Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

3 Экономикалық-географиялық орналасуы

Елдің экономикалық-географиялық орналасуы тиімді. Оны келесі себептерінен көруге болады:

Көршілес елдерге қатысты. Франция экономикасы дамыған елдермен шекараласады, оның үшеуі «Үлкен Жетілікке» жатады: Германия, Ұлыбритания, Италия.

Жер бедері.Кең теңіздік фасад, көп жазықтар мен биік емес массивтері, сонымен қатар күшті тау жүйелерінің ел шетінде орналасуы Франция аумағында ішкі және сыртқы байланыс жолының дамуына қолайлы әсер етеді. Оның жерімен Орталық Еуропадан Пиреней түбегіне апаратын негізгі сауда жолдары өткен. Бретан, Прованс, Корсикадағы және ірі өзен эстуариіндегі айлақ теңіз шаруашылығы мен теңіз арқылы басқа теңіз сырты елдерімен сауда байланысының дамуына түрткі болды.

Отын-шикізат базаларына қатысты. Минералды шикізат пен энергия көздерінің орналасуының оң және теріс жақтары бар. Негізгі көмір, темір рудасы, калий және тас тұздары елдің қиыр солтүстік шығысында, ал боксит, газ бен мұнай қиыр оңтүстігінде орналасқан. Пайдалы қазбалардың осындай орналасуы аудан аралық байланыстарды қиындатады. Бірақ, басқа жағынан Францияда пайдалы қазбалардың жақсы үйлескен аумақтары бар. Мәселен, Лотарингияда темір руда маңында тас көмір мен тұздар орналасқан, ал оңтүстік шығысындағы боксит маңында Альпі өзендерінің арзан энергия көздері, елдің солтүстік шығысындағы көмір гидроэнергия мен газбен үйлеседі. Әлсіз шикізат пен энергия базасы орталық пен солтүстік батыста өнеркәсіптердің дамуына әсер етеді.Негізінен металлургиялық зауыттар темір рудасы мен тас көмір маңына жақын шоғырланған.

Көлік қатынасына қатысты.Францияда темір және автомобиль жолдарының жүйесі тығыз орналасқан. Бұнда көптеген порттар мен каналдар бар. Су жолдары елді Солтүстік және Жерорта теңізімен байланыстырады. Екі порт – Марсель мен Гаврдың мәні үлкен. Олар арқылы Жерорта теңіз, Үнді және Тынық мұхит елдерімен байланыстар жүзеге асады. Америка және Батыс Африка елдерімен байланысады. Руан – Париждің аванпорты. Ол Францияны Солтүстік және Орталық Еуропамен қатынастырады.

4 Табиғи жағдайы

Батыс Еуропадағы мемлекет. Негізгі физикалық-географиялық ерекшелігі – оның батысы мен оңтүстігіндегі табиғи шекарасы, орталық ауданның оңтүстігіндегі қыраты мен шексіз жазықтары. Альпі мен Юра Италия мен Швейцарияның табиғи шекарасы болып табылады. Француздық Альпілерінің көптеген шыңдары 4000 м жоғары биіктікке жетеді. Монблан тауы (4807 м ) Еуропада екінші биіктікті алады. Юра тауы 1700 м көтеріліп, Рона өзенінің аңғарымен Бельфорт науасына төмендейді. Одан солтүстік-шығысқа қарай франк-герман шекарасы Рейнмен өтеді. Бұл жерде Вогез таулы тізбегі 1424 м көтеріледі. Франция мен Испанияны бөлетін Пиреней тауы 3298 м жетеді ( Пик-де-Винемаль тауы). Орталық ауданның оңтүстігіндегі Орталық массив деп аталатын таулы ауданнан Рона аңғарымен бөлінген. Жазықтар ауданы Францияның үлкен аумағын қамтып,Үлкен Еуропалық жазықтың бөлігі болып келеді. Жеке жартастары теңіз деңгейінен 200 м биіктіктен аспайды. Бұл ауданның негізгі құрамдас бөлігін Сена, Луара, Рона және Гаронна өзен аңғарлары құрайды. Францияның 200 өзенінің барлығы кеме жүзуге қолайлы. Көлдер көп емес. Ал Женев (Леман) көлінің үлкен бөлігі Швейцария аумағында жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]