Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып ответы билеттер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
138.75 Кб
Скачать

1-билет

  1. «Мәдени орындар» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақстанның қай қаласы болмасын мәдени орындарға өте бай.     Мәселен, Астананың өзінде соңғы жылдары талай ғимараттар бой көтерді. Астана XXI ғасырдың ғажап қаласы. Онда Астана символы Бәйтерек шыңы бар. Бәйтерек ішінде көрме, үлкен аквариум және мейрамханалар бар.     «Бейбітшілік және келісім сарайы» да сәулеттік ғимарат. «Президенттік мәдени орталық» ірі кешендердің бірі. Ондағы кітапханада 700 мың кітап бар.     Алматы қаласы да еліміздің ірі мәдени орталығы болып саналады. Алматыда Абай Құнанбаев, М.Әуезов атындағы театрлары, «Байқоңыр», «Сарыарқа», «Алатау», «Арман» т.б. кинотеатрлар, мұражайлар, сарайлар көп.     Еліміздің барлық аймағында да осындай мәдени орындар халыққа қызмет етуде.

  1. «Менің қалам» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

  • Қарағанды қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

  • Орталық Қазақстанда орналасқан.

  • Қарағанды қандай қала?

  • Қарағанды ірі өндірісті қала.

  • Қарағандыда не өндіріледі?

  • Көмір өндіріледі.

  • Қандай оқу орындары бар?

  • ҚарМУ, ҚарММА, ҚарМТУ, колледждер бар.

  • Қандай театрларды білесің?

  • С.Сейфуллин атындағы драма театры бар.

  • Қарағандының қандай аудандары бар?

  • Октябрь және Қазыбек аудандары бар.

  • Сен қай ауданда тұрасың?

  • Октябрь ауданы, Сұрыптау бекетінде тұрамын.

  1. Берілген сөздерден туынды сөздер жасаңыз.

Ғарышкер, кітапхана, асхана, оқушы.

2-билет

  1. ««Қазақстан» қонақ үйі» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

 «Қазақстан» қонақ үйі - Алматыдағы әдемі, зәулім ғимараттардың бірі. Бұл қонақ үй Достық және Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан. Қонақ үйдің кез-келген нөмірі жайлы. «Қазақстан» әлемдік қонақ үй санаттарына сай төрт жұлдызды. Оның ішінде бір кісілік, екі кісілік люкс нөмірлері бар. Нөмірлердің бәрінде тоңазытқыш, радио, теледидар, сейф, ванна, душ бар.     Қонақ үйде екі мейрамхана бар. Біреуі қонақ үйдің бірінші қабатында, ал екіншісі жиырма бесінші қабатта. Сонымен қатар қонақтар жақсы демалу үшін жаттығу залы, бассейн, сауна, сән салоны бар. Бизнес орталығы, конференция залы да бар. Бизнес орталығында ресми іс-шаралар өткізеді. Терезеден ғажайып табиғат, қала көріністері көрінеді. Бұл көріністер сіздің демалуыңызға жағдай жасайды.

«Қонақ үйде» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

  • Сәлеметсіз бе, бұл «Арман» қонақүйі ме?

  • Иә, бұл «Арман» қонақ үйі.

  • «Арман» қонақүйінде бос орын бар ма?

  • «Арман» қонақүйінде бос орын бар.

  • Маған екі бөлмелі орын керек еді.

  • Жақсы, келіңіз күтеміз.

  • Бөлмелері қандай?

  • Біздің қонақүйімізде қазіргі заманның талабына сай қолайлылықтар бар. Барлық бөлмелерде мұздатқыш, теледидар,телефон, үтік бар. Басқа қолайлылықтар: интернет қызметі, мейрамхана, жаттығу залы, хауыз, шағын кинотеатр, қалааралық байланыс және такси бар.

  1. Сөйлемге қажетті тыныс белгісін қойыңыз.

Астана. Астана - Сарыарқаның төсіндегі гүлденген қала. Бұрынғы атауы - Ақмола. Астана- мәдени орталық.

3-билет

  1. «Ұшақпен Астанаға саяхат» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Ұшақ деп – әуеде самғап ұшатын қанатты көлікті айтамыз. Ұшаққа мініп алып, Астанаға саяхат жасауға шақырамыз. Эйр Астана — Қазақстан Республикасының негізгі әуе компаниясы.Ол 2002 жылы ұшу қызметін бастады. Ұшу қауіпсіздігі және жолаушыларға жоғарғы сапалы қызмет көрсету – әуе компаниясының басты мақсаты.

Елордамыз-Астана қаласына аттандық. Біз қаланың ең әсем жерлерін тамашаладық. Елордамыз керемет, әсіресе көктемде Астанамыз ерекше күйге енеді. Көгалдар мен гүлзарлар түрлі-түсті кілем іспеттес. Астана кешқұрым да өте әдемі. Бейбітшілік және келісім сарайы, пирамида, океанариум, ал ең бастысы Бәйтеректі де көрдік., Елордаға саяхатымызды ұзақ уақыт бойы ұмытпаймын. Астана- әдемі де қонақжай қала.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]