Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktika.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
276.5 Кб
Скачать

1.2 Жалпы ережелері.

1. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, облыс әкімі және әкімдігі атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы, 6 үй, пошталық индексі 160018.

9. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі»;

орыс тілінде – «Государственное учреждение «Аппарат акимаАль Фарабийского района».

10. Осы Ереже «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру облыстық бюджетiнен жүзеге асырылады.

12. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функцияларына жататын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады[2].

Егер «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

1.3 Ауылдық округ әкімінің аппараты қызметін ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімінің аппараты мүлкі. Ауылдық округті құру және тарату

Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

1. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысы жүзеге асырады.

2. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

3. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

«Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы:

1) «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жауапты болады;

2) дара басшылық ету принциптерінде іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген өз құзыретіне сәйкес «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелерін дербес шешеді;

3) «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;

4) барлық органдар мен ұйымдарда «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

5) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкіне билік етеді;

6) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;

7) банктік шоттар ашады;

8) бұйрықтар шығарады және «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар береді;

9) облыс әкіміне әкімдік қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын және өзге де материалдарды ұсынады;

10) «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің және штат құрылымының жобаларын әзірлейді және оларды облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

11) «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар туралы ережелерді және «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

12) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылық жасайды;

13) облыс әкіміне мемлекеттік саяси қызметшілерге арналған кадрлар резерві бойынша ұсыныстар енгізеді;

14) орынбасарлары болады және олардың міндеттері мен өкілдіктері шеңберін анықтайды;

15) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, облыс әкімдігі қаулыларын және облыс әкімі шешімдері мен өкімдерін орындау жөнінен «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді;

16) облыс әкіміне аппарат қызметкерлеріне сыйақы беру және оларға қатысты тәртіптік жаза белгілеу жөнінен ұсыныстар енгізеді;

17) облыс әкімінің орынбасарларын қоспағанда, «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне демалыс беру, сондай-ақ іссапарға шығару жөнінде бұйрықтар шығарады;

18) «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің облыс әкімі тағайындағаннан басқа мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындау, босату, тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу жөнінде бұйрықтар шығарады;

19) «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау, босату, оларға қатысты тәртіптік жаза белгілеу және көтермелеу жөнінде бұйрықтар шығарады;

20) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

21) заңнамамен, облыс әкімімен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi[2].

Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.«Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппаратының «Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық мекемесі.« Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мемлекеттiк органның мүлкi. «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады [3].

«Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Аль-Фараби аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]