Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

9.2.8 Мәдениет

Елдің мәдени өмірі көптеген театр мен мұражайлармен, сонымен қатар кинофистивальдармен анықталады. Әлемде көркем сурет пен музыкалық өнер, әдебиет танымал. Лотарингияның тарих пен архитектура ескерткішінің ең қызықтысы – Мозель қаласындағы Мальбрук қорғаны. Ол туралы ән де жазылған. Қазір мұнда көптеген көрмелер мен фестивальдар, ортағасырлық өнер экспозициясы өтеді. Көркем жерлердің бірі – Луара қорғаны. Бұлар Луара өзені бойындағы бірнеше таңғажайып ортағасырлық қорғандар.

Дәстүрлік мәдениеттің тұрақты элементтерінің бірі – тұрмыс, тұрғын үй мен ұлттық асхана сипаты.

Францияның ауылдық жерлерінің тұрмысы тарихи өткенмен, әсіресе, аграрлық қатынаспен байланысты. Жазықты және жартасты Солтүстік-батыс Францияға көшелі үлкен ауылдар тән. Ал жайылымы аз жерлерде, мысалы, Бретанда, Нормандияда, Аквитанияда және Орталық массивте шағын елдімекендер тән. Мұндағы үйлер жасыл немесе тас қоршаумен қошалған. Жерорта теңіздік жағалаудың таулы аудандарында ауылдар тау беткейлерінде орналасқан. Француздық ауылдың орталығында шіркеу болады. Негізінен бірқабатты үйлер бір-біріне параллель орналасады. Бір шатыр астында үй, оған қарайтын ат қора, амбар және шарапқа арналған жер жатады. Үй маңында бақ болады. Үйлері тастан немесе саздан қаланады. Ірі фермалар қорғанға ұқсайды. Ал таулы ауданда альпілік үй түрі таралған. Ол екі немесе үшқабатты үйлер. Еңбекшінің үйі ортақ бөлмеден, асханадан және екі, үш жататын бөлмеден тұрады. Қазір ауыл үйлердің интерьері қалаға ұқсас.

Ұлттық киімі. 19ғ ортасынан бастап француздар әдемі ұлттық киімін кимей қойды. Әйелдердің киімі ені кең юбкадан, жеңі бар жедеден, корсаж бен алжапқыштан, үлкен бас киімнен тұрды. Ерлердің киімі – бұл шалбар, гетры, жеде, кеудеше, мойын орамалы мен бас киім. Ал күнделікті күндері олар берет киген. Ежелгі аяқ киім – сабо деп аталады. Қазір бұл ұлттық киімдерді ұлттық фестивальдар мен түрлі ұлттық мерекелерде киеді. Қазір француздар жалпы еуропалық сипатта киінеді.

Париж – сән заңнамасы. Француздар қымбат әрі сәнді киінеді. Ерекше көңілді аяқ киімге аударады. Негізінен джинс, қарапайым етік, жемпір киеді. Дала мен жұмысқа әдемі киінбейді. Қымбат ресторандарда сәйкес киімді талап етеді, қарапайым киінген адамды кіргізбейді. Бретон тұрғындары өзінше ерекше киім киеді. Ерлер шалбар мен үлкен бас киім, ал әйелдер бархыт көйлек киеді.

Хобби.Француздардың ұнамды демалыс түрі – балық аулау. Балық аулаушыларды ауа райына қарамастан Сена жағалауында көп кездестіруне болады. Өзен бойындағы қалаларда балық аулау – спорт түріне айналып келеді. Ал олардың сайыстары үлкен мерекеге ұласады. Шағын қала халықтарының күнделікті ісі – бақты баптау мен гүл өсіру. Сонымен қатар Франциядағы дәм ханалардың қоғамдық рөлі үлкен. Мұнда адамдар газет, журнал оқып демалады.

35 сағаттық жұмыс аптасына жуырда ғана көшті. Француздар бос уақыты мен мәдени демалысын өткізуде отбасылық бюджетте мол орын береді. Жазда теңіз жағажайында көп адамдар тынығады. Ол «көк демалыс» деп аталады. Сонымен қатар олар қыста да әдемі жерлерде демалады.

Париждіктердің ұнататын жерлерінің бірі- Булон тоғайы. Мұнда көркем аралдары бар көлдерде қайықпен жүзуге болады, француздардық ұлттық ойындарының бірі – шар мен футбол ойнайды, сонымен қатар атпен серуендеуге және жай ғана шөп үстінде тынығуға болады.

«Фест ноз» - «түнгі мейрам» дегенді білдіреді. Бұл түнде көпшілік қауым үлкен залда жиналып, әншілер шақырылады. Музыка қосылғаннан кейін барлық адамдар қол ұстасып билейді. Билеген кезде бүкіл адамдар жастық және әлеуметтік жағдайына қарамастан бірігеді, және ішімдік ішіп, көңілдерін көтереді. Бұл ертеден ауылда пайда болып келе жатқан дәстүрлерінің бірі.

Мерекелер

01.01 – Жаңа жыл

30-31.03 – Пасхалық дүйсенбі

01.05 – Еңбек Күні

08.05 – Жеңіс Күні

19.05 – Вознесение

14.07 – Француз Төңкерісі Күні

15.08 – Успение

01.10 – Барлық Әулиелер Күні

11.11 – 1918 жылдың Жеңіс Мейрамы

25.12 – Рождество

Негізгі отбасылық мереке – Крещение және Первое причастие, Рождество. Бұл мерекеде бүкіл отбасы мүшелері мен туысқандар мерекелік үстел басында жиналады. Олар көптеп әртүрлі тағамдар дайындайды. Париждің орталық алаңында үлкен шырша орналастырылады және біздің Аяз-ата секілді Пер Ноэль ертегі кейіпкері балаларға сыйлық сыйлайды. Францияның оңтүстігінде осы күні сантон жасау міндетті (ағаштан жасалған ойыншықтар). Жаңа жыл да отбасылық мереке. Бірақ оны отбасы аясында ғана тойлайды. Бұрын Карнавал мерекесі болған. Ал пасха және басқа да діни мерекелер халықтық тойлаумен, сауда жәрменкесімен өтеді. 14 шілде – ұлттық мереке. Бұл Ұлы Француз Төңкерісінің басталуымен сипатталады. Парижде халық тойлаулары Бастилия алаңында өтеді. 1 Мамыр халықаралық мерекесінде француздықтар біріне бірі гүл сыйлайды.

Мерекелер дәстүрлі ұлттық көріністер мен ойындарсыз өтпейді: өгіздер күресі мен сиырлар сайысы, пелоте деп аталатын доп ойыны, кеме сайыстары және т.б..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]