Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

9.2.3 Баспасөз, радиохабар мен телевизиясы

1976 жылдан Францияда жалпы тиражы 12 мыңнан астам күнделікті шығатын 96 газет және 15 мыңдай басқа мерзімді басылымдар. Парижде 5 млн. дана күнделікті 34 газет шығарылады. Сонымен қатар қоғамдық-саяси журналдар басылады. Ақпараттық агенттігі – Франс Пресс агенттігі 1944 жылы құрылған. Радиохабары мен телевизия 1954 жылдан бастап істейді.

9.2.4 Әдебиет

Франция әдебиеті 8-9 ғ-да фольклор түрінде дами бастады. 12-13 ғ-да ірі феодалдардың сарайларында серілік әдебиет қалыптасты. Трубадурлар лирикасының көп түрлерінің негізін қалап, серілік роман жанрын жасады. Бұл ғ-да париж диалектісі жалпы ұлттық тілдің қалыптасуына негіз болды. Қалалық әдебиетте серілік эпосқа прозалық пародилар, өлеңді фаблиолар шықты, лирикаға тұрмыстық және публицистикалық екпін енді. 15 ғ-да жүз жылға созылған соғыс нәтижесінде ұлттық сана-сезім өскінің белгісі ретінде дамыды. Фраса, новелла және тұрмыстық роман жанрлары қалыптасты. Ф. Вийон гуманистік және демократиялық поэзия негізін қалады. Қайта өрлеу дәуірінде шығармашылық гуманистік идея мен халық мәдениетінің синтезі болды. 17 ғ-да әдебиетте дәуір стилі ретінде классицизм үстем болды. Классикалық жанрдың негізі трагедия болды. Мольердің комедиялары классикалық шеңберден шығып, халық театрына бейімділік дәстүрін, гуманистік көзқарасты көрсетті. 18 ғ-ғы әдебиеттің өркендеу бағыты Ағарту идеясымен байланысты, оның мұрасы 35 томдық «Энциклопедияны» жасауға Д. Дидро, Вольтер, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо т.б. философтар және ғалымдар қатысты. Драматургия мен прозада шынайы пікір нығайды. 19 ғ. басынан романтизм үстемдік бағыт алды. 19 ғ-дың 70 жылдарында прозада натурализм орын тепті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918) социалистік реализм қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қарсылық әдебиеті пайда болды. Көп жазушылар фашистерге қарсы соғысқа қатысты. Қазақ әдебиетінен М. Әуезовтің «Абай жолы», Ә. Нұрпейісовтың «Ымырт» романы және басқа да романдар мен шығармалар француз тілдеріне аударылды.

9.2.5 Сәулет пен бейнелеу өнері

Франция алғашқы қауымдық, галлдік, галл-римдік, ал ерте ортағасырлар мұраларынан меровинг және каролинг өнері ескерткіштеріне бай. Роман дәуіріндегі монументті соборлар салынып, олар ою-өрнектермен және фрескалармен безендірілді. Готика дәуірінде ұлан-асыр мүсін кешендері, витраждар мен жомарт сәндендірілген әсем де зәулім биік соборлар ірге көтерді. Миниатюра өнері алтарь кескіндемесі дамыды. 15-16 ғ-да Қайта өркендеу өнері (Делорм құрылыстары; Луара бойындағы қамалдар, Шамбор қамалы; Ж. Фуке кескіндемесі;), ал 17 ғ-да импозанттық қала ансамбльдері (Париж, Бордо, Нанси), қала сыртындағы корольдар мен шонжарлардың резиденциялары (Версаль, Во-Ле-Виконт), классицизм үлгісіндегі салтанатты ғимарттар тұрғызылды. Бейнелеу өнерінде шынайы бағыт классицизммен қатар орын алды. Сонымен қатар барокко тәсіліне ден қойған ресми сарайлық өнер үстемдік алды. 18 ғ-дың 1-жартысында абсолютизмнің дағдарысқа ұшырауына байланысты әсіре әлемішке толы рококо стилі пайда болды. Кейін жаңа классицизм қалыптасты. Наполеон империясы сәулет өнерінде ампир стилі үстемдік алып, бейнелеу өнерінде ол ресми догмаға айналды. 20-30 жылдары сыншыл реализмнің, шынайы ұлттық пейзаждың гүлдененуі болды. 19 ғ-да эклектизм етек алды, сонымен қатар жаңашыл тенденциялар – темір-бетонды конструкция бой көтерді. Қазіргі құрылыс ісінде темір-бетон, шыны, металл, пластмассадан жасалған конструкциялар батыл қолдануда. Бірқатар қалаларды реконстррукциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 20 ғ-дың басында Францияда көптеген жаңа ағымдар: фовизм, кубизм, дадизм, сюрализм және абстракті өнердің басқа түрлері пайда болды. Франция сән және қосалқы өнер бұйымдарымен де даңқы шыққан. Атақты өнер адамдары: Пюже, Лоррен, Вуэ, Бофран, Буше, Фальконе, Давид, Эйфель, Ренуар, Матисс, Пикассо, Дюшан және басқалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]