», «Арыстан баб», «Домалақ ана», «Үкаш ата», «Гауһар ана» кесенелері, Отырар, Сауран қалашығы

Түркістан қаласы – Отырар ауданы – Түркістан қаласы

4 күн

26 720 тг.

«Қ.А. Яссауи», «Арыстан баб», «Домалақ ана», «Үкаш ата», «Гауһар ана» «Ысқақ баб», «Баба Түкті Шашты Азиз», «Қара бура», «Қарашаш ана», «ИбраҺим ата», «Қыдыр ата», «Махмуд шейһ», «Ақ бура», «Кеме қалған», «Ғайып Ерен», «Қырық Шілтен» «Бәйдібек ата» кесенелері, «Жылақ ата» сарқырамасы, «Қырыққыз» бұлағы, «Сулы үңгір», «Ақ мешіт» үңгірі

Түркістан қаласы – Отырар ауданы – Сайрам ауданы – Қазығұрт ауданы – Созақ ауданы – Төлеби ауданы - Бәйдібек ауданы – Түркістан қаласы

4 күн

6 күн

8 күн

10 күн

26 720 тг.

42 600 тг.

58 480 тг.

77 360 тг.

2

ЖК Шукенова Р.Қ. «Қуаныш», туроператор

Тарихи-танымдық тур

«Қ.А. Яссауи» кесенесіне экскурсия

Шымкент қаласы – Түркістан қаласы – Шымкент қаласы

8 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

«Кеме қалған» ескерткіші

Шымкент қаласы – Қазығұрт ауданы – Шымкент қаласы

6 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Отырар қалашығы төбешіктері, «Арыстан баб» кесенесі

Шымкент қаласы – Отырар ауданы – Шымкент қаласы

8 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Сауран қалашығы

Шымкент қаласы – Түркістан қаласы – Сауран қалашығы – Шымкент қаласы

9 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Экологиялық тур

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

Шымкент қаласы – Түлкібас ауданы – Шымкент қаласы

9 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

3

«Шымкент турист» ЖШС, туроператор

Мінәжат ету туры «Киелі жерлер» бағдарламасы

«Қ.А. Яссауи», «Арыстан баб» кесенелері, Отырар, Сауран қалашығы

Шымкент қаласы – Отырар ауданы – Түркістан қаласы – Шымкент қаласы

3 күн

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

4

«Беркут тур» ЖШС, туроператор

Шымкент қаласы бойынша шолу экскурсиялары

Дендрологиялық саябақ, «Тәуелсіздік саябағы», «Шәмші әлемі» гүлзары, «Бәйдібек би» ескерткіші, «Даңқ» мемориалы және т.б.

Шымкент қаласы

4 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Мәдени-танымдық тур

«Кеме қалған» ескерткіші, «Қарашаш ана», «Ибраһим ата» кесенелері

Шымкент қаласы – Сайрам ауылы – Қазығұрт ауданы – Шымкент қаласы

10 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Экологиялық тур

Біркөлік шатқалы

Шымкент қаласы – Төлеби ауданы – Шымкент қаласы

10 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Машат шатқалы

Шымкент қаласы – Түлкібас ауданы – Шымкент қаласы

6 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Сайрамсу шатқалы

Шымкент қаласы – Төлеби ауданы – Шымкент қаласы

10 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Бәйдібек асуы

Шымкент қаласы – Бәйдібек ауданы – Шымкент қаласы

10 сағат

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

5

«Сезонтревел» ЖШС, туроператор

Экологиялық тур

Жылауық үңгірі, «Машат» шатқалы

Шымкент қаласы – Түлкібас ауданы – Шымкент қаласы

1 күн

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Ақсу-Жабағылы қорығы

Шымкент қаласы – Түлкібас ауданы – Шымкент қаласы

1 күн

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

«Ақ мешіт» үңгірі

Шымкент қаласы – Бәйдібек ауданы – Шымкент қаласы

1 күн

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

6

ЖК Үсентаев Мақсат  Фазылбекұлы  «Тұран-саяхат», авиа турагент

Түркістан өңірі бойынша тарихи-танымдық саяхат

«Қ.А.Яссауи», «Арыстан Баб», «Әл Қожа ата», «Гаухар Ана», «Үкаш ата» кесенелері, «Шамет Ишан» медресесі, Карнақ  ауылы, Жылаған ата

Түркістан қаласы

1, 2, 3 күн

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

Төлеби ауданы бойынша экологиялық маршрут

«Жылақ ата»  сарқырамасы, «Қырыққыз» бұлағы, «Сулы үңгір»

 

Түркістан (Шымкент) қаласы – Төлеби ауданы – Түркістан (Шымкент) қаласы

1 күн

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

7

«Саэль тур» ЖШС, туроператор

«ОҚО 3 күнде таны» 3 күндік мәдени-танымдық тур

Шымкент қаласы, «Ибраһим ата», «Қарашаш ана», «Арыстан баб», «Қ.А. Яссауи» кесенелері, «Адама ата – Жер ана» тарихи нысаны, «Кеме қалған» ескерткіші, ОҚО табиғи аймақтары

Шымкент қаласы – Сайрам ауданы – Отырар ауданы – Түркістан қаласы – Қазығұрт ауданы – Бәйдібек ауданы – Шымкент қаласы

3 күн

Туристер саны мен көлік түріне, қонақ үйге байланысты

8

Жеке кәсіпкер Шопанов Ғазиз Боранұлы, туроператор

Танымдық тур

«Иса ата», «Ердәуіт ата», «Шаймерден ата», «Арыстан баб», «Қ.А. Яссауи» кесенелері

Шымкентқаласы –Сарыағаш ауданы – Отырар ауданы – Түркістан қаласы - Шымкент қаласы

 

2 күн

5000 тг

Оқо, Шымкент қаласында туристік-ақпараттық орталық ашылады. Оңтүстік Қазақстанда осы жылдың бірінші тоқсанында «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы өз жұмысын бастамақ. Мемлекеттік коммуналдық мекеме тұрғындар мен қонақтарға алты бағыт бойынша қызмет көрсететін болады. Бірінші. Туристік қызметтерді бір терезе қағидасы арқылы жүзеге асыру. Яғни базада көлік компаниясының өкілдері, гид мамандары, көші-қон қызметі мен туристік операторлардың өкілдері орналастырылады. Екінші. Облыстың туристтік әлеуетін зерттеп, ынтымақтастық орнатуға ниет еткен елдерге талдау жасау. Орта Азиядағы туристік өнімдері ілгерілеген халықаралық туроператорларды анықтау. Туристер үшін ақпараттық база құру. Үшінші. Туристік имиджді ілгерілету. Веб порталдар үшін таныстырылым бейнероликтерін дайындау. Шымкент, Астана, Алматы қалаларында орналастырылатын билборд серияларын әзірлеу. ОҚО-дағы туризм жайлы вирустық жарнаманы таратуды дайындау. Төртінші. Туроператорларды тарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Облыстың ірі 500 туроператорын анықтап, облыстағы туристік бағыттарды ұсыну. Шетелдік туристік орталықтармен бірлесе жұмыс істеу. Бесінші. Республика деңгейінде өтетін ауқымды мәдени, спорттық іс-шаралар мен көрмелерді Оңтүстік өңірінде өткізу. Алтыншы. Зәкірлік туристік жобалардың жүзеге асуына ықпал ету. Туризм саласына инвестиция тарту [9].

Шымкент қаласы Аль-Фараби аудандық әкім аппараты қазіргі уақытта қалада туристік іс-шараларды жүргізіп отыр. Мысалы айтатын болсақ осы ауданға қарасты аймақта облыстағы алғашқы 5 жұлдызды қонақүйдің ашылуы. Сондай-ақ қаладағы үлкен саябақтар мен бақтар осы аудан құрамына кіреді.

Қорытынды

Қорыта айтатын болсам, ОҚО Шымкент қаласының Аль-Фараби аудандық әкімшілігі 2002 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Мен оқу практика уақытысында осы аудан әкімшілік аппартаы мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасадым. Мұнда ауданда жасалынып жатқан жұмыстармен таныстым. Сондай ақ туризм саласындағы бекітілген бағдарламаларды анықтап, оларға талдау жүргіздім. Оқұ практикасына маңызды болатын құжаттармен танысып, керекті мағлұматтарды алып отырдым. Аль-Фараби ауданы қаладағы 4 ауданның бірі және маңыздысы болып табылады.

Қалада танымдық және іскерлік туризмді дамытуға мүмкіндік бар, және осыған арнайы жобалар жасалынып, болашақта жүзеге аспақшы. Қала орталығы болып саналатын Таукехан даңғылы мен Қонаев даңғылы, Байтурсынов, Иляева көшелерінде маңызды туристік обьектілер орналасқан. Сонымен қатар туристік мекемелер, турфирмалар және қонақүйлер осы аудандық орталықта дамып отыр.

Болашақ туризм саласында жұмыс атқаратын қызметкерге келешектегі іскерлігін және еңбекті ұйымдастыруға дағдыландым. Аудандық әкімдәк мекемесінде бағдарламаларды және жобаларды туристердің жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, адамдармен жұмыс істеуді үйрендім.Қазіргі оргтехниканы қолдануға, туристік-экскурсиялық қызмет ету бағдарламаларын құрастыруға, туристік сапар желілерін өңдеуге үйрендім;

Жалпы айтқанда, оқу орнында алған білімімді толық көрсетіп, жақсы тәжірибе жинадым. Өндірістік тәжірибені өту барысында болашақта қажет болатын білімді жинадым.

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Закон Республики Казахстан от 13 июня 2001 г.№ 211-2 «О туристской деятельноти в Республике Казахстан» (с изменениями, внесенными Законом Рк от 22.02.02 г№ 296-2). –Алматы: Юрист,2002.

2 Указ Президента Республики Казахстан от 17 февраля 2000 года №344 О дальнейших мерах по реализации Стратегии Развития Казахстана до 2030 года, сб. Норм-прав.док.-Алматы:Юрист 2001.

3. Шымкент қаласының ресми сайты http://shymkent.gov.kz/

4. «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020» http://www.damu.kz/

5. ОҚО ресми сайты http://ontustik.gov.kz/

6. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы сайты http://www.upiirt.kz/

7. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы 2001 ж. 13маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: ЮРИСТ. 2008

8. Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы бекітілген ресми сайт http://adilet.zan.kz/

9. Башта А. Казахстанский туризм: новый поворот //Деловой мир Казахстана. -2002. -№11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]