Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet_praktika.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
276.5 Кб
Скачать

2 «Аль-фараби аудан аппараты» мекемесінің шымкент қаласы дамытуға арналған бағдарлама мен жобалар

2.1 Кәсіпкерлік саланы дамыту бойынша атқарылатын іс – шаралар

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 2015 жылы көрсетілгенмемлекеттік қызмет бойынша есеп:

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылдың 12 айында жалпы құны 85,2 млрд. теңге құрайтын 227 жоба мемлекеттік қызмет көрсетілген[4]. Оның ішінде:

Кесте 1

Жалпы сипаттама

1

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидия беру бойынша құны 37,8 млрд. теңгені құрайтын 158 жобаға мемлекеттік қызмет көрсетілген.

2

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру бойынша құны 901,4 млн.тг. құрайтын 17 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілген.

3

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету бойынша құны 46,5 млрд. теңге құрайтын 44 жобаға мемлекеттік қызмет көрсетілген.

4

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша 35,912 млн. теңгеге 8 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Яғни кестеден көріп отырғандай 2015 жылы осы бағдарлама бойынша бөлінге қаражат көлемі қала бойынша жасалынған жобаларды іске асыру мақсатында тиімді бөлініп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында өткен жылы жалпы құны 203 млрд. теңгені құрайтын 275 жоба мақұлданып, жүзеге асқан. Оның 163 жобасы банк несиелері бойынша пайыздық ставкасымен субсидияланса, 52 жоба банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдіктер беру, 38 жоба өндірістік инфрақұрылымды дамыту, 22 жоба грант арқылы қаржыландырылған. Атап айтқанда, қолдау көрсетілген жобалар ішінде болашағы жарқын «Клиника дау-Мед» ЖШС-і медициналық орталығының құрылысын аяқтау және жабдықтар сатып алу жобасы қаржыландырылып, «Казагроном» ЖШС-і жылыжай кешені, «Байтерек-4» ЖШС-ның көкөніс және жемістерді қайта өңдеу менконсервілеу өндірістік базасы, сонымен қатар, «Арсен-ас» ЖШС-ның ауыл шаруашық өнімдерін қайта өңдеу цехы қажетті инфрақұрылыммын қамтамасыз етілді. Ал жоғары сапалы МДФ жылтыр плита шығаратын «Mega SMART» ЖШС-і мен мектеп формасын тігумен айналысатын «ШАБИТЕКС» ЖШС-на банктердегі несиелері бойынша ішінара кепілдік берілді. Сонымен қатар, «Абай Автобус Паркі» ЖШС-на 7 бірлік, «Шардара Автобус Паркі» ЖШС-на 2 бірлік және «Төлеби Автобус Паркі» ЖШС-на 17 бірлік жолаушылар көліктерін сатып алу жобаларына мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, бұл өз кезегінде, жолаушылар тасымалдау қызметін жаңа деңгейге көтеруге және жолаушылар көлігі автопаркін жаңартуға үлесін қосты. Айта өтейік, шағын және орта кәсіпті қолдауға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы түзіліп, жүзеге асып келе жатқан бес жылда ОҚО-да жалпы сомасы 482 млрд. теңгені құрайтын 997 жоба мақұлданып, жүзеге асқан[4].

«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты:

- Банк несиелері бойынша пайыздық ставкасын субсидиялауға белгіленген индикатор жалпы несие соммасы 30,0 млрд.теңгені құрайтын 250 несиені субсидиялау (оның ішінде 5,0 млрд. теңге құрайтын 50 жаңа несие) болса, жалпы несие соммасы 46,1 млрд. теңге құрайтын 283 несие (оның ішінде 9,0 млрд. теңгеге 101 жаңа несие) субсидиялануда. Индикаторлар артығымен орындалған.

- Банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге белгіленген индикатордың 12 несиені кепілдендіру болса, нақты 16 несиеге кепілдік берілді. Индикатор 133% орындалды.

- Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша индикатор инфрақұрылым құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба болып белгіленіп, аталған қаржы толығымен игерілген.

- «Гранттық қаржыландыру» бойынша 8 жобаға 41,0 млн. теңге көлемінде грант бөлу ретінде белгіленген индикатор толығымен 100% орындалды.

Экспорттаушы кәсіпорындарының «валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде:

- Банк несиелерінің пайыздық ставканы субсидиялау бойынша индикатор жалпы сомасы 12,0 млрд. теңгені құрайтын 20 несие (оның ішінде 2,0 млрд.тг. құрайтын 5 жаңа несие) болып белгіленсе, несие сомасы 26,9 млрд. теңгені құрайтын 33 несие субсидиялануда (оның ішінде 11,5 млрд.тг. 13 жаңа несие). Қойылған индикаторлар артығымен орындалған.

Кесте 2 «Кәсіпкерлік дамыту» бойынша бюджеттік көрсеткіш

Бөлінгені,

мың теңге

Қайта бөлінгені,

мың теңге

Игерілгені,

мың теңге

047 бюджеттік бағдарламасы

3 511 484,0

2 967 830,0

2 944 493,4

1 және 3 бағытта % мөлшерлемені субсидиялау

3 144 046,0

2 600 392,0

2 600 392,0

Несиелер бойынша ішінара кепілдендіру

84 000,0

84 000,0

60 663,4

Бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету

242 438,0

242 438,0

242 438,0

Гранттар

41 000,0

41 000,0

41 000,0

051 бюджеттік бағдарламасы

3 878 144,0

3 878 144,0

3 878 144,0

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

3 878 144,0

3 878 144,0

3 878 144,0

Жалпы соммасы

7 389 628,0

6 845 974,0

6 822 637,4

«Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту» төртінші бағыты шеңберінде бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету ағымдағы жылға индикатор 1000 кәсіпорнына қызмет көрсету белгіленіп, жыл қорытындысымен 2028 кәсіпорнына қызмет көрсетілді және мұны біз 2-кестеден коре аламыз.

Кесте 3 Оңтүстік қазақстан облысында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың 2015 жылдың ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша орындалуы туралы мәлімет [5]

Бағдарлама

Жалпы сипаты

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның бірінші бесжылдығында Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы инвестиция көлемі 184 млрд.теңге құрайтын 137 жоба іске қосылып (республика бойынша қосылған жобалардың 1/5 бөлігі), 11,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. 130 жоба жоспарға сәйкес жұмыс жасауда. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 12,2 млрд.тг инвестиция игеріліп, 2 жоба іске қосылды. Өңдеу өнеркәсібінің өнімі 176,8 млрд. теңге, НКИ – 95,6% құрады.

2011-2015 ж.ж. арналған ҚР денсаулық сақтау саласын дамыту «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламас

Денсаулық сақтау саласына 2015 жылы 73,6 млрд.теңге бағытталып, 6 айда 39,1 млрд. теңге игерілді.

2015 жылы 25 денсаулық сақтау нысанын салу және қайта жаңғырту қарастырылып, 2 нысанға мемлекттік қабылдау актісіне қол қойылды. 2015 жылы 17 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 1,1 млрд.тг. қаралған, 2-тоқсанға дейін 88,5 млн. теңге игерілді.

Медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 1,0 млрд.теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 58,4%-ден 64,47%-ға жеткізілді.

Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші бір деңгейде қалып 2,3-і құрап отыр. Ана өлімінің көрсеткіші 10,6 және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға, нәрестелер өлімі 11,2 құрап, 8,1%-ға төмендеп отыр.

2011-2020 ж.ж. арналған ҚР білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы

Білім беру саласына 2015 жылы 184,9 млрд. теңге қаржы қаралып, өткен жылмен салыстырғанда 0,4% артты. Сала бойынша 101 (РБ-36, ОБ-65) нысанның құрылысына жалпы 23,6 млрд.тг (о.і. РБ – 9,3 млрд.тг., ОБ – 14,3 млрд.тг.) жоспарлануда.

2015 жылы 95 білім нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге 6,72 млрд. теңге (2014 жылы - 138 нысанға 9,0 млрд. тг.) жоспарланған.

«Балапан» бағдарламасы бойынша жалпы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға 2015 ж. барлығы 28,7 млрд. теңге жоспарлануда. Балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысымен орналастыруға РБ 18,8 млрд.тг. қарастырылып, шілде айының қорытындысымен 8,9 млрд.теңге игерілді. Мектепке дейінгі ұйымдар саны - 1452, ондағы 1-6 жас аралығындағы тәрбиеленуші балалар саны -157530, о.і. балабақшалар – 901 (оның 341 - мемлекеттік, 560 – жекеменшік) ондағы бала саны - 122111, шағын орталықтар саны - 551 (оның 466-мемлекеттік, 85 - жекеменшік) бала саны - 35419, жекеменшік балабақшалар мен жекеменшік шағын орталықтарда 67154 балалар тәрбиеленуде.

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы

Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 2015 жылға жалпы 5,518 млрд.теңге бөлініп, жоспарға сәйкес 40,7 мың адам қамтылатын болады. Бүгінгі таңда 22077 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде:

-өздігінен жұмыспен қамтылғандар - 7136 адам;

-жұмыссыздар – 14941 адам;

-аз қамтамасыз етілгендер – 1687 адам. Жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік бюджеттің және Ұлттық компаниялардың қаражаты есебінен мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде 2015 жылға 40526 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда, 6 айда 16587 жұмыс орны ашылды (72 орын «Нұрлы жол», 12284 - мемлекеттік салалық бағдарламалар, 3903 - «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы).

2015 жылдың 1 тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 5,3% құрады.

Өткен жылда Қазақстан Республикасында колдауға ие болған бағдарламалар ОҚО және Шымкент қалаларында да жүзіге асып, кәсіпкерлікті және халық тұрмыс жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуде септігін тигізді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]