Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдос каз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
10.7 Mб
Скачать

8.2. Сейсмикалық аудандастыру

42. Аумақты сейсмикалық аудандастыру мақсаты үшін аумақтың неотектоникалық белсенділігі мен сейсмикалығы құрылымдық жағдайы, стратиграфиялық және литологиялық кешендерінің болуы, олардың құрылысы, орналасу заңдылығы мен қуаты(алаңңың өзгеруі мен бөлігі бойынша) тұрғысынан оның геологиялық құрылысы талданады.

43. «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 сәйкес құрылысқа арналған алаңдарды таңдау кезінде тұрғын үй алабын, өнеркәсіп (өндірістік) кешендерін немесе сейсмикалық тұрғыда қолайсыз жекелеген алаңдар мен ғимараттарды орналастыруға рұқсат етілмейді, оларға мынадай алаңдар жатады:

10 балл сейсмикалығы бар;

сейсмикалығы 9 балдан жоғары аудандарда немесе топырағы отырған, қорыстар, карстар, тау қазбалары, физика-геологиялық үдерістері бар қатты зақымдалған жыныстары бар күндізгі жазықтың тектоникалық жарылымдар болатын аймақтарда орналасқан;

сел ағындары немесе еңістерінің тіктігі 15 градус лай көшкіндеріөтуі мүмкін, қопсытылған ылғал топырақ немесе құрылымы қатты бұзылған жыныстары қабаттасқан аймақтарда орналасқан.

44. Арнайы ғылыми зерттеулердің, сеймикалық жағдайды талдаудың, инженерлік-геологиялық іздестіру нәтижелері негізінде Қазақстан Республикасы аумағын сейсмикалық аудандастыру жүзеге асырылады және ағымдағы және әлеуетті сейсмикалық белсенділіктің аумақтық ареалдарын белгілейді. Жекелеген аумақтар мен функционалдық аумақтық аймақтардың сейсмикалық тұрғыда жайлылығын бағалау үшін сейсмикалық микроаудандастыру материалдары пайдаланылады.

45. Бас схеманы әзірлеу кезінде аумақты сейсмикалық аудандастыру Қазақстан Республикасы аумағын сейсмикалық дәрежесі бойынша келесі топтарға (2-сурет) бөлу жолымен жүргізіледі:

сейсмикалық тұрғыда қолайлы аумақтар (оларда тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы құрылыс объектілерін орналастыруға шектеу қойылмаған аумақтарды қамтиды);

сейсмикалық тұрғыда салыстырмалы түрде қолайлы аумақтар (күрделі құрылыс объектілерін, сондай-ақ мақсаты мен конструктивті ерекшеліктері бойынша ғимараттар мен үйлерді орналастыру жөнінде жекелеген шектеулер белгіленген аумақтарды қамтиды және аумақты және тұрғындарды сейсмикалық қорғау бойынша міндетті іс-шаралардың құрамы анықталады;

сейсмикалық тұрғыда қолайсыз аумақтар (ереже бойынша тыйым салынған болмаса сәулет, құрылыс және қала құрылысы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның арнайы рұқсатын алуды талап ететін күрделі құрылыс объектілері орналасатын аумақтарды қамтиды).

2-сурет. ҚР жалпы сейсмикалық аудандастыру

8.3. Экологиялық аудандастыру

46. Бас схеманы әзірлеу кезінде республика аумағының табиғи жағдайлары мен ресурстарын талдау және бағалау жүзеге асырылады және антропогендік қызмет нәтижесінде болуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, олардың сипаттамасы, табиғи ортаның барлық құрамдас бөліктерінің аумақтарды пайдалану сипатына әсеріне баға беріледі.

47. Экологиялық аудандастыру антропогендік жүктеме дәрежесін анықтау негізінде экологиялық-демографиялық қысымның күйзеліс ошақтарын анықтауға, тұрғындардың өмір сүру қабілетінің деңгейін анықтайтын негізгі ландшафтық-экологиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларды талдауға, халық тұратын экологиялық-демографиялық аудандарды талдап, бағалауға, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің бүліну үдерістерін төмендету мен экологиялық жағдайды сауықтыруға мүмкіндік береді, бұл ретте халықтың өмір сүру қызметі жақсара түседі.

48. Қазақстан Республикасының, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстар мен елді мекендердің аумағын кеңістік ұйымдастырудың экологиялық қауіпсіз стратегиясын қалыптастыру қала құрылысы жобаларының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қауіпсіз өмір сүру ортасын құру жөніндегі кешенді талаптарды анықтайтын аумақтың экологиялық жағдайын бағалау Қазақстан Республикасының мындай заңдарына сәйкес жүзеге асырылады: ҚР Экологиялық Кодексі; ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы; 2005-2015 ж.ж. шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарлама; Қазақстан Республикасының 2007-2024 ж.ж. арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы.

49. Бас схеманы әзірлеу кезінде аумақты экологиялық аудандастыру (3-сурет) Қазақстан Республикасы аумағын көрсеткіштер блогі бойынша (табиғи жағдайлар, антропогендік жүктеме, қоршаған ортаны ластау, халықтың денсаулық жағдайы) экологиялық жағдайдағы аудандарды төмендегі санатқа бөліп, анықтау жолымен жүргізіледі:

қанағаттанарлық;

алаңдаушылық;

дағдарысты;

сын көтермейтін (нашар).

3-сурет. ҚР жалпы экологиялық аудандастыру