Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып ответы билеттер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
19.09.2019
Размер:
138.75 Кб
Скачать

2.«Киім дүкенінде» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз.

  • Қайда барасыз?

  • Сіздерде ұлттық киімдер сатыла ма?

  • Иә, сізге қандай киімдер керек?

  • Маған көйлек пен шапан керек.

  • Көйлектің өлшемін айтыңыз.

  • Көйлек 46 өлшем, шапан 52 өлшем болса.

  • Сізге жаңа дизайнды бас киім керек емес пе?

  • Көрсетіңіз, көрейін. Әдемі екен.

  • Осының бағасы қанша болды?

  • Сізден 15 мың 200 теңге.

  • Алыңыз, көмегіңізге рахмет.

  • Сіздерде қыздар әшекейлері бар ма екен?

  • Әзірге жоқ, тапсырыс берсеңіз болады.

  • Рахмет, сау болыңыз

3.Берілген сөздерді етістіктің өткен шақтарында жазыңыз.

Ашты, өтті, толтырды, оқыды.

7-билет

  1. «Үкімет» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Үкімет ҚР-ның атқарушы билігін жүзеге асырады. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді, Республика Парламентіне есеп береді. Үкіметтің қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Қазақстан Үкіметі қызметінің аса маңызды бір саласы – Республикадағы тілдер саясатын дұрыс жүзеге асыру.

  1. «Мен қалаған мамандықтар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

- Мектеп бітірген соң қайда оқуға барасың?

- Мен мектеп бітірген соң, Қарағанды мемлекеттк университіне, журналистика факультетіне барамын.

- Бұл мамандыктың ерекшелігі неде?

- Адамдармен араласу, олармен сөйлесу, өзімді қоршаған дүние әлемін жан-жақты білуге мүмкіншілік береді.

  • Осы мамандықтың кай саласы қызықтырады?

  • Шынын айтсам, әлі шешкем жоқпын.

- Осы мамандықты халық «төртінші үкімет»дейді. Сенің пікірің?

- Мен мұны былай түсінемін: жан-жақта болып жатқан оқиғаларға, өз көзқарасын айтуға күші жетеді.

  • Журналистиканың қоғамға ықпалы бар ма?

  • Меніңше, журналистика – бұл әлемді түсініп сезінуге және оны жақсартуға мүмкіндік туғызады.

3.Берілген сөйлемдерден үстеулерді тауып, мағыналық түрлерін анықтаңыз

Сен таңертең ерте тұр. Әуелі жазбаша тапсырмаларды орында. Түсте таза ауада дем ал. Кешке әпкеңді киноға шақыр.

8-билет

  1. «Абай атындағы опера және балет театры» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жоғары шеберліктегі өнер ұжымы болып табылады. Оның репертуарында қазақ композиторларының Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Мұхамеджанов, Рахмадиев, т.б. , орыс және Батыс Еуропа классикасының шығармалары бар. 1998 жылдан бері опералық спектакльдер шығарманың төл тілінде жүреді.

  1. «Тұңғыш қазақ театры» тақырыбына диолог құрастырыңыз.

- Театр дегеніміз не?

- Театр өнердің бір түрі.

  • Тұңғыш қазақ театры қай қалада ашылды?

  • Тұңғыш қазақ театры Қызылорда қаласында ашылды.

  • Театр қай жылы ашылды?

  • Театр 1926 жылы ашылды.

  • Алғашқы қойылған пьесаны білесің бе?

  • Иә, білемін. «Еңлік-Кебек» пьесасы.

  • Пьесаның авторы кім?

  • Пьесаның авторы Мұхтар Әуезов.

  1. Берілген үстеулерден сөйлем құрастырыңыз.

Алыстан, тез, ерте, төмен, кенет.

9-билет

  1. «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

ҚР-ның тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқсан айында жарияланды. Бұл күн – Қазақстан тарихына «Тәуелсіз ҚР-ның туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Сондықтан да 16 желтоқсан – бүкілхалықтық мереке. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды. Тәуелсіздік республиканың барлық халықтарына еркіндік, бостандық әкелді.

  1. «Жолаушы көлігі» тақырыбына диолог құрастырыңыз.

Берілген зат есімдерден туынды етістіктер жасаңыз.

Сана, ойла, баста, аяқта.

10-билет

  1. «Қазақ – қонақжай халық» мәтінінің мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақ әу бастан қонақжай халық. Тыныштық пен татулықты ту еткен жерде жүз отыздан аса ұлт өкілдерінің тұрады. Мұнда орыстар да, белорустар да, кәрістер де, немістер де қоныс тепкен. Қазақ қонағын құдайындай сыйлаған. Қонағы келсе құшағын жая қарсы алып, малын сойып, қарсы алады. Өйткені қазақта «қонақ келсе – құт келеді» деген ұғым қалыптасқан. Үйге кірген адам дастарханнан дәм татпай кетпейді. Қазақ халқының дастарқаны ұлттық тағамдарға өте бай. Олар бесбармақ, бауырсақ , қуырдақ, құрт, шұбат, қаймақ, қымыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]