Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktika.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
276.5 Кб
Скачать

1. «Шымкент қаласы, аль-фараби ауданы әкім аппараты» мемлекттік мекемесінің жалпы сипаттамасы

1.1 Аль-Фараби ауданының сипаттамасы, аудан әкім аппаратының негізгі функциялары мен құқықтары.

Аль-Фарабий ауданы — Шымкент қаласының ұйымдық-территориялды бірлігі, қаладағы төрт ауданның бірі.

Аль-Фарабий ауданы қаладығы халық көп қоныстанғын және орталық аудан болып саналады. Себебі ауданда маңызды білім, ұйымдық, тарихи-мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан. Ауданда 1 мемлекеттік ЖОО, облыстық және қалалық әкімшілік ғимараты, облыстық филармония, «Қиял әлемі» паркі, тәуелсіздік паркі, «Аль-Фараби» және «Ордабасы» орталық алаңы,ЦУМ, «MEGA Shymkent», 5-жұлдызды отель «Rixos» орналасқан (сурет 1, сурет 2).

Сондай-ақ қаладағы жалғыз теміржол вокзалы, 18 өндіріс орны, 30 мемлекеттік ұйымдар бар. Аль-Фарабий ауданында Шымкенттің екі үлкен магистралі өтеді. Шығыстан батысқа қарай: Тауке хан даңғылы,Туркестан көшесі мен Г.Иляева көшесі, ал оңтүстіктен солтүстікке: Қонаев даңғылы, Байтурсынов , Қазыбек би көшелері жатады.

Ауданның территориясында 372 көше, 776 көпқабатты үйлер, 21886 жеке меншік үйлер бар. Аль-Фараби ауданында тұрғындар саны 219 мың. 90 мың адам еңбекке жарамды, 50 мың жасөспірімдер мен балалар, 20 мың зейнет жасындағылар. Ауданда 60 жуық ұлт өкілдері тұрады.

Сурет 1 MEGA Shymkent

Сурет 2 «Rixos»

Ауданда М. Әуезов атындағы ОҚО мемлекеттік университеті бар. Сонымен қатар 60 бала бақша (24 мемлекеттік) және 34 орта білім беретін мектеп бар. Аудан аймағында Облыстық аурухана, 11 аурухана, 8 поликлиника, 7 ауылдық дәрігерлік амбулаторий орналасқан.

Аль-Фараби аудандық әкімдәк аппараты Қазақстан Республикасының «әкімшілік – аумақтық құрылымы туралы » Қазақстан Республикасы Заңының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару» 39 бабына сәйкес 2002 жылы 20 желтоқсанда және Оңтүстік Қазақстан Облысы әкімдігінің шешімімен құрылды. Қазіргі кезде аудан әкімі: Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы. Аудан әкімінің орынбасарлары: Нұрманов Серік Шермаханбетұлы[1].

Аль-Фараби аудандық әкімінің аппараты өз қызметін, облыс мәжілістері және қала әкімі басшылығымен өткізетін басқа шараларлы ақпараттық талдау, құқықтық ұйымдастырушылық, құжаттамалық және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз етеді.

Аудан әкім аппартаның міндеттері:

1.облыс әкімі және әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; 

2.облыс әкімі және әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету; 3.облыс әкімі және әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтарды, оларды орындамаудың себептері мен жағдайларын жою жөнінен шаралар қабылдау;

2) «Қазақстан-2030» стратегиясын, жыл сайынғы «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауынан» келіп шығатын міндеттерді рет-ретімен жүзеге асыру, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау, маңызды проблемаларын шешу;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, Қазақстан Республикасы Парламентінің, министрліктер мен ведомстволардың аппараттарымен өзара іс-әрекет ету;

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудан және қала әкімдерінің мемлекеттік бағдарламаларды орындау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету, оларды жақсарту жөнінен ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

5) мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларды әлеуметтік және құқықтық қорғау механизмін әзірлеуді қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерін үйлестіру, облыста мемлекеттік тәртіпті және қоғамдық тәртіпті нығайту жөнінен іс-шараларды әзірлеу;

6) облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарының тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді және қоғамның бірігіп нығаюын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру;

7) облыс әкімін облыстағы қоғамдық-саяси жағдай мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету, облыста және республикада өткізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар туралы қоғамдық пікірді зерттеу, экономикалық және қоғамдық өмірдегі келеңсіз көріністердің алдын алу және оларды жеңу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, әлеуметтік реформалардың мониторингін жүзеге асыру;

8) облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу, оларды құқықтық сараптаудан өткізу;

9) бұқаралық ақпарат құралдарында облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін жариялау, БАҚ-мен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, облыс әкімі өткізіп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясатты тұрғындардың арасында түсіндіру;

10) облыс әкімінің жергілікті өкілді органдармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, облыстағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді әрі қарай нығайту жөніндегі бірлескен іс-шараларды әзірлеу;

11) кадрларды таңдауды жүзеге асыру, облыс әкімі тағайындайтын кадрлар резервін қалыптастыру, оларды лауазымға тағайындау және лауазымынан босату жөніндегі материалдарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің оқуын және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

12) облыс әкімі қатысатын іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету;

13) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды, соның ішінде жұмыс және тұрғын орны бойынша қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымына талдау жасау, іс жүргізуді жетілдіру, жұмыс стилін және әдістерін жақсарту;

14) белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы байланыстардың дамуына ықпал ету, Қазақстан Республикасының дипломатиялық корпусымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекеттерінің елшіліктерімен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;

16) облыстық бюджетті, облыстың аудандары мен қалаларының бюджетін сапалы жоспарлау және орындау мәселелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;

17) мемлекеттік қызметті ұсыну сапасын сақтау барысын бақылауды қамтамасыз ету [1].

Әкімшіліктің құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан, аудан және қала әкімдерінен қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыры шегінде оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды, оларды орындамау себептері мен жағдайларын жою жөнінен шаралар қабылдауға;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер жиынтығын пайдалануға;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникациялар жүйелерін пайдалануға;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми мекемелерді, ғалымдар мен мамандарды, құқық қорғау және бақылау органдарының өкілдерін, соның ішінде шарттық негізде жұмысқа тартуға.

Сонымен қатар аппарат әкімшілігінің аудан және қала, қаладағы аудан әкімдерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапқа тарту туралы ұсыныстарды облыс әкіміне енгізу керек. Облыс әкіміне облыстық бюджеттен және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінен ұсыныстар енгізуге,заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігі мен әкімі қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге қатысуға аппараттың, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға құқығы бар [1].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]