Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
124.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
267.33 Кб
Скачать

2.2 Жер жұмыстарын өңдеуге механизмдер жинағын таңдау

Жұмыс өндірісінің рационалды технологиясының негізі болып құраушы үрдістерді кешенді механизациялау табылады. Бұл орайда жер үймеретінің түріне және өндіріс жағдайларына байланысты жер жұмыстарының құрамы анықталады.

2.2.1 Тік жоспарлау кезіндегі жер өңдеуге машина жинағын таңдау

Алаңды жобалау кезінде негізгі механизм ретінде маркалары топырақ тасымалдаудың орташа қашықтығын (Lорт), жұмыс көлемін (Vо) және жұмыстық белгілердің биіктігін ортж) ескере отырып анықталатын жер қазғыш-көліктік машиналар қолданылады.

Нортж болғанда жәнеLорт = 100...700м кезінде тракторларға тіркелген скрепер таңдау қолайлы. Берілген жағдайда, яғни Lорт = 198м, Vо=9058,028 м3 болғанда Д3–30 маркалы тракторға тіркелген скреперді пайдалануға болады.

2 – кесте. Жер жұмыстарының құрамы мен ұсынылатын механизмдер

Жұмыс құрамы

Механизмдер

Алаңды жобалау

Құнарлы қабатты кесу

Бульдозер

Алаңды жобалау (кесу, тасымалдау және төгу)

Тракторға тіркелген Д3-30 (Д-541) маркалы скрепері

Төгілген топырақты нығыздау

ДУ-31А маркалы вибротығыздатқыш

Қазаншұңқырды өңдеу

Топырақты көлікке тиеу арқылы өңдеу

Шөміш сыйымдылығы 0.8м3 кері күректі бір шөмішті экскаватор

Топырақты шығару

Кузов сыйымдылығы 4м3болатын МАЗ–503 маркалы автосамосвал

Топырақты қайта көму

Бульдозер

Төгілген топырақты механикалық нығыздау

Электротрамбовка

2.1 – кесте. Д3-30 (Д-541) маркалы скепердің техникалық сипаттамалары

Сипаттамалар атауы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Шамасы

Шөміш сыйымдылығы

q

м3

3

Шөміш ені

b

м

1,9

Кесілген қабат қалыңдығы

hж

м

0,2

Төгілу қабат қалыңдығы

hтөг

м

0,3

Жүріс жылдамдығы

v

км/сағ

10,85

2.2.2 Қазаншұңқыр өңдеуге машина жинағын таңдау

Қазаншұңқыр қазғанда ең тиімді механизм экскаватор болып табылады. Оның түрі мен маркасы жұмыс көлеміне Vқ.ш. , өңдеу тереңдігіне () және топырақ түріне, оның құрамындағы судың мөлшеріне байланысты таңдалады. Н=2,1м сол себепті қазаншұңқырды бір шөмішті, кері күректі экскаватормен өңделеді. Экскаватор шөміштерінің сыйымдылықтары келесі қатынаста таңдалады: 9058м3 көлемге ие қазаншұңқыр үшін шөміш сыйымдылығы 0.8м3 болатын кері күректі Э–651 маркалы экскаваторын алуға болады. Қатты топырақтарда тісті шөміш, ал жұмсақ топырақ түрлерін өңдеуде тұтас кескіш жиекті шөміш таңдалады. БМБ (ЕНиР) бойынша супесьтің біршөмішті экскаваторлар үшін II топқа жататынын ескеріп, жұмсақ топырақтар қатарына жатқызылатыны анықталады, яғни тұтас кескіш жиекті шөмішті экскаватор таңдалады.

Экскаватор көбіне автосамосвалдармен бірлесе жұмыс атқарады. Автосамосвал маркасы экскаватор шөмішінің сыйымдылығы мен автосамосвал кузовының сыйымдылығына байланысты келесі қатынаста алынады (5:1- 10:1аралығында):

5:1 = х:2,5, осыдан х = 12,5м3;

10:1 = х:2,5, бұдан х = 25м3.

Осылайша, кузов сыйымдылығы 4м3болатын МАЗ–503 маркалы автосамосвал таңдауға әбден болады. Алдын-ала қопсытылуы топырақтың қатты түрі үшін жүргізіледі. Бұл жағдайда скрепер үшін құм II топ топырағы болып саналатындығы ескеріледі.

Төгілген топырақты нығыздау үшін тығыздатқыш машина қажет болғандықтан, оның маркасы жұмыс өндірісінің жағдайына (бос территорияда не сығылысқан жағдайда) және топырақ түріне байланысты анықталады. Сондықтан құнарлы қабаты кесілген бос территориядағы құрылыста байланыспаған (құм байланыспаған топырақ түріне жататындықтан) топырақтар үшін ДУ – 31А маркалы тіркелмелі вибротығыздатқышты пайдаланған орынды.

Қазаншұңқыр өңдеуге машина жинағын таңдау.

2.2 – Кесте. Э-651 маркалы кері күректі біршөмішті экскаватордың техникалық сипаттамалары

Сипаттамалар атаулары

Өлшем бірлігі

Белгіленуі

Шамасы

Шөміш сыйымдылығы

м3

q

0.8

Тұру деңгейіндегі максималды кесу радиусы

м

Rтұру

9,2

Максималды түсіру биіктігі

м

Нт

4,7

Максималды өңдеу тереңдігі

м

Н

5,8

Жылжу ұзындығы

м

Lж

1,75

Көлліке түсіру биіктігі

м

h

4.5

2.3 – кесте. МАЗ–503 маркалы автосамосвалдың техникалық сипаттамалары

Сипаттамалар атауы

Өлшем бірлііг

Шамасы

Жүккөтергіштігі

т

7

Кузов сыйымдылығы

м3

4

Максималды жылдамдығы

км/сағ.

80

Бұрылу радиусы

м

7

Тиеу биіктігі

м

2,15

Кузовты көтеру уақыты

сек

17

Кузовты түсіру уақыты

сек

15

2.4– кесте. ДУ-31А маркалы вибрациялық тығыздатқыштың техникалық сипаттамалары

Сипаттама атауы

Өлшем бірлігі

Шамасы

Нығыздалатын жолақ ені

м

1,9

Нығыздалатын қабат қалыңдығы

м

0,35 дейін

Трактор қозғалқышының қуаттылығы

кВт

66

Салмағы

т

16

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]