Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet_4_kurs.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
29.6 Кб
Скачать

1.1. Кәсіпорынның қызметі мен мақсаты

1) жерге орналастырудың және жерді аймақтарға бөлудің, пайдалану бағдарламаларынң жобаларын, жер ресурстарын жақсарту және қорғаудың облыстық және аймақтық сызбаларын (жобаларын) әзірлеу;

2) жер пайдаланушыларды қалыптастыру және тәртіптеу, жер бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын құрастыру, жергілікті жерлердегі жер телімдерін бөлу және шекараларын анықтау, жер пайдалануға құқық беретін құжаттар дайындау;

3) елді мекендердің шекараларын анықтау мен жергілікті жерлерде орнату, олардың жер-шаруашылықтық орналастыру жобаларын құрастыру;

4) әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, пайдалану және жерді қорғау шарттары өзгеше қорғалатын айрықша табиғи аумақтар мен басқа дажер телімдерінің жергілікті шекарасын орнату;

5) жерге орналастыру, бүлінген жерді рекультивациялау және жаңа жерлерді игеру жобаларын, сонымен қатар жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар жасау;

6) жерді түгендеу жұмыстарын жүргізу, пайдаланбай жатқан, ұтымды пайдаланбаған немесе мақсатынан тыс пайдаланып жатқан жерлерді анықтау;

7) топографо-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеулер мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;

8) жер кадастры мен мониторинг жүргізу;

9) жер ресурстарын пайдалану және олардың жай-күйі жөніндегі атлас, кадастрлық және тақырыптық карталар құру;

10) жерді бағалау жұмыстарын жүргізу;

11) жер учаскесіне құқық беретін құжаттар дайындау.

1.2. Кәсіпорынның міндеттері

Тиісті органдармен бірлесіп,

  • Нақты жер пайдаланушылар мен иеленушілерді қалыптастыру;

  • Жерді ұтымды пайдалану;

  • Жер мониторингін жүргізу:

  • Басқа да табиғатты қорғау жөніндегі іс-шараларымен бірігіп жер ресурстарын қорғау және тағы басқа.

2. Кәсіпорында жүргізілетін жұмыстар

2.1. Іздестіру

Іздестіру: а) жерге орналастыру бойынша:

  • Шаруашылық аралық жерге орналастыру;

  • Ішкі шаруашылық аралық жерге орналастыру;

  • Жайылымдық жерлер аумағын жасақтауды ұйымдастыру;

  • Елді мекен аумғын жасақтауды ұйымдастыру;

  • Сызықтық құрылыс үшін жер телімін бөлу ( құбырлар, су құбырлары, автомобиль және темір жолдар, байланыс желісі және т.б.)

б) топырақты жақсарту сапасы бойынша:

- топырақты зерттеу және топырақ карталарын құрастыру;

- бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру жобасы үшін топырақты зерттеу;

- жерді бағалау және бонитет балын анықтау үшін топырақты зерттеу;

- топырақ-агрохимиялық зерттеулер жүргізу;

- зертханалық жұмыстар жүргізу.

в) топографо-геодезия саласы бойынша:

- көлденең және топографиялық түсірілімдерді дайындау;

- қыйсындастырып түсірілімдерді дайындау;

- тахеометрлік және мензуалды түсірілімдерді дайындау;

2.2. Жобалау

Жобалау:

а) пайдаланудағы және жаңадан құралған жер, пайдаланушылар туралы деректерді ретке келтіру жобаларын дайындау;

б) ішкі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын дайындау;

в) шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын дайындау;

г) бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобаларын дайындау;

д) аз өнім беретін жерлерді жақсарту жобаларын дайындау.

2.3. Жер бөліп беру

Жер бөліп беру:

а) шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін;

б) ӨҚ, АҚ, ТС және де басқа шаруашылық серіктестіктерін құру үшін;

в) мемлекеттік емес және басқа да кәсіпорындар құру үшін;

г) ауыл шаруашылық оқу орындары, мекемелер, ҒЗИ ұйымдастыру үшін;

д) мемлекеттік ауыл шаруашылық, қосалқы шаруашылықтарын ұйымдастыру үшін;

е) саяжай және қосалқы шаруашылық үшін.

2.4. Бағалау

Бағалау:

а) салық төлеу үшін нақты жер учаскесінің бағалық құнын анықтау;

б) сатып алу үшін жер учаскесінің қосымша бағалық құнын анықтау;

в) топырақтың бонитет балын анықтау.

2.5. Картографиялық жұмыстар

Картографиялық жұмыстар:

а) облыстардың, аудандардың, ауыл аумақтарының, шаруашылық серіктестіктерінің, акционерлік қоғамдардың, өндірістік кооперативтер мен басқа мекемелердің карталарын дайындау;

б) жоспарлы материалдарын корректірлеу;

в) топырақ карталарын құру;

г) дайын материалдарды көбейту және түптеу.

3. Жерге орналастыру

Жер қатынастарын реттеу және жер ресурстарын басқарудың негізгі міндеттерінің бірі болып жерге орналастыруды іске асыру болып табылады. Жерге орналастыру:

  • Жерге орналастырудың пайдалану бағдарламаларының жобаларын, жер ресурстарын жақсарту және қорғаудың облыстық және аймақтық сызбаларын әзірлеу;

  • Пайдаланудағы және жаңадан құралған жер пайдаланушыларды тәртіпке келтіру;

  • Жер учаскелерін бөлу және шекарасын нақты белгілеу, жер пайдалану құқығын беретін құжаттар дайындау;

  • Елді мекендердің шекарасын анықтау және жергілікті жерлерде орнату, олардың жер шаруашылық орналастыру жобаларын құрастыру;

  • Әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, пайдалану және жерді қорғау шарттары өзгеше айрықша қорғалатын табиғи аумақтар мен басқа да жер телімдерінің жергілікті шекарасын орнату;

  • Жерге орналастыру, бүлінген жерді рекультивациялау және жаңа жерлерді игеру жобаларын, сонымен қатар жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды жасауды қамтамасыз етеді;

  • Жерді түгендеу. Түгендеу жұмыстарының негізгі мақсаты жердің сапалық күйін, жер пайдаланушылардың саны мен орналасуын анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]