Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азастан тарихы пні бойынша.docx
Скачиваний:
97
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
127.61 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған Мидтерм-емтихан (Midterm exam (Midterm examination) сұрақтары:

  1. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері мен тұрақтарына сипаттама беріңіз. Антропогенез, социогенез және техногенез ұғымдарына түсініктеме беріңіз.

  2. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің зерттелуі және олардың ерекшеліктері.

  3. Сақтардың археологиялық ескерткіштеріне және мәдениеттеріне сипаттама беріңіз және олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  4. Сақ тайпалар одағының қоғамдық құрылысы және саяси тарихы.

  5. Тарихи деректер бойынша ежелгі Үйсін мемлекетінің қоғамдық құрылысы және саяси тарихы.

  6. Ежелгі Қаңлы мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлін ашып көрсетіңіз.

  7. Ғұн тайпалық бірлестігінің қоғамдық құрылысы, басқару жүйесі мен саяси тарихына жан-жақты сипаттама беріңіз.

  8. Түрік империясының саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайын ашып көрсетіңіз.

  9. Батыс Түрік және Түркеш қағанаттары.

  10. Түрік дәуірінің даналары және олардың шығармаларының мазмұны мен негізгі идеялары.

  11. Ежелгі түрік тайпаларының жазба ескерткіштері.

  12. Ұлы Жібек жолы және ерте ортағасырлардағы Қазақстан аумағындағы қала мәдениетіне сипаттама беріп, олардың ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  13. Ежелгі түрік тайпаларының наным-сенімдері және олардың арасында әлемдік діндердің таралу мәселесі.

  14. Қарахан мемлекетінің Қазақстан тарихындағы орны мен рөлі.

  15. Қыпшақ хандығының мемлекеттік құрылымы, басқару жүйесі және саяси тарихы.

  16. Алтын Орданың саяси тарихы мен мемлекеттік құрылысына сипаттама беріңіз.

  17. Ақ Орда мемлекетінің қазақ халқы тарихындағы алатын орны мен рөлі.

  18. Моғолстан мемлекетінің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихы.

  19. Әбілхайыр хандығы.

  20. 14-15 ғасырлардағы Қазақстан аумағында өмір сүрген мемлекеттерге (Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы) салыстырмалы талдау жасаңыз.

  21. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар: «Тарихи Рашиди», «Шыңғыснаме», «Шежірелер жинағы», «Әбілғазы шежіресі».

  22. 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулары және олардың шығармаларының ерекшеліктері, маңызы.

  23. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы: тарихи деректер, зерттеулер, тарихи маңызы.

  24. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.

  25. Қазақ хандығын нығайтуға Тәуекел ханның қосқан үлесі.

  26. Есім ханның ел бірлігін сақтап, нығайтуға бағытталған ішкі және сыртқы саясаты.

  27. Жәңгір ханның Қазақ хандығын жаудан қорғау жолындағы күресі.

  28. Тәуке ханның реформалары. «Жеті Жарғы» заңдар жинағының мазмұны мен маңызы.

  29. Қазақ хандығы тұсындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-таптық құрылымы.

  30. Қазақ халқының шығу тегі және қалыптасу тарихы

Жауаптары

1, Қазақстан тас дәуірінің кезеңдерінде

Палеолит

Палеолит- Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды.

Ерте палеолит

Ерте палеолит - Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:

  1. Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);

  2. Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);

  3. Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.

Орта палеолит

Орта палеолит- (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды.

Кейінгі палеолит

Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік

Тұрақтар.

Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.