Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aman.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
347.65 Кб
Скачать

10.1 Саясат пен халықаралық қарым-қатынасы

Саяси жағдайы - президенттік басқару формасы бар тәуелсіз республика. Жоғарғы заң шығарушы орган екі палаталы парламент болып табылады. Франция құрамына 4 "теңіз сырты департаменттері" кіреді - Гваделупа, Мартиника, Гвиана (Америка), Реюньон (Африка); 4 «теңіз сырты аумақтар» - Жаңа Каледония, Француз Полинезиясы, Уоллис пен Футуна және француздық оңтүстік антарктикалық аумақтар (Океания); 2 аумақтық бірлік - Сен-Пьер және Микелон (Америка), және Майотта аралы (Африка).

Суық соғыс және кейінгі тұрақсыздық жылдары қауіпсіздік негізінде Францияға үлкен жауапкершілік арттырылды. Солтүстік Атлант келісімшартына қатысқан (НАТО), Батыс Еуропалық одағының (БЕО), Еуропадағы Қауіпсіздік пен Бірлестік ұйымының (ЕҚБҰ) және Еуропалық Корпустың мүшесі болып табылады. Халықаралық деңгейдегі Францияның саясаты түсінікті. Себебі ол БҰҰ –ның мақсат-мүдделерімен келіседі.

Негізгі саяси партиялар:

  1. Азаматтар қозғалысы – 2002 жылы Республикалық плюске өзгертілген.

  2. Реформоторлар қозғалысы – 1992 жылы құрылды.

  3. Демократиялық күш – 1995 жылы құрылды.

  4. «Жасылдар» - экологиялық партия 1984 жылы қалыптасқан.

  5. Сол радикалды партия – 1972 жылы пайда болды.

  6. Либералды демократия, тәуелсіз республикандықтар – 1977 жылы.

  7. Ұлттық фронт – 1972 жылы.

  8. Республикалық партия – 1997 жылы.

  9. басқалары

  10. Франция Еуропалық Одақтың аумақтық саясатын қолдайды.

Қорытынды

Франция – Еуропада Ресей мен Украинадан кейінгі ірі елдерінің бірі. Көптеген француздардың ата–бабалары бұл территорияға жүздеген жылдар бұрын келген. Римдіктер мұнда келгенге дейін Франция галлдардың елі болған – Орталық Еуропаның кельт тайпасы. Римдіктерден кейін франктар мен басқа варварлардың тайпалары, сонымен қатар Нормандиядағы скандинавиялықтар келген. Соңғы кезде Солтүстік пен Батыс Африканың, с онымен бірге Қиыр Шығыстың иммигрантары пайда болды.

Батыс Еуропа - әлемнің ең игерілген аймағының бірі. Францияның саяси картасы мен аумақтық құрылымы күрделілікпен, алуан түрлілікпен ерекшелінеді. Оның аумақтық құрылымы жоғары деңгейде. Оған «Дамудың орталық осі» әсер еткен. Еңбек күші, тұтынушы және көліктік факторлар нәтижесінде Париж секілді өндірістік аудандар қалыптасты. «Осьтің» географиялық күйіне Еуро одақтағы интеграциялық үрдістер үлкен әсер етеді. Олар өндірістің, қаржының және ақпараттық инфрақұрылымның интернациолизациясын және мемлекеттік шекаралардың қарым-қатынас қызметін күшейтеді. Нәтижесінде трансшекаралық аудандар қалыптсып келеді: Нидерланды – Германия – Франция; Франция – Швейцария;

Үлкен Париж – елдің 1,6% алып жатыр және басқа аудандармен бәсекелесіп отыр. Өйткені осында көптеген ірі компаниялар орналасқан және өнімді тұтынуы да жоғары. Сондықтан астананың болашақта әрі қарай өсуін, оның елдің шеткі аудандары арасындағы диспорцияларды бақылау – аса өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Дүниежүзінде «Рено» және «Пежо-Ситроен» автомобиль жасаудан 4-5 орынға ие. Сонымен қатар сәнді киіммен танымал.

Францияда туристер саны жылдан-жылға жоғарлайды, мәселен, 2010 жылы 100 млн –ға жетеді деген жорамал бар. Яғни туристік жарылыс әлі де жалғасуда. Бұл бірнеше себептерге байланысты: табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық пен экономикалық-географиялық, саяси факторларға.

Халық саны 2025 жылы 61,7 млн. адам болады деген болжам бар. Себебі Франция туудың және табиғи өсімнің жоғарлауына бағытталған демографиялық саясат жүргізіп отыр.

Қорыта келе, Францияның тұрақты экономикасы ұзақ жылдар бойы қалыптасқандықтан, ол жоғары деңгейде дамиды. Сонымен қатар елдегі бірқатар негізгі көрсеткіштер де жоғары: әлеуметтік-ғылыми техникалық әлеуеті жоғары, адам әлеуеті де жоғары, экономикалық қуаттылығының әртүрлі экономикалық көрсеткіштері жоғары, капиталл қоры көп шоғырланған, қару жасау еркіндігі бар, сонымен қатар әлемдік басымдыққа күрескен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]