Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдос каз.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
10.7 Mб
Скачать
  1. Әдістеменің мақсаты

12. Мыналар Әдістеменің мақсаттары болып табылады:

Бас схеманы әзірлеу кезінде елдің экономикалық әлеуетін оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ететін тұрғындарды қоныстандыруды жетілдіру, елді мекендерді қалыптастыру жөніндегі кеңістік шешімдерді негіздеу үшін аумақты дамытудың шарттарын талдауды әдістемелік қамтамасыз ету;

экономикалық жағынан келешегі бар аудандар мен өмір сүруге қолайлы табиғи-климаттық аймақтарда экономикалық және еңбек ресурстарын қала құрылысы құралдарын шоғырландыруды ынталандыру бойынша бағыттар мен нақты іс-шараларды анықтау үшін қала құрылысы алғышаттарын кеңістік бөлу мен республика аумағының функционалдық-жайғастыру құрылымын кешенді қайта ұйымдастырудың әлеуетін бағалау әдістерін жүйелеу;

аумақтарды дамыту саласында қала құрылысын жоспарлау мен жобалау сапасын арттыру.

13. Келесі міндеттерді іске асыру арқылы Әдістеменің мақсаттарына қол жетеді:

тұрғындардың тұруы үшін аумақтарды қолайлығы тұрғысынан дамыту перспективасын, табиғи-ресурстық әлеует құрылымының болуын, өндірістік күштер мен әр түрлі шаруашылыққа қолайлы жағдайларды орналастыруды анықтау;

аумақты функционалдық аймақтарға бөлуді, оны пайдалану артықшылықтарын, сондай-ақ тиісті индекстердің есеп формуласын анықтайтын негізгі көрсеткіштерді анықтау;

жоспарлы функциялардың құрамы мен мазмұнын, тұтастай алғанда оның аумақтық жобалық құрылымдағы маңызын анықтау;

тұру және экономикалық қызмет үшін елдегі елді мекендердің тартымдылығын арттыру мақсатында құрылыс салу сапасы бойынша аумақтарды саралау;

көлік, инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін жаңғырту және елді мекендерді кешенді абаттандыруда инвестицияларды басым түрде және барынша тиімді жүзеге асыру бойынша аумақтарды саралау.

5. Қазақстан Республикасының аумағын экономикалық маманданым түрлері және оларды басым пайдалану бойынша жіктеудің қағидаттық схемасы

14. Экономикалық мамандану түрлері және оларды артықшылықпен пайдалану бойыншаҚазақстан Республикасы аумағынжіктеу бірте-бірте сатылап жүзеге асырылады.

15. Бірінші сатыда Қазақстан Республикасы аумағын бағалау және аумақтың экономикалық әлеуетін қалыптастыратын төмендегі бастапқы ресурстық факторлар бойынша таксономикалық аумақтық бірліктерді (аумақтар) саралау жүзеге асырылады:

табиғи ресурстар;

геологиялық жағдайлар;

климаттық жағдайлар;

қазіргі аумақтық-өндірістік кешен.

Қазақстан Республикасы аумағын климаттық, сейсмикалық, экологиялық, су шаруашылығы, минералды-шикізатты, функционалдық аудандастыру аумақты бағалау мен бөлудің осы әдістемелік базасын жүргізудің нәтижесі болып табылады.

16. Екінші сатыда Қазақстан Республикасы аумағын жоспарлы ұйымдастыруды талдау мен олардың қала құрылысындағы маңызды факторлары бойынша қоныстандыру жүйесі элементтерін саралау жүргізіледі;

жоспарлы функцияларды іске асыруда аумақтардың дәрежесі мен сипаты;

республика бойынша қоныстандыру жүйесіндегі маңыздылығы бойынша аумақтарды бағалау;

аумақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті.

Қазақстан Республикасының елді мекендері жүйесін жіктеу осы талдаудың әдістемелік базасы болып табылады.

17. Үшінші сатыда аумақтардың өзекті функцияларды орындау сапасын кешенді талдау мен оларды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді бағалау жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағын функционалдық және жоспарлы аймақтарға бөлу бұл талдаудың әдістемелік базасы болып табылады.

18. Соңғы төртінші сатыда Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобалық кезеңі іс-шараларының қала құрылысы тиімділігіне, орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтарды дамыту мәселелері бойынша қолданған басқарушылық шешімдеріне кешенді бағалау жүргізіледі.

6. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу мақсатында экономикалық мамандану түрлері және оларды басымдықпен пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы аумағын жіктеудің критерийлері

19. Экономикалық мамандану түрлері және оларды артықшылықпен пайдалану бойынша Қазақстан Республикасы аумағын жіктеудің критерийлері жүйесі адамдардың аумақтық топтасуына және келешегі бар аудандар мен өндірісті өркендететін басым нүктелерде, жоғары урбандалған аймақтарды үдемелі дамытуға, кәсіпкерлік белсенділікке, халықты өнімді еңбекпен қамтуға және қолайлы өмір сүру ортасымен қамтамасыз етуге бейімделген елді аумақтық-кеңістік ұйымдастырудың ұтымды жүйесін қалыптастыруға әдістемелік жәрдем көрсетуге бағытталған.

20. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі Болжамды схемасында белгіленген елді аумақтық-кеңістік дамытудың мақсаттары мен міндеттерін жобалық іске асыруды қамтамасыз ететін қала құрылысы құралы болып табылады.

Бұл ретте елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі Болжамды схемасы шеңберінде өңірлердің перспективадағы экономикалық мамандануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың экономикалық мақсаттылығын анықтауды (нақтылауды) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі іске асырады.

21. Бас схемада әзірленетін жобалық шешімдер Қазақстан дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде қалаларды, кенттерді және ауылдық елді мекендердің даму үдерісіне бейімделуі қажет.

Алға қойылған мақсаттарды іске асырудың критерийлері мыналардан тұрады:

мақсатты мемлекеттік нормативтерден (соның ішінде мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік қызметтің жекелеген түрлері, мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша),

шектеулерден (мысалы, табиғи ортаны ластау деңгейі бойынша),

алдағы онжылдық кезеңде елді аумақтық-кеңістік дамытудың Болжамды схемасын іске асыруды мониторингтеудің индикаторларынан және нақты ресурстарға байланбаған Қазақстанның қоныстандыру жүйесінің нормативтік функционалдық болжам жүйесі болып табылады