Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet_4_kurs.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
29.6 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ

Орындаған: Шылмырза Ұ.А.

Қабылдаған: Абдыгалиева С.С

Алматы, 2014 ж

Мазмұны:

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚР Өңірлік Даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан филиалы

1. Кәсіпорынның қызметі мен мақсаты

1.2. Кәсіпорынның міндеттері

2. Кәсіпорында жүргізілетін жұмыстар

2.1. Іздестіру

2.2. Жобалау

2.3. Жер бөліп беру

2.4. Бағалау

2.5. Картографиялық жұмыстар

3. Жерге орналастыру

4. Кәсіпорынның құрылымы

5. Кәсіпорын қызметкерлерінің саны

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Халқымыз Елбасының жолдауларын жыл сайын асыға күтеді. Себебі, Елбасы жолдаулары ел дамуының бағыт бағдарларын, басымдықпен мән берілетін мәселелерін айқындап, алға жаңа міндеттер қояды. Болашаққа жол сілтейді.

Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынның негізгі қызметі еліміздің жер қорларын тиімді пайдаланудың заман мен қолданыстағы экономикалық қатынастарға сай жолдарын қарастыру және енгізу, оны қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру ісіне қатысты. Аталған маңызды мәселе бойынша еліміздің жер заңдылықтарында, Үкіметтің шешімдерінде қарастырылған іс-шараларды өз құзіретіміз аясында жүзеге асыру Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми өндірістік орталығына жүктелген.

«Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны («МемжерҒӨО» РМК) көп жылдан бері қалыптасқан тәжірибесі бар, жерге орналастыру саласындағы барлық талаптарды орындауға қабілетті ұжым. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда (Астана мен Алматы қалалары) 18 еншілес кәсіпорны және еліміздің барлық аудандық (қалалық) орталықтарында 194 жер кадастрлық бөлімшелері қызмет етеді. Оларда төрт мыңнан аса адам жұмыс істейді. Демек, «МемжерҒӨО» РМК жүйесінің қызмет аясына мемлекетіміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына сәйкес республикалық, облыстық, аудандық (қалалық) деңгейлері болып республиканың барлық аумағы кіреді.

Сонымен қатар, «МемжерҒӨО» РМК Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында бірыңғай жүйе мен технология бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізу және жер туралы ақпарат ресурстарын қалыпқа келтіру, жер мониторингін жүргізу, ғылыми-технологиялық әдістемелерді дайындау жұмыстарымен шұғылданады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚР Өңірлік Даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан филиалы

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан филиалы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 30 желтоқсандағы № 1682 «Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорындары туралы » қаулысы негізінде құрылған және өз қызметін кәсіпорын Жарғысы мен МЕБ № 00345 мемлекеттік лицензия негізінде атқарады.

Мемлекеттік басқарушы орган, сонымен қатар мемлекеттік құқықтағы меншік иесі болып Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару агенттігінің «МемжерҒӨО» РМК болып есептелінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]