Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
124.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
267.33 Кб
Скачать

2.3 Жер жұмыстарының технологиясы мен ұйымдастырылуы

2.3.1 Топырақты жерді қазып – тасымалдaу машиналарымен өңдеу

Жер-транспорт машиналарының жұмыс циклі келесі операциялардан тұрады: ойынды топырағын қабаттап кесу; топырақты тасымалдау; топырақты үйіндіге төгу; үйіндіге қайта оралу.

Топырақты кесу қалыңдығы бір қалыпты жоңқамен, топырақ түріне қарай сыналы немесе жоталы формада жүргізіледі.

Топырақты скреперлермен өңдеу сұлбасы – қабатты болып келеді. Әр қабаттың кесілу кезектесуі: жолақ жанында жолақ, ал бір жолақтан кейін шахмат тәртібімен кетеді.

Топырақтың берілген аралыққа Lорт жылжуы көтерілген қалыптағы скрепермен жүргізіледі. Жер-транспорт машиналарының қозғалу сұлбасы тұрғызылатын ғимарат пен қазым мен ойым арасының орта аралығына Lорт байланысты болады.

Топырақты төгу көлденең немесе кішкене еңкіш қабатпен орындалады. Төгу учаскесінің созылымы 200-300м, ал ені механизм қолайлығына қарай 20-30м етіп алынады. Төгуді бір шетінен ортасына қарай, қабатты скрепер шөмішінің түбімен немесе бульдозер құламасымен тегістей отырып жүргізіледі. Әрбір келесі қабат биіктігі бойынша алдыңғысы нығыздалғаннан кейін ғана төгіледі.

2.3.2 Топырақты қопсыту және тығыздау

Топырақты қопсыту.

Топырақ көптеген себептердің әсерінен шөгіп, нығыздалады. Топырақтың жыртылған қабатының құрылымы жақсы болса, жай шөгеді және аз нығыздалады. Қопсыту арқылы топырақтың өңдейтін қабаты түйірпекті жұмсақтық жағдайға келтіреді.

Топырақ қабаты қопсытылып, әрі үгітілгенде оның құрылымы майда жұмсақ түйіршіктерге айналып, өсімдік тамырына ауаның, ылғалдың және қоректік заттардың еніп, олардың жиналуына сақталуына ең қолайлы жағдайлар жасалынады.

Егінжай топырағын жыртып қопсыту үшін дискілер мен фрезалар қолданылады.

Топырақты қопсыту үшін біз қуаты 132кВт бульдозермен қопсытамыз.

Топырақты нығыздау технологиясы

Топырақтың тоң кесегі мен борпыстығын жою үшін қажет.

Нығыздау себілген тұқымдардың топырақпен жанасуын жақсартады, яғни себілген тұқымның өсіп шығуына қолайлы жағдай жасайды. Нығыздау топырақтың жалпы және капиллярлы емес түтіктерінің санын азайтады, топырақтың төменгі қабатынан ылғалдың көтерілуіне қолайлы жағдай жасайды. Сонымен бірге топрақты нығыздау оның өңделетін қабаты тұқым себер кезде шамадан тыс қопсытылған болса, кейін топырақ шөккенде, өсімдіктің тамыр жүйесіне зақым келмеуі үшін де қажет.

Топырақты катокпен нығыздап тегістеген соң топырақ бетін жеңіл тісті тырмалармен аздап қопсыту керек.

Топырақты тығыздау маркасы ДУ-31А катокпен жүзеге асырылады.

2.3.3 Жерді қазып–тасымалдау машиналарының қолдану өнімділігін анықтау

Скрепердің пайдалы өнімділігін есептеу.

Жер қазғыш көліктік машиналардың өнімділігі топырақ түріне, цикл уақытына, жұмыс құрылғысының толтырылу дәрежесіне байланысты. Ең көп өнімділік деңгейі қалыпты ылғалға (10-12%) ие топырақ түрлернде жоғары болады.

Скрепердің пайдалы өнімділігі:

Өп.с=Kт/KҚ·3/сағ.,

мұндағы Kт – шөмішті толтыру коэффициенті;

- машинаны уақыт бойынша пайдалану коэффициенті;

KҚ – топырақты қопсыту коэффициенті;

- жұмыс циклының ұзақтығы, сек.

,

мұндағы мен- сәйкесінше топырақты алу және төгу қашықтығы, м;- скрепердің топырақты алу кезіндегі қозғалу жылдамдығы, м/сек;- толтырылған скрепер жылдамдығы, м/сек;- скрепердің топырақты төгу кезіндегі жылдамдығы, м/сек;сек – айналымға кетекен уақыт.

Скрепер шөмішінің топырақты алғандағы жол ұзындығы:

•егер тұрақты қалыңдықта алса:

;

• егер ауыспалы қалыңдықта алса: жол ұзындығының мәні екі есе артады.

Топырақты төгіп өтетін жолдың ұзындығы:

мұндағы=0,7...0,8 – топырақтың біртекті болмау коэффициенті.

Wбос.=10.85км/сағ.

Wжүкті.= W=0,4Wбос =4.34км/ сағ.

ағ;

;

Өп.с.=м3/cағ.

Өп.с=272.582 м3/см

Тығыздатқыштың пайдалы өнімділігі:

Өп.т.= , м3/сағ., (3.10)

мұндағы - каток қозғалысының жылдамдығы, м/с;

- бір жерден өту саны;

- нығыздалатын жолақ ені;

- төгілген топырақ қалыңдығы.

5км/сағ.=1,39м/с,

(бір жерден бірінші және соңғы жүріп өткендегі орташа жылдамдық ретінде қабылданады

Өп.т.= м3/сағ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]