Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktika.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
276.5 Кб
Скачать

Кафедра «Туризм»

География және табиғатты пайдалану факультетінің

5В0090200 «Туризм» мамандығы

студентінің оқу өндірістік тәжірибесі бойынша

ЕСЕБІ

Арапбай Жауһазын

______________________________________________________________

(аты-жөні)

Шымкент қаласы, Аль-Фараби ауданының әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі

______________________________________________________

(кәсіпорын атауы)

Кафедра атынан тәжірибе жетекшісі Жылқыбаева М.И

Кәсіпорын атынан тәжірибе жетекшісі Нурманов С.Ш

Алматы 2015ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................ 3

1. «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, АЛЬ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ..................................................................................................5

1.1 Аль-Фараби ауданының сипаттамасы және аудан әкім аппаратының негізгі функциялары мен құқықтары...........................................5

1.2 Жалпы ережелері.............................................................................................8

1.3 Аудан әкімінің аппараты қызметін ұйымдастыру. Аудан әкімінің аппараты мүлкі және аудан әкімдігін құру және тарату................................ 10

2 «АЛЬ-ФАРАБИ АУДАН АППАРАТЫ» МЕКЕМЕСІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА МЕН ЖОБАЛАР.....13

2.1 Кәсіпкерлік саланы дамыту бойынша атқарылатын іс – шаралар.........13

2.2 Туризм саласын дамыту іс-шаралары..........................................................16

ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................... 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................... 23

Кіріспе

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда.

Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Сонымен қатар, туризмнің қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамуы келесі көрсеткіштермен сипатталады. Ішкі және халықаралық туризмнің жалпы шығыны әлемдік ұлттық ішкі өнімнің 12%-ін құрайды, жыл сайын 1,5млрд. Ішкі және халықаралық саяхаттау тіркелді.

Қазақстанда туризмнің хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтықжәне жеке құрылымдардың арасында өз ара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизімнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің – шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғы шарттары іс жүзінде бар, себебі Республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи сәулер және архиологиялық ескерткіштер мол.

Қазақстандағы қазіргі заманғы туризм дамуының деңгейі қолда бар туристік әлеуметті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Туристік сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Сондықтан қазіргі заманғы сатыдағы туризм дамуының экономикалық мханизмін зерттеудің өзекті мәні бар.

Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие.Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді. Шын мәнісінде туризм саласы тек шет елдермен байланысып туристерді қабылдап, жіберу ғана емес сонымен қатар қазіргі таңда әкімшілік саламен де, бизнеспен де, қонақ үй, экскурсия жүргізу, барлық саламен тікелей байланыста жур.

Төртінші курс оқу тәжірибесі өндірістік және басқа да (рұқсат етілген) мекемеде жеке тәртіпте жүргізілді. Тәжірибенің ұзақтығы 5 аптаға созылды. Оқу-танымдық тәжірибеге кәсіпорынның жетекші маманы басшылық етті және университеттен кафедра оқытушысы жетекшілік етті.

Туризм саласының әкімшілік кызметпен байланысын 18.01.16-20.02.16 аралығында өткен осы өткен оқу - практикамнан Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Аль-Фараби аудандық әкім аппараты мемлекеттік мекемесінде жалпылама туризм саласына қажетті мәліметтерді жинақтап, барлық бағдарламалар мен жоспарларды жүзеге асыру жолында жасалып жатқан жұмыстармен танысып, тәжірибе жинақтадым.

Мақсаты: Ұйым практикалық тәжірибесін алу және әкімдік аппарт мекемесінде туризм саласындағы іс-әрекеттермен танысу,құжаттау жұмысында, туристік сала ұйымында алған білімді бекіту.

Өндірістік практика міндеті:

1.ұйымдастырушы, басқару жұмыс тәжірибесін жинау.

2. кәсңпорын экономикасын, технологиялық өндіріс пен ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу.

3. кәсіорынның стратегиясын, маркетингтік, қаржылық, жарнамалық іс – әрекетін сипаттайтын материялдарға талдау жасау.

4.кәсіпорынның материалдық – техникалық базасын, капитал жұмсауын, сапаны бақылау мен стандартизация тұрғысын, еңбек тиімділігін және өнімділігін анықтайтын шараларын талқылау.

5.жаңа бағдарламалармен, технологиялармен,компьютерлік қызмет көрсетумен танысу.

6.келісімшарт, шарт , әріптестерінің картотекасын құрастыру, өндірістік кеңес, іскерлік кездесулер, келіссөз өткізу тәжірибесін талқылау.

7.туристік кәсіпорын маманданының нұсқаулары мен қызметтік міндеттері, кадрларды орналастыру принциптерімен танысу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]