Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

osnove, esepter

.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
129.54 Кб
Скачать

1 Мəслихат депутаты Сейдахметов тергеушімен куə ретінде жауап беруге шақырылды.Тергеушінің əрекеті заңға сай ма?

Жауабы: ҚР Конституциясының 4бөлім Парламент 52 Бабының 4 тармағында көрсетілген Парламен депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге,сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға ,қылмыс үстінде ұсталған н\е ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда,тиісті Палатаның келісімінсіз қылмысық жауапқа тартуға болмайды. Осыған орай прокуродың ісі конституцияда көрсетілген заңға қарсы болып табылады.

2 Ғылыми зерттеу институтының ұжымы кезінде өздері ұсынған депутат Қаптағановтың есебін тыңдау туралы шешім қабылдады.Бірақ Қаптағанов өзінің басқа елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқанын айтып ,есеп бермейтінін хабарлады.Қаптағановтың əрекеті заңға сай ма?

Жауабы: бұл кезде депутат Қапағановтың іс-әрекетізаңға сай. Себебі, ҚР Конституциясында көрсетілгендей, депутат ҚР-ның азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады делінген.

3. Қазақстан Республикасының институтында оқитын студент Ли Чан өз курстасы Томақбаеваға өзімен некеге тұруға жəне Қытай азаматтығын алуға ұсыныс жасады.Томақбаева өз келісімін беріп, алдымен Қазақстан азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қазақстан Республикасының азаматтығы қандай жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

Жауабы:Бұл сұраққа жауап беру үшінҚазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен реттеледі. ҚРның азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Заңына сүйенуіміз керек. Аталған Заңның 3-ші тарауында (Азаматтықты тоқтату) былай көрсетілген:

19-бап. Азаматтықты тоқтату негiздерi ҚРның азаматтығы: 1) ҚР азаматтығынан шығу; 2) ҚР азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады Азаматтықтан шығу Республика аймағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы Президентінің атына азаматтықтан шығу туралы өтініш беріп, оны тұрақты тұратын жеріне байланысты Қазақстан Республикасы ішкі істер органынына береді. ҚР азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгiленген тәртiппен жасаған өтiнiшi негiзiнде рұқсат етiледi. Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адамның ҚР алдындағы мiндеттемелерiнiң немесе мүлiктiк мiндеттемелерiнiң орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе ҚР территориясында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң елеулi мүдделерi байланысты болса, ҚР азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкiн. Егер шығу туралы өтiнiш жасаушы адам айыпкер ретiнде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзiнде күшiне енген сот үкiмi бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның ҚР азаматтығынан шығуы ҚРның мемлекет қауiпсiздiгi мүдделерiне қайшы келсе, ҚР азаматтығынан шығуға жол берiлмейдi. Осы жоғарыда аталған жағдайлар болмаған жағдайда Томақбаеваның ҚР азматтығы тоқтатылады

4 АҚШ азаматтары ерлі – зайыпты Гопинстер жəне олардың 12,15,19 жасар балалары Қазақстанға көшіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға шешім қабылдады.Оларға қай органға өтініш беруге қажет? Қазақстан азаматтығын қандай тəртіппен алуы мүмкін?Олардың балаларының азаматтығы туралы мəселе қалай шешілуі тиіс?

Жауабы:ҚР-ның азаматтығын алу үшiн ҚР аумағында кемiнде 5 жыл тұруы шарт. ҚР азаматтығы туралы заң бойынша кәмелетке толмаған жаста, мүгедектерге ҚР азаматтығын алу үшін 5 жыл ҚР тұру міндетті емес. Бұл жағдайда Гопинстер ҚР-нын азаматтығын алуға әдiлет органдарына жүгiнедi.

5 Журналист Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Əмірліктеріне көшіп кетті.Бірақ жүктілік жəне туу кезіне Қазақстанға келіп, осында бала туды.Наурызбаеваның баласының азаматтығы қалай анықталады?

Жауабы:Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен реттеледі. Қазақстан Республикасының азаматы болу Мына адамдар: осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

6 С. Азаматы өз автокөлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті жəне сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың қай саласының нормаларын бұзды: азаматтық құқық, еңбек құқығы,əкімшілік құқығы, транспорт заңдарын.

Жауабы:C. Азамат акiмшiлiк кукык нормаларын бузган болып табылады. Бул кукык бузушылыктын КР-нын акiмшiлiк кукык бузушылык туралы Кодекстiн 463-бабында корсетiлген.Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң бағдаршам мен реттеушi көрсеткен сигналдардың, жол белгiлерiнiң, жол бетiндегi белгiлердiң талаптарын сақтамауы және жол қозғалысы ережелерiн басқадай өрескел бұзуы 1. Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң бағдаршам мен реттеушi көрсеткен сигналдардың қозғалыс барысында басымдық құқығын пайдаланатын көлiк құралдарының кедергiсiз өтуiне жол бермеу, - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7 Келесі актілердің қайсысын əкімшілік құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады:заң ; кодекс ; жарлық; қаулы ; бұйрық ; инструкция ;ереже ; телефонограмма ;əдістемелік нұсқау.Өз актілерін шығару құқығына қандай мемлекеттік органдар ие болады?

Жауабы: Мұндай органдарға: кодекс, жарлык, каулы, ереже. Әкiмшiлiк орг-р, сот орг-р. Министрліктер, заң шығарушы органдар және т.б.

8. Үшінші сынып оқушысы , ата-анасыз автобуста жол ақысын төлемей отырды. Контролер одан билетті көрсетуді талап етіп, ол көрсетпегеннен кейін айыппұл төлеуді талап етті. Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық орын алды, егер болса әкімшілік жауапкершілікке кім тартылады?

Жауабы: ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы 9-тарауының 72-бабында Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады делінген. Сондықтын оқушы 3- сыныпта оқитындықтан, 73-бапта көрсетілгендей, Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар қолданудың ерекшелiктерi: 1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкімшілік айыппұлдың мөлшері осы Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады.

9. Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу жəне оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды.Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал сайманмен жəне көлікпен қамтамасыз етті.Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек

шартында көзделмеген жəне қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма?

Жауабы:Бұл жағдайда Еңбек кодексінің көрсетілгендей лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген бірак өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады

10 Жергілікті əкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің əрекеті заңға сай ма?

Жауабы:Бұл жағдайда лауазымды тұлғалардын iс-әрекетi заңға қайшы. Себебi, «азаматтык кодекстiн» 35 бабына сайкес лауазымды тұлға өзiнiң өкiлеттiк мерзiмi iшiнде басқа қызметпен айналасу мүм-гi болмайды.

11 Институт ректоры азаматтардан лаборант ,оқытушы жəне проректор қызметтеріне алу туралы өтініштерді қабылдады.Аталған қызметтерді алу үшін қандай əрекеттер жасалуы тиіс?Қызметкерге алынушылардың қызметтік қатынастары қай уақытта пайда болады? Мемлекеттік қызметке алынушыларға қойылатын талаптар.

Жауабы:Мем-к акiмшiлiк кызметке орналасуы конкурстык негiзде жургiзiледiКонкурстың бірқатар тізбекті кезеңдері бар:конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау; конкурстық комиссияны құру; белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және талдайды; үміткерлерді тестілеу; конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісіКонкурсқа қатусуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады. Олар КР-нын азамат болуы керек жане жасы 18 төмен емес ҚР азаматтары аталмыш бос орынға үміткер ретінде конкурсқа қатыса алады. Конкурсқа қатысушының тапсырған құжаттары толық және өзінің біліктілік талаптарға сай болған жағдайда ол тест тапсыруға қатысады. Тестке қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережесін білуі тиіс. Тапсырған тесттің ұпайы түпкілікті мәннен төмен болмаса ол үміткер конкурс өткізуші органда әңгімелесуге қатысады. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар.

12 Сот шешімімен əрекет қабілеттігі жоқ деп танылған Асқаров өз меншігіндегі автокөлікті Бақтыбаевқа 250 000 теңгеге сатты.Асқаровтың шешесі шартты жарамсыз деп танылу туралы жəне Бақтыбаевтың автокөлікті саматовқа сатып жібергені анықталды.Бұл іс бойынша сот қандай шешім қабылдауы керек?

Жауабы:Бул жагдайда «Азаматтык кодекстiн» 26 бабына 2 тарауга сайкес Аскаровтын автоколiктi сатуга кукыгы жок. Бактыбаев Аскаровтын анасына автоколiктiн кунын акшалай немесе Саматовтан кайта сатып алу аркылы кайтару керек.

13. Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады. Бұл учаскеде салынған үй кепілге кіреді ме?

Жауабы:Азаматтық кодексінің 309-бабы. Кепiл ұстаушының құқығы қолданылатын мүлiк

1. Кепiл мәнi болып табылатын затқа кепiл ұстаушының құқығы (кепiл құқығы), егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның керек-жарақтары мен бөлiнбейтiн жемiстерiне де қолданылады. Кепiлге салынған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған бөлiнетiн жемiске, өнiмге және табысқа кепiл құқығы шартта немесе заң құжаттарында көзделген реттерде қолданылады.

2. Кәсiпорынның немесе өзге мүлiк кешенiнiң ипотекасы жағдайында жалпы кепiл құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, талап ету, соның iшiнде ипотека кезiнде сатып алынған құқықтары мен ерекше құқықтарды қоса алғанда, оның барлық қозғалмалы және қозғалмайтын мүлкiне қолданылады.

3. Үй немесе ғимарат ипотекасына осы үй немесе ғимарат тұрған жер учаскесiне не осы учаскенiң кепiлге салынатын объектiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiгiне құқық нақ сол шарт бойынша бiр мезгiлде жасалатын ипотека арқылы жол берiледi.Осыған орай, Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады. Бұл учаскеде салынған үй кепілге кірмейді.

14. Қанатов Сейітовке автокөлікті сатып алуға сенімхат берді, бірақ Сейітов ауыр халде ауруханаға түсіп өз міндетін атқара алмады да, қайта сенім тәртібінде сенімхатты Маратовқа берді. Бұл сенімхат Сейітов жатқан аурухананың бас дәрігерімен куәланды. Маратов Қанатовтан автокөлік сатып алды, бірақ автокөлік бағасы Қанатов берген сенімхатта көрсетілген соманың шегінен шығып кетті. Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты. Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралы талаппен сотқа шағымданды. Бұл дауды шешіңіз

Жауабы:Азаматтық кодексінің 167-бабы (Сенiмхат) 3 тармағына сәйкес: Нотариат куәландырған сенiмхаттарға госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар теңестіріледіАзаматтық кодексінің 169-бабы (Сенiм ауысуы) 1 тармағына сәйкес: Сенiм бiлдiрiлген адам өзiне уәкiлдiк берiлген әрекеттi өзi жасауға тиiс. Алған сенiмхат бойынша сенiм ауыстыруға уәкiлдiк берiлген не сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғауға мәжбүр болған ретте ғана ол осы әрекеттердi жасау сенiмiн басқа адамға аудара алады. Азаматтық кодексінің 170-бабы (Сенiмхаттың тоқтатылуы) 2 тармағына сәйкес: Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiм ауысуының күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады.

Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты. Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралы талаппен сотқа шағымданды. Сот талапты қанағаттандыруы қажет!

15 Азаматша Сүлейменова жəне оның бұрынғы күйеуі нотариусқа өздері жасаған шартты куəландыруға өтініш берді.Бұл шарт бойынша ажыратылған ерлі-зайыптылар бір біріне балаларды асырау туралы талап қоюдан бас тартады, күйеуі ортақ меншікке құқықтан бас тартады, ал əйелі зейнеткерлік жасқа жеткенше жаңа некеге тұрмауға міндет алады.Бұл шарт заңды ма?

Жауабы:Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету 1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.   2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлі- зайыптылардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының келісімі керек болады.  Ерлі зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.3. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет. Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы. Сулейменова жане онын бурынгы куйеуi жасаскан шарты неке жане отбасы туралы кодексте сайкес занды болып табылады.

16 Келесі субьектілердің арасында қаржылық құқықтық қатынастар туындай ала ма:

- жеке тұлғалар (азаматтар);

- мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар;

- мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар жəне азаматтар;

Жауабы:жеке тулгалар

- мем-н каржылык кызметин аткаратын орг-р.

-мем-н каржылык кызметин аткаратын органдар жане азаматтар арасында каржылык кукыктык катынастар туындайды.

17 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттің қаржылық қызметін

атқаратын орган екендігін дəлелдеп беріңіз.

Жауабы:КР-нын Улттык банкi 1993 жылы 13 сауiрдегi «КР-нын Улттык банкi туралы» занга сайкес акша айналысын баскару;айналыстагы акша массасынын колемi мен курылымын реттеу; банктер мен тенгелер шыгару;

-елiмiздiн валютасы-н курсын шет мем-н валютасымен айырбастау курсын белгiлеу;

-айналыстагы турлердi айырбастау-н тартiбiн аныктау;

-шетелдiк валютаны сатып алуды жане сатуды;

-тенгелердiн канша молшерде тутынылатын аныктап, оларды дайын-ды;

-накты есеп айырысу ережелерiн белгiлейдi жане т.б. акша жуйе-не байланысты кызметтердi жузеге асырады.

18. Мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдарға заң шығарушы жəне сот органдарын жатқызуға бола ма?Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Жауабы:Заң шығарушы органдар мемлекеттің қаржылық қызметін атқарады, Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық силаттамалары мен ережелерін белгілейді ал сот органдары атқармайды. Мемлекеттік қаржылар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жүйесінің құрамында жоғарғы заң шығарушы және өкілді орган - ҚР Парламенті бар. Сондықтан Парламент мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органға жатқызылады.

19. Республикалық жəне жергілікті бюджет кірістерінің көздерін атаңыз.

Жауабы:Республикалық бюджетке түсетін түсімдер: 1)республикалық меншiктен түсетiн кiрiстер; 2)республикалық бюджеттен аржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн түсiмдерi;

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi; 4)мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу; 5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсiмдер республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер болып табылады.

6)мұнай секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi қоспағанда, корпоративтiк табыс салығы; 7) қосылған құн салығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;

8) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан; 9)мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан; 10) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер болып табылады.

11)облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен түсетiн трансферттер; 12) ҚРның Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетiн трансферттер республикалық бюджетке түсетiн трансферттердiң түсiмдерi болып табылады. 13) Республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, үкiметтiк қарыздарды сатудан түсетiн түсiмдер республикалық бюджет есебiне жазылады.

Жергілікті бюджет кірістері:

  1. жер салығы;

  2. жеке адам мүлкіне салынатын салық;

  3. су ақысы;

  4. жеке табысқа салынатын салық;

  5. кәсіпкерлік қызмет үшін салынатын салық.

20 Қазақстан Республикасының азаматы Қасқыров, Түркияда іссапары кезінде жергілікті тұрғынмен төбелес шығарып оған орташа ауыр дене жарақаттады.Қасқыров қай мемлекеттің заңы бойынша жауапкершілікке

тартылуы керек?

Жауабы:Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.

2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделерiне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды.

3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмысы үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

К. Аскаров КР азаматы болгандыктан ол КР-н заны бойынша жауаптылыкка тартылуы тиiс.

21 Түзеу мекемесіндегі отырған Құрбанов мас күйінде сотталған Болатовтың ішіне екі пышақ жарақатын келтірді жəне соның салдарынан Болатов ауруханада қайтыс болып кетті.Бұл əрекет құрамындағы қылмыс белгілерін атап көрсетіңіз?

Жауабы:Тузеу мекемесiнде отырган Курбанов масс куйiнде сотталган Болатовтын iшiне пышак жаракатын келтiрдi жане сонын салдарынан Болатов ауруханада кайтыс болды. Бул арекет курамындагы кылмыс белгiлерi:

-кылмыстык кукыкка кaйшылыгы;

-когамга кауiптiлiгi;

-кiналiлiгi 21. 1) Заңға қайшылығы: суық қару қолданды, түзеу мекемесінде спирттік ішімдік ішті.

2) Қоғамға қайіптілігі: Болатов ауруханаға түсіп, қайтыс болды.

3) Айыптылығы: Құрбанов Болатовты пышақтады.

4) Жазаланатындығы: ҚР Қылмыстық кодексі бойынша жазаланады.

22 Дауылбаев қызық көріп А-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) жəне сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінəсі бар ма?

Жауабы:Дауылбаев кызык корiп А-ны жагадан суга итерiп жiбердi. А-нын жузе алмайтынын бiлмеген едi. С. бул туралы бiлмедi жане сол себептi суга батып кеттi. Дауылбаевтын арекетi мем-пен жасалган кылмыс деп танылады, себебi ол оз iс-арекетiннiн кауiп тугызуы мумкiн екенiн бiлдi, бiрак бул зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз женiлдiктiкпен болгызбау мум-не сендi (КР-нын кылмыстык кодексiнiн 21 бабына сайкес) Даулыбаевтың кінәсі бар. ҚР Қылмыстық кодексінің 21 бабындағы немқұрайлықпен жасалған қылмыс болып табылады. Оған 2 мен 5 жыл арасында қамауға алынады. Жаза қолдануда оның кәмілеттік жасқа толған-толмағандығы, әрекеттілігі бар-жоқтығы, отбасы жағдайы және т.б. факторлар шешуші роль атқарады.

23 Шəкеев С –пен дауласып қалып С.оны ұрып соқты.Шəкеев үйден пышақ алып келіп С–ті қуды.Қашып бара жатқан С – тың қарсы бетіне келе жатқан Тоқтаров оның аяғын шалды,ал Шəкеев бұл жағдайды пайдаланып С–қа бірнеше пышақ жарақатын келтірді. Нəтижесінде С қайтыс болып кетті. Тохтаровтың əрекетінде қылмысқа қатысу белгілері бар ма?Қылмысқа қатысудың обьективті жəне субьективті белгілерін ашып беріңіз.

Жауабы:Токтаров кылмыска комектесушi болып табылады.Субъективтi – Шокеев есi дурыс кылмыстык жауаптылык жасына толган. 1) Тоқтаров кінәлі. ҚР Қылмыстық кодексінің бабына сәйкес, ол қылмысқа көмектесіші болып табылады.

2) Объективтік белгісі – қоғамға қауіптілігі (Шәкеевтің суық қаруды пайдалануы, С.-ның қайтыс болуы).

Объектілері – С.-ның өмірі, суық қару.

Субъектілері – Шәкеев, С., Тоқтаров.

Субъективті жағы - әрекет қабілеттілігі, есінің дұрыстығы.

24 Өз бақшасынан ұрлықтың алдын алу үшін Хамраев электр тоғы өткізілген сыммен бақшаны қоршады жəне қауіпсіздік мақсатында "Өмірге қауіпті!Электр тоғы!" деген хабарламаларды іліп қойды.Жасөспірім В. Жəне О. түнде бақшаға түсті жəне нəтижесінде В. элетр тоғының əсерінен қайтыс болып кетті.Бұл жағдайда қажеттілік қорғану орын ала ма?

Жауабы:Оз бакшасынан урлыктын алдын алу ушiн Хамраев электр тогын откiзiлген сыммен бакшаны коршады жане кауiпсiздiк максатында «омiрге кауiптi электр тогын » деген хабарламаларды iлiп койды. Жасоспирим В жане О тунде бакшага тустi жане натижесiнде В электр тогынын асерiнен кайтыс болып кеттi.

1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. 2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады. 3. Нәтижесiнде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады. Адам өмiрiне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi қорғаныс шегiнен шығу болып табылмайды.

25. Учаскелік инспектор өз танысымен жеке əңгімесінде ,жабдықтау бөлімінің бастығы Құсайынов 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлағанын білді.Бұл жағдайда қылмыстық істі қозғауға негіз бар ма?Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздерін атап көрсетіңіз.Жасалған қылмыс туралы арыздар жəне хабарлауларды тексерудің тəртібі қандай?

Жауабы:ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша қылмыстық істі қозғау үшін: 1) қылмыс оқиғасынын, яғни себебі мен негізін анықтау қажет. 2) қылмыс құрамының болуы керек (субъектісі, объектісі, субъективтік жағы, объективтік жағы).Қылмыстық iс қозғау тәртiбi: 1. себеп пен негiз болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлiмiнiң бастығы, тергеушi, прокурор қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарады.  2. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кiм жасағаны, iс қозғаудың себептерi мен негiздерi, ол кiмге қатысты немесе қандай факт бойынша қозғалып отырғаны, белгiлер бойынша iс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ iстiң бұдан былайғы бағыты көрсетiледi. Қылмыстық iс қозғау туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi. Қабылданған шешiм туралы арыз берушiге және өзiне қатысты iс қозғалып отырған адамға оған қылмыстық iзге түсудiң басталуына байланысты құқықтар мен мiндеттердi түсiндiре отырып, хабарланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]