Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдос каз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
10.7 Mб
Скачать

8. Бас схеманы әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы аумағын аудандастыру

28. Қазақстан Республикасының аумағын аудандастыру қоныстану орындарын, өнеркәсіптік, көлік және ауылшаруашылық объектілерін ұтымды пайдалану, коммуникация, рекреация, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жоспарлау құрылымын қалыптастыру, тұрғындардың еңбек, тұрмыс және демалуына қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады;

29. Көрсетілген міндеттерді шешуге әсер ететін негізгі факторларға климат, рельеф, аумақтың сейсмикалық, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жай-күйі, қатынас, көлік, инженерлік және басқа инфроструктура дамуы, Қазақстан Республикасы аумағын аудандастыруды және қала құрылысында міндетті есепке алуды қажет ететін табиғи ресурстардың болуы, заманға сай және аумақтық-өндірістік кешендердің перспективалық сипаттамалары жатады.

30. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жалпы қосалқы өндірістермен немесе инфраструктура объектілерімен өнеркәсіп топтар құрамында (өнеркәсіптік тораптар) өнеркәсіптік аймақтар (аудандар) аумағында, ал ауылдық жерлерде өндірістік аймақтар құрамында орналастырған дұрыс.

Өнеркәсіптік аймақтарды (аудандарды) орналастыруда олардың еңбектік қарым-қатынастарға минималды уақыт жұмсалатын тұрғын үй аудандарымен тиімді қатынасын қамтамасыз ету керек.

Өнеркәсіптік аймақтардың (аудандардың) аумағын пайдаланудың қарқындылық деңгейін және өлшемдерін олардың қала құрылымында орналастыруға және оның аумағында көп қабатты құрылысты және жер асты кеңістікті қарастыра отырып, түрлі жерлерде қала құрылысы құндылықтарына байланысты қабылдаған жөн.

8.1 Климаттық аудандастыру

31. Қазақстан Республикасының аумағын климаттық аудандастыру аумақтардың жалпы-климаттық, ландшафттық-климаттық, құрылыстық-климаттық, физиологиялық-климаттық және агроклиматтық сипаттамаларын кешенді талдауды есепке алу арқылы жүргізіледі.

32. Жалпы климаттық жағдайды сипаттау үшін ауаның ылғалдылығы мен температурасы, атмосфералық шөгінділер, жел, күн радиациясы, абсолютты максимум, минимум және температуралардың жылдық амплитудасы, ең ыстық және ең суық айлардың орташа температурасы, ауаның абсолютты және салыстырмалы орташа айлық ылғалдылығы туралы деректер талданады.

33. Жылдың жылы және суық мезгіліндегі шөгінділердің орташа мөлшері, қар жамылғысы мен шөгінділері бар жылдың күндер саны, қар жамылғысының биіктігі, желдің максималды жылдамдығы көрсетіледі.

34. Жалпы климаттық сипаттамалардың негізінде жалпы қорытындылар және жеке аумақтарды (аумақтардың топтарын) климаттық бағалау жасалады, урбандалған аумақтар мен бірінші кезектегі қала құрылысын игерудің аумақтары бойынша көрсетілген аумақтардың мезо- және микроклиматтық ерекшеліктерін есепке ала отырып, егжей-тегжейлі талданған климаттық аудандастыру жасалады.

35. Қазақстан Республикасының аумағын ландшафтық-климаттық аудандастыру аудандастыру негізінде жүзеге асырылады, оған сәйкес республика аумағында үш негізгі ландшафтық-климаттық қала құрылысы аймақтары бөлінген.

36. Құрылыс-климаттық жағдайларды бағалау кезінде «Құрылыс климатологиясы» ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 басшылыққа алу керек, оған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы құрылысқа арналған климаттық аудандастырудың схемалық картасында 4 климаттық ауданға және 16 қосалқы ауданға бөлінеді (сур.1).

37. Жылдың жылы және суық мезгілінің негізгі климаттық параметрлері, ауаның орташа айлық және жылдық температурасы мен тағы басқа көрсеткіштер көрсетілген мемлекеттік нормативтің кестесінде келтірілді.

Физиолого-климаттық аудандастыру адамның денсаулығы мен тіршілік әрекетінің жайлылығына/жайсыздығына әсер ететін табиғи және санитариялық жағдайларын мен медико-биологиялық факторларын есепке ала отырып, аумақтардың биоклиматтық бағасының нәтижесі болып табылады.

38. Алынған нәтижелер табиғи-климаттық жайсыздықтың аймақтық және аймақтық емес факторлар жүйесін есепке ала отырып, бағаланады.

1-сурет. ҚР климаттық аудандастырудың схемалық картасы

39. Аймақтық табиғи-климаттық факторлар:

астрономиялық – ультрофиолетті жетіспеушілік (артықшылық);

термиялық (жылулық) - +10ºС жоғары тұрақты температурасы бар мезгілдегі температуралар жиынтығы;

термиялық (суықтық) – ауаның жағымсыз температуралардың жылдық жиынтығы;

ылғалдылық – вегетациялық индекс;

желдік – ылғалды желдік салқындаудың индексі (Хилла).

40. Азондық табиғи-климаттық факторлар:

биік таулылық – теңіз деңгейінен жоғары жердің абсолютты биіктігі;

батпақтану – аумақтың батпақтану дәрежесі;

сейсмикалық – Рихтер шкаласы бойынша жер сілкінудің максималды күші.

41. Аумақты агроклиматтық аудандастыру оның жылумен және ылғалдылықпен қамтамасыз етілуі және өнімді тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жарамдылық дәрежесін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Жылумен қамтамасыз етілуі белсенді вегетация кезеңіндегі (ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С жоғары болатын күндердің саны) температуралардың жиынтығымен бағаланады. Ылғалдылықпен қамтамасыз етілуі – ылғалдыну дәрежесі және гидротермиялық коэффициенті бойынша (ГТК). Аумақты агроклиматтық бағалау жүргізудің көздері гидрометеорологиялық ұйымдар шығаратын «Агроклиматтық ресурстар» анықтамалары болып табылады.