Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

4.2 Климаты

Франция қоңыржай белдеуде орналасқан және Еуропаның төрт климаттық зонасына ие жалғыз елі болып табылады: атланттық (батыста), континенттік (орталық пен шығысында), альпілік және жерорта теңіздік (оңтүстікте). Климаты жалпы, таулы аудандары мен солтүстік шығысын санамағанда жұмсақ қысы бар қоңыржай. Қысқы температура амплитудасы оң және қар жамылғысы тіпті болмайды, ал өзендері қатпайды. Атлантика солтүстік-батысқа әсер етіп, ылғалды әрі жиі қатты батыс желді және көп жауын-шашынды ауа райын қалыптастырады. Мұхит жағалауынан шығысқа қарай климат континенттілігі жоғарлайды. Осында ашық, аязды күндер де байқалады. Оңтүстік жағалауындағы жазықтар жағымды жерорта теңіздік климатпен ерекшелінеді: аяздар сирек байқалады, көктемгі және күзгі нөсер жауындар қатты болса да қысқа мерзімді болады, ал жазда тіпті болмайды. Францияның оңтүстігі – Рона аңғарынан суық әрі құрғақ жел «магистралі» жылына 100 күн соғатын аудан. Ал шынымен де жұмақ секілді климат Француздық Ривьерада.

Париждегі қаңтардың орташа температурасы +1°-тан +6°С, ал шілде айының орташа температурасы +15°-тан +25°С. Марсельде Жерорта теңіздік жағалауда қаңтарда +2°С –ден +10°С және шілде айында +17°-тан +29°С.

Тауларда климат қатаңырақ. Оларға күшті желдер, көп жауын-шашын, төмен температура амплитудасы, қар жамылғысы тән.

Елдің көп бөлігінің орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 600-1000 мм шамасында. Әсіресе көбі 2000 мм тау беткейлерінде және Атлант мұхиты жағалауында түседі. 600 мм ішкі аудандарына тән.

Осындай қоңыржай температура мен жеткілікті жауын-шашынның үйлесуі ауыл шаруашылығынының дамуына қолайлы, ал климат айырмашылығы қоңыржай, субтропиктік дақылдарды өсіруге жағымды әсер етеді.

4.3 Гидрография торабы

Францияда өзендер көп, ал көлдер аз. Өзендердің көбі Атлант мұхитының алабына жатады. Көптеген өзендері Орталық массивтен бастауларын алады. Ең ұзын – Луара (1020 км), Бискай шығанағына құяды. Одан басқа оған Гаронна (575 км) және Дордонь, ортақ эстуарий қалыптастырады – Жиронду. Сена – Францияның ірі өзендерінің бірі (780 км). Сонымен қатар Рейн, Шельда, Маас пен Мозель кесіп өтеді. Жерорта теңізіне жалғыз ғана – Рона (812 км) өзені құяды.

Солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендер жаңбыр суымен қоректеніп, тұрақты ағынмен, су молдылығымен және тұрақты деңгейімен ерекшелінеді. Орталығы мен оңтүстігіндегі өзендер режимі күрделі және тұрақты емес. Әсіресе, Луара. Көктемде Орталық массив қарының еруі нәтижесінде, ал күзде нөсер жауыннан суға толып кетіп, жазда болса су деңгейі шұғыл төмендейді. Қорғау шараларын ұйымдастырады.

Гаронна және оның сол сағалары Пиренейдің мұздықтары мен еріген қар суымен қоректенеді. Рона – француздық өзендердің ең суы мол және күштілердің бірі. Ол альпілік мұздықтардың еріген суларымен қоректенетіндіктен жазда суға мол болады. Күзде және қыста өзеннің жоғары деңгейі жаңбыр суымен қоректенетін Сона суларымен реттеледі. Рона өзенінің ерекшелігі – ағысының жылдамдығы мен қатты еңіс келуі.

Франция өзендерінің гидроэнергия қоры мол. «Ақ көмірдің» жарты қоры Рона және оның салаларына, 1/5 бөлігі Орталық массив өзендеріне келеді. Жалпы гидроэнергия ресурстарының қоры жөнінен Франция тек Норвегия мен Испанияға орын береді. Энергияның мол қоры өзіне Франция теңіз жағалауының толысуын қосады.

Францияда көлдер аз, негізінен шығу тегі жағынан мұздық көлдер. Ең ірісі – Бурже (45 кв. км.) және Анси (28 кв. км.), ең кең және тереңі Женева көлі.

Жалпы Франция су ресурстарына бай. Бүкіл елге жылына 528 куб. км. атмосфералық жауын-шашын мөлшері түседі, ал өзендердің жылдық ағысы 139 куб. км. Барланған жер асты су қоры 93 куб. км. Бірақ елдің аумағына су біркелкі таралмаған. Мәселен, жерорта теңіздік Франция су тапшылығын көреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]