Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
218
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
616.45 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары?

2. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібі?

3. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығы?

4. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының көлік жүйесі?

5. Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ел экономикасындағы орны?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Қазақстанның басқа елдермен экономикалық байланыстарын түсіндіру.

2. Диаграмма.

Оқулықтың 147, 148, 149-шы беттеріндегі 16,17,18,19-шы диаграммалар арқылы Қазақстанның экономикасын түсіндіру.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Қазақстан мүше ұйымдарды түсіндіру.

Қазақстан

Б.Ұ.Ұ.

1992 жылы, 2 наурызда мүше болды.

Экономикалық ынтымақтастық

1992 жылы, қазан. Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкстан, Түркия елдері кіреді.

ЕО

1992 жылы, Еуропа елдері кіреді.

ТДК

1998 жылдан бастап мүше.

ЕҚЫҰ

1992 жылдың қаңтар айынан бастап мүше.

ХВҚ

1992 жылдың шілде айынан бастап мүше.

Азия даму банкі.

1994 жылдан бастап мүше.

Ислам даму банкі.

1995 жылдан бастап мүше.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қазіргі дүниедегі Қазақстан.

Бекітемін:

Сабақ№_____34___ Сыныбы____9_____ Күні_________

Тақырыбы: Қайталау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясын қалай түсінгендерін анықтау.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясын қайталаған тұлға.

Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: 1. Әңгіме-дәріс.

2. Тест.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Қорытындылау.

ІІІ. Қорытындылау, бағалау.

ІV. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үлкен тарауды қайталау.

1. Тест.

Тест сұрақтары арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық географиясы пәні қайталанады.